Студопедия — Жаңа экономикалық саясат (1970-1990 жж.) және оның нәтижелері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жаңа экономикалық саясат (1970-1990 жж.) және оның нәтижелері






Малайзия Федерациясының (МФ) басқарушы тобы қалыптасқан жағдайдың қауіптілігін түсіне отырып, 1969 ж. шілде айында жаңа ұзақмерзімді даму стратегиясын, яғни, Жаңа экономикалық саясатты (ЖЭС) жасауға кірісті. Бұл саясат 1971 ж. басында (оның бірінші бөлімі – Екінші малайзиялық жоспар (1971-1975 жж.)) күшіне еніп, әрекет ету мерзімі 20 жылға есептелді. Оның бірінші міндеті – ұлтына қарамастан, барлық малайзиялықтардың өмір сүру деңгейі мен еңбекпен қамтылуын арттыру арқылы кедейшілікті біртіндеп, сосын толығымен жою. Екіншісі – әртүрлі қауым өкілдері табыстарының теңсіздігін төмендету мақсатында қоғамды жедел қайта құру.

МФ экономикасындағы Батысқа, қытайлықтар мен үндістерге және малайлықтарға тиесілі акционерлік капитал үлестерінің 63,3 %: 34,3 %: 2,4 % (6-кесте) түріндегі арақатынасын 20 жылдан кейін, ЖЭС-ті жүзеге асырудың нәтижесінде 30 %: 40 %: 30 % болып өзгерту қарастырылды. 20 жылдың ішінде осындай көрсеткіштерге жету үшін, малайлықтар бизнеспен, соның ішінде, ірі бизнеспен мүмкіндігінше жылдамырақ айналысуы тиіс болды. Бұрын қытайлар немесе шетелдіктер тарапынан монополияландырылған бизнес түрлерімен айналысқысы келген малайлықтарға Үкімет келісімшарттары, лицензиялар мен арнайы жеңілдіктер берілді. Тарихи тұрғыдан алғанда, малайлықтар ауыл шаруашылығымен, ұсақ бөлшек саудамен айналысып, әкімшілік органдарда қызмет етті. ЖЭС-тің негізгі элементтері малайлықтарға білім беру мен оларды кәсіби дайындау болды. Оған дейін тек басқарушы әулеттер мен малайлық жоғары қызметтегі шенеуніктердің балаларының ғана сапалы білім алуға мүмкіндіктері болды. ЖЭС-ті жүзеге асыру кезінде ешқандай артықшылықтарға ие емес малайлықтар мен басқа да тұрғылықты тұрғындарға, әсіресе, шаруаларға білім беруге және оларды кез келген деңгейде кәсіби дайындауға үлкен көңіл бөлінді. Барлық малайлық қала тұрғындары мен шаруаларға жақсы білім беру мақсатында мектептер салынып, бұл мектептер білікті мұғалімдермен толықтырылды. Малайзия мен шетелде орта және жоғары білім алу стипендияларының саны айтарлықтай көбейтілді. МАРА (Тұрғылықты халықтың қамқоршылық кеңесі) малайлық қабілетті студенттерді дайындау үшін колледждер салуға басшылық етті, сондай-ақ, Малайзия мен шетелде әртүрлі мамандықтар бойынша студенттер дайындау үшін стипендиялар бөлді. Бұл ретте тек академиялық білімі бар мамандарды дайындауға ғана емес, сонымен қатар, адамдарды кәсіби оқытуға да көңіл бөлінді. Мысалы, көптеген малайлықтар Ұлыбританияда арнайы дайындықтан өте отырып, тігіншілер мен пішушілер болып жұмыс істей бастады. Малайлықтардың көпшілігі белгілі университеттерден «Іскерлік басқару шебері» дәрежелерін алды. Студенттердің көп бөлігі «Бизнесті басқару» мамандығын оқып шықты. Малайзияда механиктер, қолөнершілер мен білікті жұмысшыларды дайындау орталықтары көптеп ашылды. Кейіннен олардың көбісі бизнеспен, соның ішінде, ірі бизнеспен айналысып, елеулі табыстарға қол жеткізді. Қытайлықтар мен үндістер де жаңа компаниялар ашты. Шетелдік компаниялар саны мен шетелдік инвестициялар көлемі өсті. Кез келген компанияны ашқанда немесе оның Куала-Лумпур қор биржасында (КЛҚБ) акцияларының бағасын белгілегенде, оның 30 %-дан кем емес акциялары малайлықтарға берілуі тиіс болды. Бастапқыда бұл акциялар сатып алуға өтініш білдірген малайлықтарға берілді. Акциялар малайлықтарға номиналдық құны бойынша сатылды. Ал, акциялардың нарықтық құны номиналдық құнынан анағұрлым жоғары болды. Сондықтан, көптеген малайлықтар акцияларын қайта сатып, жылдам пайда тапты. Тіпті кейбір жағдайларда қытайлар мен үндістер малайлықтарға акциялар сатып алуға ақша беріп те отырды. Ал, малайлықтар сатып алған акцияларын бірден қытайлар мен үндістерге қайта сатып жіберіп, жеңіл табысқа ие болып отырды.

Малайзия ЖЭС жылдары ішінде (1971-1990) индустриалды-аграрлық елге айналып, қарқынды түрде қарыштап дамыды. 1960-жылдары экономика ауқымы екі есеге, ал, одан кейінгі жиырма жыл ішінде үш есеге артты. Бірақ, ЖЭС-тың кейбір нұсқаулары жүзеге аспады. Малайлық жұмысшылардың 17,1 %-ы ары қарай да кедейшілікте өмір сүрді. Бумипутраның жалпы акционерлік капиталдағы үлесі көзделген 30 %-ға емес, 20,3 %-ға ғана жетті. Есесіне, қытайлар мен үндістердің капиталдағы үлесі 40 %-дың орнына 46,2 %-ға (6-кесте) дейін жетті. Қазіргі таңда малайлықтар өздерін құқықтарынан айырылған адамдар ретінде сезінбейді және оларда қытайлықтарға деген реніш сезімі мүлдем қалмаған. ЖЭС-тың барлығына айтарлықтай пайда әкелгені соншалықты, тіпті қаржы дағдарысының нәтижесінде экономикаға зиян келтірілгеннің өзінде, ешқандай нәсілдік сипаттағы күш қолдану әрекеттері орын алған жоқ.

1980-жылдардың аяғына дейін МФ-ның бюджеттік кірістерінің жартысына жуығын экспорттық түсімдер құрап отырды. 1960-жылдары каучук пен қалайының жалпы экспорт көлеміндегі үлесі 85 %-дан 50 %-ға дейін төмендеді. Оларды пальма майы, жұмыр ағаштар және кесілген материалдар ығыстырды. 1970-1980 жылдары экспортқа бағдарланған саясат енгізілгеннен кейін, 1990 ж. қалайы мен каучуктың экспорттағы жиынтық үлесі 5 %-ға дейін азайды. 1984 ж. қарай экспорттық түсімдердің 32 %-ын ($ 12,2 млрд.) тұрмыстық электроника және тоқыма тауарлары қамтамасыз етті. Тұрмыстық электроника өндірісі жыл сайын 69 %-ға, ал тоқыма тауарларының өндірісі 26 %-ға өсіп отырды. Бұл екі сала 1990 ж. таман дайын өнімдерді экспорттағаннан түскен түсімдердің 2/3 бөлігін құрады. Әлемдегі тұрмыстық электроника тауарларының әрбір төртіншісі (компьютер, теледидар, т.б.) Малайзияда шығарылды. 1980-жылдары мұнай мен газ сатудан түскен кірістер елдің экспорттық түсімдерінің 29,6 %-ын берді, бірақ, 1990 ж. олардың экспорттағы үлесі 16,2 %-ға дейін қысқарды. Сонымен, Махатхир үкіметінің экономиканы әртараптандырумен ұштастыра отырып, елді қарқындата дамыту міндеті 1990 ж. қарай толықтай жүзеге асты.

ЖЭС-тың екі онжылдығы ішінде экономиканың жылдам өсуі Малайзияның әлеуметтік құрылымын өзгертті. Орта тап 20 %-дан 32,6 %-ға көбейді. Бұл ретте оның малайлықтардың арасындағы үлесі екі есеге өсті (13 %-дан 27 %-ға дейін). 1990 ж. қытайлықтардың 63 %-ы орта тапқа жатты. Бүкіл Малайзия халқының арасындағы жұмысшы табының үлесі болмашы ғана өсіп, халықтың тек 27,6 %-ын құрады. ЖЭС кезінде малайлықтардың арасындағы жұмысшылардың үлесі 5 %-ға көбейіп, соңында 23 %-ға жетті. Ал, оның қытайлықтардың арасындағы үлесі 8 %-ға қысқарып, нәтижесінде 34 %-ды құрады. Үндістер арасындағы плантация жұмысшыларының үлесі 19%-ға төмендеді. Малайлықтардың білім деңгейі біраз өсті. Ауылдық жерлерде тұратын малайлықтардың саны 65,2 %-дан 33,5 %-ға азайды.

5-кесте. Экономикалық көрсеткіштер

Атауы ЖЭС жүргізілгенге дейін (1970 ж.) ЖЭС жүргізілгеннен кейін (1990 ж.) 1970 ж. салыстырғандағы өзгерісі, %
  ЖІӨ   $ 4 700 000 000 $ 87 000 000 000   +1 764 %
  Жан басына шаққандағы ЖІӨ $ 430 $ 4 800 + 1 017 %
  Мұнай өндіру көлемі, баррель/тәулік 18 000 606 000   +3 267 %
  Мұнай экспортының көлемі, баррель/тәулік - 364 000    
  Азаматтар саны 11 000 000 18 000 000   +67 %
  Бір баррель мұнайдың бағасы $ 1,80 $ 23,81 +1 223 %
  Мұнай экспортынан түскен кіріс - $ 3 000 000 000  
  Әр азаматтың жылдық кірісі - $ 173  
  Жалпы сыртқы қарыз $ 500 000 000 $ 15 300 000 000 +2 955 %
  Дәлелденген мұнай қоры, млрд. баррель 2,95   2,95    
  Дәлелденген газ қоры, трлн. текше фут      
  Жұмыссыздық деңгейі 7,4 % 6 % -19 %

6-кесте. Этникалық топтардың жалпы акционерлік қоғамдағы үлесі, %

Этникалық топ 1970 ж. 1990 ж.
Бумипутра 2,4 % 20,3 %
Малайлық жеке тұлғалар мен институттар 1,6 % 14,2 %
Трастілік агенттіктер 0,8 % 6,1 %
Малайлықтар емес 28,3 % 46,2 %
Қытайлықтар 27,2 % 45,2 %
Үндістер 1,1 % 1,0 %
Номиналдық компаниялар 6,0 % 8,5 %
Шетелдіктер 63,3 % 25,1 %

Біздің кейбір мырзалар меншікті бөлу кестесіне көз жүгірте отырып (6-кесте), Малайзияның басқарушы табының саясатын қате деп санайды. Яғни, этникалық малайлар меншіктің тек 20 %-ын иеленетіндіктен, экономикалық саясат малайлықтардың мүдделеріне сай жүргізіліп отырған жоқ деп есептейді. Бірақ, олар 1970 ж. елдің ЖІӨ-і $ 4,7 млрд. болғанда, оның тек 2 %-ы немесе $ 90 млн.-ы ғана малайлықтарға тиесілі болғанын көрмейді. 1990 ж. ЖІӨ $ 87 млрд. құрағанда, оның енді 20 %-ы немесе $17 млрд.-ы малайлықтарға тиесілі болды. Демек, этникалық малайлардың әл-ауқаты күрт жақсарғанын байқауға болады. Әрине, Малайзия үкіметі малайлықтарға көбірек үлесті беруі керек еді деуіміз мүмкін. Бірақ, бұл ретте малайлықтарға жетпеген үлесті басқалардан тартып алуға тура келетін еді. Ал, бұл жағдай бірден елдің өз ішінде азаматтық соғыстың болуына және көрші елдермен соғысына апаратын еді. Мұндай сауатсыз саясаттың нәтижесінде малайлықтар меншіктің 100 %-ын иеленуі әбден мүмкін. Бірақ, бұл 100 % сол $ 4,7 млрд.-ты құрайтын еді.

Малайлық көпшіліктің таңдаған дұрыс саясаты малайлықтардың $ 4,7 млрд. емес, $ 17 млрд. иеленуіне әкелді.

Тоқаш тесігінің 100 %-ы бар болғаны тоқаш тесігі ғана екендігін ұмытпау керек. Малайлықтар тоқаш тесігінің орнына бақуат әрі табысты түрде дамып жатқан кәсіпорынды таңдады. Басқа этникалық топтармен салыстырғанда, Малайлықтардың байлығы қарқынды түрде артты. Яғни, малайлықтардың жалпы меншіктегі үлесі 2 %-дан 20 %-ға немесе 10 есеге өсті. Бұл көрсеткіш ары қарай да өсуде. Қытайлар мен үндістердің үлесі 30 %-дан 46 %-ға дейін немесе тек 50 %-ға ғана көбейді. Мұндай қарқынмен малайлықтар жақын уақытта басқа этникалық топтарға қарағанда меншіктің көбірек бөлігін иеленетін болады. Сонымен, малайлықтар меншіктің басым бөлігіне өз құқықтарын нақты істері және атқарған еңбектерімен дәлелдей отырып, таза бәсекелестік күресте өз әл-ауқаттарын арттырып отыр. Тоқаш тесігінің 100 %-ын таңдаған елдер ақыр соңында өз елдерін күйретеді. Мұны көршілес елдерден, яғни, Тәжікстан мен Қырғызстаннан, сондай-ақ, Судан, Сомали, Ауғанстан елдерінен көруге болады.

Малайлықтар өз елінде меншіктің көп бөлігіне ие болмаса да, жалпы алғанда, едәуір байи түсті. Малайлықтардың меншіктегі үлесінің өсуі жақын уақытта меншіктің көп бөлігінің олардың қолына көшетінін көрсетеді.

 

 

Азия қаржы дағдарысын жеңу (1997-1998 жж.)

Азия қаржы дағдарысы – 1997 ж. шілде айында Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде орын алған экономикалық дағдарыс. Бұл дағдарыс 90-жылдары әлемдік экономиканы қатты күйзеліске ұшыратты. Дағдарыстың басты себебі – үлкен көлемде капитал ағынының келуіне, мемлекеттік және корпоративтік қарыздардың көбеюіне, экономиканың «қызып кетуіне» және жылжымайтын мүлік нарығындағы серпіліске әкелген «Азия жолбарыстары» экономикаларының аса шапшаң қарқынмен өсуі. Азия қаржы дағдарысы Таиландта басталды. Таиланд сыртқы қарызы өте үлкен мөлшерде болғандықтан, өз міндеттемелерін орындай алмады. 1997 ж. 30 маусымда Таиланд өкіметі бағамы американдық доллардың бағамына байланған жергілікті валютаны, яғни, батты девальвациялады. Нәтижесінде, баттың айырбас бағамы жартылай, ал, Таиландтың қор нарығы төрттен үш бөлікке төмендеді. Келесі айдың ішінде дағдарыс Индонезия, Малайзия және Оңтүстік Корея елдеріне тарады. Индонезия, Оңтүстік Корея мен Таиланд елдері дағдарыстан ең қатты зардап шекті. Дағдарыс Гонконг, Малайзия, Филиппиндер елдеріне де айтарлықтай әсер етті. Қытай, Үндістан, Тайвань, Сингапур, Бруней және Вьетнам елдері дағдарыстан азырақ зиян шекті. Аталған экономикалардың барлығына 1997-1998 жж. ұлттық валюта бағамының түсуі, қор индекстерінің төмендеуі, инфляцияның өсуі, корпоративтік қарыз мөлшерінің артуы және корпорациялардың аты шулы банкроттықтары тән болды.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 989. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия