Студопедия — Ішкі аур.100 тесттер.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ішкі аур.100 тесттер.

1. Сiзге қабылдауға М., атты 30-жастағы науқас келдi. Анамнезiнде: шырышты қақырықпен болатын жөтел, дауысы қарлыққан, дене қызуы 38°С-ге дейiн жоғарлаған. Дәрiгерге (4-күн бұрын) қаралған. Тексеру кезiнде (ЖҚА, рентгенологиялық тексеру) жедел пневмония диагнозы қойылды. Пенициллинмен ем тағайындалды. Емнен әсер болмаған. Сiздiң әрекетiңiз қандай?

A. 10 күн бойы емдi жалғастыру

B. пенициллиндi алып, азитромицин тағайындау

C. жедел түрде стационарға жатқызу

D. пенициллиндi алып, кефзол тағайындау

E. сульфаниламид қосу

2. Нозокомиалды пневмония деп қай кезден айтамыз?

A. ертерек емделмеген әйелдерде 48 сағат бұрын, аур

B. 48 сағат бұрын ауруханаға жатқан

C. жүкті әйелде 20 сағат кейін

D. 48 сағат кейін ауруханаға жатқан адамда

E. үй жағдайда емделген адамдарда

3. Емхана жағдайында басқа аурулардың қосарлануысыз ауыр емес пневмония өткенде қандай дәріден бастау қажет?

А. Пенициллин тобынан

В.аминогликозидтер

С.цефалоспориндер

Д.тетрациклиндер

Е. фторхинолондар

4. Өкпенің рентген сүретінде мөлдірлігі, қабырғааралық кеңеюі, диафрагманың тегіс көріністер болса қай ауруға жатқызамыз:

A. спонтанды пневмоторакс;

B. өкпе эмфиземасы

C. өкпе абцессі

D. өкпенің кавернозды туберкулезі

E. аурудан тыс пневмония;

5. 43 ж., науқас, аспазшы; 14 жасынан темекі шегеді; оқтын-оқтын ұстамалы экспираторлық демікпе және кеудесіндегі сырыл мен ысқырықты дыбыс болуына шағымданады. Ауырғанына 2 жыл. Демікпе ұстамасы жиі түнгі мезгілде пайда болады және өздігінше 1 сағаттан кейін жоғалады. 4 жылдан бері қақырығы аз, үздіксіз, жеңілдік әкелмейтін жөтел мен жүктемеде пайда болатын жөтел мазалайды Кеудесі бошке тәрізді, бұғана үсті шұңқырлары дүмпиген. Дауыс дірілі екі жақтанда әлсіреген. Перкуссияда- корапты дыбыс. Тыныс – қатаң, шығару кезеңі ұзарған, кеуденің бүйірлерінде – күшейтілген тыныс шығаруда жақсы естілетін құрғақ, жоғары дыбысты сырылдар. Науқасқа қандай ем ұсыну қажет?

A. Жөтелге қарсы дәрілері

B. Бронхты кеңейтетін дәрілер

C. Витаминмен емдеу

D. Темекі тартудан бас тарту

E. Седативті дәрілер

6. 15 жастағы науқаста жөтел 200мл кілегейлі-қақырықтың бөлінуімен, қан қақыру, қызуының 38,2С көтерілуімен, ентікпе мен жалпы дел салдыққа шағым айтады.Бала кезінде жиі жөтелген. Соңғы 5 жыл бойы өршіген. Қандай ауруды ең алдымен жоққа шығарады?

А. Пневмония

В.өкпенің созылмалы абцессі

С.туберкулез

Д.өкпе поликистозы.

Е. Бронхоэктатикалық ауруы

7. Асқынған абсцесс пен ауыр пневмония кезінде дәрігер ең алдымен не жасау керек?

A. бронх ағашының дренажын қалпына келтіру

B. рефлекс басу арқылы жотелді тоқтату

C. пневмококке қақырықты тексеру

D. Квейн сынамасын жүргізу;

E. медиастиноскопия жасау;

8. Ауруханадан тыс пневмония кезінде эмпирикалық терапияға қолданылатын препараттар:

A. ципрофлоксицин, перфиксацин, офлоксацин;

B. стрептамицин және гентамицин;

C. линкомицин және левомицетин;

D. имипенем және меропенем;

E. пенициллин, эритромицин, азитромицин;

9. Фермерде шіріген шөппен жұмысынан 6 сағат кейін аралас ентігу, қалтырау, дене қызуының 390С дейін көтерілуі, қан талшықтары анда-санда болатын аз қақырықты жөтел пайда болды. Қан сарысуында жабысқақ қарсы денелер анықталады.

Қандай дерт болуы мүмкін?

A. өкпенің милиарлы туберкулезы

B. пневмония

C. экзогенды аллергиялық альвеолит

D. идиопатиялық фиброзды альвеолит

E. бронхиалды астма.

10. Жедел пневмониямен ауырған реконвалеценттер диспансерлік есепте қанша уақыт болады?

А.6 ай бойы

В.10 ай бойы

С.2жыл

Д.1жыл

Е. Есепте тұрмайды

11. 20 ж., студент оқтын-оқтын ұстамалы экспираторлық демікпе және кеудесіндегі сырыл мен ысқырықты дыбыс болуына шағымданады. Ауырғанына 1 жыл шамасында. Демікпе ұстамасы жиі түнгі мезгілде пайда болады және өздігінше 1 сағаттан кейін жоғалады. Дәрі қабылдамаған. Бала кезінен көктемде вазомоторлық ринит мазалайды. Күніне 1,5 пашкі темекі шегеді. Шешесінде бронхиалды демікпе (астма). Объектиті қарауда және Р-ген тексерісінде дерт анықталмаған.Қан анализінде – эозинофилдер саны - 6%. Қандай дерт туралы болжауға болады?

A. атопиялық бронхиалды астма, орташа ауырлықта.

B. инфекция –тәуелдік бронхиалды астма, жеңіл ағымды.

C. созылмалы обструктивті бронхит, жеңіл ағымды, өршу кезеңі

D. жіті бронхит

E. атопиялық бронхиалды астма, жеңіл ағымды

12. Күбі тәрізді кеуде клеткасының, қол саусақтарының тырнақ өзгерісіндегі (сағат әйнегі) ең жиі ентігу қай ауруда кездеседі:

A. пневмоторакс;

B. жедел респираторлы ауру;

C. жедел пневмония;

D. жедел бронхит;

Е. өкпе эмфиземасы;

13. Бронхиальды астмасы мен II деңг. артериалдық гипертензиясы бар және капотен, тайлед, ұстамасын тежеу үшін кұніне 1-2 рет беротек қабылдайтын науқас жалпы тәжірибелі дәрігерге тұрақты құрғақ жөтелдің қинайтынына шағымданды.

Жөтел пайда болуы себебі неде?

A. тайлед қабылдауы

B. беротек қабылдауы

C. капотен қабылдауы

D. тайледа пен беротекті қоса қабылдауы

E. тайлед мөлшерінің жеткіліксіздігі.

14. Науқаста қара күш жүктемесінен кейін көпірікті қызғылт қақырықты жөтелі бар демікпе ұстамасы пайда болдыы. Қарауда: өкпенің екі аймағында ылғалды, әртүрлі көпіршікті сырылдар; жыбыр аритмия, бауыры үлкейген, аяқтарында - ісіктер.

Қандай дерттік жағдайға осы белгілер тән?

A. бронхиалды астма ұстамасы

B. сол қарыншаның жедел жетіспеушілігі

C. өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D. өздігінен дамыған пневмоторакс

E. инфарктық пневмония.

15. 32 жастағы әйел 2 ай бұрын дене қызуының 39*С көтерілуімен, физикалық жүктемеден кейін ентікпе, қалтырау, басының ауруына шағым айтады.Қызу түсіретін дәрілер, сульфаниламидтер, 5 күн ампициллинмен емделді.Қызуы 38,2, терісі бозғылт. Беті мен қолдарында бірнеше петехиальді бөрітпелер бар, пульсі 100рет мин.қан қысымы 140/90мм.сын бағ.Жүрек тондары әлсіреген, төстің сол жағында жоғары жиілікті диастолық шу екінші тон естіледі, гепатомегалия. Науқастын диагнозы?:

A. ревматизм, активті фаза, митральды стеноз

B. инфекциялық эндокардит және аортальды шамасыздық

C. ревматизм активті фаза аортальды шамасыздық

D. инфекциялық эндокардит және митральды шамасыздық

E. инфекциялық эндокардит және митральды стеноз

16. 69 ж., әйел шағымданады: әлсіздік, тәбетінің жоғалуы, аз мөлшерлі шірішті қақырық, ұйқышылдық, қөңіл-күйінің жоқтығы, кейбір жағдайда есінің бұзылатыны. Дертінің басталуы себебін айталмайды. Анамнезінде ЖИА, туберкулез.

Қарауда: ернінің сәл цианозы, терісі құрғақ, дене температурасы- 37,20, АҚ - 85/40 мм с.б.б.. Жүрек тондары бәсең, П тон аортада күшейген. ЖСЖ-1мин. - 80. Өкпесінде оң жағында, жауырын ұшында әлсіреген, басқа аймақтарды - өзгермеген. Тілі –ылғалды, түбірінде өңезделген Құрсақ жұмсақ, ауру сезімі жоқ. Ісіктер анықталмайды. Сіздің болжама диагнозыңыз:

A. депрессия

B. анықталмаған рак

C. оң жақты пневмония

D. АГ - өршуі

E. ЖИА, жүректің жіті жетіспеушілігі.

17. 22 жастағы науқас әйел, жалпы тәжрибе дәрігерін үйіне шақырды.Дене қызуы 38 градусқа көтерілген, қалтырау, әлсіздік, дел салдық, тәбетінің төмендеуі, бас ауру қинайды.Өзін бір апта бойы ауру санайды қызу түсіретін дәрі ішкен.Жиі зәр шығарады,оң бел ауырады.Ауруын салқынның өтуімен байланыстырады. Қандай ауруды ойлауға болады?

А.пневмония

В.жедел пиелонефрит

С, жедел эндометрит

Д. Жедел цистит

Е. ЖРВИ

18. Қабылдауда 17 ж., жасөспірім, температурасы 37,60С, шағымдары – ірі буындарында көшіп тұратын ауру сезімі. Айтуынша ауырғаны осыдан 3 жетіге жуық бұрын, бірақ ауру сезімі тұрақты мазаламағасын дәрігерге баруға асықпаған. Қыс пен көктемде үш рет баспамен және бірнеше рет тыныс жолдарының жұқпасымен ауырған. Осы кезде оң тізе және сол бақай буындарында ауру сезімі мазалайды, олар ісінген, терісі сәл қызарған, ыстық, қимылы ауырсыңғышты. Кеуде терісінде сәл қызғылт ортасы ашық түсті дақтар.

Сіздің болжамыңыз?

A. инфекциялық - аллергиялық полиартрит

B. ревматикалық артрит

C. Лайма дерті

D. Ревматоидты артрит

E. склеродермия.

19. 27 жастағы науқаста 3 күн бұрын аяқ астынан қалтырау, құрғақ жөтел, оң бүйірінде ауырсыну, қызба 38,5 С дейін байқалды. Кеуде торының оң жағы тыныс алғанда қалыңқырақ. Перкуссияда алдынан 3 қабырғааралықтан және артқы жағынан жауырын арасының ортасынан – тұйық дыбыс, осы аймақта тыныс алуы естілмейді. Жүректің салыстырмалы тұйықтылығының сол шегі бұған орта сызығынан 1,5 см сыртта орналасқан. Болжам диагноз:

A. оң жақты экссудативті плеврит

B. оң өкпенің төменгі бөлігінің ошақты пневмониясы

C. оң өкпенің крупозды пневмониясы

D. созылмалы бронхиттің өршуі

E. оң жақты гидроторакс

20.22 жастағы науқас, спортшы, дене температурасының 39 С жоғарылауы, қалтырау, физикалық күш түскенде ентігу, тәбеттің жоқтығына шағымданып жолықты. 1 айдан бері ауырады. Қарағанда: терісі сарғыш, боз, аяқтарында петехиалды бөртпелер. Өкпеде - аз мөлшерде ылғалды сырылдар. Жүрек тондары бәсең, Боткин нүктесінде систолалық шу. Пульс - 106 рет/мин. АҚҚ - 120/40 мм с.б., бауыр оң қабырға доға астынан 5 см төмен, сипағанда ауырады. Сирақта ісіктер. Болжам диагноз:

A. инфекциялық эндокардит

B. пневмония

C. бауыр циррозы

D. ревмокардит

E. миокардит

21. 41 жастағы науқас кенеттен ауырды. Дене қызуы 40градус, жөтел кілегейлі-қанды қақырықпен,»ет» иісімен. Денесінің бүйір жағы ауырады.Лейкоциттер 10х109/л,, формуласы солға ығысқан. Рентгенмен тексергенде 2 күні оң өкпенің жоғарғы бөлігінде қараю ағару ошақтарымен көрінеді.(өкпенің деструкциясы) Қандай диагноз мүмкін?

А.микоплазмалық пневмония

В.туберкулездік инфильтрат

С.Фридлер пневмониясы

Д.вирустық пневмония

Е. стафилококтық пневмония

22. 30 жастағы науқаста 1 ай ішінде дене қызуы 38 С көтерілген,антибиотиктерге төзімді, гипергидроз.Мойын лимфа түйіндері домбыққан, нейтрофилез,ЭТЖ 50мм/сағ. Диагнозын анықтау үшін қандай тексепу қолданылады?

А.лимфо түйінінінің биопсиясы

В.стернальді пункция

С. спецификалық емді ұсыну

Д.кортикостероидты емді ұсыну

Е.антибиотиктерді ұсыну

23. Дәрігер науқасты үйде қарағанда, оның ауыр жағда екенін анықтады. Терісі солғын,ҚҚ-150/100мм.сын.бағ. пульсі 120рет минутына. Өкпесінде ірі көпіршікті сырылдар жүрек тондарын басып кетеді. Анамнезінде АГ 5 жыл бойы бар.

Сіздің идәрігерлік әрекетіңіз?

А.науқасты үйде қалдырк қажет

В.жедел жәрдемді шақыру

С. науқасты үйде қалдырып,клиникасын бақылау.

Д.күндізгі стационарда ем ұсыну

Е.науқасты ауруханаға жатқызу

24. А.атты, 58 ж., науқаста 10-15 жыл бойы II дңг, ҚҚ 4 артериалдық гипертензиясы бар. Бір жыл бұрын жүректің алдыңғы беті және қарынша аралық аймағының ірі ошақты миокардтің инфарктісімен ауырған.

Бұл науқастың еңбек ету қабылеті қандай:

A. еңбекке жарамды, тіршілік тәртібін сақтау трудоспособен, соблюдение режима

B. П топтағы мүгедек

C. қара күш жөктемесімен байланысты емес жұмысқа ауыстыру

D. түнгі жұмысқа ауыстыру

E. 1топтағы мүгедек

25. АГ емдеудегі әсері жоқ комбинацияға жатады:

A. бета-блокаторлар+дигидропиридинді емес кальций антогонистері;

B. бета-блокаторлар, диуретиктер;

C. АПФ ингибиторлары, кальций антогонистері

D. АПФ ингиторлары, диуретиктер;

бета-блокаторлар, дигидропиридин тобының кальций антогонистері;

26. Бiрiншiлiк артериялық гипертензия және кiндiк үстiнен систолалық шу естiлген кезде науқастың диагнозын нақтылау үшiн қандай тексерудi тағайындауға болады?

A. кеуде клеткасының қорытынды рентгенографиясы

B. бүйрек УДЗ-i

C. бүйрек артериясының УЗДГ-сi

D. к өз түбiн зерттеу

E. экскреторлы урография

27. Артериялық гипертензияның II-дәрежесiмен ауыратын науқасқа қандай еңбек түрi көрсетiледi:

A. Көп мөлшердегi физикалық күшпен жұмыс

B. Көп мөлшердегi нервтi-психикалық күшпен жұмыс

C. Түнгi кезек

D. Шулы, тербелiспен болатын ортадағы жұмыс

E. Орташа ауырлықтағы физикалық күшпен жұмыс

28. 55 жастағы науқас 12 жыл бойы артериалдық гипертензия ІІ дәрежесімен (АҚҚ 165/100 мм сын.бағ. дейін көтеріледі) ауырады. Бұл науқасқа қандай сүйемелдеуші ем схемасы қолданылады?

A. нитросорбитпен монотерапия

B. бета-блокаторлар+диуретиктер

C. ангиотензинге айналдырушы ферменттің ингибиторлары

D. ангиотензинге айналдырушы ферменттің ингибиторлары+Са-антогонистер

E. дибазолмен монотерапия

29. Тек медикаментозды емес ем қандай артериалдық гипертензияда қолданады:

A. Артериалдық гипертензия І

B. Артериалдық гипертензия ІІ

C. Артериалдық гипертензия ІІІ

D. Вегетативтік-қантамырлық дистония, гипертониялық түрі

E. Аортаның коарктациясымен науқасты

30. 50 жастағы науқас, соңғы жылдары түнгі кезде төстің жоғары бөлігінде ауырсынуына, 15 минутқа дейін созылып, кейде өздігінен немесе нитроглицерин қабылдағанда басылуына шағымданды. ҚҚ 120/80 мм с бб, пульсі минутына 62, ЭКГ тыныштық кезінде патологиясыз. Физикалық күш түсіргенде сынама теріс. Ұстама кензінде ЭКГ- де кеуде тіркемесінде - ST сегменті жоғары. Болжам диагнозы:

A. Кардиалгия

B. Нейроциркуляторлы дистония

C. Стенокардия күш түсудегі

D. Вариантты стенокардия

E. Обструктивті кардиопатия

31. Жүрек маңында ауырсынудың кенеттен күшейіп кетуі қандай ауруда болады?

А. Спонтанды стенокардия

В.миокард инфарктісі

С.өкпе артериясының тромбоэмболиясы

Д. Қолқаның ыдырауы

Е.жедел перкардит

32. 50 - жастаға темекі шегетін жиі бронхит өршуімен жүретін науқаста, бірінші рет өмірінде ашып сонымен қатар төс артына және мойынға берілетін ауырсынудың 2- 3 сағатқа созылуы, әлсіздік пен тершеңдік байқалды. Не туралы ойлауға болады?

A. Мойын остеохондрозы

B. Спонтанды пневмоторакс

C. Өкпелік жүрек

D. Миокард инфарктісі

E. Өкпе инфаркті

33. Алғашқы пайда болған стенокардияда дәрігерлік әрекеті::

A. Амбулаторлы жағдайда емдеу

B. Күндізгі стационарда емдеу

C. Жоспарлы ауруханаға жатқызу

D. Жедел ауруханаға жатқызу

E. Ем қолданылмайды

34. 55 жастағы әйелде физикалық жүктемеден кейін пайда болатын жүректе қысып ауырсынуға, нитроглицеринмен басылуына шағым айтады. Ол аяқтарында веналардың варикозды кеңеюімен ауырады.Қан қысымы 160/90мм.сынбағ.ЭКГ-де 12стандартты тіркемелерінде арнайы өзгерістер жоқ.Келесі ұсынатын диагностикалық тексерулер қандай?

A. велоэргометрия.

B. Обзиданмен сынама

C. Тәуліктік мониторлау

D. Коронарография

E. Қанда ферменттерді анықтау

35. Иммунологиялық механизмі бар ревматикалық емес кардитте емдеуге ұсынылады:

A. стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

B. пенициллин қатарындағы препараттар

C. десенсибилизациялық препараттар

D. протеаз ингибиторлары

E. антикоагулянттар

36. Ревматикалық емес кардитте клиникалық байқалады:

A. тондарының тұйықталуы мен жүрек шекарасының кенеюі

B. тондарының тұйықталуы мен дөрекі систолалық шу

C. тондарының тұйықталуы және диастолалық шу

D. айқын тондар, систолалық шу

E. айқын тондар, жүрек шекарасының кеңеюі

37. 32 жастағы әйел профилактикалық қарауға келді. Анамнезінде 14 жыл бұрын ревматизмнің шабуылы буындардың зақымдануы және эндокардит пен байқалған. Шағымы әлсіздікке, тез шаршау физикалық жүктеме ден кейін ентікпенің пайда болуы. Кешке қарай аяқтарында ісік пайда болады. Терісі таза, бозғылт. Жүрек тондары тұйықталған, дөрекі пансистолық шу естіледі, балтырларында сәл ісік бар. Сіздің әрекетіңіз?

A. Жағдайын бақылау

B. Ревматолоогтың кеңесіне жіберу

C. Кардиохирургтың кеңесіне жіберу

D. Антибиотиктермен фурасемидті ұсыну

E. Жүректің доплеграфиямен УДТ

38. Қандай дерт туралы ойлау қажет, егерде төс етегі артында күйдірген тәрізді, сол қолға берілетін, жатқанда пайда болып, тік тұрғанда азайып немесе бәсеңситын ауру сезімі мазаласа?

A. миокард инфарктісі

B. перикардит

C. кеуде аралық өңеш жарығы (грыжасы)

D. плевропневмония

E. қабырғааралық невралгия.

39. 50 ж., ер кісі кеуденің сол жартысында үлкен жөктемеде пайда болатын ауру сезіміне шағымданды. Сол қолының қимылында және терең дем алғанда ауру сезімі күшейеді.Өкпе аускультациясында сол бөлігінде тыныс дыбыстары айқын әлсіреген. Перкуссияда - тимпанит.

Қандай дерт туралы ойлау қажет?

A. ЖИА. Стенокардия

B. остеохондроз

C. қабырғааралық невралгия

D. өздігінше дамыған пневмоторакс

E. ылғалды плеврит.

40. М., атты 40 ж., төс артындағы кенеттен пайда болатын, мойынына тарайтын және тыныс алғанда күшейетін ауру сезіміне шағынады. Ауру сезімі кеше кешке пайда болып, бір-бірте тұрақты түрде ұлғайып,таңда қатты мазалайды. Бір жеті бұрын тұмаумен ауырған. Жөтел жоқ..

Қандай дерт?

A. миокард инфарктысы

B. жедел трахеобронхит

C. жедел перикардит

D. остеохондроз

Е. Титце синдромы.

41. Амбулаторийге келген науқаста пульстің жетіспеуі бар. Науқаста ритмнің қандай бұзылысы бар?

A. синустық аритмия

B. Жүрекше үстілік экстрасистолия

C. Жыбыр аритмиясы

D. Суправентрикулярлы тахикардия

E. Толық атривентрикулярлы кедергі

42. ЭКГ-де синустық тахикардияның белгісі:

A. RR интервалының қысқаруы

B. PQ интервалының қысқаруы

C. Теріс мәнді Q тізшесі

D. QRSкомплексінің өзгермеуі

E. TP интервалының қысқаруы

43. Ритмнің қандай бұзылысында Морганьи-Эдемса-Стокс синдромы кездеседі?

A. Жүрекшелердің жыбыры мерцании предсердий

B. Синустық тахикардия

C. синусовой аритмии

D. толық атриовентрикулярлы кедергі

E. Қарынша үстілік тахикардия.

44. Қандай аритмиялар инфарктің диагнозын қиындатады?

A. WPW синдромы

B. Қарыншалық тахикардия

C. синустық аритмия

D. синустық тахикардия

E. Қарыншалық экстрасистолия

45. 25 ж., әйел кісі. Кеудесінің сол жағындағы қатты ауырсыну, тыныс алғанда, басымен, саусақтармен қозғалтқанда, кеуденің палпациясында ауру сезімі күшейеді. Ауру сезімі жұмыстағы қолайсыз жағдайдан соң 2 сағат кейін пайда болды.

Сіздің іс-әрекетіңіз?

A. ем тағайындау

B. невропатологқа жіберу

C. электрокардиограмма түсіру

D. емханаға салу

E. рентгенге жіберу.

46. 1 тонның соғып берілуі,митральды клапанның ашылуы мен пресистола шуы қандай ақауға тән:

A. Митральды шамасыздық

B. Митральды стеноз

C. Трикуспидальды стеноз

D. Аортальы шамасыздық

E. Аортальды стеноз

47. Оң жақ екiншi қабырға аралықтағы төстiң қырында дөрекi систолалық шу анықталады, осы жерде II-тонның жоғалуы көбiнесе келесi жағдайда кездеседi:

A. қолқа тарылуы

B. өкпе артериясының тарылуы

C. жүрекше аралық перденiң ақауы

D. қарынша аралық перденiң ақауы

E. митральдi жетiспеушiлiк

48. Оң жақтағы II қабырға аралығындағы систолалық “мысық пырылы” шуы кездеседi:

A. қолқалық клапан жетiспеушiлiгiнде

B. митральдi тарылуда

C. қолқа өзегiнiң тарылуында

D. митральдi жетiспеушiлiкте

E. қолқа коарктациясында

49. Қандай ақауға мына аускультация белгілері тән? Жүрек ұшындағы 1 тон әлсіреген,содан кейін бүкіл систолада естілетін, қолтық астында дыбысы азаятын систола шуы естіледі.

А.митральды қақпақшаның стенозы

В. митральды қақпақшаның шамасыздығы

С. Қолқа саңылауының стенозы

Д.өкпе артериясының саңылауының стенозы

Е.трикуспидальды қақпақшаның шамасыздығы

50. 29 жастағы науқас әйелді физикалық жүктемеден кейін ентікпе, жүрек тұсында,жауырын арасында ауырсыну қинайды.Анамнезінде ревматизмі бар.Сыртқы қарағанда: акроцианоз,жүрек шекаралары жоғары оңға ығысқан.1тон күшейген,жүрек ұшында диастол шуы,жыбыр аритмиясы. Контрасты өңеш кіші радиус доғасына ығысқан. ЭКГ: Р – mitrale, оң қарыншаның гипертрофиясы. Сіздің диагнозыңыз?

А. митральды қақпақшаның шамасыздығы

В. Қолқа саңылауының шамасыздығы

С. Митральды қақпақшаның пролапсы

Д.сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы

Е.қолқа саңылаудың стенозы

51.30 жастағы науқас әйел осыдан екі ай бұрын ревматикалық генезді митральды клапанның стенозына операция жасатқан.Қазіргі кезде шағымдары жоқ.Өкпе, жүрек, іш қуысы ағзаларын тексергенде өзгеріс жоқ.Стенозды болдырмау профилактикасы қандай?

A. маусымдық ацетилсалицил қышқылен ұсыну

B. тонзиллэктомия

C. маусымдық бициллин ұсыну

D. жыл бойы бициллинопрофилактика

E. клопидогрель

52. Урогенді реактивті артритті анықтау тәсілі:

A. хламидийді уретра жұғындысынан табу

B. Сарысуда несеп қышқылын анықтау

C. артроскопия

D. нәжісті бактериологиялық тексеру

E. буйрек УЗД

53. Реактивті артриттің емдеу үшін қолданылатын антибиотик:

A. ампициллин

B. цефамезин

C. тетрациклин

D. гентамицин

E. линкомицин

54. Оң тізе буынының біріншілік остеоартрозы бар науқас кенеттен қозғала алмады.Остеоартрозбен 15 жыл бойы ауырады. Жарақаттанулар жоқ. Буынның қозғалмай қалуы себебін анықта:

A. реактивный синовит

B. буынішлік сыну

C. «буындық буылтық»

D. нереактивті синовит

E. буыннан тыс сынық

55. 62 ж., әйел науқасты соңғы 2 жылда тізе буындарындағы, әсіресе оң жағы көбірек, жүргенде пайда болып баспалдақпен түскендн күшеетін ауру сезімі мазалайды. Қарауда оң тізесі ісіну салдарынан ұлғайған. Сол тіземен салыстыруда оның терісі жылылау. Тізе буынының R-графиясында екіжақтылық остеофитоз. Сіздің диагнозыңыз:

A. екіншілік синовиты бар остеоартроз

B. псориатикалық артрит

C. подагра

D. Рейтер дерті

E. Бехтерев ауруы.

56. Остеоартроздың рентгенологиялық көрінісіне жатады:

A. буын саңлауының тарылуы

B. буын беткейлерін таралған қанталауы (эрозиялары)

C. остеофитоз

D. остеопороз

E. остеосклероз.

57. Ревматикалық полиартритте тән:

A. буындар үйлесімінің тұрақты бұзылысы

B. буындар пішінінің өтпелі өзгерісі

C. орташа және ірі буындар дерттенуі

D. көшпелі ауру сезімі

E. СЕҚҚП қабылдауынан кейін ауру сезімнің басылуы.

58. 45 жастағы науқаста саусақтарда некротикалық өзгерістерге дейін асқынған Рейно синдромы, жұтыну бұзылуы, өкпе гипертензиясы, қол саусақтарының бүгілуінің қиындауы, қол басы терісінің тығыздалуы, фаланг лизистері салдарынан саусақтардың қысқаруы байқалады. Сіздің диагнозыңыз

A. Бюргер тромбангииті

B. жүйелі қызыл жегі

C. ревматоидты артрит

D. түйінді периартериит

E. жүйелі склеродермия

59. Қандай бүйрек ауруына ісіктер тән?

A. гломерулонефрит;

B. цистит;

C. пиелонефрит;

D. диабеттік нефропатия;

E. несеп қышқыл

60. 50 жастағы науқас бүкіл денесінің ісінуіне шағымданып жолықты. Осы аурудың басталуына 2 жыл бұрын 5 жыл ішінде оң сирақ аймағында жыланкөз болған. АҚҚ жоғары емес. Қан анализінде гемоглобин 45 г/л, зәр анализінде – салыстырмалы тығыздығы 1015, ақуыз 10 г/л, зәр тұнбасында көп мөлшерде гиалинді және түінді цилиндрлер. Мочевина, креатинин қалыпты. Зимницкий бойынша сынамасында өзгерістер жоқ. Болжам диагноз:

A. бүйректің екіншілік амилоидозі

B. созылмалы гломерулонефрит

C. созылмалы пиелонефрит

D. жіті пиелонефрит

E. бүйректің біріншілік амилоидозі

61. 48 жастағы науқаста анықталған АГ себебі бойынша тексеру кезінде зәр анализінде ақуыз 1,2 г/л, эритроциттер көру аймағында 10-15, салыстырмалы тығыздығы 1012 анықталды. Бүйректің УДЗ-де бүйрек патологиясы анықталмады. Қандағы мочевина және креатинин қалыпты. Анамнезде – ерекшеліктер жоқ. Болжам диагноз:

A. созылмалы гломерулонефрит

B. гипертониялық ауруы

C. созылмалы пиелонефрит

D. подагралық нефропатия

E. бүйректің екіншілік амилоидозі

62. Науқасқа 40 жас, бастың ауыруы, тері қышуы, құсу, сұйық нәжіске шағымданады. Анамнезден: бүйрек ауруы бар. Объективті: терісінде қасыну іздері, терісі құрғақ. Жүрегінде перикард үйкеліс шуы естіледі. Куссмауль тынысы. Бұл жағдайда бүйрек жетіспеушіліктің... сатысы.

A. терминалды II А

B. терминалды II Б

C. компенсирленген

D. терминалды III

E. интермиттирлеуші

63. Науқастағы тұрақты лейкоцитурия, зәрдің қышқыл реакциясы және УДЗ-де бүйрек астауының деформациясы... тән.

A. бүйрек туберкулезіне

B. подагралық нефропатияға

C. туа біткен аномалиясына

D. созылмалы пиелонефритке

E. бүйректің қатерлі ісігіне

64. Науқаста жүрек аймағына иррадиацияланатын төстің семсер тәрізді өсіндісінің тұсында орналасқан тамақтан кейін пайда болатын және тамақтан 30 минуттан кейін, физикалық жүктемеден кейін және еңкейгенде күшейетін, алмагелден кейін толық басылмайтын ауырсыну және де ауамен кекіру, демікпе ұстамасы, жөтел байқалады. Бариймен рентгенологиялық тексергенде – контрастты заттың асқазаннан өңешке рефлюксі. Осының барлығы... туралы күдіктендіреді.

A. рефлюкс-эзофагит

B. өңештің катерлі ісігі

C. кардия ахалазиясы

D. бронх демікпесі

E. созылмалы гастрит

65. Асқазанда орналасқан созылмалы ойық жара ауруымен науқас әлсіздік, жүрек айну, тәбеттің жойылуы, эпигастрий аймағында үнемі ауырсыну, жүдеуге шағымданып жолықты. Осы жағдайда ойық жара ауруының... асқынуы туралы ойлауға болады.

A. ойық жараның малигнизациясы

B. асқазан қақпасының тарылуы

C. ойық жараның пенетрациясы

D. ойық жарадан микроқан кетулер

E. ойық жараның перфорациясы

66. 44 жастағы науқастың анамнезінде апта бойы алкоголь қабылдағандығы анаықталды. 12 сағаттан кейін соңғы қабылдаудан кейін – жүрек айну, жеңілдік бермейтін көп мәрте болған қусу, эпигастрийде дискомфорт, әлсіздік пайда болды. Қараған кезде – жағдайы ауыр, есеңгіреу, аузынан алкогольдің иісі, бозару. АҚҚ 60/20 мм.с.б., ЖЖЖ 60 рет мин. Ішті сипағанда ауырсыну, бұлшық еттің қорғануы жоқ, құрсақтың тітіркену симптомдары жоқ. Нәжісі бір рет, қалыпты. Болжам диагноз:

а) панкреонекроз

б) экзотоксикалық шок

в) миокард инфарктісінің абдоминалды түрі

г) тағамдық токсикоинфекция

д) алкоголь суррогаттарымен улану

67. Дисфагиясы бар науқасты тексеруде рефлюкс – эзофагит анықталды. Сіздің іс-әрекетіңіз:

A. стационарға жатқызу

B. 6 күнге еңбекке жарамсыздық қағаз беріп амбулаториялық ем жүргізу

C. гастроэнтеролог кеңесі

D. МӘСК жіберу

E. жұмыс кезінде амбулаториялық ем

68. Созылмалы гастриттің диагностикасында негізгі деп саналады:

A. клиникалық белгілер;

B. асқазан сөлін зерттеуі;

C. ФЭГДС;

D. ФЭГДС биопсиясымен;

E. рентгенологиялық зерттеуі;

69. Жоғарғы дисфагия дамуының болжама себептерін атаңыз:

A. психогендік дисфагия,

B. қабырға дерттері

C. Квинке ісігі

D. өт қабы дерттері

E. жедел ларингит

70.Манометрия әдісімен өңештің жоғарғы және төменгі сфинктерлерінің қысымын өлшеуге болады. Бұл әдістің мына жағдайларда мәліметтілігі жоғары:

A. Баррет өңеші

B. ГЭРА

C. Ревматизм

D. таралған эзофагоспазм

E. өңеш дивертикулы

71. Науқас 15 жылдан бері созылмалы панкреатитпен зардап шегеді. Осы жағдайда асқазан асты безінің кальцинозының анықтауында... ең қарапайым әдіс.

а) лапаротомия

б) лапароскопия

в) ирригоскопия

г) холангиография

д) рентгенографиясы

72. 48 жастағы тыныс демікпесімен ауыратын науқас әйелде ГЭР аурудың көрнісі бар. Қандай дәрілерді ұсыну қажет?

A. домперидон, метоклопрамид

B. папаверин, но-шпа, баралгин

C. фенотерол, сальбутамол

D. теофиллин, нитраты

E. омепразол, лансопразол

73. Ойық жара тәрізді диспепсияның жетекші белгісі.

A. жүрек айну

B. құсу

C. ауырсыну

D. іште ауыр сезім

E. қыжылдау

74. ГЭРА асқынуылары:

A. Пептикалық жаралар

B. Тыныс демікпесі, өкпе ателектазы

C. стеноз, өңеш стриктурасы

D. ларингит, фарингит, отит

E. Баррета өңеші

75. Асқазанның жоғары бөлігінің ойық жарасында.ауырсыну. пайда болуы

тән.

A. тамақ қабылдағаннан кейін 30 минуттан

B. төс артында ауырсыну

C. тамақ қабылдағаннан кейінгі сәтте эпигастрийде ауырсыну

D. тамаққа байланыссыз ауырсыну

E. оң қабырға доға астында ауырсыну

76. 20 жыл бойы созылмалы гастрит В типті, асқазанның секреторлы қызметінің күрт төмендеуі диагнозымен дәрігер бақылауында тұрған 56 жастағы науқасқа қай маманның кеңесі міндетті түрде қажет?

A. герантолог

B. онколог

C. хирург

D. гематолог

E. окулист

77.Созылмалы гепатит бауыр циррозынан айырмашылығы:

A. холестаз синдромы табылуы;

B. цитолиз синдромы табылуы;

C. портокавальды анастомоз табылуы;

D. холемия синдромы табылуы;

E. паренхиматозды сарғаюы бабылуы;

78. 1-шілік бауыр рагін бауыр циррозынан айырмашылық белгісі:

A. сарғаюы;

B. төмпешікті бауыр;

C. аминотрансфераздың;

D. а-фетопротеин көбеюі;

E. билирубин көбеюі;

79. Науқаста ішімдіктен кейін қайта-қайта құсу қызыл қанмен болғанда мүмкін диагноз:

A. өнештен варикоздыкеңеюмен қан кету;

B. Меллори – Вейса синдромы;

C. жедел панкреатит;

D. асқазан жара ауру;

E. Крон ауру;

80. Егде жаста сарғаюдың жиі себебі... болып табылады.

а) панкреато– дуоденальды аймақтың ісігі

б) өт жолдарының дискинезиясы

в) созылмалы белсенді гепатит

г) описторхоз

д) бауыр циррозы

81. Ұйқы безінің сыртқы секрециясының бұзылуы белгісі:

A. тері жамылғысының құрғауы;

B. гипергликемия;

C. стеаторея, креаторея, арықтау;

D. алдыңғы ішқұыс қабырға веналарының ұлғаюы;

E. бүйрек-бауыр жетіспеушілігі;

82. Ұйқы безінің ішкі секреторлық функциясының зертханалық зерттеу әдісін көрсетініз?

A. қанның глюкозасы;

B. қанның секретині;

C. қанның пакреозимині;

D. қанның адреналині;

E. қанның амилазасы;

83. Науқас К., 40-жаста, жанұялық дәрiгер: ұлтабар буылтығының алғаш анықталған жарасы-диагнозын қойды. Қандай тексеру әдiсi нақты болып табылады:

A. жалпы қан анализi

B. асқазан сөлiнiң анализi

C. дуоденальдi зондтау

D. нәжiстi жасырын қанға тексеру

E. ФГДС-пен биопсия

84. Созылмалы гастриттiң жоғарлаған секрециясының өршуi кезiнде қолдануға көрсеткiш болып табылады:

A. Секрецияға қарсы дәрілер

B. ферменттер

C. спазмолитиктер

D. тұзды қышқылдар

E. метилурацил

85. Науқастарға диспансерлiк бақылау жүргiзу барысында созылмалы гастриттiң секреторлы функциясында асқазан сөлiн зерттеу жүргiзiледi:

A. жыл сайын

B. жылына екi рет

C. жылына бiр рет

D. бес жылда бiр рет

E. үш жылда бiр рет

86. Созылмалы вирустік гепатитте вирусқа &




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
ГЛАВА 16 АДРИАН | Русская музыкальная культура 60-70-х годов Х1Х века.

Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1604. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.016 сек.) русская версия | украинская версия