Студопедия — Кесте. Экономикалық көрсеткіштер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Кесте. Экономикалық көрсеткіштер






Экономикалық көрсеткіштер 1996 ж. 1997 ж. 1998 ж. 1999 ж.
ЖІӨ   $172 млрд. $188 млрд. $176 млрд. $190 млрд.
Сыртқы қарыз   $ 39 млрд. $ 47 млрд. $ 42 млрд. $ 41 млрд.
ЖІӨ-нің пайызы (%) түрінде көрсетілген сыртқы қарыз 23 % 25 % 24 % 22 %

 

1997 ж. аяғына қарай валюта алыпсатарларының малайзиялық акцияларға шабуылы, шетелдік капиталдың кетуі және елдің сыртында ринггиттің жаппай сатылуы салдарынан МФ-ның экономикасы да дағдарысқа ұшырады. 1997 ж. шілде мен 1998 ж. қыркүйек айларының аралығында Куала-Лумпур қор биржасының жиынтық индексі 75 %-ға жуық, яғни, 1000-нан 262 пункт белгісіне дейін төмендеді. 1997 ж. аяғында елдің жетекші компаниялары мен фирмаларының акцияларының бағалары шамамен $ 200 млрд.-қа құлады. Ұлттық валюта ринггиттің бағамы екі есеге жуық, яғни, 1 долларға 2,5-нан 4,8-ге, кейіннен тіпті 5,1 ринггитке дейін төмендеді. 1997 ж. алғашқы үш тоқсаны ішінде елден $ 11 млрд. көлеміндегі капитал сыртқа кеткен. 1998 ж. бюджеттің шығыстар бөлігі 18 %-ға қысқартылды. Тұтыну импорты азайды, жалақы төлеу тоқтатылды, алтын-валюта сақтық қорларының құны түсті. Елдегі бағалар бірден шарықтап өсті, жұмыссыздар саны артты. Дүрлікпе сұраныс салдарынан дүкендер сөрелеріндегі бірінші қажеттіліктегі тауарлар тез сатылып кетті. Ондаған және жүздеген ұсақ және орта кәсіпорындар банкроттыққа ұшырады. Бастапқыда Малайзия да Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа елдері сияқты Халықаралық Валюта Қорының (ХВҚ) ұсыныстарының көмегімен дағдарыстан шығуға тырысты. ХВҚ-ның ұсыныстары: ұлттық валютаның құбылмалы бағамын енгізу; айырбас бағамын ырықтандыру; капиталмен операцияларға шектеулерді болдырмау; инфляциямен күресу және инвесторлардың сенімін арттыру үшін есептік мөлшерлемені көтеру; мемлекет тарапынан банктер мен проблемалық компанияларға өте аз көлемде көмек көрсетілу; шетелдіктердің меншік құқықтарын шектеудің күшін жою; мемлекеттік меншікті жекешелендіру; мемлекеттік субсидияларды қысқарту немесе мүлдем алып тастау.

Бірақ, Малайзия ХВҚ-мен ынтымақтастықтың кез келген түрлерінен бас тартып, өзінің дағдарыстан шығу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. 1998 ж. қыркүйек айында қаржы дағдарысын жеңуге бағытталған іс-шаралар жоспары жарияланды.

Біріншіден, 1998 ж. 1-қыркүйегінен бастап тұрақты ресми айырбас бағамы бекітілді. Бұл бағамға сәйкес 1 доллар 3,8 малайзиялық ринггитке теңестірілді. Дағдарысқа дейін 1 доллар 2,5 малайзиялық ринггитке тең болатын. Бұл шара арқылы экспорттаушылар мен импорттаушылардың мүдделері ішінара теңдестіріліп, ішкі нарықтағы бағалар реттелді.

Екіншіден, ринггиттерді шетелге шығаруды реттеу бойынша қатаң шаралар енгізілді, шетелдік банктердегі ринггиттік шоттар жабылды немесе уақытша тоқтатылды. Малайзиялық ұлттық валютаның басқа елдерге, ең алдымен, пайыздық мөлшерлеме деңгейі жоғарырақ болған Сингапурге кетуі, сондай-ақ, ақшамен алыпсатарлық операциялар көлемі азайды. Бейрезиденттерге елге әкелген сома мөлшеріндегі ғана шетел валютасын әкетуге рұқсат берілді. Өздерінің шетел валютасындағы және ринггиттегі активтерін 1999 ж. 1-қаңтарына дейін елге қайтаруға келіскен малайзиялық азаматтар табыс салығын төлеуден және бұл активтердің қайдан пайда болғанын түсіндіруден босатылды. Малайзиялық банктерге шетелдік клиенттерінің талап етуі бойынша ринггиттерді басқа шоттарға аударуына тыйым салынды. Орталық банк шетелдік банктердің ринггиттік қорларын қатаң бақылап отырды. Бұл қаражаттар Малайзияның ішінде тауарлар сатып алуға және экспорттық операциялар бойынша төлемдер жүргізуге ғана пайдаланылды. Сөйтіп, өтімді қаражаттар толықтырылды, ал, банктер несиелеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік алды. Елдегі активтерді өткізуден түскен дивидендтер мен ақша қаражаттарын ресми бағам бойынша шетел валютасында алуға болатын болды.

Үшіншіден, бейрезиденттердің малайзиялық құнды қағаздармен жұмыс істеу құқығы шектелді, ал, оларды сатудан түскен пайданы тек бір жылдан кейін ғана таратуға рұқсат берілді. Басқаша айтқанда, ринггиттік активтерді сатудан алынған пайдалар мен дивидендтерді шетелге аударуға бір жылға дейін тыйым салынды. Қысқа мерзімді алыпсатарлық капитал мен қоржындық инвестициялар түсімдері қысқарды. Басқа елдерде жұмыс істейтін малайзиялық компаниялар үшін сыртқа капитал шығарудың қатаң жағдайлары белгіленді. Осындай қаулылардың арқасында ақша массасы 25 млрд. ринггитке өсті. Ал, бұл өз кезегінде қор нарығының жұмысын жандандырды.

Махатхир мен Даим қанаты қатпаған малайзиялық кәсіпкерлер табын сақтап қалу үшін, ХВҚ-ның ұсыныстарына қарамастан, банктік есептік мөлшерлемені төмендетті. Бірқатар фискалды борыштар жойылып, табыс салықтарының мөлшерлемелері төмендетілді. Даим премьердің мақұлдауымен жалақыны көтерді және соған сәйкес ішкі бағалардың өсуін қамтамасыз етті. Осындай шаралардың нәтижесінде бюджетке түсетін түсімдер жыл сайын 10 %-ға өсіп отырды.

Сонымен қатар, банк жүйесін сауықтыруға бағытталған бірқатар шаралар қабылданды. Үкімет дағдарысқа қарсы күресте іскерлік ортамен тығыз байланыста бірлесе әрекет етті. Мемлекет тарапынан жекеменшік банктерге ағымдағы қарыздарын өтеу үшін 11 млрд. ринггит берілді. Ал, қаржы капиталы өкілдері өз кезектерінде банк жүйесін қайта құруға келісті.

Нәтижесінде, барлығы 71 банк пен несие ұйымдарының 10 «зәкір» банк және 20 арнайы қаржы институты қайта құрылды. Сонымен қатар, «Central limit order book» (CLOB) сингапурлік қор нарығында малайзиялық акциялармен жартылай заңды қысқа мерзімді мәмілелер мен операциялар жүргізу тәжірибесін тоқтату қарастырылды. Өкімет ұлттық валютаның мұндай жолмен кетуін тоқтату үшін, тіркелудің жаңа жүйесін енгізді. Бұл жүйеге сәйкес, бұдан бұлай анонимдік мәмілелер болмайды. Иелері арқылы тіркелгенге дейін, CLOB сингапурлік қор нарығында сатып алынған акциялар сенімхат бойынша сатылмауы тиіс. Бұл шарт орындалмаған жағдайда, екі жүз мыңға жуық шот уақытша тоқтатылды. Мұндай шаралар Малайзияның қор биржасына оң ықпал етті. Оның акцияларының жиынтық индексі 262-ден 800 пункт белгісіне дейін көтерілді. Сонымен қатар, акциялардың нарықтық құны да өсті.

Дағдарысты басқару бойынша жаңа институттар құрылды. Олардың ең маңыздылары – «Данахарта», «Данамодал» және Корпоративтік қарыздарды қайта құрылымдау бойынша Комитет (CDRC). 1998 ж. шілде айында үкімет «Данахарта» сенімсіз қарыздарды басқару бойынша агенттігін құрды. «Данахарта» банктердің борыштық ауыртпалығын жеңілдету үшін, мерзімі өткен борыштық міндеттемелерді сатып алуды мақсат етті. Ол банктердің бүкіл проблемалық қарыздарының жартысына жуығын сатып алды. Мұндай қарыздар нарықтық бағалар бойынша 20 %-ды құрады (шамамен номиналдық құнының 54 %-ы). 2000 ж. аяғына қарай «Данахарта» жалпы сомасы 47,5 млрд. ринггитті құрайтын борыштық міндеттемелерді сатып алды. 2005 ж. банктер агенттіктен бұл борыштарды қайтадан сатып алды. Үкімет қиын уақытта елдің қаржы институттарына осылай нақты көмек көрсетті. Салыстыру үшін айта кетейік, Таиланд үкіметі «Данахартаға» ұқсас құрылымды тек 2001 ж. құрған болатын. «Данамодал» агенттігі Малайзияның Орталық банкі жанынан ашылды. Оның мақсаты дағдарыстан зиян шеккен қаржы институттарына көмектесу болды. 1999 ж. орта шеніне қарай «Данамодал» проблемалық банктерге 7,5 млрд. ринггиттен аса ақшаны салу арқылы оларды банкроттықтан сақтап қалды. Бүгінгі күні бұл банктердің көпшілігі агенттік алдындағы борыштарын төлеп құтылды. CDRC қарызды қайта құрылымдау бойынша уағдаластыққа қол жеткізу мақсатында ірі бизнес өкілдерінің арасынан борышқорлар мен несиегерлердің форумы ретінде құрылды. Комитет отыздан аса ірі компанияның мәселелерін шешті. Малайзия оказалась единственным из охваченных финансовым кризисом государств Восточной и Юго-Восточной Азии, которому удалось его преодолеть собственными силами. Елде әлеуметтік күйзеліс болған жоқ. Үкімет қолайлы инвестициялық ахуалды барынша қолдап отырды. Дұрыс саясаттың нәтижесінде, Малайзия дағдарысқа дейінгі даму деңгейіне жетті және тіпті одан да асып түсті. 1999 ж. екінші маусымында капиталды бақылау бойынша қабылданған уақытша іс-шаралардың әрекет етуі бірен-сарандап тоқтатыла бастады. Елде жоспарлы құрылыс жұмыстары қайта жаңғыртылып, экономика қайтадан қарқынды дами бастады. 1999 ж. аяғына қарай алтын-валюта сақтық қорлары $ 28,5 млрд.-ға, яғни, дағдарысқа дейінгі деңгейіне жетті. 2000 ж. Малайзия әлемде ЖІӨ-нің өсу қарқыны бойынша алдыңғы орындардың бірін иеленді (8,2 %).







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 483. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия