Студопедия — Негізгі белгілері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Негізгі белгілері






Бұл сырқаттармен науқастанған адамдар оң жақ қабырғасының асты ауыратынын, терісінің сарғайғанын, қышыну пайда болғанын, ішінің үлкейгенін айтып шағымданады. Науқастың оң жақ қабырғасының астының ауыруы бауыр мен өт жолдарының қабынуында кездесіп отыратын негізгі белгі. Ауырсыну көбінесе бірте – бірте сезіледі. Егер оң жақ бүйірдің ауырғаны ойда – жоқта басталса, ол өттегі тастың қозғалуы мен байланысты болуы. Ал ауру басқа жұқпалы аурудан кейін басталса – ол өт қабының қабынуына байланысты болуы мүмкін. Егер науқас ауырған жер деп өттің тұсын көрсетсе, онда ол өт қапшығының қабынуына, ал бүкіл оң қабырғаның төменгі жағы ауырса, ол бауырдың қабынуына байланысты болғаны.

Өт қапшығы қабынғанда немесе ішіндегі тас қозғалғанда оқтын –шаншып, түйреп ауырады. Ал, цирроз бен гепатит ауруларында бауыр тұсы, яғни, оң жақ қабырғаның асты сыздап тіреп тұрғандай болып төмен тартып, ауырланып тұрады, ал қатерлі ісікпен науқастанған адам ауруын бұдан да күштірек сезеді, бұл кезде бауырдың тұсы тынымсыз түйіліп ауырады. Бауырдың ауырсынуын тудыратын себеп: оның сыртындағы Глиссон қапшығының кеңейіп, созылуына және өттің не өт жолдарының қысылып, қабынуына байланысты болады. Дененің сарғаюы бауыр ауруларының көп түрлерінде дерлік кездеседі деуге болады. Соның ішінде сарғаю жедел де, өршіл басталатын түрінде болады. Өттің жүрмей қалуы бауырдың қатерлі ісігімен ауырғанда және өт жолдарының жіңішкеріп, қысылған уақытында кездеседі. Сонымен қатар дененің сарғаюы өтке байланысты бауыр қабынуы және циррозбен ауырған кезде де байқалады. Созылмалы гепатитте дененің сарғаюы мен бауырдың сыздап ауыруы бірдей байқалады.

Дененің сарғаюы әртүрлі себептерге байланысты. Жедел басталған гепатитте қанға өзгермеген, байланбаған билирубин түседі және ауырған бауыр өзгермеген билирубинді түгел аударып, сыртқа шығара алмайды, дененің сарғаюы сонымен байланысты. Өттің жүруі тоқтағанда өт іркіліп, оның қысымы көтеріледі. Сондықтан билирубин өт жолдарынан қанға қайта түседі де, адамның денесі сарғаяды. Ұзаққа созылған гепатит пен цирроз ауруларында дененің сарғаюы бауыр торшаларымен қабынған бауыр торшаларының өт жолдарының арасындағы қанның ұюы мен, іркілген билирубиннің қайта қанға түсуімен байланысты болады.

Бауыр және өт жолдарының ауруларында дененің қышуы жиі байқалады. Қышудың себебі: науқастың қанындағы өт қышқылдарының көбеюіне байланысты. Қышыну кейде денесі сарғаймаған науқастарда да байқалады. Бауыр циррозымен ауырған кезінде қан тамырлары бауырда пайда болған түйіршіктермен қосылып, бауырда дәнекер тіндер көбейіп, қан айналымы қиындап, қан тамырларының қабырғаларынан қанның сұйық бөлігі құрсақ қуысына жиналады да, іш үлкейіп, бауыр шемені пайда болады.

Бауырдың бұл ауруында асқазан мен ішектің де қызметтері нашарлайды: науқастың тамаққа тәбеті тартпайды, аузына ащы дәм келеді, іші кеуіп, үлкен дәреті бұзылады. Науқастың жүдеп, азып кетуі бауырдың қатерлі ісігінде және цирроз ауруларында байқалады. Ол зат алмасу дәрісінің бұзылуына байланысты. Адамның денесі бауыр және өт қабының қабынған кезінде қызады, сонымен қатар қатерлі ісікпен ауырғанда да дене қызуы көтеріледі. Бұл денеге тараған қатерлі ісік торшаларының көбеюіне байланысты. Жалпы шағымдарға әлсіздік, ұйқысының бұзылуы жатады.

Тексеру әдістері

Бауыр және өт жолдарының ауруларының дерт анықтамасын жүргізгенде шағымдардың сипаттамасы маңызды роль атқарады. Науқастың дамуын түсіну үшін аурған адамнан аурудың қалай басталғанын, қалай ауырғанын, денесінің қашан сарғайғанын, зәрінің түсінің қай уақытта өзгергенін, бұрын сары аурумен ауырған – ауырмағанын сұрап білу керек. Науқастың өмір тарихын білген дұрыс. Бұл да бауыр және өт қалтасының ауруына себеп болатын жағдайларды анықтауға бағытталады. Мысалы, ұзақ уақыт ішімдік ішкен адамдар созылмалы гепатит, цирроз ауруларымен жиі ауырады. Майлы етпен тамақтанатын адамдарда өт қабының тасы жиі кездеседі. Өт қалтысының қабынуы толық адамдарда, әсіресе әйелдерде жиі кездеседі. Сонымен қатар аурудың мамандығын, қызмет орнының қандай екенін анықтаудың да үлкен маңызы бар. Өйткені, жұмыс бабымен науқас әртүрлі химиялық заттармен қатысса олда бауырдың қабынуына себепші болады.

Науқасты дұрыс қарау оның ауруын анықтауға көп көмектеседі. Науқастың арықтап, жүдеп кетуі бауыр циррозында, қатерлі ісік ауруларында байқалады. Созылмалы гепатит пен цирроз ауруларымен ауыратын науқастардың денесінде қызыл жұлдызша сияқты ұсақ таңбалар пайда болады, алақаны қызарады, іштегі көк тамырлары кеңейіп, көгеріп шығады да, “теңіз медузасының басы” сияқты өрнек жасайды. Науқас денесін қасығаннан тырнақтың іздері қалып қояды.

Оң жақ қабырғаның астын сипалағанда бауырдың көлемін, қаттылығын, бетіндегі түйіншіктерін, ауырсынуын анықтауға болады. Бауырдың үстін әдеттегідей бармақтың басымен сипай келіп, қолды тереңірек батырып жіберіп, бауырдың шетін сезуге болады. Ол үшін алақанды науқастың ішіне қабырғаның шетінен, бұғананың орта сызығынан қойып, науқас дем шығарғанда саусақтарды тереңдетеді, дем алғанда бауырдың шеті саусақтарға тиеді де, оны анықтауға мүмкіндік туады. Қатерлі ісік ауруында бауыр қатайып қатты ауырады, бауырдың шетін сипағанда үсті тегіс болмай, бұдырланып тұрады. Кейде бауыр кішірейіп, қатайып сипағанда анықталмайды. Асцитте құрсақ қуысында бос сұйық анықталады. Өт қалтасын қолмен сипалап табу өте қиын. Бауыры және өт қалтысы қабынған науқастардың бұғанасының жоғарғы жағын басқан кезде ауырсыну сезіледі (Френикус белгісі). Бұл көк еттің созылуына және жүйкенің қозғалуына байланысты.

Бауырдың көлемін перкуссия әдісі арқылы анықтайды. Бауырдың перкуссиясың Курлов әдісі бойынша жүргізіледі. Ол үшін алдымен перкуссияны бұғана қабырғаның ортасымен төмен қарай жасап, бауырдың жоғары шетін тауып (дыбыстың ең тұйық шеті) оны сиямен нүкте қойып белгілейді. Содан кейін, төменнен жоғары қарай (кіндіктің оң жағынан) перкуссия жасап бауырдың төменгі шетін табу керек те, (бұл тұйық дыбыс) бұғанда сиямен нүкте қою керек, бұл бауырдың оң жақ көлемі болады. Сау адамда ол 9 + 2 см болады. Екіншісі шекарасының жоғарғы нүктені төстің ортасына дейін апарып (бұл үшінші нүкте) кейін төменнен жоғары қарай перкуссия жасап анықтаған кезде ол 8 + 2 см болады. Сонан кейін қабырға доғасының төменгі сол жағымен үшінші нүктеге қарай перкуссия жасап, тұйық дыбыс шыққан жерге нүкте қойып анықтайды. Осы екі нүктенің арасы 7 + 2 см, бұл бауырдың сол жақ бөлігінің ұзындығы болып есептелінеді. Перкуссия арқылы бауырдың көлемінің үлкейгенін немесе кішірейгенін анықтайды.

Зертханалық тексерістерде биохимиялық және клиникалық қанды тексерудің (бауыр дақтарымен ферментердің, ұлтабар сөлінің құрамы) маңызы зор. Құрал – жабдық аппараты арқылы тексерістердің ішінде ультрадыбыспен зерттеу ерекше орында. Сканирлау, рентген әдісімен қолдана отырып бауырдың көптеген ауруларын ажыратуға болады.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 5527. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Прием и регистрация больных Пути госпитализации больных в стационар могут быть различны. В цен­тральное приемное отделение больные могут быть доставлены: 1) машиной скорой медицинской помощи в случае возникновения остро­го или обострения хронического заболевания...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия