Студопедия — АЛҒЫСӨЗ.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АЛҒЫСӨЗ.

АЛҒЫСӨЗ

Алуан түрлі зиянкестер, аурулар және арамшөптер әр түрлі қолайлы тіршілік ортасына бейімделіп, ауыл шаруашылығына орасан зор шығын келтіреді. Біріккен Ұлттар Ұйымына қарасты ФАО мәліметтеріне сүйенсек, ауылшаруашылық дақылдары өнімдеріне зиянды ағзалардан келетін жыл сайынғы әлемдік шығын мөлшері 35%. Тікелей шығынмен қатар өнімнің сапасы төмендейді.

Қазақстанда ауылшаруашылық дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі. Бұл өсімдіктерді шамамен 50 түрлі көпқоректілер және 100-ден жоғары мамандандырылған зиянкестер, 70-тен арта түрлі аурулар зақымдап, 120-ға жуық арамшөптің түрлерімен ластанады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы №1295 жарлығы негізінде «Карантиндік нысандар және ерекше қауіпті зиянды организмдер» тізімдемесін бекіту (23.11. 2005ж. өзгертулерімен және толықтыруларымен), ауылшаруашылығына үлкен аумақтарда қомақты шығын келтірсе немесе карантиндік маңызы бар болған жағдайда ерекше қауіпті түрлеріне қарсы қорғау шаралары мемлекеттік бюджеттен жүргізіледі. «Ауылшаруашылық өсімдіктерінің ерекше қауіпті зиянкестері мен аурулары тізімдемесі» қатарына шегірткелер (азиялық, марокколық шегіртке, прус), сарышұнақтар, тышқан тектес кеміргіштер, астықтың сұр көбелегі, бақашық қандала, гессен шыбыны, астық қоңызы, өрмекші кене, мақта көбелегі, картоптың колорадо қоңызы, астық дақылдарының тат және септориозы енеді.

Өсімдіктерді қорғауды рационалды ұйымдастырудың басты негізі - зиянкестердің, арамшөптердің зақымдауын және таралу санын есепке алу, аурулардың даму деңгейіне, шығуына алдын-ала болжамдар жасап, өңдеу іс-шараларының мерзімінде жүргізілуіне ескертпелер беру.

Болжамдар – зиянды нысандардың таралуы мен дамуындағы ауытқу өзгерістерін алдын – ала болжауды ғана емес, сонымен қатар олардың залалын азайтуға бағытталған шараларды анықтауды көздейді. Өсімдік қорғау іс-шараларын жүргізуде зиянды ағзаларға қарсы тиянақты, жоғары дәрежеде жасалған болжамдар пестицидтердің шығынын 25-30% үнемдеп, қоршаған ортаның ластануын төмендетеді.

Негізделген болжамдарды жасау үшін белгілі бір аймақ бойынша агроклиматтық, агротехникалық, фенологиялық даму динамикасын сипаттайтын толық мәлімет қажет. Өсімдік қорғау іс-шараларының пәрменділігі – мерзімінде толық түскен деректерге байланысты. Зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің таралуы мен зияндылығын, олардың түр құрамдарын, зақымдайтын және залалдайтын дақылдардың жағдайын, экологиялық ортаның өзгергіштігі мен қорғау іс-шараларының пәрменділігін сипаттайтын көрсеткіштерін шаруашылық аумақтарда, аудандарда нақты білу қажет.

Зиянды ағзалардың фитосанитарлық диагностикасы (анықтау) және болжамдар қызметіне танаптарды тексеру, екпе ағаштарды және ауылшаруашылық жерлерінде зиянкестердің, аурулардың және арамшөптердің түр құрамын анықтау, зиянды нысандардың және егістіктердің (екпе ағаштар) жағдайын бағалау, олардың нақты агроценозда өзара байланысын талдау арқылы фитосанитарлық жағдай жайында сенімді хабарламалар алынады.

Фитосанитарлық диагностикасы (анықтау) және болжамдар қызметінің мамандары және өсімдік қорғау саласының басқа да қызметкерлері зиянды және ерекше қауіпті ағзалардың таралуын, санын есепке алу және олардың залалын анықтау кезінде заманауи әдістеме бақылауларды игеріп, зиянкестердің, аурулардың дамуын және арамшөптердің санын есептеу арқылы таралуына болжамдар жасау әдістемелік нұсқаудың нақты мақсаты.

Алғаш рет берілген сұрақтармен 2003 жылы «Методические указания по учету и выявлению особо опасных вредителей и болезней сельскохозяйственных угодий» басылымы, 2004 жылы «Методические указания по мониторингу численности вредителей, сорных растений и развития болезней сельскохозяйственных культур» басылымы орыс тілінде шықты. Осы кезеңдерде зиянкестердің түр құрамында біршама өзгерістер болды. Мына әдістемелік нұсқауға жоғарыда көрсетілген ерекше қауіпті зиянды ағзалар қосымша толықтырылған. Зиянды ағзалардың бірнеше түрлерінің биоэкологиялық ерешеліктері нақтыланып, иллюстрациялармен қоса кітаптың құрылымына толықтырулар мен өзгертулер еңгізілді.

Қара күйе аурулары және қастауыш (спорынья)




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Жеміс-жидек және жүзім дақылдарының ауруларының таралуы мен дамуына әдістемелік есептеу. | 

Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 776. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.052 сек.) русская версия | украинская версия