Студопедия — Тест №20. Пирацетамды тағайындау үшін негізгі көрсетулер? Жүрек жетіспеушілігі Бауыр жетіспеушілігі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тест №20. Пирацетамды тағайындау үшін негізгі көрсетулер? Жүрек жетіспеушілігі Бауыр жетіспеушілігі






Пирацетамды тағайындау үшін негізгі көрсетулер?

  1. Жүрек жетіспеушілігі
  2. Бауыр жетіспеушілігі.
  3. Жүктіліктің І- ші триместрі.
  4. Тыныс жетіспеушілігі.
  5. Бүйрек жетіспеушілігі.

Ескерту. Тесттік тапсырмалардың жауаптары оқытушыда.

Модуль «Тыныс алу жүйесі»

«Тыныс жүйесі» модулі бойынша дәрістер кешені

№1 Дәріс

1. Тақырыбы: «Пневмония кезіндегі микробқа қарсы емнің принциптері мен препаратты таңдау. Балаларда әсер етуі мен қолдануының ерекшеліктері»

2.Мақсаты:Пневмонияны емдеуде қолданылатын препараттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының ерекшеліктері туралы білімді қалыптастыру.

3. Дәріс тезистері:

Тыныс алу жүйесінің патологиялары кең тараған аурулардың біріне жатады. Соның ішінде пневмония патологиясы жоғары пайызға ие. Бұл бүгінгі таңдағы халықтың өмір салтының ерекшелігіне, сыртқы ортаның ластануына және зиянды әдет - темекі шегудің кең таралуына байланысты. Соңғы жылдары атипті жүретін пневмонияның саны жоғарылауда. Терең зерттеулер пневмонияның жаңа қоздырғыштары бар екенін тапты. Бүгінгі таңда, жаңа антибактериалды заттар алынуда, сонымен қатар дәрілік терапияның асқынулары жиілеуде. Осы үрдістердің барлығы мәселенің өзектілігін айқындайды. Ауруханадан тыс пневмонияның негізгі қоздырғыштарына жатады: пневмококктар, микоплазмалар, гемофилді таяқшалар. Екіншілік иммунотапшылық жағдайындағы және ауыр соматикалық патологияларда гемофилді таяқша және микоплазмамен қатар пневмония қоздырғышы стафилококктар, грам теріс флоралар және микробты ассоциациялар болуы мүмкін.

Аспирациялық пневмонияның қоздырғышы ауыз жұтқыншақ анаэробтары, стафилококктар және микробтық ассоциациялар болып табылады. Пневмонияны емдеудің негізгі бағыттарына инфекциялық агенттің қоздырғыштарына әсер ету жатады. Дегенмен, микробиологиялық сараптаманың нәтижесі 3-5 күннен кейін дайын болады. Сондықтан, эмпириялық антибактериальды емнің негізінде біріншіден препараттарды таңдау жатады.

Бронхтық-өкпелік аппараттың инфекцияларын емдеуде антибиотиктердің маңызы зор. 60 жасқа дейінгі науқастарда пневмонияны емдеуде негізгі препараттарға амоксициллин немесе макролидтер II ұрпағы жатады, ал альтернативті препарат ретінде доксициклин қолданылуы мүмкін. Қосалқы патологиялармен жүретін жағдайларда таңдамалы препаратқа амоксициллин жатады. Көбіне бензилпенициллиннің натрий және калий тұздары 500 000 – 1000 000 ӘБ, ет ішіне, тәулігіне 4-6 рет қолданылады. Бұл көбіне пневмококкты (крупозды) пневмонияда тиімді. Соңғы жылдары пневмонияны емдеу үшін әсер ету спектрі кең, негізінен респираторлық инфекцияларда тиімді «респираторлық» фторхинолондар (левофлоксацин) кең қолданылады.

 

4. Иллюстрациялық материал:мультимедиялық дәрістің электрондық нұсқасы (студент кафедрада алады)

 

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы Алматы, 2004 ж. 604 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 750б.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724б.

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 415б.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.

2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 б.

3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 б.

5. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 б.

6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.

7. Лоуренс Д.Р., Бенетт П.Н. Клиническая фармакология. – М.: Медицина, 2002, т.1-2. – 669 б.

8. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-б.782

9. Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.) - Санкт-Петербург, 1998.- 1043 б.

6. Бақылау сұрақатры (кері байланыс)

1. Ауруханадан тыс пневмония кезінде жиі қандай қоздырғыштар кездеседі?

2. Ауруханадан тыс пневмониялар кезінде қандай антибиотиктер таңдау препараттары болып табылады?

3. Қосымша аурулар фонында пневмониямен ауыратын науқастарда қандай таңдау препараттарын қолдануға болады?

4. Пневмония кезінде фторхинолондар тобының қай препараттары қолданылады?

 

№ 2 Дәріс

1. Тақырыбы: «Бронхиалды өткізгіштіктің бұзылуы синдромында қолданылатын заттарды таңдаудың негізгі прициптері. Балалар практикасында қолдану ерекшеліктері»

2. Мақсаты: Бронхиалды обструкция синдромында препаратты тиімді таңдауды қамтамассыз ету үшін тыныс алу жүйесі қызметіне әер ететін заттардың әсерлерінің жалпы заңдылықтары туралы түсінікті қалыптастыру

 

3. Дәріс тезистері:

Бронхолитикалық заттар медициналық практикада кең қолданылады.

Балаларда дамитын бронхообструктивті синдромның түрлері келесі кестеде көрсетілген

Бронхообструктивті синдромның түрлері

Түрлері Ерекшелігі
Инфекциялық Бронхтың және бронхиолдардың вирустық немесе бактериалдық қабыну нәтижесінде дамиды (обструктивті бронхит, бронхиолит)
Аллергиялық Спазмның немесе бронхиалдық құрылымның аллергиялық қабынуының нәтижесінде спастикалық құбылыстың қабыну үрдісінен айқын болуы нәтижесінде дамиды
Обстуктивті Бронхтың басылуынан немесе сырттан түскен затпен бронхтың аспирациясы нәтижесінде дамиды. Көбіне аспирация кішкентай балаларда, 1-3 жас аралығынды кездеседі (54%). Аспирациялық генезді бронхообструктивті синдромның негізінде келесі патологиялар жатады: гастроэзофогалды рефлюкс, АІЖ ақаулары, диафрагмалды грыж
Гемодинамикалық Көбіне жүрек ақауларында гемодинамикалық бұзылыстардың нәтиждесінде дамиды. Гиперволемия мен өкпе гипертензиясымен жүретін асқынуларға респиратрлық инфекциялар, ателектаздар, созылмалы бронхтық-өкпелі патологиялар

 

1. β-адренергиялық рецепторларды ынталандыратындар:

а) тікелей әсер ететін – адреналин (α –β адреномиметик), изопреналин (β-адреномиметик), тербуталин, салбутамол, фенотерол, сальметерол (негізі β2 адреномиметиктер) және т.б.

б) тікелей емес әсер ететін (эфедрин - симпатомиметик және құрамында эфедрині бар препараттар: теофедрин, солутан және т.б.).

2. М-холиноблокаторлар: атропин сульфаты, платифиллин, метацин, ипратропиум бромид.

3. Метилксантиндер – бронхтың тегіс салалы еттеріне әсер ететін препараттар (миолитиктер): теофиллин, эуфиллин, аминофиллин, диафиллин, дипрофиллин және т.б.

Бронхолитикалық заттардың негізгі топтары: β-2 – адренорецепторларды ынталндыратын заттар, М-холиноблокаторлар, миотропты әсерлі спазмолитикалық заттар.

Метилксантиндерге бронходилаторлық қасиет тән және бронхиалды демікпеде кең қолданылады. Олар кешенді әсер етеді: аденозиндік рецепторларды тежейді және пуринергиялық тежегіш жүйеге әсер етеді; бүйрек үсті безінде эндогендік катехоламиндердің синтезін жоғарылатады; диафрагмальды еттің жиырылғыштық қаситетін жақсартады.

Бронх демікпесін емдеуде глюкокортикоидтардың маңызы зор, себебі олар бұл патологияның барлық патогенездік сатыларына әсер етеді. Бронхиалды демікпенің ауыр түрінде глюкокортикоидтар таңдамалы препарат болып табылады. Дегенмен, топ препараттарының әсер механизмі жан-жақты түсіндіріледі. Негізгісіне келесілер жатады: қабыну медиаторларының түзілуін және бөлінуін тежеу, соның ішінде, соның ішінде Pg; цАМФ- тің тиімділігін жоғарылата отырып, катехоламиндердің әсерін күшейту; цАМФ- тің тиімділігін немесе санын төмендете отырып, М-холинергиялық ынталануды тежейді; бронхтың тегіс салалы еттеріне тікелей әсер ету. Бүгінгі таңда преднизолон және триамцинолонды кең қолданады, себебі айқын және тұрақты емдік әсер көрсетеді, кортизонға қарағанда науқастар жақсы көтереді. Олар ағзада суды және натрийді аз ұстайды, дегенмен преднизолонға – ульцерогендік әсер, ал триамцинлонға – арықтау, еттік әлсіздік, атрофия (“триамцинолондық миастения”). Тиімділігі жоғары препаратқа метилпреднизолон (урбазон) жатады, науқастар жақсы көтереді, әсері бойынша преднизолонға жақын, бірақ артықшылығы – ульцерогендік әсері жоқ, сондықтан асқазан-ішек жолдары патологияларында қолданылады. Дексаметазонды ұзақ уақыт қолдануға болмайды, негізіне қысқа курстық ем үшін тағайындайды. Астматикалық статуста бетаметазонның (целестонның) тиімілігі жоғары екендігі анықталды.

Сонымен қатар, қабынуға қарсы әсері бар және бронхолитикалық белсенділігі бар – аллергиялық заттар (кетотифен, недокромил натрий), лейкотриендік жүйеге әсер ететін заттар (зафирлукаст, монтелукаст, зилеутон) қолданылады.

4. Иллюстрациялық материал:мультимедиялық дәрістің электронды нұсқасы (студент кафедрада алады)

5. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология. Харкевич Д.А. Мемлекеттік тілдегі аудармасы Алматы, 2004 ж. 604 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 10-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2008 – 750б.

3. Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. – 8-е изд., перераб., доп. и испр. –М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005 – 724б.

4. Маркова И.В., Неженцев М.В. Фармакология. С-Петербург. 2001. – С 201-206, 415б.

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. - М.: Новая волна, 2007. т. 1-2. – 1206 б.

2. Гудман Г., Гилман Г. Клиническая фармакология. Перевод 10-го издания. М. «Практика». 2006. - 1648 б.

3. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и дополненное: учебное пособие – М.:ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

4. Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. Дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-591 б.

5. Клиническая фармакология. /Под ред. В.Г.Кукеса. – ГЭОТАР.: Медицина, 2004. – 517 б.

6. Справочник врача общей практики. Издание Москва ЭКСМО – ПРЕСС, 2002. т. 1-2. – 926 б.

7. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» -Издательство «Мегаполис» Харьков 2002.-б.782

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Бронхи демікпесінің ұстамасын жою үшін және алдын алу үшін қолданылатын препараттар.

2. Метилксантиндердің бронхолитикалық әсер механизмі.

3. Тек бронхоспазмның алдын алу үшін қолданылатын қабынуға және аллергияға қарсы заттар.

 

«Тыныс жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 Сабақ;

Тақырыбы: «Тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылатын антибактериальды препараттар. Балаларда дозалаудың ерекшеліктері»

1. Мақсаты: тыныс алу мүшелерінің патологиясында, сонымен қатар жас балалар тәжірибесінде қолданылатын антибактериальды заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары жайлы білімді қалыптастыру, тыныс алу мүшелерінің инфекциялық ауруларында тиімді фармакотерапияны қамтамасыз ету мақсатында препараттарды таңдай білу.

 

2. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Тыныс алу мүшелерінің патологиясында, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолданылатын антибактериальды заттардың салыстырмалы сипаттамасы бойынша білімді қалыптастыру.

2. Антибиотиктердің, фторхинолондардың, сульфаниламидті препараттардың тыныс алу мүшелерінің патологиясында, сонымен қатар балалар тәжірибесінде қолдану ерекшеліктерін және қолдануға қарсы көрсеткіштері бойынша білімді қалыптастыру.

3. Тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылатын антибактериальды заттардың жанама әсерлері бойынша білімді қалыптастыру.

4. Тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылатын антибактериальды заттардың негізгі емдік әсерін жоғарылату үшін және жеке препараттарының жағымсыз әсерлерін жою мақсатында жұптастырып қолдана білу.

Операционалды компетенция:

1. Тыныс алу мүшелерінің патологиясында қолданылатын антибактериальды заттарға рецепт жаза білу және талдау дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттардың бір реттік мөлшерін анықтау.

Коммуникативті (аксиологиялық) компетенция:

1. Сауатты және жетік түрде сөйлеуді игеру.

2. Даулы жағдайларды шешу және оның алдын алу.

3. Ұжым мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуді ынталандыру мақсатында мотивация сұрақтарын қолдану.

4. Жеке ой-пікірін жеткізе білу.

5. Фармакология мәселері бойынша логикалық ойлау, еркін түрде пікірталас жүргізе білу

Үздіксіз оқыту және білім беру:

3. Өзіндік қазіргі замандағы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологиялар қолдану, ақпарат жинау және оларды өңдеу және талдау жасау (оқулықтар, анықтамалық әдебиет, нормативті құжаттар, ғылыми әдебиет және интернет-қоры)

4. СӨЖ-ның түрлерін орындай білу (эссе, тесттік тапсырмаларды, презентацияларды, рефераттарды құрастұру).

Құқықтық компетенция:

Құқықтық білім мен дағдыны қалыптастыру: рецепт жазу ережелері бойынша негізгі заңдар







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1557. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия