Студопедия — Даму тарихы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Даму тарихы






 

Хирургиялық ауруларды емдеу қазақ жерінде ерте ғасырдан бері белгілі. Ұлы Аль-Фараби (870 б.з.- туан жері Фараб, кәзіргі Отырар) Аристотельдің «Органонң деп аталатын емдеу ісіне арналған ғылыми еңбегіне талдау жасады. Соқыр ішекке алғашқы операцияны Аль-Фарабидің жасағандығы туралы Әлкей Марғулан, Ақжан Машанов тарихи деректер келтіреді.

Ұлы Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мухаммед Фараби ерте орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бірі болып табылады. Ол көп жақты оқымысты – энциклопедист және шығыс рационализмін қалыптастырғандардың бірі болды. Осы себепті оған «Аристотелден кейінгі екінші ұстазң деген құрметті атақ берілген.

Фараби еңбектері Еуропаның қайта өрлеуінде, шығыс ғылымының өркендеуінде үлкен роль атқарды. Абу Али Ибн Сина, Ф. Бэкон, Л. Да Винчи, Н. Коперник, Кеплер, Лейбниц сияқты оқымыстылар өз жетістіктері үшін Фарабиге қарыздар. Әл - Фараби жайында ирандық ғалым аш – Шабиби былай деп жазған екен: «... Егер де әл-Фарабидің «Екінші кітабың болмаса, Ибн Синаның «Емдік кітабың жазылмаған болар еді. Сондықтан да Ибн Синаның жазып шыққан «Емдік кітабыныңң қысқаша көшірмесі болса және де 5 томнан тұратын жинақ болып шықса әл-Фарабидің негізгі еңбегі қандай болды десеңізші. Мүмін ол еңбек табыларң.

Әл-Фарабидің 250-ге тарта жазылған трактаттары болған деген тұжырым бар. Қазірше олардың 120-ға жуығының атаулары белгілі болса, ең сүбелі 40-қа жуығы әр елдің кітапханаларында сақтаулы. Бұл еңбектердің ішінде медицинаға шолу жасаған еңбектері мыналар: «Адамның дене мүшелері туралың, «Медициналық-философиялықң, «Мейірімді қала тұрғындарының көзқарастары туралың, «Музыкалық гармония туралың трактаты. Әл-Фарабидің медицина іліміндегі қолға тимей жүрген «Ішкі ауруларң, «Дәрілік емдерң атты трактаттары табылса медицина ғылымының бір тарихи қыры тағы да көрінер еді.

ХV ғасырда Өтейбойдақ Тлеуқабылұлы Жәнібек ханның бұйрығы бойынша «Шипагерлік баянң атты медициналық ғылыми кітабін жазды. Осы туындыда ол әртүрлі аурулар кезінде организмде болатын анатомиялық, физиологиялық өзгерістерді айта келе, дәрілік шөптерді қолдану тиімділігін дәлелдеп, емдеу тәсілдерін ұсынды. Ө. Тлеуқабылұлы қазақ жерінде халық медицинасы жоғары дәрежеде дамығандығы туралы мысалдар келтіреді.

Қазақстанда бала хирургиясының дамуы 1931 жылы Алматыда алғашқы медицина институтының ашылуымен тығыз байланысты. Осы институттың құрамында 1957 жылы бала хирургиясы кафедрасы ұйымдастырылып, оның бірінші меңгерушісі болып медицина ғылымының кандидаты доцент Е.Д. Черкасова бекітілді. Ал 1968 жылы Е.Д. Черкасованың зейнетке шығуына байланысты кафедра меңгеруші болып, профессор М.И. Брякиннің мектебінде тәрбие алған, оның үздік, дарынды шәкірті м.ғ.к., доцент Камал Саруарұлы Ормантаев тағайындалды.

Хирургияның үлкен, қиын салаларының бірі – бала хирургиясы екендігі даусыз. Қазақстан бала хирургиясы мектебінің ірге тасын ҰҒА академигі Камал Саруарұлы Ормантаев қалады. Педиатрия және бала хирургиясы Ғылыми орталығында көп жылдар бойы басшылық етті. К.С. Ормантаевтың дарынды шәкірттері Қазақстанның барлық жерінде жұмыс атқарып жүр. «Бала травматологиясың атты еңбегі (доцент Р.Ф. Марковпен бірге), 1979 жылы Аль-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықты алды және қазіргі таңда таптырмайтын ғылыми туынды болып саналады. К.С. Ормантаевтың басшылығымен 11 медицина ғылымдарының докторы, 110-тен астам медицина ғылымдарының кандидаты дайындалды. Кәзір С.А. Асфендияров атындағы Қазақ ҰМУ-ң бала хирургиясы кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері. «Парасатң орденімен марапатталған, екі мәрте (2000, 2003 ж.ж.) «Алтын адамң атағы берілді.

Қазақстанның бала хирургиясының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар, профессорлар Қ.Қ. Қожақанов, С.Н. Ешмұхамбеттегі, Б.С. Орманов, доценттер Т.М. Мырзабеков, Г.П. Понамарев, Р.Н. Элиас, хирург Б.К. Құрбанов арттарында көп ғылыми еңбектер, өшпес із қалдырды. «Балалар урологиясың атты С.Н. Ешмұхамбеттегінің қазақ тіліндегі оқулығы 1995 жылы Абу-Али Ибн Сина атындағы Мемлекеттік сыйлықты алды. Ал Қ.Қ. Қожақановтың Мемлекеттік тілде жазылған «Балаларда кездесетін хирургиялық іріңді ауруларң және «Балалардың шұғыл хирургиялық ауруларының басты белгілерін айқындау және емдеу жолдарың атты құнды еңбектері студенттерге көп көмек беруде. Б.С. Ормановтың «Жабысқақ ауруың атты оқу әдістемелік құралын дәрігерлер күнделікті тәжірибеде пайдалануда.

Бала анестезиологиясы мен реанимация саласында ҚР мемлекеттік сыйлықтың иегері профессор Т.А. Жұмабеков, урология саласында профессорлар Қ.А. Мажибаев, Б.М. Майлыбаев, А.С. Аюбаев, травматология саласында профессор ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері А.Е. Ерекешов, жедел хирургиялық аурулары бар балаларды емдеуде жаңа технологияларды қолданып, оны жетілдіруге профессорлар Б.К. Женалаев, А.А. Дуйсебаев, А.К. Ормантаев, В.И. Котлобовский, З.А. Ақанзарипов, А.Б. Марденов, А.А. Разумов, доценттер С.И. Садыкова, Е.Т. Ким, С.У. Өмешов, Р.У. Сабаншиева, К.Т. Турсынов, Г.П. Макеева, дәрігерлер Д.А. Айтбакин, А.Б. Құнанбаев, К.Н. Надировтар көп еңбек етуде. Зейнеткерлер Н.И. Лещинская, Я.А. Шумахер, Б.Б. Жумағулов, О.Я. Чичасова еліміздегі бала хирургиясының дамуына зор үлестерін қосты.

Хирургияның бір орында тұрмайтыны белгілі, осы ұлы ғалымдардың еңбек жолдарын жалғастыратын, Қазақстанның өркендеуіне үлес қосатын жас ғалымдар көп. Олар профессор «Дарын силығының иегерің, Н.М. Арын, медицина ғылымының докторлары Н.У. Ақпаров, Е.А. Аязбеков медицина ғылымдарының кандидаттары А. Ерекешов, Р. Қарабекова, Н.Б. Дүйсенов, А.Қ. Егізбаев, Б.А. Нағыманов, доцент А.З. Қусайыновтар.

Хирургияның ХХ – ғасырдың аяғындағы дамуын жаңа технологиялық кезең деп атауға болады, себебі қазіргі заманға сай техникамен жабдықтану мен мықты фармакологиялық әсерлермен хирургиядағы прогресс анықталады.

Қазіргі заман хирургиясының айқын жетістіктеріне жататындары:

- трансплантология – ағзаларды алмастыру (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек);

- кардиохирургия – жүректі тоқтатып, ондағы ақауларды жойып, содан кейін оны қайтадан іске қосу. Жүрек тоқтап тұрған уақытта оның орнына жасанды қан айналу және өкпе вентиляциясының аппараттары жұмыс істеп тұрады. Ағзаның жалпы жағдайын сезімтал мониторлар көрсетіп, реттейді, бұл кардиохирургтардың жұмысын жеңілдетеді және көмектеседі;

- қан тамыр хирургиясы және микрохирургия. Оптикалық техниканың дамуы мен арнайы микрохирургиялық құрал-сайманды көп қолдану, кездейсоқ апатты жағдайлардан кейін аяқтың немесе қолдың өзін немесе оның бір бөлігі ампутациясынан кейін, оның қызметін толығымен қайта орнына келтіруге болады. Реимплантация жасау, немесе терінің болмаса қандай да бір ағзаның бір бөлігін алып пластикалық материал ретінде қажетті аймақтағы артерия мен вена тамырларына қосады;

- эндовидеохирургия қажетті техниканы пайдалана отырып, видеокамераның бақылауымен операцияларды күрделі хирургиялық кесу жасамай-ақ өткізуге мүмкіндік береді (қуыстар мен ағзаларды іштен қарау арқылы тастар, полиптер, қан-тамырларындағы тромбтар, өт қапшығы, соқырішектің құрт тәрізді өсіндісі алып тасталынады).

Эндовидеохирургиялық араласудан кейін жарақаттану аз болады, жұмысқа жарамсыздық мерзімі азаяды.

Кешегі күні елес болып саналған жоғарыда айтылғандар қазіргі заман хирургиясының тек азғана көріністері ғана. Хирургия басқа ғылымдар сияқты, әрдайым жаңарып, жетілдіріліп отырылды, және ол енді ХХІ ғасырдың хирургиясы.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 1994. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия