Студопедия — Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Клиникалық көріністері. Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі






Кестеде келтірілген.

 

 

№12 кесте

Псевдотуберкулездің клинико-патогенетикалық жіктелуі

 

Аурудың клиникалық түрлері Біріншілік – ошақтық түрлері Жайылмалы түрлері Екіншілік– ошақтық түрлері
Аурудың кіру қақапасының орналасуы Тері Терілік   Екіншілік-жайылмалы түрлері   Өкпелік   Гепатиттік   Менинго-энцефалиттік   Септикалық    
Тыныс алу жолдары Жедел респиратор лы Ангиноз-ды (баспалы)  
Ас қорыту жолдары     Гастроинтестинальды (гастриттік, энтериттік, колиттік) Абдоминальды (аппендицит, мезаденит, ащы ішектің сег-ментарлы флегмонасы)  
Белгісіз (иммунды тапшылық) Анықталмай ды Біріншілік-жайылмалы
Клиникалық кезеңдері Жасырың кезеңі Бастапқы кезең (1-3 күн) Өршу кезеңі Асқыну кезеңі
Инфекциялық процестің кезеңдері I. Организмге ену және біріншілік адаптация сатысы II Біріншілік-региональды инфекция сатысы III Бактериямия (генерализация) сатысы IY Паренхиматозды бекіну (гематогенді диссеминация арқылы екіншілік-ошақтық сатысы)

Ауру бірнеше кезеңнен тұрады: жасырың кезені (3-18 күн), бастпапқы кезең (1-3 күн), өршу кезеңі (3-6 күн), айығу кезеңі. Аурудың жедел, жеделдеу, созылмалы түрлерін ажырату керек. Аурудың созылмалы түрі үздіксіз, толқын тәрізді, рецидивті ағымымен өтуі мүмкін. Жасырың кезеннен кейін ауру көбінесе жедел басталады (80%). Бірден дене қызуы көтеріледі, науқас тоңады, басы аурады, әлсізденіп тәбеті қашады, бүкіл денесі, бұлшық еттері, буындары, бел аймағы аурады. Біраз адамның іші аурып, өтіді, құсу пайда болады. Енді біреулерінің жұтынғанда тамағы ауырады. Аурудың клиникалық көріністері қоздырғыштың мөлшеріне, организмге ену қақпасының орналасуына, берілу жолдарына және организмнің иммунды жаубаның күшіне байланысты (№ 9 кесте).

Науқастың түрі осы ауруға тән өзгереді: беті, мойыны, көзі қызарады, ісінкі тартады. Бірақ мұрын-ерін үшбұрыштығы керісінше соғын тартып бозарады. Ұшық шығуы, тамағының ісіп не қызаруы жиі кездеседі, таңдайында бөртпелер пайда болады – энантема. Аурудың көпшілігінде тұмау-сузектің барлық белгілері көрініс береді: мұрын бітеді, жөтеледі, тамағы аурады. Демек айтылған белгілер бір жағынан гриппке, екінші жағынан скарлатинаға, ұқсас болып келеді. Ауру басталғаннан кейін 1-4 күн ішінде денеге бөртпе шығады әртүрлі көлемде: дақ, нүкте тәрізді ұсақ, біреуде қызылшадағы, біреуде қызамықтағы бөртпелерге ұқсайды. Бөртпелер табиғи қартпалар аймағында, аяқ-қолдың бастарында, буын тұстарында қоюланады, бөртпеге симметриялық орналуы тән, бетте сиректеу кездеседі. Бөртпе тез пайда болып, тез жойылып кетуі мүмкін, науқас жатқанда білінбейді, ал тұрғанда анық көрінеді. Бұл кезде «шымшу», Пастия симптомдары табылады. 2-3 аптадан кейін бөртпе шыққан жерлердегі дененің терісі түлейді. Аурудың жалпы улану белгілерінің және ошақтық белгілерінің дамуы жоғарғы деңгейіне жетеді. Аурудың аур түрінде сепсистің барлық белгілерін анықтауға болады.

Шеткі қанда: нормоцитоз, лейкопения анықталады, лейкоцитоз сирек кездеседі.

Балаларда ауру продромсыз өте тез басталады; скарлатина тәрізді бөртпе ерте және жиі кездеседі; тыныс жолдары жиі зақымданады, жедел респираторлы инфекцияға өте ұксас өтеді; ас қорыту жолдарының қабыну процестері ересектерге қарағанда жие кездеседі; лимфа жуйесі көбірек өзгереді, неше түрлі лимфадениттермен қатар гепатит, аппендицит жиі кездеседі.

Псевдотуберкулездің клиникалық ерекшеліктері:

1. Патогенезге сәйкес инфекциялық процеске барлық ішкі ағзалар мен жүйелер қатысатын болғандықтан аурудың сыртқы көріністері полиморфты.

2. Бір науқаста бір мезгілде бірнеше жүйенің зақымдануының белгілері анықталып көп-жүйелі процесс дамиды.

3. Асқорыту жүйесі патологиялық процеске міндетті түрде ұшырайды, себебі қоздырғыш алиментарлы жол арқылы беріледі. Сондықтан науқастарда осы жүйе бойынша өзгерістерді анықтап сұрау қажет.

Осы айтылған қорытындыдан бұл ауруға диагноз қоюдың қиындығы туындап отыр.

Диагностикасы. Псевдотуберкулез диагнозын анықтау стандарты №13 кестеде келтірілген.

Лабораториялық әдістер:

1. Бактериологиялық әдіс. Көмей мен жұтқыншақ жағындысын, қанды, зәрді, нәжісті қоректі орталарға себіп термостат арқылы емес, тоңазытқыш арқылы өсіреді. Осымен қатар операциядан кесіліп алынған материалдар, көк өністер, су қолданылады. Бірақ қоздырғыш өте жай өседі (10 күн).

2. Серологиялық реакциялар – тікелей емес агглютинация реакциясы, гемагглютинация, бактериальды лизис, имуноферменттік анализ қолданылуда.

3. Жаңадан енгізілген арнайы антиген байланыстырушы лимфоциттер анықтау әдісі иммунды диагностикаға жатады.

  1. Емдеуі. Этитропты ем: антибиотиктердің ішінде левомицетин, фторхинолондар, цефалоспориндер температура қалпына келгеннен соң тағы да 5 – 10 күн беріледі. Аурудың ауыр түрінде цефалоспориндермен бірже фторхинолондарды тағайындау қажет. Патогенетикалық ем: дезинтоксикация кезінде, кристаллоидты ертінділер, менигеальды синдром болса – дегидратация қатар жүргізіледі, аллергиямен күресу, геморрагиялық өзгерістерге жол бермеу, қан тамырларының қабырғасын жарақаттанудан қорғау, гепатит болса гепатитті емдеу. Оң жақ илеоцекальды бұрыштағы өзгерістедің көбі терминалді илеит, мезаденит, тифлит, аппендицит операция жолымен емдеуді қажет етеді.
  2. Аурудың алдын алу санитарлық ағарту шараларын іске асыру.

 

№13 кесте







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2164. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия