Студопедия — Эпидемиологиясы.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Эпидемиологиясы.






Бруцеллез - нағыз зооноз. Адамдардың ауыруы жануар популяциясында өтетін эпизоотиялық процестің үздіксіз тізбегіне енуі нәтижесінде және адам мен жануардың немесе жануар тектес тағамдардың өндірістік, тұрмыстық жағдайда әсерлесуі нәтижесінде дамиды (С.Ә. Әміреев, 1988). Соңғы кездері, эпизоотикалық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты адамдардың арасында сырқаттанушылық жоғары деңгейде. Қазақстан Республикасы бойынша бұл көрсеткіш 30-ға жетті (100 мың тұрғынға шаққанда). Бірақ бұл көрсеткіш тек бірінші рет анықталып, есепке алынған науқастардың санын көрсетеді.

Бруцеллез кезіндегі эпидемиологиялық процесс 3 негізгі звенодан тұрады: ауру көзі, таралу жолдары мен факторлары, қабылдаушы макроорганизм.

1. Аурудың көзі – жануарлар (ешкі мен қой, ірі қара мал, шошқа). Қазіргі бруцеллездің эпидемиологиялық ерекшілігі - бруцелла өзіне тән иесінен тән емес иесіне миграциясы. Соңғы кездерде мал далада жайылмайды, бір қора да ұсталады да Brucella melitensis ұсақ малдан ірі қара малға аусып, сиырдың сүті, еті арқылы жұғады. Эпидемиологиялық анамнез жинаған кезде ауру сиырдан жұғады, ал науқастан және зақымдалған тағамнан Brucella melitensis бөлінеді.

Көптеген бақылауларға сүйенсек, науқас адам инфекция көзі болуы мүмкін емес, өйткені, адам бруцеллаларға „биологиялық тұғырық” болып табылады. Өте сирек жағдайда жедел бруцеллезбен ауратын науқастың әртүрлі бөлінділерінен (зәр, емшек сүті, плацента, қағанақ сұйықтығы) бруцеллез қоздырғышының табылуы мүмкін. M. Santic-Palvinic және соавт. (1983) залалданған теңіз шошқалармен қарым-қатынаста болған микробиологиялық зертхананың техникалық қызметкерінің ауырған жағдайын баяндаған. Науқастың қанынан Brucella melintеnsis биовар 2 дақылы бөлініп алынған. Қызметкер ауырғаннан 3 айдан кейін әйелі ауырады, оның қанынан дәл сондай дақыл табылған. Ұрық туылу барысында залалданған қағанақ суын жұтып қойған жағдайда залалдануы мүмкін. M. Hassid (1974) пікірі бойынша бруцеллез анасынан баласына трансплацентарлы және трансамниотикалық жолдарымен берілуі мүмкін. Емшектегі балалар емшек сүті арқылы заладануы ықтимал.

2. Таралу жолдары мен факторлары

Контактілі жол бруцеллез ошақтарында жиі кездеседі. Бұл инфекцияның басты патогенетикалық ерекшелігі - бруцеллалардың жүкті жануарлардың жыныс мүшелеріне және даму барысындағы ұрықтың тіндеріне жоғары органотроптылығы. Жыныс жүйелерінде қоздырғыштың қарқынды көбеюі: ұрықтың өлуіне, түсік тастауға, эндометриттің, маститтің дамуына әкеп соғады. Плацентамен, қағанақ суымен, жыныс жолдарындағы бөлінділермен және ұрықпен бірге сыртқы ортаға өте көп мөлшерде бруцеллалар шығады. 1 мл қағанақ суында бірнеше миллионнан миллиардқа дейін микроб жасушалары болуы мүмкін. Бруцеллездің белсенді эпизоотия кезінде отарда ондаған, кейде жүздеген мал түсік тастап, оның әркайсысы 1,5-2,0 л залалданған материал бөлетінін ескерсек, онда бруцелллардың малшаруашылық мекемелерінде, жануарлардың тұратын, су ішетін және жайылатын жерлерінде қоздырғыштың жайылу қарқындылығын елестетуге болады. Мал түсік тастағаннан соң бір ай бойы бруцеллалар көп мөлшерде бөлінеді, ал 2-3 айдан соң сау-тұрақты емес, ал 7 айдан соң тоқтайды. Мал төлдегеннен соң бруцеллалар малдардың сүт безінде 5-8 ай, ал мастит болса 36-48 айға дейін анықталады. Осыған байланысты адам малдың төлдеуіне көмектесуі кезінде және мал төлдеген мезгілде малды қырқүға қатысу кезінде тікелей контакт болғанда бруцеллезді жұқтыру қаупі жоғары. Шикізатты өңдеуге байланысты (ауру малды сою, терісін алу, етін бөлшектеу, терісін өңдеу, жүнін өңдеу және басқа ауылшаруашалық жұмыстары) өндірістік процестер залалдану механизмінде шешуші орын алады. Бұл кезде залалдану жарақаттанған және сау тері арқылы жүзеге асады.

Алиментарлы жол шикі және термикалық өңдеуден шала өткен малшаруашылық өнімдер (сүт, әсіресе ешкі сүті, сүт өнімдері - қаймақ, ірімшік, уыз, шашлык, стейк, т.б.) арқылы жүзеге асады. Ешкі - қой типті бруцеллардың ірі қара малға көшуінің (миграция феномены) жиі кездесуіне байланысты сүт факторы қала тұрғындарының арасында, әсіресе балалардың арасында бруцеллездің таралуына маңызды орынға ие болып отыр. Oxford text book of Medicine мәліметі бойынша 500 адамды зерттегенде, 70% жағдайда пастерленген сүтті және жұмсақ ірімшікті қолданғанда залалдану байқалған. Жоғары вирулентті қоздырғышпен залалданған сүтті қолданған жағдайда эпидемиялық өршулер пайда болады. Аурушылдық топтық-жанұялық сипат алады және ошақтан тыс жерге таралады. Осындай жағдайларды эпидемиологиялық зерттегенде ауру көзі ірі қара мал болғаны, ал бөлініп алынған бруцелла дақылы ешкі-қой түріне жататыны анықталды. Инфекцияның таралуының әртүрлі факторларының эпидемиологиялық маңызын бағалау үшін бруцеллалардың тұрақтылығын ескеру қажет. Сүтте, қаймақта, сары майда, ірімшікте бруцеллалар қалыпты температурада 16-20 күн, сүтқышқыл өнімдерінде (простокваша, сүзбе) – 2 күн, ал төмен температурада (тоңазытқышта) – 18-20 күн, әлсіз тұздалған (10%) және әлсіз қышқыл уызда – 72 күн сақталуы мүмкін. Бруцеллалардың сүтте, әсіресе ешкі сүтінде ұзақ сақталуы оның эпидемиологиялық ролін анықтайды. Пісірілмеген бір стакан сүтті ішкен адамның ауырған жағдайы белгілі. Мал төлдегеннен кейін бірнеше күн бойы алынған уыз өте қауіпті, өйткені бұл мезгілде бруцеллалар сүтпен өте көп мөлшерде бөлінеді. Қоздырғыш үлкен қашықтыққа тарап, адамдардың топтап ауыруын шақырады. Сүттің қышқылдығы мен қоршаған орта температурасы неғұрлым жоғарылаған сайын, соғұрлым бруцеллалардың сақталуы төмендейді. Бруцеллалар қымызда 1-3 күн, Тернер бойынша қышқылдығы 80°-қа және спирт денгейі 1,5-2°-қа жоғарыласа 2 тәулікке дейін сақталады (Ш. Букейханова, 1952).

Етте және ет фаршында бруцеллалар сақталу температурасына және құрамындағы тұздың деңгейіне байланысты 14 күннен 40 күнге дейін тіршілік етеді. Бұл фактор ет өңдеу өндірістердің жұмысшыларына және тутынушыларда үлкен маңызға ие. Әсіресе, жануарлар түсік тастағаннан соң сойылса жүзеге асатын еттің интравитилді залалдануы қауіпті. Түсік тастаған жануарлардың еті аса қауіпті, ал ол жануарлардың ішіндегі ұрықтың асқазанында бруцеллалардың таза дақылы табылған (М.М.Ременцова,1969). Бруцеллалардың полипатогенділігі мен едәуір тұрақтылығы олардың тек қана жануар организмінде ғана емес, сонымен қатар сыртқы орта заттарында да сақталуына әсер етеді. Сыртқы орта заттары сонымен бірге бруцеллездің ауру малдары бар шаруашылықта (күрек, айыр, шелек) таралу факторларына жатады.

Ашық су көзіндегі суды малдар ішкенде жеңіл залалданып, қоздырғыш ұзақ уақыт тіршілігін сақтайды. Ондай су тек эпидемиологиялық қана емес эпизоотологиялық тұрғыдан да қауіпті, өйткені инфекцияның адамға ғана емес, жануарларға да берілу факторы болып табылады.

Аэрогенді жол малды қырыққанда, жүнді сұраптағанда, тарағанда, жануарларды ұстайтын қораларды тазалағанда, малшаруашылық шикізатты өндегенде, қаракөл қозылар етінен сүйек – ет ұнын өндіргенде, лабораторлық жолмен шаң арқылы ену нәтижесінде жүзеге асады. Жүнде, теріде сақталу жағдайына байланысты бруцеллалар 1 айдан 4,5 ай тіршілігін сақтайды. Жануарладың бұл шикізат түрі бруцеллар ауру жануарлардың әртүрлі бөлінділері арқылы жеңіл залалданады. Әсіресе түсік тастаған, өлі туылған немесе 2-3 күндік қаракөл қозылардың терісі қауіпті.

Бруцеллалардың кептіруге тұрақтылығы, олардың топырақта және малдың нәжісінде 8 күннен 3-4 айға дейін сақталуына мүмкіндік береді. Өлген жануарды немесе түсікті дұрыс көмбеген жағдайда, қоздырғыштар тіршілігін жалғастыра береді. Адамдар залалданған нәжісті бақтарда тыңайтқыш ретінде, тезек (отын) ретінде, құрылысқа қолданса және мал ұстайтын жерді тазалаған кезде залалданады.

3. Қабылдаушы макроорганизм

Адамдардың ауруы кәсіби сипатқа ие (қойшылар, сауыншылар, малшылар, мал дәрігерлері, ет және сүт комбинаттары, тері мекемелері, теріні біріншілік өңдеу фабрикалары, бруцеллез зерттханаларының қызметкерлері). Нарықтық экономиканың дамуына байланысты ауылшаруашылығымен кәсіби байланысы жоқ адамдардың, қала тұрғындары мен балалар арасында сырқаттанушылдық деңгейі өсіп отыр. Бұрын байқалатын мезгілділік, яғни аурудың қыс – көктем айларында жиілеуі, сонғы кезде малдың жеке иелерінің санының өсуіне байланысты айқын көрініс бермейді. Бруцеллезбен жасы және жынысы әртүрлі адамдар ауыруы мүмкін. Бірақ, науқастардың құрылымында жас адамдар – жиі, ал сирек – егде жастағы және балалар ауырады. Ер адамдардың жиі ауыруы ауылшаруашылық өнімдерінде олардың көбірек болуына байланысты. Адамдар арасында бруцеллездің нозогеографиясы ауылшарушылық жануарлардың бруцеллезінің таралуына тікелей байланысты. Бірақ, бруцеллалардың түрлері мен биоварларының біркелкі емес патогенділігі бруцеллездің эпидемиологиясында аса маңызды роль атқарады және адамдардың ауыру динамикасына әсер етеді. B. Melitensis - тің жоғары жұғү қауіпі бруцеллездің таралу сипатына әсерін тигізеді. С.Ә.Әміреевтің (1989) мәліметтері бойынша зақымданған қойлармен тікелей жанасуда болатын қой-зат фермалардың жұмысшыларының арасында - 78,6% бруцеллезге қарсы серологиялық реакциялар оң нәтижеде, ал басқа ауыл тұрғындарының арасында – тек қана 11,1 ден 39,7%. Серологиялық реакциялар бойынша оң нәтижелі адамдардың жартысында бруцеллездің әртүрлі клиникалық көріністері анықталған, ал қалғандары өздерін дені сау деп есептеді. Сиыр бруцеллезі ошағында залалданған адамдарда бұл ауыру латенттік түрде өтеді, тек аздаған бөлігінде ғана бруцеллездің клиникалық көріністері дамиды.Сондықтан адамдардың бруцеллезбен ауыруының тіркелуі нағыз эпизоотикалық жән эпидемиологиялық жағдайды көрсетпейді, нәтижесінде бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылықтарда сырқаттанушылықтың деңгейі аз екен-деген жалған пікір туындайды.

Бруцеллезге стерилді емес және тұрақты емес иммунитет тән. Қайтадан залалдану және бруцеллезбен ауырып жүрген немесе бұрын ауырып кеткен адамдардың ауру жағдайлары белгілі.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1932. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Методы прогнозирования национальной экономики, их особенности, классификация В настоящее время по оценке специалистов насчитывается свыше 150 различных методов прогнозирования, но на практике, в качестве основных используется около 20 методов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия