Студопедия — Миокардиттер, кардиомиопатиалар. Диагнозы, емі, режим ерекшеліктері, диспансерлік қадағалау.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Миокардиттер, кардиомиопатиалар. Диагнозы, емі, режим ерекшеліктері, диспансерлік қадағалау.






Миокардит дегеніміз - миокардтың инфекциялық, инфекциялы-аллергиялық немесе инфекциялы-токсикалық зақымдануымен болатын ауруды айтамыз.

Этиологиясы:Себебі, инфекция болып табылады, көбінесе - вирусты. Миокардит аллергиялық жағдайда, иондық сәулелену, химиялық физикалық әсерлер кезінде және кейбір дәрілік заттарды қолданғанда туу мүмкін. Этиологиясына байланысты миокардиттің түрлері: вирустық (полиомиелит, грипп, қызылша, паратит, герпес, аденовирус вирустары және тағы басқа), бактериялық (дифтерия, скарлатина) жэне тағы басқа. Инфекциялық фактор миокардитке енеді, лизосомалық ферменттердің шығуын зақымдайды (сепсис кезінде). Иммунологиялық механизмде - аутоантиген - антидене реакциясы, иммунды комплекстің қүрылуы, медиаторлардың бөлінуі және қабынудың пайда болуы кіреді.

Клиникалық көрінісі:Аурудың ағымына жүру дәрежесіне байланысты: жеңіл, орташа ауыр жэне ауыр болып бөлінеді. Миокардитті тахикардияда, аритмияда және генезі анықталмаған жүрек жеткіліксіздігінде байқауға болады. Миокардит жиІ симптомсыз өтеді. Сирек клиникалық көрініс негізінен инфекциялық процесстен болады. Вирустық миокардитке жиі жоғарғы тыныс алу жолдарындағы инфекциялар, қалтырау жэне асқазан ішек трактісі аурулар кіреді.

Шағымдары:жалпы әлсіреу, шаншитын, сыздайтын, қысатын жүрек тұсының ауруы, физикалық күштен кейін ентігуді пайда болуы, жүректің қағуы, жүрек маңайындағы ауытқулар; ауыр ағым сатысында - оң жаққабырға астындағы ауруды сезіну, аяқтың ісінуі, физикалық күште жөтелдің пайда болуы. Объективті: жеңіл ағым сатысында науқастың жалпы жағдайы қанағаттанарлық және ауыр ағымында жағдайы өте ауыр болып келеді. Төсектегі жағдайы мәжбүрлі - жоғарғы қалып (ауыр ағым сатысында). Акроцианоз болуы мүмкін. Пульсі жиіліген (дифтериялық миокардитте брадикардия), қанағаттанарлық немесе толуы әлсіз, аритмиялық (экстрасистолия, мерцательді аритмия). Артериялық қысым төмендеген. Жүрек шекарасы сол жаққа қарай ұлғайған. Жүрек тондары бәсеңдеген немесе естілмейді, аритмиялық (галоп ритмі, экстрасистолия, пароксизмальды тахикардия, мерцательді аритмия), жүрек ұшында систолалық шу (бұлшықет генезінің шуылы), бірінші тон әлсіреген. Ауыр ағымында жүрек жеткіліксіздігі байқалады.

Асқынулары: 3 жармалы клапанның жетіспеушілігі, тромбэмболия, сол жэне оң жақ қарыншаның жетіспеушілігі, перикардиттің қосылуы болады.

Диагностикасы:ОАК: лейкоцитоз, лейкоцитарлық форманың солға ығысуы, ЭТЖ - ң жоғарлауы. Вирусты миокардитте лейкопения болуы мүмкін. БАК: сиал қышқылының α2 жэне γ - глобулиннің, АсАТ қүрамының жоғарлауы. ИИ: Т лимфоциттердің және Т - супрессордың санының төмендеуін, JgА, JgУ құрамының жоғарлауы, СРП анықталуы. Қанды егуін және басқа биологиялық сұйықтықтың қоздырғышын анықтау. ЭКГ: 8 - Т сегментінің жетіспеушілігінің ауыспалы, спецификалық емес өзгерістері, ритмнің бұзылуы, (ауыр ағымында жүрек блокаторлары), вольтаждың төмендеуі.

Кеуде клеткасының рентгенографиясы: жүрек шекарасының ұлғаюы, өкпедегі тұрып қалу өзгерістері. Ауыр жағдайда кардиомегалия. УЗИ: жүрек бүлшық етінің гипертрофиясы анықталынады, қуысының дилатациясы, миокардтың тотальды гипокинезаның белгілері. Миокардтың өмірге қауіпті биопсиясы - қабынудың белгілері.

Көптеген жағдайда миокардит жеңіл өтеді және ол жазылумен аяқталады. Ауыр ағымында 50% жағдайы жазылумен аяқталады, ал қалған жағдайда дилатационды кардиомиопатия пайда болады. Жүрек ритмінің бүзылысы кенеттен өлуге алып келеді.

Емі: Негізгі - этиотропты терапия жэне асқынуларые емдеу. Әдетте госпитальдау көрсетілген. Бүған төсек режимі, О2 ингаляциясы жэне спецификалық емес қабынуға қарсы препараттарды қолданады. Диета 4-5 г түзды жэне 1 - 1,2 л тэулігіне сұйықтықты шектеу. Этиотропты терапия вирусты гепатитпен шақырылған миокардитте ремантадин (100 мг ішке тәулігіне 2 рет 3 тэулікке дейін); пневмониялық микоплазмамен шақырылған миокардитте - эритромицин (0,5 - 1 г көк тамырға), хламидиямен -доксициклин; әр түрлі бактериямен - антибиотикке сезімталдығымен анықталады - ванкомицин; токсиннің эсері болғанда - антибиотик терапия + антитоксинді жедел енгізу; саңырауқүлақтармен — амфотирицин, фторцитозин; аллергиялық миокардитте антигистаминдік дәрілік заттар,-аллергенді жою үшін; сәулелі миокардитте - кортикостероидтар қолданылады. Науқастарға стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (индометацин, ортофен), аминохинолинді препараттар (делагил) қабылдайды. Миокардтағы метаболизмді жақсарту үшін рибоксинді ішке және көк тамырға енгізеді, Е витаминін қабылдайды. Жүрек жеткіліксіздігінің дамуында диуретиктер, жүрек гликозидтерді береді (көрсеткіштер бойынша абайлап беру).







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 3450. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия