Студопедия — Малайзиядағы этникааралық жағдай. 1969 ж. қауымдар арасындағы дағдарыс.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Малайзиядағы этникааралық жағдай. 1969 ж. қауымдар арасындағы дағдарыс.






Кесте. Малайзия халқының ұлттық құрамы

Этникалық топ 1968 ж. 2012 ж.
Адам % Адам %
Малайлар 4 658 811 45 % 15 457 000 53,3 %
Қытайлар 3 682 051 35 % 6 873 000 23,7 %
Үндістер 982 387 9 % 2 030 000 7 %
Басқалары * 1 131 870 11 % 4 640 000 16 %
Барлығы 10 455 119 100 % 29 000 000 100 %

* - негізінен, еуразиялықтар, еуропалықтар, австралиялықтар, жаңазеландиялықтар, американдықтар, арабтар.

Тәуелсіздік алғаннан кейін, малай және қытай буржуазияларының арасындағы сандық және сапалық алшақтықтар өткір әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселеге айналды. Өкіметтің протекционистік саясатына, сондай-ақ, ұлттық малай капиталының дамуын ынталандырған арнайы ұйымдардың құрылғанына қарамастан, қытайлық капитал басымдық жағдайын сақтап қалды. Қала халқының көп бөлігін қытайлықтар, ал ауыл халқының басым бөлігін малайлықтар құрады (2-кесте). Малайлықтар, негізінен, ауыл шаруашылығында еңбек етті. Ал, өнеркәсіпте, әсіресе, сауда саласында көбінесе малай емес этнос өкілдері жұмыс істеді. Бірақ, малайлық қызметкерлер қытайлық қызметкерлерге қарағанда көбірек болды.

Қазақстанда да осыған өте ұқсас жағдай орын алды. КСРО ыдырағаннан кейін, қазақтардың тек 25 %-ы ғана қалаларда тұрды.

 

Кесте. Қала және ауыл халықтарының ұлт бойынша жіктелуі, 1970 ж.

Этникалық топ Қала халқы Ауыл халқы
Адам % Адам %
Малайлар 694 935 27,4 3 976 939 63,4
Қытайлар 1 491 871 58,7 1 639 449 26,1
Үндістер 324 223 12,8 612 118 9,8
Басқалары 28 858 1,1 41 164 0,7
Барлығы 2 539 887   6 269 670  

 

Кесте. Салалар бойынша Малайя этностарының үлесі, 1970 ж.

Сала Малайлар Қытайлар Үндістер Басқалары
Ауыл шаруашылығы мен балық аулау кәсібі 67,6 % 21,4 % 10,1 % 0,9 %
Тау-кен өнеркәсібі 24,8% 66 % 8,4 % 0,8 %
Өңдеу өнеркәсібі 28,9 % 65,4 % 5,3 % 0,4 %
Құрылыс 21,7 % 72,1 % 6 % 0,3 %
Коммуналдық қызметтер 48,3 % 18 % 32,2 % 1,4 %
Көлік және байланыс 42,6 % 38,6 % 17,1 % 0,7 %
Сауда 23,5 % 65,3 % 10,7 % 0,5 %
Қызметкерлер 48,5 % 35,7 % 14 % 1,8 %

 

Табыстар деңгейіндегі айырмашылықтар малай халқының кедей өмір сүргендігін көрсетеді (4-кесте). Жеке өнеркәсіптік сектор активтерінің 94,5 %-ы қытайлық кәсіпкерлерге және тек 2,3 %-ы малайлық кәсіпкерлерге тиесілі болды. 1970 ж. қарай жауапкершілігі шектеулі компанияларда қытайлық капитал шетелдік капиталдан кейінгі 2-орынды иеленді. Қытайлық капитал каучук өндірісінде, тау-кен және өңдеуші өнеркәсіптерде, құрылыста, банк және сақтандыру ісінде малайлық капиталдан анағұрлым асып түсті.

 

Кесте. Малайзиядағы негізгі этникалық топтардың орташа айлық отбасылық табыстары

Этникалық топ 1970 ж. 1999 ж.
доллармен пайызбен доллармен пайызбен
Малайлар 71,7     24,1
Қытайлар 126,7   565,8 32,3
Үндістер 164,2     43,6
Барлығы 362,6   1 749,8  

 

XIX ғасырдан бастап Малайя аумағына қытайлар жаппай көшіп келе бастады. Бастапқыда қытайлардың көпшілігі бұл орынды уақытша тұрақ ретінде қарастырды. Бірақ, XX ғасырдың басында қытайлар тек ағылшындардан кейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан зор мәнге ие болды. Алғашқы уақытта қытайлар бөлек тұрды. Малайзиялық үндістердің көпшілігі Малайяға Британия үстемдік етіп тұрған кезде көшіп келген Оңтүстік Үндістан иммигранттарының ұрпақтары болып табылады.

1963 ж. құрамына Сингапур, Сабах және Саравак кірген Малайзия тәуелсіз мемлекеті құрылды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары малайлықтар арасында қытайлардың экономикалық салаға ары қарай үстемдік жүргізіп отырғанына қарсы наразылық өсе түсті. Малайлықтар елдің ұлттық байлығының өте азғантай бөлігін иеленді. Олар бұрынғысынша, негізінен, фермерлер, ұсақ каучук плантацияларының иелері болып қала берді. Сонымен қатар, олар елдің іскерлік өміріне мүлдем араласпады. Ұлттық байлықтың басым бөлігі әлі де шетелдіктердің, соның ішінде, негізінен, ағылшындардың қолында болды. Десе де, бизнес саласындағы қытайлардың басымдық жағдайы одан әрмен күшейе түсті: барлық бөлшек сауда, тауарларды тарату және жеткізумен айналысқан көлік фирмалары мен компаниялары қытайларға тиесілі болды. Қытайлық компаниялар қытайлық отбасылардың меншіктерінде болды. Оларда тек қытайлар ғана жұмыс істеді. Қала халқының көп бөлігін қытайлар құрағандықтан, барлық маңдайша жазулар үлкен қытай иероглифтерімен жазылды. Малайлықтар олардың өнеркәсіп пен бизнестің дамуына қатысуын кеңейту арқылы елдің ұлттық байлығындағы үлестерін арттыру туралы талаптар қоя бастады. Сонымен, елде қытайлықтарға қарсы наразылық күшейе түсті, ұлттық тіл, қытай мектептерінің мәртебесі және ағылшын мектептерінің одан әрі үстемдік ету мәселелері жиі көтерілді, азғана малайлық науқандардың сәтсіздіктерге ұшырауы талқылана бастады. Үкімет бұл нәсілшіл, арандатушылық үгіт-насихат жұмыстарын ауыздықтау үшін ештеңе істемеді. Тұрмыстық деңгейде малайлықтар мен қытайлықтар арасындағы қарым-қатынастар одан әрі шиеленісе түсті.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 438. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия