Студопедия — СУННИЗМ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

СУННИЗМ






Ислам дінінің ең үлкен ағымы (90%) суниттер де жатады. Сунниттердің шиит ағымына қарама-қарсы, ортодоксиялық ағым болып құралды.

Суннәнің (хадистің) алты жинағын құранмен бірдей мойындаған көпшілік мұсылмандарды ахль-ас суннә, яғни сунниттер деп атады. Суннизмнің негізгі айырмашылығы: алғашқы төрт халифаты заңды деп мойындау; 6-хадисты ешбір күмәнсіз мойындау; суннизмнің 4 мектебінің (маликитік, шафинтік; ханифиттік немесе ханбалитік) біріне жату. О дүниеде Құдай мен ада арасындағы қатынастарда Мұхаммед пайғамбардың ешбір қатесі болмауы; Мұхаммедтің пайғамбар Али болса Хариф есебінде қабылдау; Шиизмге қарағанда Суннизм ағымында сентлердің аздығы және т.с.с. айырмашылықтары бар. Басқа ағымдардай Суннизмде «таза» бірыңғай діни көзқарас болған жоқ. Керек болса оның әрі қарай дамуына ҮІІІ ғ. Бағдат халифатынан шыққан Мутазилиттің ағым арқылы Суннизм дамыды десек те болады.

 

 

22. Дәстүрлі емес діндердің түрлері, ұғымы, ерекшеліктері.

Дәстүрлік діндерден тыс діндер деп – олар негізінен дүниежүзілік діндерден немесе үлкен ұлттық діндерден бөлініп шығып және бір-бірімен қосыла отырып, біріккен қазіргі діндер.

Олардың шығу себебі – үлкен саяси-әлеуметтік және мәдениет жаңаруына байланысты, дәстүрлі діндердің дағдарысқа ұшырауларының салдары. ХХ ғ. 60-70 жылдары Европа және АҚШ елдерінде «жаңа» діни ағымдар пайда болды: «Әдеттен тыс табынушылық», «Жастар діні» т.б.с.с. діндер. Осы жылдары дәстүрлік діндер, қоғам өзгерістеріне, батыс европалық, американдық өмірге деген көзқарастарға, өмірге деген бағалаушылыққа, әсіресе Христиан діні толық қанағаттандыра алмады. Әсіресе ежелдегі әдет-ғұрыптар, әлеуметтік әділетсіздіктер, сол дәстүрлік дін жауапты ретінде көрінді. Жаңа көзқарастың басшылары, ондай өзгерістерді тез өз мүдделеріне қолданып, бұл заманның «күнәкарлығын» көрсетіп, одан шығу жолдарын білетіндігін, олар адамгершілік жолдар мен даналық ақылдың өкілі ретінде өздерін ұсынды.

«Дәстүрліктен тыс» діни өкілдері, оның жолын қуушылар көбіне орта класстан шыққан, білімді, әл-ауқатты, бірақ қоғамдық, әлеуметтік байланыстары нашар адамдар болды. Ондай адамдар осындай, жаңа қауымдық ұйымнан қатынастар тауып өздерін қанағаттандырды. Ал, ұйымдық басшылары болса, қатаң тәртіпке, қатаң мінез-құлыққа шақырып өздерінің беделдерін рухани пайғамбарға жеткізді. Олардың қауымдарында бір системаға келтірілген қатаң діни догматикалық көзқарастар жоқ; қауымдық құрылымында иерархиялық сатысы жоқ; басшыларының қатаң авторитарлық беделдері өте үлкен; әдеттегі діндерге сын көзімен қарап, тек өз ұжымдарын ғана дұрыс жолдамыз дейді. Ішкі қауымдық тәртіптері, өзіндік ережелерімен уставтары бар.

Дәстүрліктен тыс діндердің, сенушілік маңызы бойынша діни әдет-ғұрыптары бір-бірінен айырмашылығы болады. Олардың саны жағынан өте көп. Осы бір әр түрлі ағымдары елеулі белгілермен ең кем дегенде 5 топқа бөлеміз:

1. Неоориенталдық табыну: «Общество Сознания Кришны», «Тихоокеанский дзен – буддийский центр», «Миссия Божественного Света», «Трансендентальная медитация» және т.с.с.

Неоориенталдық табынудың шығу тамыры Шығыстан, будда және индуизм діндерінің осы заманға бейімделген түрінен шықты. Будда діни ағым – мистикалық жолмен, алғашқы Құдай жолын имманенті «ішкі» жолмен жандандыру. Өмір сүріп тұрғандардың барлығы иллюзия (қиял), оның жасырын соңында Құдайдың шындық табиғаты бар, ол гармониялық және әділеттілік. Мақсат осы табиғатқа әр түрлі әдістермен, медитациямен қосылу. Медитациялық процесс (ойлану, сезіну, ішкі дүниеге шұқшиып көңіл аудару, сыртқы қоршаған дүниеден безу), әр түрлі мантрлық сөздер айтып, қайталау, қайталау процесінде мистикалық маңызы шығады. Діни сенімдік жағы екінші орынға кетіп, бірінші орынға ақиқат жолға түсу, Гурудың беделі шығуы.

2. Неохристиандық одақ – «Церковь объединение», «Семья Детей Бога» және т.с.с. Бұл діни ағымның ерекшелігі – Христиан идеологиясы мен шығыс дінінің элементтерінің синкретикалық қоспасы, эсхатология мен мессиандық көзқарасқа бұрмалау, қауым басшысы Құдай жіберген пайғамбармен теңестіру.

3. Сейентологиялық ағым – «Церковь Саентологии», «Космические религии» және т.б. Бұл табынушылық әр түрлі физикалық приборларға мистикалық мағына беру. Осы аспаптармен әр түрлі мистикалық құбылыстарды байқау, өлшеу, оның физикалық, биологиялық табиғатының әсерін байқау. Мистикалық тұрғыда әлі де тексеріліп біліп болмаған психикалық құбылысты, қоршаған табиғат құбылысын түсіндіру.

4. Жаңа Магия, спиритизм. Бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқан сиқыршылық, балгерлік, шамандар, бал ашқыштар мен қатар жаңа магиялық ілім және оның институттары, Батыс пен Шығыс әдет-ғұрыптарын қосып жаңа балгерлерді, сиқыршыларды шығарды. Бұл жерде Мексикандық мифтік ілімін Карлос Костанелді алуға болады. Осы кезде Европа және Солтүстік Америка стиритистік қозғалыс және өлген адамдардың жанымен сөйлеселік практикасы жойылды.

5. Ібіліс немесе шайтан тобы (сатанинские группы), - ібілістік түсінік ертедегі Ирактан, «Көк кітап» деген кітапта жазылған хабарлар туралы діни аңыз. Ібіліс туралы кітапта зорлықты және зомбылықты бірінші орынға қояды, кесірлікті жаманшылықтың қайнар көзімен, жын-шайтандармен мистикалық жолда араласып сөйлесу. Олардың айтуы бойынша, олар кесір, жаманшылықты үгіттеушілер, Христиан дініне қарсы күрес жүргізушілер. «ХХ ғасырдағы діндердің» халықтың көңілін өздеріне аудару үшін олар сыртқы ерекшеліктеріне, әдеттен тыс нәрселерге аса көңіл бөліп, адамдарға эмоционалды-психологиялық әсер тигізуге тырысады.

ХХ ғасырда шыққан әдеттен тыс діндердің тек түрлерін санап шығудың өзі де үлкен жұмыс. Сол себепті біз Қазақстан жерінде кездесетін «әдеттен тыс» діндердің кейбіреулеріне ғана көз жүгіртіп көрейік, себебі – Қазақстан жеріндегі кездесетін діндердің өзінің де 40-тан астам ағымдары бар.

 

23. Неохристианды ұжымдар: «Шіркеу ұжымы» Муна және «Бірегеи сенім шіркеуі» Виссариандық

«Шіркеу бірлестігі» 1954 ж. 1 майда шыққан дін дейді. Бұл діни ұйымның негізін қалаушы – Сан Мун. Ол 1920 жылы Шығыс Кореяда, крестьян жанұясында туды. Японияда техникалық білім алған. Кореяның Япон жаулаушыларынан құтқару жолында жасырын ұйымдардың мүшесі болды. Бірақ революционерлерден гөрі діни ілімге үлкен көңіл бөлді. 1950 жылдан бастап Оңтүстік Кореяда өзінің бірінші шіркеуін орнатады. Сан Мен Мун негізгі діни ілімдер: «Божественный принцип» және «Объединения философии». Қазіргі кезде Сан Мен Мунаның шығармалары мен діни уағыз негізі сөздерінің жиынтығы және т.б. 300-дей том еңбек жарыққа шықты.

«Шіркеу бірлігінің» теологиясы адамзаттың «шығу» аңызына бейімделген. Алғашқы кезде Құдай бірінші жұп (Адам және Ева) адамды жаратты. Оларға үш тапсырма (миссия) береді. Біріншіден, олар ошақ басын құру, оның алдында өздерінің сана-сезімдеррін жетілдіру керек еді. Сонан соң жүрегімен Құдайды сүю керек, Құдай алдында қосылу үшін рұқсат сұрау керек еді.

Екіншіден, олар мүлтіксіз Құдай алдында жетілгеннен соң Құдаймен қосылып ошақ басын құрастырулары керек болар еді. Солардың арқасында жер бетінде таза сүйіспеншілік, нағыз өмір және Құдайдан тараған адамдар болар еді.

Үшіншіден, адамдар сондай деңгейге жеткен соң, олар қоршап тұрған әлемнің иесі болып, сүйіспеншілікті барлығына таратқан болар еді. «Шіркеу бірлігінің» философиясы бойынша, бірақ Құдайдың осы берілген үш тапсырмасын адамдар орындамады, себебі: алғашқы адамдар Адам және Ева, өздеріне берілген «бостандықты» дұрыс қолданбай, жұмақта «күнә» жасап немесе екеуі ерте үйленіп Құдайдың қарғысына душар болды.

Сол себептен осындай жіберген қатені әлі де болса түзетуге болады. Құдай ондай адамдарды іздеп табуға Адам Құдайы Иисус Христосты жерге жіберді. Бірақ та адамдар оны түсінген жоқ, оны дарға асып тыныштанды. Иисус тек адамдарға рухани бостандық алып келді. Ол тағы да келемін деп уәде берді, екінші рет келуіне байланысты жұмақ тек аспанда ғана емес, осы жер бетінде де орналасады. Иисустың екінші келуіне байланысты Құдай үшінші рет адамзаттың нағыз ошақ басын, Құдай алдына биікке көтереді. Идеалдық «ошақ басы» құрастырылады. «Шікеу бірлігінің» мүшелері – идеалдық ошақ басының үлгісі Сан Мен Мун және оның әйелі деп, сол себептен олардың барлығы өздерінің пайғамбарына ұқсас болуға тырысады.

Мунистің өкілдері діни үгіт-насихаты көбінде интеллигенттер арасында, студенттер арасында, оқушылар мен жоғары оқу орынындағы мұғалімдер арасында жүргізіледі.

Қауымдық өмірлері қатаң күн тәртібімен жүріп жатады: ерте тұру, шоқыну, «Божественного принципа» деген Мунның кітабын оқу, қайырымдылық іс-әрекеттер. Үлкен семинарда, олар сарай үйлерін жалдап, санаторияларда, демалатын үйлерде өздерінің діни үгіт-насихаттарын жүргізеді.

Олардың орта жастық мүшелері 22-25 жаста, 70% студенттер мен жоғары оқу орнын бітірген адамдар. Дегенмен басқа деңгейдегі адамдар да кездеседі.

Қазақстандағы мұның алға қойған мақсаты – рухани өмірді жоғарғы деңгейге көтеру. Біздің елімізде биік қатардағы елдер деңгейіне көтеру. Сол себептен біріншіден олардың үгіт-насихаты интеллегенттерге бағытталған.

Қазақстанда соңғы кезде тіркелмеген, мүмкін тіркелгілері келмейтін діни қауымдар пайда бола бастады, оларға: Аум Синреке, Хазбут-Тахрир, Таблиги Джомаат деген экстремистіне жақын сектілер жатады.

 

24. Халықаралық Кришна Санасы Қоғамының ұжымы, ғұрпы және діни оқытуы.

Неоориенталист табынушылықтың түрі – (Кришнаның санасы қауымы) «Общество сознания Кришны» деген діни қауым. «Кришнаның санасы» вайшнайзм діні мен веданың философиялық көзқарасының ерікті одағынан шыққан қауым. Бұл діни ағымның негізін салушы – Индианың діни үгіттеушісі Абхай Чарин Де (1896-1977 жж), салттың аты Бхаквиведанта Сваии Прабхупада, өзінің ілімін «Бхагават – Гита сондай» деген кітабында, тағы басқа кітаптарында жазып көрсетті. Прабхупаданың кітабы өте көп, тек қана «Шримад-Бхагаватаи» деген кітабы 33 томнан, «Чайтанья-Чаритамрит» 17 томнан тұрады. Оның кітаптары 40 тілде аударылып таралған, орыс және қазақ тілінде де кітаптары бар. 1977 ж. Прабхупада өлгеннен соң, оның ілімін Брахма Мадхва – Гаудия – Сампрадаю Вайшнавов жалғастыруда.

Вайшнавов ілімі бойынша былай дейді: Ең бір ақиқат Құдай – Кришна, ол үш аспектіде бізге көрінеді: Бхагаван, Брахман, Параматма. Бхагован – бұл Құдай ең жоғарғы аспект, қол жетпейтін сапасы бар, өте бай, күшті, даңқты, сұлу. Брахман - жекеленген аспект, барлық жерде кездесетін абсолютті ақиқат, шексіз, сапасыз күш, жеке Құдайдың трансцендентальды сәулесі. Параматтық аспект – ең жоғарғы жақ, ол барлық тірі жандардың жүрегінде, жеке өзіндік жандармен бірге тұрады. Құдай мәңгі және оны ешкім жасамаған, оның көптеген аспектілері бар, оның екі энергиялық күші бар: - жоғарғы (рухани) және төменгі (материалды), ол барлық тірі жанды және әлемді жаратқан. Құдайдың көп аты бар және көптеген әсерлік күші бар. Ең бірінші аты – Кришна. Ол өте сұлу, қара терілі жас жігіт. Қалған құдайлар – жартылай Құдайлар – аватарлар. Мысалы, Иисус Христос болса Кришаның бір көрінісі. Криша болса ол әлемнен тек Кришналық планетасында тұрады, бірақ өзінің энергиясымен қандай бір әлемнің нақтылы жерлерінде тұрады.

Кришнайттардың табынушылық мақсаты – Кришнайты «сүйіспеншілікпен» жағып қойған отты көзбен қарау керек. Сүйіспеншіліктің ең биік жолы діни экстаздық медитация, ол екі түрге бөлінеді: уыждық және жеке. Жеке медитация (джапа) және ұйымдық (киртана) – ол бірге мантрды қайталау, өңдеу, әр түрлі мұзқалып аспаптармен ойнау және билеу. Ең үлкен табынушылық мантрасы (ақылды тазалау): Харе Кришна, Харе Кришна, Кришна Кришна, Харе Харе, Харе Рама, Рама Рама Харе Харе. Бұл қайталау Құдайдың киелі аттары. Бір күнде кришнантар 1728 рет осы мантраны қайталаулары керек.

Кришнайтар ашрам да (коммуна) өмір сүреді, оларды гуру (оқытушы) басқарады. Гуру – тек оқытушы ғана емес, ол данышпан беделді адам немесе жартылай Құдай.

 

Алматыда 1990 жылдан бері «Кришнаның Санасының Қауымы» ұжым құрды. 1996 жылы олар заң алдында тіркеліп қауымдары өмір сүреді. Қазір олардың алға қойған мақсаты: «Жоғалтып алған рухани құлықтылықты қайтадан жаңарту. Себебі қазіргі өркениет адамдардың жанын мүгедек жарым қылады, оларды материалдық мақсатқа итереді», - деп айтады. Олар қайрымдылық бағдарламасы бойынша біраз жұмыстар атқарады – жетім-жесірлерге, мүгедектерге, зейнеткерлерге, үйсіздерге ыстық тамақ ұйымдастырады және т.с.с. жұмыс істейді.

 

 

25. Сакрализация және секуляризация әлеуметтік-тарихи құбылыс. Секуляризация үрдісінің негізгі кезеңдері.

Сакрализация - [лат. sacer - қасиетті] - діни реттеу саласына әртүрлі қоғамдық және жеке сананы, әлеуметтік қатынастарды, адамдар мен мекемелер қызметін тарту үрдісі. Сакрализация негізін зайырлы әлемге қарсы қасиетті әлемді мойындау қүрайды. Сакрализация жағдайында діни қызмет жалпы әлеуметтік қызметтің бөлінбес бөлігі, ал діни қатынастар басқа әлеуметтік байланыстарға таралады. Сакрализация сипаты мен таралу деңгейі әртүрлі тарихи дәуірлерде бірдей емес. Ол әсіресе алғашқы қауымдық құрылыс пен құл иеленуші дәуірге тән. Ал қоғамдық қызметтің әр саласында сакрализациядан бас тарту феодалдық дәуірде басталып капиталиста дәуірде аяқталады.

Дін қоғам өмірінде өзгеріп отырады. Өзгеру мезгілдері әр түрлі болуы мүмкін. Себебі, діни сана, басқа саналық формаларға қарағанда, консервативті, оның – салт-дәстүрлері өте жай өзгерістерге беріледі. Егер де, діни салт-дәстүрлер қоғамда ұзақ уақытқа дейін өзгермесе, онда дін өзгеріп жатқан қоғамда оқшауланып, өмірге сәйкес келмей «ескіріп» қалады. Сол себепте дін өмірден оқшауланбау үшін, сол өзгеріп жатқан заманға бейімделуі керек. Егерде дін ұзақ уақыт өмір өзгерістеріне бейімделмей консервативті жолмен жүрсе, онда одан «Секуляризация» деген идеологиялық процестер, қозғалыстар туады. Секуляризацияны нақтырақ қарастырсақ, ондай процесс: қоғам мен шіркеудің арақатынасының өзгеруі; қоғамның, жеке адамдардың дін ықпалынан арылуына; шіркеу меншігінің мемлекеттік меншікке ауысуы; шіркеу және кейбір қоғамдар, мүліктерінің олардан бөлінуі; дінсіз мағынаға айналуы т.с.с. қозғалыстық процестер пайда болады. Осындай «секуляризациялық» қозғалыстар қайта өрлеу дәуірінде реформациялық қозғалыста және революциялық кезеңдерде – ХҮІІІ-ХХ ғғ. жүріп жатты. Дін үшін бұндай негативті процесті тоқтату үшін дін қызметкерлері дінге «модернизаторлық» процестер жүргізіледі немесе діннің өзін қоғамға, олардың өзгерістеріне бейімдейді. Екіншіден, «модернизм» діни адамдардың өздерінің де көзқарастарының өзгерілуі көрсетеді. Модернистік процестер дін тарихында әрдайым жүріп жатты.

26. Заманауи қоғамдағы секуляризацияның зардаптары. Азат ойлылық және оның түрлері.

 

27. Ар ожданның азаттылығының тарихи құрылымы.

 

 

28. «Диалог» түсінігі, діни сұрақтарға диалогтың мақсаты мен субъектілері.

 

29. Гуманизм дінге сенетін және сенбейтін адамдардың диалогындағы негізгі құндылық.

 

 

30. Діннің ұғымы мен болмысы.

 

31. Дінтанудың пәні мен құрылымы.

 

Дінтану дегеніміз дінің шығуын, оның дамуын әр алуан түрлерін зерттейтін ғылым. Дінтану пән есебінде немесе жеке ғылым жүесі болып ХIХ ғасырдың соңында пайда болды. Дінтану жеке басқа ғылымдардың сапасылармен араласа отырып дамиды. Сол себепте, дінтанудың ішкі құрамасы күрделі. Олардың ішінде ең бір басты орыны философиялық мазмуны болып есептеледі. Себебі философия әмбебаптың көзқарас болғандықтан, оның жалпы заңдылық көзқарасы мен категориялары барлық ғылым салаларына тікелей қатнасы бар. Дінтануды ғылымның бір саласына жатқызғандықтан, философия оның негізгі жүйесі болады. Екінші жағынан, дінтанудың негізді пәні дін болғандықтап, діни көзқарас тікелей философиялық көзқараспен сәйкес келгендіктен, дінді, «діни философиялық» пәнге де айландырып қастыру мызға да болады. Сол себепте, діни философия мен философиялық дін дінтанудың ең негізгі теориялық тұрғысы болып есептеледі.

Дінтанудың күрамына тағыда көптеген ғылымдар тікелей алаласып, оның негізін күрастырады. Олардың ішінде социология, психология, феноменология, дінің тарихы және т.б. ғылымдар әсерін тигізеді.

 

32. Діннің пайда болуының негізгі теориялары.

Қоғам өмірі мен рухани болмысы жайында ғылыми зерттеулер жүргізген философтар, әлеуметтанушылар мен дінтанушылар алғашқы діни жүйелер жайында түрлі тұжырымдар айтқан. Әр ғалым өзінің зерттеу нысанының шеңберінде дінге түрлі түсінік береді. Нәтижесінде, алғашқы діни жүйе ретінде, ғалымдар анимизм, тоте- мизм, натуризм, магия, фетишизм, паганизмдерді бөле- жара атайды. Аталмыш діндер негізінен көп тәңірлік (политеистік) сенімнен тұрады. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы қауымдық құрылыс уақыт өткен сайын мәдениеттілікке қол жеткізіп, соңында мәдениетті, өркениетті елге айналғаны секілді, діндер де алғашқыда көп тәңірліктен бастау алып, бертін келе, бір құдайға (монотеизм) сыйынудың қалыптасқандығын айтады

33. Діннің құрылымы.

Қандай бір діни ұғым болмасын олар күрделі әлеуметтік қүбылыс ретіне қарастыру керек. Дін деген ұғымның елеүлі белгілері: діни сана; діни ғибадат, іс-әрекет; діни қатнас және діни ұйымдар.

1. Діни сана. Дінді қоғам сананың бір түрі есебінде қарасақ, онда оның басты негізі діни сенім деп айтамыз. Діни сенім деп қудіретке сенүді айтады. «Құдірет» діндарлар мен діни ғұмамалардың пікірінше ешқандай материалдық дүние заңдылық тарына бағынбайды, ол объективті өмір сүреді. Ол объектімен байланасуға болады деген сенім. Байланасқанда одан қайрымдылық алуға болады. Әртүрлі мифтіқ ғажайптарға сену. Діни догмаларды киелі есебінде сену және атақты діни өкілдердің күнәкарлықтары олардың беделділігіне сену.

Діни саналық сенім екі деңгейден түрады: әдеттегі діни сана, яғни діни психология мен діни идеология. Діни психология – қарапайым діндарларға тән құдірет туралы жалпы елестету. Ол бұлынғыр, толық емес, жүйесіз, орнықсыз болып келеді. Сондай-ақ жалпыға бірдей таралған, діннің қарапайым түрі.

Діни идеология – неғурлым толық, орнықты әрі сабақтасты болып келедін құдретке көзқарастың жүйесі. Діни идеологияның негізі «діни психология» болып табылады. Мундай жүйені дін ғұламалары, сондай-ақ кызметшілері, яғни діни көзқарасты өз ісіне ойландырғандар қарастырады. Діни идеология, яғни теология кез келген діннің теориялық негізін қурайды.

2. Діни іс-әрекет. Діни ғибадат, іс-әрекет - әртүрлі объектілерге әсер етүге бағыталған рәміздік іс-әрекеттердің жиынтығы.

Діни ғибадаттық іс-әрекеттер және ғибадаттан тыс іс әрекеттер болып бөлінеді. Ғибадтан іс-әрекеттерге әртүрлі діни шығарма жазу, діни әдет ғұрыптары шығару, басқару жұмыстар жатады.

Діни ғибадатка – діни магиялық бағыттағы әдет-ғурыптар, ритуалдар, құрбандық шару, ораза, құпиялар, дуға ету, сондай-ақ осы орайда пайдаланылатын мазарлар жән т.б. діни іс әрекеттер.

Діни ғибадатық іс әрекеттер діннің негізі және оның өмір сүрү формасы. Діншіл мен діншіл емес адамдарды ажыратып көрсететін түрі. Керек болса сол бір діншіл адамдардың діни сана сезімінің тереңділігі мен таяздығын көрсететін элемент.

3. Діни қатнас. Діни қатнас сол бір діни іс-әрекеттер арқылы рухани жағдайда жүріп жататын процесстер. Діни қатнастың екі объкетсі бар. Бірінші, діншіл адамдардың өзара қатнастары, ал екінші, діншіл адамдардық киелі деген объектімен қатнастары. Адамдардың қатнасына үқсас, діни қатнастарда күрделі, жай көзбен қарағанда көптеген діни қатнастардық түрлерін көрүге болады. Мысалыға: 1. Табиғаттағы тірі немесе өлі заттармен – (тотемдік, мазар, крес, икон) – заттық қатнастар. 2. Образдық қатнас – Құдай образы, аруақ, жан, періште, рух; 3. Тілдік, семантиқалық қатнас-әртүрлі киелі сөздер, асыл кітаб сөздерін қайталау, мантрилер, құран оқу; 4. Жеке адам басына табыну – жеке адамдарға пайғамбарлық, киелі мағана беріп табыну.

4. Діни ұйымдар. Діни ұйымдар – діни ғұрыптардық орталықтары, белгілі бір дінді ұстаушылардың бірлестігі.

Діни ұйымдардың көлемі әр түрлі болып келеді, діни кішкентай секті, қаум нан діннің миллиандағы біріндегі ұйымдарға дейін құрылады. Діни қауымдардың діни және дінсіз іс әрекеттер жасайды. Дінсіз іс әрекеттерге әртүрлі ұйымдық, баскарушылық (діни кеңес, теқсерү комиссиясы, білім берү бөлімдері, жоғарғы оқү орындары, баспақаналық үйымдар). Дінсіз іс әрекеттер діни қаумдардың басып құрастрады. Діни қауымдық ұйымдардың үш түрі бар. 1. Шіркеү – діни ұйымдың аты, ол дін адамдардың кәсіби қызметі, орталықтандырылған дербес институт. Шіркеү деп ғибадат етү үйін, яғни храмды айтады. 2. Секттілер ұйымы – ірі діни ұйымдардан болініп шыққан оппозиция ретіндегі бағыт.

 

34. Діннің негізгі қызметтері.

 

Дін әлеуметтіқ өмірмен тығыз байланысты болғандықтан қоғамда өзінің орындайтын функциялары мен ролі болады. Функция және рол дегеніміз синонимдік мағана бергенімен олардың айрмашылығы бар. Дінің функциясы деп дінің қоғамдағы әрбір салалық қызметтеріп көрсетеді. Ал, ролі деп сол қызметтердің соңғы қортындық түжырымы. Дінің елеүлі функциялары: әлемге көзқарастық, орын толтыру (компенсаторлық), реттеүші, үйымдаструшы мәдениеттаратушы және т.б. функциялары бар.

1. Дінің әлемге көзқарастық функциясы деп табиғатты, қоғамды және адамның болмысын дін өзінше бір системалық көзқараспен көрсетүге тырысады. Себебі діни көзқарас өзіне әлемді түсіндіру функциясы бар: әлем қалай пайда болы, әлемдік жеке қубылыстары деген не, онда қандай процесстер жүріп жатыр; әлемдік қатнас; әлемдік баға; әлемның мағанасы және шағы осындай компонентері арқылы әлемді өзінше түсіндіреді. Қоғамның не екенін, оның мақсатып, қоғамдағы орынып т.б. сондай сүрауларға діни көзқарас жауан береді. Мысалыға, өмірден мәніп, мақсатып, түсіндіре отырып адамдарға жігер, қайрат береді. Әлемге көзқарастықтың негізгі сүрауы Құдай мен адам арасындағы қатнастармен жүріп жатады. Адамдар бүкіл адамзат тарихы барысында өмірден тұрақтылық, өзгерместік, мәнгілік пен қасиетті іздеп келеді. Әртүрлі діндер осы ізденістердің жауабы деп түсінсен те болады.

2. Дінің ең бір негізгі функциясы – орын толтыру (компенсаторлық) функциясы, яғни адам боласы өз дәрменсіздігінін, шамасы келмейтін жағдайларын құдайға, табиғаттан тыс кушке артып, діннен қорғаныс іздейді. Мысалыға: езушылық – рухани бостанық арқылы; әлеуметтік теқсіздіқ – барлық адамдардың құдай алында теңдігі; жеке бастық – христиан бірлігі. Психология жағынан: рухани ләзатық, медитация, катарис, жүату т.б. функцияларын дін орындайды.

 

35. Діндердің жіктелуі.

36. Алғашқы сенімдер және олардың болмыстары мен ерекшеліктері.

37. Политеистік діндер. Политеизмнен монотеизмге ауысу себептері.

 

38. Әлемдік діндер.

Әлемдік діндер қазіргі танда үшеу:Буддизм,Христиан,Ислам.

 

39. Дәстүрлі емес және заманауи діндер.

 

40. Ежелгі Мысыр діні.

Ең бір ерте дәірде, бірінші мемлекет күрастырған халық Египет деп аламыз. Ол мемлекет Нил өзенің жағасында шығып ең бір биік өркениеті жеткен мемлекетік болды. Египет мемлекетінің билеушілері – перғауындарды құдай деп санады. Ал, Ра құдайы құдайлардың құдайы немесе перғауындар (фараондар) оның ұлдары деп санады. Египет халқының тағы бір ерекшелігі – ажалға қарсы шығулары. Ол халықтың өлмей мәнгі жасауға үмтулулары және бұндай – діни көзқарас тек дінге емес және мәдени салаларға, саяси, экономиқаға да үлкен әсерін тигізді. Халықтар мәнгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесінде адамның денесіп сақтап, тірлікте оған қажет болғанның бәрімен қабірде де қамтамасыз ету керек болды, демек денені бальзамдан, оны мумияға айландыру, не болмаса өлген адамның денесіне ұксас етіп, оның мүсініп жасау кәсінке айналды. Себебі, өлген адамның денесі сақталса оның жаны оған қайта оралады деп түсінді. Египет халықтары парғауындарда да басқа аруаққа да сенді. Падшалардың, перғауындардың өздері немесе от басынағы адамдар өлсе, олардың кұрметіне пирамидалар (мазарлар) салатын болды. Ал, ақшалары аз, қатардағы Египет азаматтарын матаға орап, көпшілік Зираттарының шетіне көме салатын болды.

Көне Египет заманында бастықұда Ра дан кейінгі төмендегі құдайлар да болды. Ол құдайлар өздеріне арналған жекелей қызметтері болды. Мысалыға: өлім құдайы – Осирис. Ол жер астының құдайы. Құнарлы жер мен аналықтың құдайы, Осиристің қарындасы, әрі әйелі – Исида құайы. Шындық пен тәртиптің құдайы – Маат және т.б. сондай құдайлар. Осындай көп құдайлықтың басын қоспақ болған Перғауын Аменхотеп (б.з.б. 1419-1400 ж.), діни реформа жүргізді. Ол көп құдайлық түсініқті жайын бір құдайға сенү керек деді. Ол құдайдың атын Атон деп қойды. Осының арқасына Мемлекеттіқ монотеистіқ дін қүруға әрекет жасады. Онан кейінгі Аменхотеп IV (1419-1400 ж.б.д.д.), де бір құдайлық реформаны жалғастырды. Бірак ол реформадан ештеке шықпады, оған қарсы көптеген жрецтер шығып бұрынғы ескі құдайлардың түрлерімен біріктірілді.

Біздің з.б. 332 ж. македондықтар Египетті өздеріне бағылыпты етүмен қатар, Египет абыздары Македонскийді жақсы қарсы алып, оны «Құдайдың үлы» деп жарилады. Осы мен қатар египеттіқ және Гректердің құдайларының бейнесі қалыптасты да, оған Египет халықтары отбына бастады. IV-мың жылдарында б.д.д. көс өзен байында Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия, Иран сиякты түрлі мемлекетер пайда болы. Олардың солкездегі мәдениеттері Египет мәдениетімен қаттар болды. Қос өзеннің ең көне дәурдегі мәдениеті Шумер-аққат мәдениеті дейді. Шумер мемлекетті арасан зөр өкениетке жетт. Адамзат тарихна алғашқы «алтын ғасыр» поэмасын беді. Дүние жүзіне бірінші рет кітапханалық қаталогтар жасауды игерді, медицинада, дәрі-дәрмек жасауда және т.б. табыстарға жетт. Шумерлерің діни накым – сенімдері де жан-жақты дамыған болды. Өз құдайларын «діңгір-тәңір» деп атаған шумерлер әлемді жаратушы – «Ан-ки» құдайы болса, аспан құдайы – Ан, жер құдайы – Ки және тағы санда 50-астам көн құдайлық – Политеизм ік дін болды. Шумерлердің Политеистік діни көзқарастары, әсіресе топан су мифі, бірінші еректі құдай балшықтан жарату және оның қабырғасынан әйелді жасау ақыздары, кейінен Вавилондар мен ассириларға, олар арқылы гректермен еврейлерге жетті. Бұндай аңыздар Иуда және Христиан дініне бастаусыс болды десеңте артық болмайды.

 

41. Антика әлемінің діндері. (эллада діні, ежелгіримдік діндер).

 

42. Ежелгі Үнді діндері. (веда діні, брахманизм, индуизм, вишнуизм, сикхизм,

джайнизм).

Брахманизм - ежелгі Үндістанда ведашылдықтың негізінде пайда болып, оны алмастырған діни - философиялық жүйе. Брахманизм- абсолютті шындық, мәңгі руханилық, бұл дүниеде одан тысқары ешнәрсе де жоқ, олай болса, бізді қоршаған ортаның мәні де осы. Брахманизмда о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі тағдыры оның бұл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс- әрекеттеріне байланысты. Брахмандарды құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін - өзі ұстай білуі, мейірімді болу, т.б. қасиеттер қоғамның әр мүшесінің өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналады. Бұл «карма» түсінігінде түйінделген. Карма - дегеніміз әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады.

 

Индуизм б.д. дейінгі бірінші мыңжылдықта пайда болды. Ол адамды рухани құтқарудың үш жолын ұсынды. Олар:

қасиеттері істер жолы;

таным жолы;

адалдық жолы.

 

Индуизмнің тұңғыш қауымы – «адживака»тақуалық жолын тұтып, тән құмарлығымен күресті. Бірақ, Вишнуға табынды. «Адживака» діни идеяларын «бхагаватами» толықтыра түсті. Ол Вишнумен қатар Кришнаға тең дәрежеде құрмет көрсетті. XII ғасырда брахмандар жарты құдай – Рамаға ерекше тұғыр орнатты. XV ғасырда діни ғұрыптар қара халықтың тілі болып саналатын хинди тілінде атқарыла басталды. Осының нәтижесінде Вишнудің көпшілік арасындағы мәртебесі жоғарылай түсті. Шиваға құлшылық жасау да осы құдайды мойындаушы қауымдардың бірлігінің нығаюына қызмет етті. Бірақ, көпқұдайлық үнді халықтарының одан әрі қауымдаса түсінуіне кедергі болған жоқ. Керісінше, осы көп құдайлар біртұтас діни түсінік аясында құрметтеліп, индуизм баршаның дініне айналды. Индуизм үшін «Махабхарата» және «Рамаяна» эпостары-Үндістанды арий тайпалары жаулап алуы кезеңіндегі үнділердің қаһармандық күресі туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары пантеоны туралы әңгімелейтін қасиетті аңыздар жинағы. Поэмада индуизм құдайлары туралы кең әңгімеленеді. «Рамаянада» Раманың және оның жұбайы Ситаның өмірі баяндалады. Индуизмнің діни ескерткіштерінің ішінде құрылымдық жағынын «Махабхарата» эпосына енетін дүниетанымдық проблемаларға түсініктемелер беретін «Бхагават-Гита» философиялық концептия тұтастығымен ерекшеленді. Концепцияның негізінкүллі болмыстың бастауы ретіндегі пракрит туралы және одан дербес таза рух – пуруша туралы ережелер құрайды. Осылардан шығарма авторларының екі негізді мойындаған дуалистік көзқарасы көрінеді

Джайнизм - көне үнді философиясының Веда әдебиетіне сүйенбей дамыған ағымы. Джайнизм философиясының негізінде - татва яғни мән туралы ілім жатыр. Татва - дүние құрылатын бастапқы құрылыс материалы сонымен бірге білімнің негізі құрылатын ақиқат

 

43. Синтоизм.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2584. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия