Студопедия — Созылмалы гломерулонефрит
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Созылмалы гломерулонефрит






Кең таралған ұзақ ағымды екі бүйректің бір мезетте иммунды қабыну дәрісімен сипаталынатын бүйректің созылмалы сырқаты. Сырқаттың түпті негізі шумақты денешіктердің зақымдалып, өлі еттенуі; бүйрек қызметінен айырылып созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен аяқталуы. Егер өткір гломерулонефриттегі зәрдің өзгерістері бір жылдың ішінде қалпына келмесе бұл аурудың созылмалы түріне ауысуы болып табылады.

Этиологиясы. Бірінші қатарда вирусты және жұқпа мәнбірлері орын алады. Әсер ететін мәнбірлерге ішімдік мөлшерін шамадан тыс көп қолдану, зәр қышқылының алмасу дәрісінің өзгеруі, ретсіз дәрі – дәрмектерді қолдану жатады, әсіресе вакциналармен, сары сумен.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың бірнеше клиникалық түрлері бар: латентті (шоғырланған), нефротикалық (ісіну), гипертониялық (артериялдық қан қысымының көтерілуімен сипаталатын түрі), гематуриялық, қатерлі және аралас түрі. Сырқаттың шоғырланған түрінде көзге шалынатын өзгерістер зәрдің анализінде ғана байқалады: протеинурия, гематурия, цилиндрурия. Науқас шағымданбайды. Гломерулонефриттің нефротикалық түрі 20% кездеседі. Сырқаттың бұл түрінде уыттану белгілерімен қатар олигурия, ұлғайған ісіктер, іштің ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда:Беті домбығып, аяқтарында, бел маңайында ісіну байқалады.Теріс бозарып, құрғайды.Науқас әлсіздікке, тамаққа тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Қанда гиперхолестеринемия, қарқынды протеинурия байқалады. Зәрдің мөлшері азаяды. Науқастың өмір сүру ұзақты 8 – 10 жылдарға барады. Гипертониялық түрі де жиі кездеседі. Сырқаттың жалпы белгілерімен қатар артериялдық қан қысымының көрсеткіші 200, 220, 240 сынап бағанасының көрсеткіші бойынша. Науқастардың шағымдары қан қысымының көтерілуімен байланысты. Көбінесе науқастардың шетінеуіне миға қанның құйылуы (инсульт), миокард инфарктісі, жүрек демікпесі, өкпе ісінуі әкеліп соғады. Сырқаттың бұл түрінде ісіктер айқын білінбейді. Дене қызуы сәл ғана көтеріледі, науқастың басы ауырсынып, көз көру қабілеті күрт төмендейді. Сырқаттың гематуриялық түрі сирек кездеседі. Бұл түрінде протеинурия аз, қан қысымы қалыпта, ісік білінбейді. Созылмалы гломерулонефриттің аралас түрі аурудың ең ауыр түрі болып табылады. Өту ағымында нефротикалық белгілері байқалады, қан қысымы көтеріледі, олигурия, анасарка, жоғарғы дәрежеде протеинурия байқалады. Науқастың жалпы өмір сүру уақыты екі – үш жыл. Науқас көбінесе уремиялық комадан қайтыс болады. Бұл кезеңде уыттану белгілері айқын білініп, науқас есінен танады,деміөзгереді, ауызынан зәрдің иісі шығады. Асқынулары. Созылмалы бүйрек, жүрек жеткіліксіздіктері, ілеспелі жұқпалы аурулар, қатерлі қан қысымының көтерілуі. Емі. Емдәм тәртібі маңызды роль атқарады, ол аурудың түріне және кезеңіне байланысты тағайындалып, өзгертіліп отырады. Ісік түрінде тұздың мөлшері 1,5 – 2,5 г нан аспауы тиіс. Қан қысымы көтерілуімен сипатталатын түрінде тұздың мөлшері 5 грамм мөлшеріне дейін болуы керек. Сонымен қоса емдәмнің құрамы жеміс жидектермен және көкөніс сусындарымен жеткілікті түрде жабдықталған болуы керек. Сырқаттың ең басты емдеу қағидасы гормондармен емдеп, қабыну дәрісін басу болып табылады. Гормондарды тағайындау және емдеу арнайы түрдегі ескерулерді ұстана отырып қолданылады. Сонымен қатар иммунды дәріске қарсы иммундық депрессанттарын қолданады (делагил, хлорохин, плаквенил). Нефротикалық түрінде ісікті жою үшін зәр шығаратын дәрілерін пайдаланады (фуросемид, верошпирон, альдактон). Артериялдық қан қысымы көтерілуімен сипатталатын гломерулонефриттің түрінде гипотензиялық дәрілердің әр түрлі жиынтықтарын қолданады. Соңғы жылдары плазмаферезді кеңінен қолданып жүр.

Цистит

Бұл қуықтың ішкі кілегей қабатының қабынуы. Себебі - жұқпа қоздырғыштары болып табылады. Оның ішінде 80% ішек таяқшалары кездеседі және энтеробактериялар, стафилококктар, стрептококктарда қоздырады. Қуыққа жұқпа бүйрек түбекшешелері қабынғанда зәр шығару өзекшелерінен келіп түседі. Сырқатқа әкеліп соғатын мәнбірлерге қуықта зәрдің тұрып қалуы (жүктілікте, жыныс жолдарының қабынуында), суық тигізіп алғанда, ер адамдарда жыныс бездерінің қабынуы (аденома) жатады. Ағымына байланысты жедел және созылмалы түрлерге бөлінеді.

Клиникалық бейнесі. Науқас жалпы уыттану белгілеріне шағымданады. Әлсізденеді, өткір кезеңінде дене қызуы субфебрильді болуы мүмкін, тамаққа тәбеті тартпайды. Дизуриялық белгілер сырқатқа тән болып табылады. Науқас зәр шығарған кезде несеп ағар арнасының ең сыртқы саңылау аймағында ауырсынудың болуына, ашып, қышу сезімінің пайда болуына, зәрдің шығуы жиілеп және ауырсынуына шағымданады. Бұны ишурия деп атайды. Қасағаның үстін сипалағанда ауырсыну сезімі білінеді. Науқас зәрге жиі және ауырсынып отыруының салдарынан мазасызданып, ұйқысы бұзылады.

Емі. Төсек тәртібін сақтау, шат маңайына жылытқыш қою. Бұл ауруда емдәм маңызды роль атқармайды. Жалпы емдәм түрін тағайындайды. Қоздырғыштарға қарсы антибиотик және сульфаниламид топтарының дәрі- дәрмектері қолданылады: фуразолидон, фурагин, невиграмон, бисептол, цефалоспориндер және шөптік ем дәрілері. Физиоемдік шараларын жүргізеді: парафин, УВЧ, жылы ванналар. Ауырсынуды басу үшін спазмолитик тобының дәрі-дәрмектері қолданылады: но-шпа, баралгин ерітінділері. Зәр тоқтап, шықпай қалғанда түтік сүңгімен қолдана отырып зәрді сырқта шығару және қуықты фурациллин ерітіндісімен жуу.

Бүйрек тас ауруы

Бұл ауру зәр жолдарында тастың пайда болуымен сипататалтын ауру. Бұнымен көбінесе 20 мен 50 жас аралығындағы ер адамдар қатары жиі ауырады. Аурудың себебі нақты, дәл анықталмаған. Ауруға әкеліп соқ-тыратын себептерге: зәр жолдарындағы туа біткен өзгерістер, зәр жүруінің тоқтап қалуы, зәр жолдарындағы жұқпалар (пиелонефрит, уретрит), зат алмасуының бұзылуы (ураттардың, фосфаттардың, оксалаттардың мөлшерінің көбеюі), эндокринді жүйесінің әр түрлі аурулары, Д – витаминінің ағзада көп мөлшерде және А витаминінің аз мөлшерде түзілуі, ас қорыту жүйелерінің қабыну аурулары (гастрит, колит, гепатит), ұзақ уақытқа төсек тартып жатқан сырқаттар (сүйектердің зақымдануы, пара – гемипарездер), нәсілдік аурулар қатары жатады. Қышқыл ортада пайда болған тастардың құрамында зәр қышқылдары кездеседі. Сілті ортада пайда болған тастардың құрамында фосфаттар кездеседі. Ал қышқыл және сілті ортасында пайда болған тастардың құрамында оксалаттар кездеседі. Тастардың көлемі майда, ірі келген пішіндегі түрлерін кездестіруге болады және жалғыз немесе бірнешеге дейін барады.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың ағымы ұстама түрде өтеді. Ең маңызды белгілері: ауырсыну, гематурия, пиурия, тастардың өзінен өзі зәрмен бірге сыртқа шығуы. Бүйрек ұстамасы аяқ астынан күрт ауырсыну белгісімен басталады. Ауырсыну бел аймағында пайда болып, несеп ағар және жыныс мүшелеріне тарайды. Зәр шығуы жиілеп және ауырсынуымен сипатталды. Сонымен қатар лоқсу, құсу, іштің кебуі байқалады. Науқас өзіне ыңғайлы жағдай қалыпын таба алмай мазасыз күйде болады. Ауырсыну сезімі қатты қарқынмен өтіп, тек қана наркотикалық жансыздандыру мен тыныштандырылып, басылады. Ауырсынудың ұзақтылы бір тәуліктен аспайды. Бүйректің ұстамасына несеп ағар арнасындағы тастың қысылып қалуы әкеледі. Зәрдің мөлшері азайып, мүлде болмауы мүмкін. Осының салдарынан дене қызуының көтерілуі байқалады. Қарағанда: бел аймағанда ауырсыну сезімі білінеді, Пастернак белгісі оң нәтижелі, сипалағанда бүйрек және несеп ағар аймақтары ауырсынады. Зәрде аз мөлшерде ақуыз, эритроциттер, лейкоциттер кездеседі. Ұстамадан кейін тас орнынан жылжып, зәрмен сыртқа шығуы мүмкін. Көбінесе бұл ауру науқастардың 13% де белгісіз түрде өтеді. Ұстама арасында науқастарда шағым болмайды.

Емі. Ұстама кезіңде жылы емшараларды бел аймағына қолданылады (жылытқыш немесе ванна). Дәрігер нұсқауымен жансыздандыратын және жиырылуға қарсы босату үшін спазмолитик дәрілері енгізіледі: баралгин, атропин, платифилин. Ауырсыну сезімі басылмаса наркотикалық жансыздандыратын дәрілерді тағайындайды: омнапон, промедол немесе бүйректі бөгеу новокаинмен өткізіледі.

Егер науқастың жағдайы оңалмаса, хирургиялық емге көшеді. Емдәм тағамдарының құрамында пуринді заттарды шектеу: қуырылған ет, сорпаны бермеу. Сырқаттың емі тастардың құрамына байланысты.Урат тастары пайда болған жағдайда сүт өсімдік тағамдары зәрді сілтілендіру үшін қолданылады. Фосфатурия жағдайында табиғи минералды суларын көп мөлшерде пайдаланған тиімді. Ілеспелі жұқпа жағдайында антибиотиктерді, нитрофурандарды, сульфанильамидтерді қолданған жөн. Қазіргі кезде тастарды лазер арқылы үгітіп, сыртқа шығару әдісін қолданады.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 5377. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия