Студопедия — Жалпы ережелер
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Жалпы ережелер






1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі және «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы заңдарына сәйкес әзірленді.
2. Осы стандарт қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанындағы үйде қызмет көрсету ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетудің шарттары мен тәртібінің көлемі мен талаптарын белгілейді, үйде қызмет көрсету ұйымының жұмыс істеу тәртібін, мыналарға:
1) психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға (бұдан әрі – балалар);
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);
3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);
4) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге (бұдан әрі – мүгедектер), егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, тоқтату шарттарын айқындайды.
Жоғарыда аталған санаттар бірлесіп қызмет алушылар болып аталады.
3. Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері, өзге де үйде қызмет көрсету жағдайында қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған ұйымдар үйде қызмет көрсету ұйымдары (бұдан әрі – үйде қызмет көрсету ұйымы) болып танылады.
4. Осы стандартты меншік нысанына қарамастан үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін барлық субъектілер сақтайды.
5. Үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер:
1) мыналардың:
жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде арнайы білім беру түзету ұйымдарының (мектеп интернаттардың) арнайы (көмекші) сыныптарында оқуға қиындық туғызатын жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін); есту, көру, сөйлеу қабілеттерінің анық білінетін бұзушылықтарымен, тырысқақтық ұстамамен, мінез-құлқындағы ауытқушылықтармен асқынуы;
ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің;
бас миының органикалық зақым алғаннан кейінгі жарыместігі салдарынан үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі балаларға;
2) өздігінен жүріп-тұруының және өзіне-өзі қызмет көрсетудің бірінші және екінші деңгейде шектелуіне әкелген тірек-қимыл аппараты айқын немесе едәуір (өрескел) бұзылған мүгедек балаларға.
Балаларға және ТҚА бұзылған балаларға үйде қызмет көрсетуге:
жеке адам дефектісі айқын білінбейтін өнімді симптоматикалы шизофренияның;
кез келген нозологиялық тиістілік шеңберіндегі психопатияға ұқсас симптоматиканың;
бала мен айналасындағылар үшін қауіпті, мінез-құлқы мен қызығушылығының өрескел бұзылуына ұштасатын психикалық аурулардың;
белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС;
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емделуді талап ететін басқа да аурулардың болуы үйде қызмет көрсетуге медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады;
3) мыналардың:
жеңіл және орташа дәрежедегі ақыл-ой кемістігінің, оның ішінде жүріп-тұру функцияларының өрескел бұзылуы (қозғалу қиындығына орай бөгде адамның көмегінсіз қозғалып жүре алмайтын, өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын, жеке күтімді қажет ететін);
ауыр және күрделі дәрежедегі ақыл-ес кемістігі;
жіті психотикалық симптоматика болмауымен, жарыместігі немесе психикалық кемістігінің өрескел көрінуімен сипатталатын психикалық аурулардың созылмалы түрлері;
жарыместік белгілері бар бас-ми жарақаттары;
жарыместік белгілері бар бас мидың жұқпалы және басқа да органикалық аурулары (энцефалиттер, туберкулезді менингиттер, менингоэнцефалиттер, ми сифилисі және бас мидың басқа да инфекциялық және органикалық аурулары);
айқын білінетін жарыместік белгілері бар тұрақты алкоголизм;
айқын білінетін психомоторлық мазасыздығы жоқ және есінің өзгеру жай-күйінің ұзақ немесе қайталанатын жарыместік белгілері бар қан-тамыр және сенильдік аурулар;
жарыместік белгілері мен айына төрт реттен артық емес тырыспа және эквиваленттері бар эпилепсияның түрлі нысандары салдарынан үйде қызмет көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан адамдарға;
Он сегіз жастан асқан адамдарға үйде қызмет көрсетуге:
белсенді процесс сатысындағы туберкулездің, карантиндік инфекциялардың, тері мен шаштың жұқпалы ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің;
мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емделуді талап ететін басқа да аурулардың;
жіті және қатты стадиядағы психикалық аурулардың;
созылмалы психикалық аурудың асқыну жағдайының;
айқын білінетін психотиялық симптоматикамен, қызығушылығы мен мінез-құлқының өрескел бұзылушылықтарымен сипатталатын, қамқорлық көрсетілетін адамның өзіне және айналасындағыларға қауіпті психикалық аурулардың, атап айтқанда мамандандырылған медициналық ұйымдарда стационарлық емдеуді талап ететін ұстамалы түрдегі немесе жиі өлшімелі немесе аурудың жиі декомпенсациялы қайталамасы бар прогредиендті өтетін кез келген психикалық аурулардың;
эпилепсия және басқа этиологиядағы жиі ұстамалы (айына бес реттен артық), жиі ұстамаға, эпилептикалық статусқа, ақыл-есі қарауытқан, дисфорияға бейім тырыспалы синдромның;
тұрақты алкоголизмнің, нашақорлықтың, тұрақты алкоголизмнен немесе нашақорлықтың кез келген түрлерінен асқынған басқа да психикалық аурулардың;
айқын білінетін түрлі генездегі депрессиялық және қияли жай-күйлердің, созылмалы реактивті жай-күйлердің;
айқын білінетін психопатқа ұқсас синдромдардың, эксплозивті, параноидті, паранояльдік, қояншық ауруларының болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады;
4) «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңының 131-бабы бойынша өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша (егде жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігінің, онкологиялық, психикалық ауруларының болуына, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына, елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне немесе басқа елді мекенде тұруына байланысты) оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектерге және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңының 9-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен, өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж қарттарға тәуліктің күндізгі уақытында әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған.
Мүгедектер мен қарттарға үйде қызмет көрсетуге:
ауру процесі белсенді сатыдағы туберкулездің;
психикалық аурулардың (соматикалық ауру кезіндегі невроздарды, неврозға ұқсас жай-күйлерді, ақыл-ес кемшіндігі мен жеке басының айқын білінетін өзгеруі жоқ, сирек ұстамасы бар (2-3 айда бір реттен артық емес) этиологиясы әртүрлі тырыспалы синдромдарды қоспағанда);
карантиндік инфекциялардың, жұқпалы тері мен шаш ауруларының, венерологиялық аурулардың, ЖИТС-тің, сондай-ақ мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажет ететін аурулардың болуы медициналық қарсы көрсеткіштер болып табылады.
6. Үйде қызмет көрсету ұйымы заңды тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, оны құрылтайшысы құрады және өз қызметін құрылтайшы құжаттарға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
7. Үйде қызмет көрсету ұйымдары:
1) балаларға және он сегіз жастан асқан адамдарға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтері/бөлімшелері;
2) мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету қызметтері/бөлімшелері;
3) балалар мен он сегіз жастан асқан адамдарды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдау қызметтері;
4) үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған өзге ұйымдар түрінде құрылады.







Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 520. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия