Студопедия — Алдын-алу шаралары.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Алдын-алу шаралары.






1. Аурудың көзіне қарсы шаралар - кеміргіштермен, қаңғыбас иттермен күрес жүргізу шараларын іске асыру, лептоспирозбен ауырған ауылшаруашылық жануарларына дер кезінде ем жүргізу.

2. Аурудың берілу жолдарын үзу – шикі суды ішуден, жануарлар жайылатын аймақтардағы ағымы жоқ суаттарда шомылудан сақтану керек. Лептоспироздың табиғи ошақтары, яғни бөгеттердің, құдықтардың тазалығын қатаң сақтау, жұмысшыларды арнайы киімдермен қамтамасыз ету.

3. Ауруды жұқтыруға бейім келетін кәсіп иелеріне лептоспирозға қарсы егу шараларын жүргізу (вакцинация).

АУСЫЛ (ЯЩУР, APHTAE EPIZOOTICAE)

Аусыл – пикорнавирустармен қоздырылатын, қызбамен, интоксикациямен, мұрын мен ауыздың шырышты қабығының, саусақ арасы және тырнақ ернеуіндегі терінің везикулезді-эрозиялы қабынуымен сипатталатын жедел зоонозды жұқпалы ауру.

Бұл ауру әлемнің барлық елдерінде кездеседі.

Тарихи мәліметтер. Хайуандардың аусылы туралы алғаш рет италиялық дәрігер Д.Фракасторо 1546 ж. жазған. Адамдардың аусылмен ауыратыны 1746 жылдан белгілі. Ф.Леффлер мен П.Фрош 1897 ж. аусылдың қоздырғышы бактериальды фильтр арқылы өтетінін анықтады. Аурудың вирусты этиологиясы дәлелденген.

Этиологиясы. Қоздырғышы Rhinovirus тұқымдастығына, Picornaviridae тегіне жатады. Бұл өте ұсақ вирус, вирионның көлемі – 8 - 20 нм, құрғату мен мұздатуда жақсы сақталады, спирт пен эфирге сезімталдығы әлсіз. Қыздырғанда тез жойылады. Антигендік қасиеті бойынша аусыл вирустары 7 типке бөлінген (А, О, С, САТ, САТ2, САТ3, Азия), олардың әрқайсысы көптеген варианттарға бөлшектенген, қазір олардың 60-тан көбірегі белгілі болып отыр. Вирус жоғары вирулентілігімен жәае дерматроптылығымен ерекшеленеді.

Эпидемиологиясы. А урудың көзі - сырқаттанған жануарлар, әсіресе ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі. Аусыл жануарлардың арасында кең таралған инфекция. Ауру эпизоотия тәрізді өтеді. Ауруға жас жануарлар сезімтал. Ауру өте ауыр түрде өтіп, жоғары өлім-жітімділігімен сипатталады. Вирус сырқат жануардың ағзасынан, яғни сілекей, сүт, нәжіс, зәр арқылы бөлінеді. Вирус сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады (2-3 ай). Сүтте вирус 25-30 сағат (тоңазытқышта-10 күнге дейін), майда, егер тоңазытқышта болса - 45 күнге дейін сақталады. Ал тұздалған ет пен шұжықта - 50 күн, киімде-100 күнге дейін сақталатыны белгілі.

Аурудың берілу жолы - алиментарлы. Адам шикі сүт өнімдерін, сирек ауру малдың етін қабылдағанда жұқтырады. Аусыл кәсіптік ауру ретінде контактілі жол арқылы мал шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарға жұғады. Ауру жануарлармен контакта болған адамдар, балалар және мал шаруашылығында жұмыс істейтіндер жиі ауырады. Соның ішінде сауыншылар, бұзау бағушылар, малшылар, бақташылар, ет комбинатында жұмыс істейтіндер, мал дәрігерлері мен зоотехниктер аусылға көп шалдығады. Адам ағзасына вирус терінің аздаған жарақаты және де көз, мұрын, ауыздың шырыш қабықтары арқылы енеді. Ауру адамнан адамға берілмейді.

Патогенезі. Адам ағзасына түскен вирус шырышты қабаттардың эпителий жасушаларында немесе терінің эпидермальды клеткаларында көбейеді, сонымен көпіршік тәрізді ісіну реакциясы пайда болады. Одан әрі вирус қанға түседі. Вирустың диссеминациясы екіншілік көпіршіктердің құрылуымен (ерінде, мұрында, тілде) қабаттаса жүреді. Вирус терінің жіңішке қан тамырларында кідіріп, қол және аяқ саусақтарының арасындағы теріде афталардың пайда болуын тудырады.

Вирустың енген жерінде біріншілік афта, немесе біріншілік аффект дамиды, қанға өткен вирус гематогенді жолмен бүкіл организмге тарайды. Одан әрі екіншлік афталар және теріде везикулезді элементтер пайда болады. Вирусемия кезінде дене қызуы көтеріліп, ағзаның улануы байқалады.

Клиникалық көріністері. Жасырын кезең –2-12 күн (жиі 3-8 күн). Ауру жедел басталады. Бұл кезде қалтырау, бұлшықеттердің ауыруы, дене қызуы көтеріліп, аурудың 1-ші күнінің аяғында немесе 2-ші күні дене қызуы жоғарғы деңгейге жетеді. Қызба 38-40°С дейін көтеріліп, 5-6 күн бойы сақталады. Аурудың 1-ші клиникалық белгілері пайда болғаннан 1-2 күн өткен соң, ауыз қуысының шырышты қабықтарында ісіну өзгерісі байқалады: ауыздың уылуы, дуылдауы, еріннің, қызыл иектің, жұтқыншақтың, жақтың шырыш қабықтарын қан кернеу, тілдің ісінуі. Осыдан кейінгі 1-2 күннен соң тілдің шетінде, қызыл иекте, таңдайда, еріндерде тары дәнінен ірі бұршақ көлеміне жететін бөртпелер шығады. 2-3 күннен кейін везикулалар жоғалып, оның орнында эрозия немесе жаралар қалыптасады. Афталар тілде, қызыл иекте, таңдайда, кейде мұрынның шырышты қабықтарында, қынапта орналасады.

Балаларда аусыл жедел гастроэнтеритті тудыруы мүмкін. Кейбір науқастарда бөртпе теріге, әсіресе қолдың, табанның, тобық, ауыздың айналасына шығады. Бөртпе кезеңі 1 аптаға жуық созылады. Ауруды бірнеше айға дейін ұзартатын жаңа бөртпелердің шығуы да мүмкін. Науқастардың жұтқыншағы ауырып, өте мол сілекей бөлінеді (тәулігіне 4-5 л), тілдің көлемі едәуір үлкейеді. Кейбір науқастарда шырыштар мен теріде көпіршікті бөртпелердің қайталануы мүмкін. Аурудың ауыр өткен жағдайларында мойынға, кеуде мен арқаға геморрагиялық бөртпе және дақты-папулезді бөртпелердің шығатыны белгілі.

Аусылдың қабылданған жалпы клиникалық жіктелуі жоқ.

Әдетте келесідегідей клиникалық түрлері бөлінген:

1) терілік, саны аз афтталар тек теріде анықталады. Бұл түрі жиі кездеседі;

2) шырышты, оның негізгі көрінісі афтозды стоматит;

3) терілік-шырышты, тым жиі кездеседі, шырышты қабықтардың (ауыз қуысы, көз) және терінің (көбінесе саусақ тұстары) зақымдануымен сипатталады.

Диагностикасы. Аусылды анықтау қиындық тудырмайды. Есте сақталатыны - науқастардың тең жартысында ауру тек афтозды стоматит көрінсе, ал кейбір жағдайларда тек терінің зақымдануымен ғана байқалады.

Лабораториялық анықтау үшін КБР және ТГАР қолданылады. Теңіз шошқалары мен басқа да жануарларға биологиялық сынама қолданылады.

Дифференциальды диагнозды 1-ші кезекте афтозды стоматитпен жүргізу керек, ол көбіне кішкентай балаларда кездеседі. Аусылдан айырмашылығы: бұл кезде жоғарғы дене қызуы да, терінің зақымдануы да болмайды, ауыз қуысынан басқа шырыштар зақымданбайды, бірақ жаралар аусылға қарағанда тым терең болады, олар ешқашан өз ара қосылмайды, олардың түбі ақ қабықпен жабылған болады.

Көп ретте шешекпен дифференциальды диагнозды жүргізу керек, бірақ онда көпіршіктер көбінесе кеудеге, бастың шашты бөлігіне орналасады, алайда қолдың білезіктері мен табандарда болмайды.

Болжамы жағымды.

Емдеуі. Науқасты ауруханаға жатқызып, аурудың жедел білінуі басылғанға дейін оңаша жатқызу керек. Науқасқа ұқыпты күтім керек. Тамақ жартылай майлы, қоздырмайтын болуы қажет, тамақты ішер алдында науқасқа 0,1 г анестезинді беруге болады. Ауызды шаю үшін сутегі тотығының ерітіндісін (3%), калий перманганатын (0,01-0,1%) қолданады.

Этиотропты терапия жете зерттелінбеген. Ауыз қуысын күтіп, афттыларды вирустарға қарсы мазьдармен (оксолин, теброфен, интерферон және басқа) майлау керек.

Лейкоцитарлы интерферон, РНКаза ерітінділірін қолдануға болады. Эпителизация

процестерін күшейту үшін гелий-неонды лазер, УФО, аэрозольды препараттар (пантенол, левовинизоль, винизоль) тағайындалады.

Антибиотиктерді екіншілік бактериальды инфекция қосылған жағдайда қолдану керек.

Патогенетикалық емге интоксикациямен күресу, десенсибилизация жатады.

Алдын алу шаралары. Ауру жануарлармен жұмыс істеуші адамдардың арнайы жұмыс киімі болуы керек. Сүтті, етті міндетті түрде әбден термиялық өндеу қажет. Аусылмен ауырған үй жануарларымен күрес жүргізу (вакцинация, карантин шаралары, дезинфекция). Шикі сүт өнімдерін пайдалануға тиым салынады.

МАҢҚА (САП)

Анықтамасы. Маңқа- Pseudomonas maelli қоздыратын, жедел септикалық және созылмалы түрлерінде өтетін, әртүрлі мүшелермен тіндердің, терінің, шырышты қабаттардың арнайы зақымдалуымен сипатталатын зоонозды жұқпалы ауруы.

Тарихи мәліметтер. Манқа ескі заманнан белгілі ауру. ХVIII ғасырда адамның жылқадан манқаны жұқтырғаны туралы алғаш рет жазған. 1882 ж. V. Babes науқастан бөлінген іріңде манқаның таяқшасын анықтаған. Бір жылдан кейін қоздырғышты манқадан өлген жылқыдан бөліп алған. Н.П. Васильев 1883 ж. манқаның қоздырғышын науқастың қанынан бөліп алған. 1891 ж.Х.И.Гельман және О.И.Кальнинг манқаны маллеин сынамасы арқылы анықтау әдісін ұсынған.

Этиологиясы. Маңқаның қоздырғышы Pseudomonas mallei - грам теріс таяқшалар, көлемі 0,5 – 1,0 мкм, оларға полиморфизм тән, L-түріне ауысуы бейім. Қоздырғыш ыдырағанда эндотоксин (маллеин) бөлінеді. Глицерин қосылған қарапайым ортада өседі. Сыртқы ортада тұрақсыз, бірақ қолайлы жағдайларда: суда, ылғалды жерде 1 ай сақталады. Қыздыруға төзімсіз, дезинфектантарға сезімтал.

Эпидемиологиясы. Аурудың көзі және резервуары маңқамен ауыратын жылқылар, түйелер, жыртқыштар (жолбарыс, арыстан және т.б.). Жануарларда ауру жедел және тері мен шырышты қабатарының зақымдануымен сипатталатын созылмалы түрлерінде өтеді. Адам ауру жылқылардын контактілі жол арқылы жұқтырады. Ауру жануарлар қоздырғышты мұрын, жаралардың бөлінділері арқылы қоршаған ортамен заттарды залаладайды. Аурудан өлген малдың терісімен еті қауіпті.

Сирек ауру алиментарлы жолмен залалданған су арқылы беріледі. Зерттханада аэрогенді жол арқылы берілу мүмкін. Өте сирек жағдайда аурудың көзі науқас адам болуы мүмкін.

Манқамен жиі кәсіптік топтар аурады: ветеринарлар, малшылар. Аурушылдық жылдың суық мерзімінде жиі кездеседі.

Патогенезі. Маңқаның қоздырғышы адам организміне зақымдалған тері және шырышты қабаттар: жиі мұрын, көз және тыныс жолдары арқылы енеді. Енген жерде гранулема қалыптасуымен қабыну процессін тудырады. Гематогенді және лимфогенді жолмен әртүрлі ағзаларға жайылып, гранулемалардың дамуына әкеледі. Аурудың жедел ағымы кезінде ішкі ағзаларда және бұлшық еттерде метастатикалық абсцесстер қалыптасады, іріңді остеомиелит және артриттер. Теріде және шырышты қабаттарда пустулезді бөртпелер дамиды. Маңқаның созылмалы ағымы кезінде түйіндерде пролиферативті көріністер байқалады. Ішкі ағзаларда абсцесс, полиартриттер, созылмалы сепсис дамиды. Өкпеде карнификация, пневмосклероз, бронхоэктаз, созылмалы абсцесс дамиды.

Клиникалық көріністері. Клиникалық ағымы бойынша жедел және созылмалы түрін ажыратады. Маңқаның жедел түрінде жасырын кезеңі 1-5 күн. Бастапқы кезеңде қалтырау, дене қызуы 38,6-39,5°С көтеріледі. Аурудың жалпы белгілеріне бас ауыру, бұлшық ет, буындардағы ауыру сезім, әлсіздік жатады. Инфекцияның кірген жерінде дақ пайда болады, сосын ол қызыл-күрең түсті папулаға ауысады, сосын серозды-іріңді бөлінділерімен сипатталатын пустулаға аусады, нәтижесінде жара пайда болады. Қоршаған тері ісініп қызарады, тілмеге ұқсайды. Жаралардың түбі майлы сияқты болады, іріңді бөлінділермен, тегіс емес, жарадан көтерінкі шеттерімен ерекшеленеді. Аймақтың лимфангит және лимфаденит дамиды. Ауру жедел өршиді. Аурудың 5-7 күні дене қызуы аз уақыт төмендейді де, кейін қайтадан жоғарғы санға дейін жоғарылайды. Теріде, ауыздың шырышты қабатында және мұрында көбейген екіншілік папулалар пайда болады, олар пустулаға, жараға аусады. Мұрыннан шырышты іріңді жасыл түсті бөлінділер бөлінеді. Өкпеде қалыптасқан гранулемалар нәтижесінде кеудеде ауыру сезімі, жөтел шырышты-қанды қақырық бөлінеді.

Жедел маңқаның терминальды кезеңінде іріңді артрит (жиі тізе, шынтақ буындары зақымданады), бұлшық еттер абсцесінің өзіндік жарылуы болуы мүмкін.

Манқаға өкпенің зақымдануы тән: плевропневмония, өкпе абсцесстері. Науқастың іші тоқтаусыз өтуі мүмкін.

Жүрек шекаралары кеңейіп, тондары тұйықталады, пульс жиілейді. Бауыр мен көк бауыр ұлғаяды. Шеткі қанда нейтрофилді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды.

Жедел түрі 1-2 аптаңың ішінде науқастың өліміміен аяқталады.

Маңқаның созылмалы түрінде барлық белгілер біртіндеп дамиды. Аурудың терілік, өкпелік, мұрындық түрлері бар. Ұзақтығы бірнеше айдан 3 жылға дейін созылады.

Терілік түрі жиі кездеседі. Жаралар баяу дамиды, майлы сарғыш іріңді бөлінділерімен сипатталып, қатты терең тыртыққа аусады. Бұлшықет арасында абсцесстер дамып, олар тесіледі, свищ пайда болады. Бөлінділерде манқаның қоздырғышы анықталады.

Өкпелік түрі плевропневмония мен бұлшық еттерінің абсцесстерімен сипатталады.

Мұрынның шырышты қабықшалары зақымданғанда сары, жасыл түсті іріңді бөлінділер, терең жаралар көмей, кеңірдекке дейін таралады.

Аурудың созылмалы түрінде айқын интоксикация, ұзақ жоғары қызба дамиды. Науқастарда әлсіздік, кахексия қалыптасады. Екіншілік инфекция қосылады.

Өлім-жітімділігі жедел түрінде -100%, созылмалы түрінде - 50 %.

Диагностикасы. Ауруға тән клиникалық көріністер анықталғанда эпидемиологиялық анамнез жинау керек. Лабораториялық диагностика - бактериологиялық, серологиялық, биологиялық әдістер қолдану арқылы жүргізіледі.

Бактериологиялық зерттеуге алынатын материалдар –жарадан бөлінділер, қақырық, қан.

Серологиялық әдістер: АР, КБР, ТЕГАР. Аллергиялық сынама жылқыларда қолданылады.

Емдеуі. Міндетті түрде ауруханаға жатқызу. Этиотропты препараттарға сульфаниламидтер (сульфатиозол 5-6 г\тәулігіне) және антибиотиктер (тетрациклин, хлорамфеникол, канамицин, рифампицин, ципрофлоксацин, офлоксаин) және олардың комбинациясы жатады. Оларды 25-30 күн тағайындау қажет.

Патогенетикалық терапия: кристаллоидты және коллоидты ерітінділер.

Симптоматикалық терапия. Жараның жазылуын жақсарту үшін және бұлшық ет, буындардан ауыру сезімін басу үшін ультра күлгін сәулесі қолданылады. Абсцесс кезінде хирургиялық емдеу.

Алдын алу шаралары. Санитарлық және эпидемияға қарсы санитарлық ұйымдар жүргізу. Науқас адамды жеке палатаға жатқызу. Қызметкерлер арнайы сақтанатын костюмдермен жұмыс жасау. Қатаң гигиеналық режим. Маңқаның арнайы алдын-алуы жоқ.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 3703. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия