Студопедия — Неркәсіп
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Неркәсіп






Малайзия үкіметі өнеркәсіпті дамытуда шетелдік капиталды тарту мен жеке секторды ынталандыруға үлкен мән береді.

 

13-кесте. Малайзиядағы Индустрияландыру стратегияларын жүзеге асыру кезеңдері (1957-1990 жж.)

Кезеңдер Индустрияландыру стратегиясы Индустриалды саясат Өнеркәсіптік өндіріске көңіл аудару
  Импортты алмастыратын индустрияландыру (1957-1970 жж.)
  • Pioneer Industrial Ordinance, 1958
- Қарапайым тұтыну тауарлары - Ішкі нарыққа бағдарлану
  Экспортқа бағытталған индустрияландыру (1970-1980 жж.)
  • Инвестицияларды ынталандыру туралы Акт, 1968
  • Өнеркәсіпті үйлестіру туралы Заң, 1975
- Экспортқа бағдарлану - Еңбекті көп қажетсінетін өндіріс - Еркін сауда аймақтары (ЕСА) - Электроника және тоқыма тауарларын экспортқа шығару
  Импортты алмастырудың екінші кезеңі (1980-1985 жж.)
  • Heavy Industries policy
- Ауыр өнеркәсіптің кейбір салалары бойынша ішкі нарыққа бағдарлану - Ұзақ қолданылатын тұтыну тауарлары, жартылай фабрикаттар және өндіріс құрал-жабдықтары
  Экспортқа бағытталу (1980-1990 жж.)
  • Industrial Master Plan 1986
  • Инвестицияларды ынталандыру туралы Заң, 1986
- Экспорттың кеңеюіне жағдай жасау - Ресурсқа бағытталған өнеркәсіп - Капиталды көп қажетсінетін өндіріс

 

Елдің басшылығы 1957 ж. тәуелсіздігін алғаннан кейін, бірден ұлттық өндіріс мәселесіне көңіл бөліп, 60-жылдары импортты алмастыру саясатын жүргізді. Импортты алмастыру деп тұтыну мақсатындағы импортталатын өнеркәсіптік тауарларды отандық тауарлармен алмастыруды айтамыз. Мұндай стратегия, әдетте, кейбір маңызды тауарлар импортына кедендік кедергілер немесе квота қою арқылы дәл осы тауарлардың жергілікті өнеркәсібін дамыту мақсатында жүзеге асырылады. Бастапқыда өндіріс шығындары осыған дейін импортталынып келген тауарлар бағаларына қарағанда жоғарырақ болады. Импортты алмастырушы өнеркәсіптік өндірістерді ұйымдастырудың экономикалық мәні уақыты жеткенде ірі өндіріс пен төмен шығындарға қол жеткізу немесе импортталатын тұтыну тауарларының түрлерін азайту арқылы төлем балансын жақсарту болып табылады.

Малайзияның импортты алмастыру үлгісі өзіне тән ерекшеліктермен жүзеге асырылды. Яғни, мұнда еңбекті және ресурстарды көп қажет ететін кәсіпорындар құрылды. Импортты алмастыру қарапайым тұтыну тауарларының өндірісін дамыту құралы болды. Мұндай тауарлар ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағытталды. Импортты алмастыру саясатының негізгі құралдарына жоғары импорттық баж салықтары мен жаңа өнеркәсіп салаларын мемлекет тарапынан қолдау жатты. Үкімет ауыл шаруашылығы саласында халықтың басты азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілуіне және ұсақ фермерлік қожалықтардың жаңғыртылуына үлкен мән берді. 1970-жылдардың басында Малайзия өндіріс процесі біртіндеп қиындатылған экспортқа бағдарланған салаларды дамытуға көше бастады. Экспортқа бағдарланған саясатты іске асыру мақсатында инвесторлар мен экспорттаушылар үшін жеңілдіктер жүйесі әзірленіп, еркін сауда аймақтары құрылды. Тоқыма өнеркәсібі мен электроника тауарларының экспортына үлкен көңіл бөлінді. Дәл осы уақыттан бастап Малайзияның экономикасы жылдам қарқынмен өсе бастады. 1971-1980 жылдар аралығында Малайзияның ЖІӨ-нің орташа жылдық өсу қарқыны 8 %-ды құрады. 1984 ж. қарай тұрмыстық электроника экспорты бүкіл экспорттық түсімдердің 32 %-ын ($ 12,2 млрд.) берді. Тұрмыстық электроника тауарларының өндірісі жылына 69 %-ға, ал, тоқыма тауарларының өндірісі 26 %-ға өсіп отырды. 1990 ж. таман бұл екі өндіріс түрі дайын өнімдерді экспорттаудан түсетін түсімдердің 2/3 бөлігін құрады. Жалпы алғанда, дайын тауарлар өндірісі жылына 10,3 %-ға көбейіп отырды. Әлемдегі тұрмыстық электроника тауарларының әрбір төртіншісі (компьютер, теледидар, т.б.) Малайзияда шығарылды.

Күрделі өнеркәсіптік тауарлар өндірісі ең жаңа құрал-жабдықтардың қолданылуын, озық технологиялар мен ноу-хаудың енгізілуін талап етті және мемлекеттік сектордың, шетелдік немесе жергілікті қытайлық капиталдың қолдауымен жүзеге асырылды. Сәйкесінше, қазіргі заманғы инфрақұрылым мен арзан жұмыс күші қажет болды. А. Разак, Х. Онн және Махатхир әкімшіліктері мұндай жағдайларды жасай алды.

Кәсіпорындардың көпшілігін шетелдік компаниялар құрды. Оларды жергілікті жұмыс күшінің арзандығы қызықтырды. Мемлекет экспортқа бағытталған кәсіпорындарды құру жоспарларын жүзеге асыруға белсене қатысты. Нәтижесінде, экономикалық өсу локомотивіне айналған, экспортқа бағдарланған өндіріс үлгісі қалыптасты. Алайда, сырттан келетін инвестициялар ағынына, технологияларға және қосалқы бөлшектерге тәуелділік арта түсті. Электротехникалық және электронды өнеркәсіп пайда болғанда, кәсіпорындардың 80-85 %-ы сырттан әкелінетін құрамдас бөлшектерге тәуелді болды. Жаңа салаларды қаржыландыру мәселесі капиталы, технологиясы және озық менеджменті бар трансұлттық корпорацияларды (ТҰК) тарту арқылы шешілді. ТҰК-лардың көмегімен бәсекеге қабілетті тауарлар шығаратын, қазіргі заманғы кәсіпорындар құрылды. Сонымен қатар, ТҰҚ бұл кәсіпорындарға әлемдік нарыққа шығуға және тауарларын өткізуге көмектесті. Малайзияда жұмыс істей бастаған алғашқы ТҰҚ-лардың бірі «Siemens group» болды. Ол 1972 ж. Малайзияда өз кәсіпорнын ашты. «Siemens group» Малайзияның телекоммуникация, энергетика, мұнай-газ өнеркәсібі, көлік, автокөлік жасау, сумен жабдықтау салаларында, сондай-ақ, толық өндірістік циклдегі көптеген кәсіпорындарда жұмыс істейді. Үш онжылдықтан астам уақыт ішінде бұл ТҰҚ Малайзия экономикасына $ 5 млрд. аса инвестиция салды. 2005 ж. оның кәсіпорындарында 3700 басқарушы мен қызметкер жұмыс істеді. «Siemens» Малайзияның Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық қатынастарының перспективаларын бағалай отырып, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Тынық мұхиты елдері үшін Телекоммуникациялық қызметтер орталығын, Аймақтық мұнай-газ бизнес-орталығын, Азия-Тынық мұхиты тұрақты байланыс орталығын, т.б. құрды. Тағы бір мысал ретінде 1973 ж. құрылған «Infineon technologies Malaysia» компаниясын келтіруге болады. Бұл компанияның 1973 пен 2005 жылдар аралығындағы жалпы инвестицияларының сомасы 4 млрд. ринг. ($ 1=3,8 рингг.) асты. Бұл ТҰҚ-ның Малаккадағы кәсіпорны 2005 ж. қарай оның әлемнің түрлі елдерінде шығарылатын бүкіл тауарларының үштен бір бөлігін шығарды және бұл кәсіпорында 5800 малайзиялық жұмыс істеді. Бұл кәсіпорында автокөлік өнеркәсібі үшін жартылай өткізгіштер, бақылау және энергетикалық жүйелер, ұялы телефондар, серверлер, компьютерлер, сандық және мультимедиялық аппаратура, әмбебап мобильдік телекоммуникациялық жүйелер, т.б. өндіріледі. 2005 ж. «Infifneon technologies» әлемдік жартылай өткізгіштер өндірісіндегі жаңартпалардың көшбасшысы ретінде танымал болды. Оның табыстарының құпиясы жаңа технологияларды әзірлеу мен қолдануда, жоғары білікті мамандарды дайындау мен қайта дайындауда болып табылады. Компания Малаккада кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған академия ашты. Сонымен қатар, «Infineon technologies» компаниясы Кулимде (Кедах штаты) жартылай өткізгіштер шығаратын кәсіпорын құрды. Бұл кәсіпорынның бүкіл ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымын «Siemens» компаниясы жасап берді. 1980-1986 жж. аралығында Малайзияда ауыр өнеркәсіп салаларында импортты алмастыру саясаты жүргізілді. Махатхир сауда және өнеркәсіп министрі болып тұрғанда негізі қаланған HICOM мемлекеттік корпорациясы (Heavy Industry Corporation of Malaysia) жапондық және оңтүстік кореялық өнеркәсіп гиганттарымен бірге бірқатар ірі зауыттарды, соның ішінде, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығының жобасы – ауқымды химиялық тыңайтқыштар фабрикасын және Мицубисимен бірлесе отырып, «Протон ұлттық автокөлік» өндірісі бойынша ірі зауытты салуға кірісті. Құрылыс жұмыстары мемлекет тарапынан көп мөлшерде субсидиялардың берілуі, тарифтік протекционизм саясатының өткізілуі және Жапониядан ірі қарыздар алу арқылы жүргізілді.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 478. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия