Студопедия — Дәрістің қысқаша мазмұны. 1218-1219 жж. Монғолдар Енисей қырғыздарын, Оңтүстік Сібірдің өзге халықтары және Шығыс
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәрістің қысқаша мазмұны. 1218-1219 жж. Монғолдар Енисей қырғыздарын, Оңтүстік Сібірдің өзге халықтары және Шығыс






1218-1219 жж. Монғолдар Енисей қырғыздарын, Оңтүстік Сібірдің өзге халықтары және Шығыс Түркістанды өзіне бағындырып, Солтүстік Қытайды басып алды.

Монғолдардың Қазақстанға басып кіруіне “Отырар опаты” сылтау болды. Шыңғыс хан мен Хорезм шахы арасында байланысты қалпына келтіру мақсатында өзара елшілік алмастыру басталды. 1218 ж. жазда Отырарға монғолдардан сауда керуені келді. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестерді тыңшыларға балап оларды өлтіруге бұйрық берді және керуен тоналды.

1219 ж. қыркүйегінде 120-150 мың адам мөлшеріндегі монғолдар Ертіс жағалауынан бастап Қазақстанға басып кірді, олар Жетісу арқылы Сырдарияға бағыт алды. 1219-1224 жж. Монғолдардың шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан Шыңғыс хан империясы құрамына енді. Монғолдар Отырар, Сығанақ, Ашынас қалаларын қиратып, жойды. 1224 ж. күзінде Шыңғыс хан Монғолияға оралып, 1227 ж. қайтыс болды.

Бақылау сұрақтары

Алтын Орданың құрамындағы және оның құлауы кезіндегі Қазақстан.

Ортағасырлық Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттері.

Темірдің Ақ Орда мен Моғолстанға жорықтары.

Әбілқайыр хандығы мен Ноғай ордасының пайда болуы және этносаяси тарихы.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):

СӨЖ 4. Монғол дәуіріндегі Қазақстан. XIV –XV ғғ. феодалдық мемлекеттер

«Монғол шапқыншылығы - ның зардаптары» туралы хабарлама дайындап қорғаңыз

 

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы

Қазақстан монғол жаулап алуы кезеңінде (XIII ғ. басы- XV ғ.ғ.)

1.Керей, Найман тайпаларының тарихы бойынша жазбаша эссе дайындаңыз

2.Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі Қазақстан территориясында пайда болған мемлекеттерді сипаттайтын кесте жасап толтырыңыз

3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз

[1,2нег.6,4,11 қосымш.]

Глоссарий

Қазақша Орысша Ағылшынша
«Жасақ» - монғол империясының негізгі заңы «Яса» «Iasa»
Хан - мемлекеттің билеушісі Хан Khan
Цитадель - камал Цитадель Citadel
Шад - жоғары лауазым Шад Shad
«Шыңғыснама» - мемлекет билеушілерінің шежіресі «Шынгыснаме» -- «Shyhgysname»
Десятина – жердің өлшемі десятина tithe
Тілмаш – халықтың назарын өзіне қарата алатын,әдеби нормаға сай сөйлейтін адам переводчик translator

Зін-өзі тексеру


Моңғол армиясы Қытай жеріне басып кірді

А)1211-1215жж

В)1215-1216жж

С)1207-1209жж

Д)1209-1210жж

Е)1211-1213жж

Моңғолдар Баласағұнды қарсыласпай берілгені үшін, қойған атауы

А)Жасақ

В)Гуньмо

С)Гобалық

Д)Жошы

Е)Жасақ

Моңғолдар Жетісу жеріне енді

А)1209ж

В)1212ж

С)1208ж

Д)1218ж

Е)1210ж

Алтын Орданың астанасы

А)Сарай-Бату

В)Сарайшық

С)Алмалық

Д)Сайрам

Е)Балықты

Алтын Орданың негізін қалаған

А)Берке хан

В)Мүбәрәк хан

С)Шейх Ахмед

Д)Шайбани

Е)Батый


5 – АҮМ Қазақ хандығының құрылуы
Қазақстан тарихы 5-дәрістің тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы 3 кредит барлық мамандықтарының студенттеріне арналған ас. проф.   1,2 семестр 2013-2014 оқу жылы Сулейменова Қымбат Касымовна

 

Дәрістің қысқаша мазмұны

1456-1457 жж. Әбілқайыр Сығанақ түбінде ойраттардан үлкен жеңіліске ұшырады. Ойраттар Түркістан және Ташкент қалаларын тонады. Кетер алдында Өзтемір Тайшы Әбілқайырмен ол үшін масқара болған келісім жасады. Мұның өзі Жәнібек пен Керей сұлтандар басқарған тайпалардың бір бөлігінің Моғолстан жеріне көшіп кетуге әкелді.

. Соның нәтижесінде Жәнібек пен Керей бұл жерде өздерінің жақтастары – 200 мың көшпендіні шоғырландырды.Ол ерте және ортағасырлардағы этносаяси процестермен тығыз байланысты болды. Жәнібек пен Керей бастап Өзбек ұлысынан көшкен тұрғындардың бір бөлігі өздерін “өзбек-қазақ”, ал кейіннен “қазақтар” деп атады. Жәнібек пен Керейдің дербес хандығын құру кезеңінде қазақ атауы жалпы мәнге ие болды. “Қазақ” терминінің этимологиясы өзінің түп-тамырымен түркі дәстүрлерінен бастау алып, белгілі шығыстанушы-ғалымдардың пікірінше еркін, азат, тәуелсіз адам дегенді білдіреді.

Бақылау сұрақтары

1. Қазақ халқының құрылуының тарихи алғы шарттары. Қазақ халқының этникалық құрамы.

2. Қазақ хандығының құрылуы – ХІV-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының заңды нәтижесі.

3. Қазақ мемлекетінің алғашқы билеушілер тұсында нығаюы. Мұрындық (Бұрындық) (1480-1511) және Қасым хан (1511-1523).

4. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. Жүздер және олардың жер аумағы.

Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ):

Азақ халқының қалыптасу үрдісі

«Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының ірге тасын қалаушылар» - саяси сипаттама дайындап қорғаңыз

Студенттердің оқытушымен өзіндік

Азақ хандығының құрылуы

1.Қазақ жүздеріне арналған кесте дайындаңыз

2.Қазақ этнонимі туралы эссе дайындаңыз

3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз

[1,2нег.6,4,11 қосымш.]







Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 1302. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Примеры задач для самостоятельного решения. 1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P   1.Спрос и предложение на обеды в студенческой столовой описываются уравнениями: QD = 2400 – 100P; QS = 1000 + 250P...

Дизартрии у детей Выделение клинических форм дизартрии у детей является в большой степени условным, так как у них крайне редко бывают локальные поражения мозга, с которыми связаны четко определенные синдромы двигательных нарушений...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия