Студопедия — Ауруды қоздырғыштардан тұқымды және тамырды зақымдануын анықтау әдістері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ауруды қоздырғыштардан тұқымды және тамырды зақымдануын анықтау әдістері






Кешенді патогендерден тұқымдардың зақымдануы. Отырғызылатын тұқымдардың фитопатологиялық сапасын талдауды анықтау кезінде қатты (тастардың) және жабындысы бар қалпақшалардың споралануын центрафугтық және микроскоптық әдістермен зертханалық жағдайда жүргізу қажет. Тұқымдардың септориозомбен және гельминтоспориозбен зақымдануы 10-15 күн ішінде қағаз орамаларда өсіру арқылы анықталады.

Тұқымдарды сыртқы бақылауды бірдей уақытта себілетін материалдың жиілігін сараптау арқылы жүргізеді. Мұндайда тұқымдағы қалпақшалы қапшалардың және споралар қауызының қоспасын дәнде болуын анықтайды. Дәндік мәдениеттегі тұқымдардың қара ұрығы, фузариоз, кладоспориозбен және т.б. зақымдануы соңғы үлгідегі белгіленген сынамада анықаталады. Дәнді жұқа қабат етіп шыны бетіне сеуіп, оны сызғышпен 4 үшбұрышқа бөлшектейді. Әрбір түрінен 100 дән таңдап алып, көзбен шалу арқылы бидай және сұлы тұқымдарының қара ұрықпен немесе А.Г.Тропова шкаласы бойынша қабықтарының қараю дәрежесін анықтайды:

0 балл - сау дәндер, саңырауқұлақтар мицелиі жоқ;

0,5 балл – ұрықтың боялу іздері;

1 балл – ұрықтың және қоршаған қабықтың қошқыл-қоңыр боялуы;

2 балл –қошқыл-қоңыр боялуы дәнді жартылай бөлігін алып жатуы;

3 балл – қошқыл-қоңыр боялуы дәнді жартысынан астам бөлігін алып жатуы;

Дәнді дақылдардың тұқымдарының альтернариоз және гельминтоспориозбен зақымдалу дәрежесі негізінен дән толысу кезеңіндегі ауа ылғалдылығына байланысты. Осыған көрсеткіштерге арасында қанағаттанарлық байланыс (Г =0,40-0,46), регрессия теңестірілуі бар:

У = 0,25Х + 8,0,

Мұнда: Х- дәнді суару кезеңіндегі (%) қатысты ауаның ылғалдылығы.

Тұқымның меланозбен зақымдалуын анықтау үшін, қоспалардан тазартылған тұқымдарды шыны бетіне себеді. Үш бұрыштың әрбір жерінен 5 гр тұқымды алады және 100 тұқым салмағын анықтайды. Қол арқылы қауызынан ажыратып, оны таразыдан өлшейді. Ақ бете ядроның меланозбен зақымданғанын таңдап алады, оларды ауруының анықталу дәрежесіне байланысты, келесідей шкаласы бойынша топтайды:

0 - сау;

0,5 баллов – үлкен емес ашық-қоңыр нүктелер немесе ядро бетіндегі 1/5 ақшылттау дақтар;

1 балл – қошқыл-қоңыр немесе қошқыл ақшылттау жиегі

2 балл – қошқыл-қоңыр немесе ақшыл-қоңыр дақтары 1/3 ядроның бетін алып жатады;

3 балла – қошқыл-қоңыр, қара дақ секілді, ядроның жартылай бетін алып жатады;

4 балла – ядроның барлығы қара, бетінде толығымен дақтар.

Тары ядросының меланозбен зақымдалуы гидротермиялық коэффициенттің ұрықтың қалыптасу кезеңіне байланысты, солтүстік және шығыс аймақтарында шілде және тамыз айларының соңында байқалады. ГТК 0,5-0,6 мәніндегі ұрықтың аурумен зақымдалуы 0,5-1,5%, 0,75-1 және астам 3-5% болмайды, ал 0,2-0,4 кезінде ауру анықталмайды.

Жуу және центрифуга салу әдістері. Мұндай әдіспен қалпақшалардың сыртқы телиоспоралармен ұрықтардың споралануын, сонымен қатар гельминтоспориум, фузариум, альтернариум және септория анықтайды. Осы мақсатпен ортаңғы үлгіден 2 сынама 100 дәннен алады, оларды таза түтіктерге орналастырып, 10 мл су құяды және беті тегіс ұрықтарды 5 минут көлемінде, ал беті кедір-бұдырлы дәндерде – 10 минут шайқайды. Кейіннен таза арнайы түтіктерге құяды және 5 минут көлемінде центрафугтан минутына 1000-1500 айналыммен айналдырады. Суын төгіп, тұнбаларды езеді, оның тамшысын заттық шыныға тамғызып, микроскоппен карайды. Микроскопта көрсетілген 10 өріс мәліметтерін қосып, микроскоптың бір көрсетілген өрістің әрбір сынамадағы споралар санын анықтайды. Қақпақшалардың және өзгеде саңырауқұлақтағы споралардың орташа саны төменгі формула бойынша:

ондағы: X -1 дәнге споралар саны;

А – микроскоптың 1 ой өрістің споралардағы орташа саны;

К – тұрақты коэффициент – 0,5 мл санына тамшы жабылған шыны бетіне орналастырылатын микроскоп өрісі санының туындысы. Микроскоптың ой-өрісінің аумағын формула бойынша анықтайды: S = πR2, ондағы: π – тұрақты сан, 3,14 тең;

R - сәйкес ұлғайту кезінде микроскоптың өріс алаңындағы диаметр.

Ылғалды камералардың әдісі. Ауылшарушылық дақылдарының ұрықтарын саңырауқұлақта және бактериялардың инфекцияларымен зақымдалуын анықтауда ылғалды камераларды және нәрлі ортаға егу, сонымен қатар агар Чапека, картоп және еттіпептиялық және тағы баста әдістерін қолданады. Осы мақсатта оларды алдымен спиртте 2-3 мин немесе 0,5%-дық КМnO4 ерітіндіде 10-20 минут зазарсыздандырады, сүзілген қағазға немесе сіңімді асептика жағдайын сақтау арқылы агарға жайып, 3-5 тәулік 20-25°С температура термостатта ұстайды.

Дәндердің патогендермен зақымдалғандығын анықтау үшін қағазды орамаларда, ылғалды құмдарда 2-3 біржарнақты, жетіжарнақты және қазіргі –қосжарнақты өсімдік пайда болғанға дейін оларды өндіреді.

Қағаз орамаларының әдісі. Оралған қағаздарда ұрықтарды өндіру үшін, екі қабатты зарарсыздандырылған сүзгіден өткен 20х105 см қағазды алады. 6-7 см жоғарғы бетіндегі көшеттің үстінде, қарапайым қарындашпен сызықты сызып, қағазды зарарсыздандырылған сумен толық ылғалдандырады және ұрықтарды 2 см бір-бірінен қашықтықта тамырын төменге қарай орналастырады: сызық бойынша ірі тұқымдарды 50 дана және майда тұқымдыларды 100 дана етіп отырғызады (сурет 70-80).

Ұрықтардың бетінен сумен ылғалдандырылған үшінші қатармен 20 х105 см етіп орналастырып, кейін коррек немесе гофрирленген пергаменттік қағазды жауып, нығыздалмаған күйінде орайды. Ораманы шыны ыдысқа немесе кесілген пластикалық бөтелкеге салып, тең су мөлшерін құяды және арнайы ауыспалы жарықтандырғышы бар камераға немесе бөлме жағдайында (терезе алдына) 20-25°С температурасында 7-8 тәулікке орналастырады (Сурет 81). Ұрықтарды өсіру кезінде орамаларды зарарсыздандырылған сумен ылғалдандырып тұрған жөн. Ыдыста артық су болмағаны жөн, өйткені тұқымның айналасына сулы қабықшаның пайда болуы, оларды қалыпты өсу жағдайын нашарлатады. Орамаларды қарау және есептеуді 7-8 тәулікте, ал нақты тексеруді 15 тәулікте жүргізеді.

Мұндай әдіспен көкөністі, техникалық және өзгеде дақылдардың патогенді және сапрофитті ағзалармен зақымдалуын анықтауға болады (форма 63).

Көшеттердің және ұрықтардың көгеруімен зақымдалуын шкала бойынша анықтайды (сур. 82):

0 – сау өсінділер, қозықұйрықтардың мицелиясы жоқ;

1 балл – өсінділер қалыпты, тұқымдарында және өсінділерінде әлсіз саңыауқұлақ мицелиясы әлсіз;

2 балл – тұқымдарында тығыз саңырауқұлақ екпіні бар, өсінділер бойында жоқ, жіңішке сызықтар немесе майда дақтар түріндегі өсінділер қабығында әлсіз қараңғылату;

3 балл – өсінділердің майысуы, тегіс дақтар, беткі қабаты шіриді.

4 балл – өсу кезінде тұқымдар шіриді және өледі.

Топырақ шірімімен тамыр шірігінің қоздырғышының; зақымдалуын Ледингама және Чина әдісі бойынша анықтайды. Ол үшін диагоналы бойынша 8-10 нүктелерінде бірнеше топырақ сынама үлгісін алады, жалпы салмағы 1-2 кг. Осы сынамадан, 1 мм диаметрмен елегіш арқылы өткізілген, 10 г топырақты сиымдылығы 50 мм өлшегіш колбаға немесе цилиндрға салады, үстіне минералды май және 30 мл су құяды. Колба немесе цилиндрға резеңке кақпақ жауып, ротаторда горизанталды бағытқа бірқалыпты ырғақта 10-15 минут шайқайды. Тұнбаны 1-1,5 сағат тұндырғаннан кейін 10 қайталыммен 0,01 мм көлемінде эмульсия тамшысын бинокуляр немесе микроскоп 40-80Х шынысында қарайды. 1 гр топырақтағы конидий санымен анықтайды (Кесте 15).

Кесте 15–Ұрықтардың дәнді дақылдардың және тамыр қоздырғыштарын ауруларының ақпараттанғандығының критикалық параметрлері

Дақыл Ауру Мониторинг объектісі Талдау әдістемесі Шекті зақымдалу
Бидай, қарабидай, тритикале     Қатты қаракүйе Телиоспора ұрықтары ЦМ 100-500 дана
Тозаңды қаракүйе Мицелий ұрықтары ГМС 0,5-1,0%
Қатты, ергежейлі және тозаңды қаракүйе Егістегі масақтардың зақымдалуы ЕА, БС 0.1-0,5%
Гельминтоспориоз ұрықтары ЫК, ҚР 5-10%
Фузариоз ұрықтары ЫК, ҚР 5-10%
Септориоз ұрықтары ҚР 5-10%
Арпа   Тасты қаракүйе Телиоспора ұрықтары ЦМ 75-100 дана
Жасанды-тозаңды қаракүйе Телиоспора ұрықтары ЦМ то же
Тозаңды қаракүйе Мицелий ұрықтары ГМС 0,5-1,0%
Қаракүйенің барлық түрлері Егістегі масақтардың зақымдалуы ЕА, БС до 1%
Гельминтоспориоз Ұрықтар ҚР 5-10%
Тары     Жабық қаракүйе Телиоспора ұрықтары ЦМ 50-100дана./дән
Тұқым меланозы Ұрықтар    
Сұлы Жабық және тозаңды қаракүйе Телиоспора ұрықтары –өрістегі сыпырғыштардың зақымдануы ЦМ 75-100 дана./дән
Жүгері Тозаңды және күбіршікті қаракүйе Ұрық және тамыр ЕА, БС  
Барлық дақылдар Шырмауық Ұрықтар ЫК 5-10%

 

Шартты белгілер: ЦМ - дәннен центрафугалық жуылу және микрокөшіру; ГМС - гистоликалық және микроскопиялық сараптама; ЕА - егістіктердің апробациясы; БС - бейнелі сараптау; ЫК – ылғалды камера; ҚР - Қағазды рулондар.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1123. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия