Студопедия — КАЗАҚ БАС СӘЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

КАЗАҚ БАС СӘЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ






Пән: Экономикалық теория негіздері  
2 кредит  
Тәжірибе № 10 Ұлттық экономика жүйе ретінде Макроэкономикалық тұрақтылық.      

1. Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы.

Ұлттық экономика жұмысы БҰҰ-ның ұсынған агрегаттары арқылы жинақталған жұмыстарының нәтижесінде іске асып отыр. 1988 жылы Ресейде халықаралық есептеу жүйесіне көшті. Негізгі және жалпылама ұлт байлық болады.

Жалпы ұлттық байлық дегеніміз – қоғамның барлық тарихында жинақталған барлық тұтыну құнының жиынтығы. Бірінші рет ұлттық байлықты 1664 жылы Англияда У.Петти есептеді. 100 жылдан кейін бұны А.Смит қайталады. Ұлттық байлық мынаны қамтиды:

1) Мүлікті – негізгі және айналымды қорларды, үй мүліктерді.

2) Табиғат байлықтарды – жер, минералды және орман қорлары.

3) Заттай емес байлықты – ұлт, денсаулықтың потенциалдық, рухани байланысын, білім беру және ғылыми потенциалдар.

Бұны бірнеше анықтамалармен көрсетеді: жалпыұлттық өнім, ұлттық табыс, таза ұлттық өнім, ішкі өнім.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – бір жыл елімізде шығарылған барлық дайын товарлардың және көрсетілетін қзметтердің нарықтық құнының қосындысымен анықталады.

Ұлттық табыс – бір жыл ішінде жаңа құралған құнының өндірістік қорытындысы.

Ұлттық пайда – ЖҰҰ-нан және бір жыл ішінде оларды шығаруға кеткен материалдар шығынды алып тастаған (амортизациялау, шикізат, метериалдар және т.б.) айырмашылықтан тұрады. Шет мемлекеттердің есептеулерде оны барлық пайданың қосындысы деп анықтайды:

1) Жұмысшы қызметкерлердің еңбекақысы;

2) Жеке шаруашылықтың, серіктестіктің, корпорацияның

2. Инвестициялар және олардың қызметі атқару ролі.

Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макро-пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсиандық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.

Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу соларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.

Инвестиция қандай факторларға тәуелді? Олардың ең маңыздыларын атап өтейік. Біріншіден, инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабелділігіне тәуелді. Егер инвестордың пікірінше рентабелділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды. Екіншіден (мұның өзі бірінші жағдаймен байланысты) инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады және мұндағы шешуші фактор процент ставкасының деңгейі болады. Сонымен инвестиция процент ставкасының қызметі де, ал жинақ – табыстың қызметі. Үшіншіден, инвестиция сол елдегі немесе аймақтағы салық салудың деңгейі мен ахуалына тәуелді. Салық деңгейінің жоғары болуы инвестицияны ынталандырмайды, сонымен қатар салықтың қандай ставкасы жоғары немесе төмен деп үзілді-кесілді айтуға да болмайды.

Инвестициялардың, жинақ пен табыстың өзара әрекетін анықтаушы маңызды макроэкономикалық пропорцияларды былайша сипаттауға болады:

Ү=C+I яғни, ұлттық табыстың пайдаланылған бөлігін тұтыну (С) және жинақ (І) шығындарының сомасына тең. Мұнда тұтыну табыстың қызметін атқарады, яғни С = С (Ү).

Екінші жағынан, өндірілген ұлттық табысты былайша көрсетуге болады: Ү=C+S,мұндағы S -те (жинақ) табыс қызметін атқарады, олай болса S=S(V).

Сонымен егер C+I=C+S болса, онда I=S,инвестиция қызметі r:1=1(r) болады да, ал жинақ қызметі V:S=S(V) болады.

Қоғам көлеміндегі өзара байланысты тауарлар мен қызмет көрсету рыноктарының тепе-теңдігі, яғни жиынтық сұраныс пен ұсыныстың өзара теңдігі жинақ пен инвестицияның тепе-теңдігін сақтауды талап етеді. Инвестицияның процент қызметін, ал жинақтың табыс қызметін атқаруы тепе-теңдік мәселесін сақтауды өте қиындатады.

Инветицияның ұлғаюы ұлттық табыстың өсуі мен белгілі бір тиімділік арқылы жұмыспен толық қамтуды іс жүзіне асыруға ықпал етеді. Белгілі бір тиімділік деп отырғанымыз экономикалық теорияда – мультипликатор әсері деп аталады.

3. Мультипликатор түсінігі.

Мультипликатор – сөзбе-сөз аударғанда көбейткіш деген ұғымды білдіреді. Рыноктың шаруашылық жүйесіндегі мультипликатордың мәні мынада: инвестицияның ұлғаюы қоғамның ұлттық табысын алғашқы инвестиция өсімінің мөлшерінен артық мөлшерге көбейтеді. Басқаша айтқанда, суға тастаған тас қандай толқын шеңберін туғызса, экономикаға «тасталған» инвестиция да табыс және жұмыспен қамтудың өсуі сияқты тізбекті реакцияны туғызады. Әуелі инвестицияның ұлттық табыстың тұтынуына арналған бөлігінің өсуіне ықпалын қарастырайық. Осы арқылы сұраныс мультипликаторы зерттеледі.

Мультипликаторды мәліметтермен суреттеу үшін бір мысал келтірейік. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін мемлекет 1 млн. Доллар жұмсады деп ұйғаралық. егер қоғамдағы қалыптасқан МРС 0,7-ге тең десек, онда мультипликатор, яғни

ҰТ-ның өсімі қандай болмақ? Ол,

тең;.

Мультипликатордың теориялық концентрациясы инвестиция мен жинақтар арасында сәйкестікпен байланысты, тепе-теңдік мәселесін терең ұғынуға көмектеседі. S пен I сызықтарының тепе-теңдік болмауы экономиканың тиімділік қызметіне нұқсан келтіреді, инвестициялық және дефляциялық үзілістер пайда болады.

Инфляциялық және дефляциялық үзілістерді графикте былай көрсетуге болады. Алайда алдын ала жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арасындағы теңдікті түсіндіруге болады:

AS

АD

DP

E

 
 


450

 
 


AD - жиынтық сұраныс сызығы

O F1 N F2 AS - жиынтық ұсыныс сызығы







Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 603. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

ФАКТОРЫ, ВЛИЯЮЩИЕ НА ИЗНОС ДЕТАЛЕЙ, И МЕТОДЫ СНИЖЕНИИ СКОРОСТИ ИЗНАШИВАНИЯ Кроме названных причин разрушений и износов, знание которых можно использовать в системе технического обслуживания и ремонта машин для повышения их долговечности, немаловажное значение имеют знания о причинах разрушения деталей в результате старения...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия