Студопедия — Тарау. Клизмалар.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тарау. Клизмалар.






8.1 - Тазарту клизмасын қою іс-әрекетінің алгоритмы

8.2 - гипертониялық клизма қою іс-әрекетінің алгоритмы

8.3 - Майлы клизма қою іс-әрекетінің алгоритмы

8.4 - сифондық клизма қою іс-әрекетінің алгоритмы

8.5 - Дәрілік клизма қою іс-әрекетінің алгоритмы

8.6 - тамшы клизма қою іс-әрекетінің алгоритмы

8.7 - жел шығаратын түтікті қою іс-әрекетінің алгоритмы

 

 

8.1.ТАЗАРТУ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: нәжістен және газдан тоқ ішектің төменгі жағын ішек қозғалысын күшейту және нәжісті жұмсарту арқылы тоқ ішектің төменгі жағын нәжістен және газдан босату.

 

Көрсеткіші:

-іш қату;

-дәрілік (емдік), қоректік және тамшылы клизмалар алдында;

-пациентті асқазан- ішек жолдарын, зәр бөлу мүшелерін және кіші жамбас астауында орналасқан мүшелерді рентгенмен зерттеу алдында дайындау;

-операцияларға дайындау;

-тоқ және тік ішектерге эндоскопиялық зерттеулер жүргізу алдында дайындау.

 

Қарсы көрсеткіші:

-асқазаннан немесе ішектен қан кету;

-тік ішекте немесе тоқ ішекте жедел қабыну немесе ойық жара болу;

-тік ішектің қатерлі ісіктері;

-тік ішек айналасында жара болу немесе тік ішектің түсіп кетуі;

-қанайтын геморрой;

-асқазан- ішек жолдарына операциядан кейінгі алғашқы күндері.

Жабдықтау:

-қолғап, халат, алжапқыш

-таза Эсмарх кружкасы

-клеенка, жаялық,тегене,судно

-вазелин немесе глицерин

-штатив

-судно

-су термометрі, 1,5-2 литр көлемде сумен құмыра.

-залалсыздандырылған ұшына кигізетін түтік және залалсыздандырылған бикстегі салфетка

- корнцанг

-зарарсыздандыратын ерітінді құйылған ыдыс

-қолданылған материалдарға арналған ыдыс.

 

Іс-әрекетінің алгоритмы:

1.Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, пациенттің келісімін алыңыз. Егер пациенттің жағдайы келсе, процедураны клизма жасайтын арнайы бөлмеде орындаңыз.

2.Халатыңызды ауыстырып, алжапқышты киіп, қолға гигиеналық деңгейде антисептикпен өңдеу жүргізіңіз. Қолыңызға қолғапты киіңіз.

3.Эсмарх кружкасын штативке бекітіңіз, кушеткадан 1 м. деңгейде, резеңке түтікі корцангпен жабыңыз.

4.Судың t өлшеңіз ол 18-20º, Эсмарх кружкасын 1,5-2 литр сумен толтырыныз.

5. Бикстен заласыздандырылған түтікшені алып және оған вазелин майын жағыңыз, Эсмарх кружкасының резеңке түтігіне жалғаңыз.

6. Түтікшені төмен қаратып резеңке түтіктігінің корцанты ашыныз, оны суға толтырыңыз.

7.Корцангты қысып, ұшына кигізілген түтікшемен қоса резеңке түтікті штативке бекітіңіз.

8.Кушеткаға клеенка мен жаялықты шеттерін төмен қарай тегенеге түсіре жайыңыз (егер пациент суды ұстай алмай қалған жағдайға).

9.Пациентке кушетканың шетіне қарай сол жақ қырымен жатуды ұсыныңыз, аяғын ішіне тарта бүгіп (іштің еттері босап, тоқ ішекке судың өтуі жеңілдейді).Егер, пациентке қозғалуға болмайтын болса, онда оны арқасына жатқызыңыз.

10.Сол қолыңыздың бірінші, екінші саусағымен жамбас арасын аша отырып, оң қолыңызбен ақырындап айналмалы қозғалыстар жасай отырып түтікшені тік ішекке енгізіңіз, алдымен кіндікке қарай 3-4см. тереңдікте, ал содан соң құйымшаққа параллельді 8 10см. тереңдікте.

11.Корцангты ашып, түтікшені ұстай отырып, тік ішекке суды жіберіңіз. Судың тез кетпеуін қадағалаңыз, егер су тез кетсе ол ауырсыну сезімін тудырады. Эсмарх кружкасындағы су деңгейін қадағалаңыз.

12. Кружканың түбінде су аз ғана қалғанда жауып, түтікшені алып шығыңыз.

13. Жамбасты қысып, пациентке ішектегі суды 5 -10 минутқа ұстап тұруды ұсыныңыз,(мүмкіндігінше), нәжістің жақсы жібіп, сұйылуы үшін.

14.Судно беріңіз немесе пациентті унитазға отырғызыңыз.

15.Клизманың нәтижесін тексеріңіз. Сумен бірге нәжістер шықса, онда клизма сәтті болғаны.

16.Егер клизма сәтті болмаған жағдайда процедураны 1 -2 сағаттан соң қайта қайталаңыз.

17. Түтікшені және Эсмарх кружкасын зарарсыздандырыңыз.

18. Қолғапты шешіп,қолды жуу.

Ескерту:

Атониялық іш қату кезінде су температурасы 12- 20 градус болу керек, спастикалық іш қату кезінде -37 -42 градус.

Егер су ішекке кетпей жатса, кружканы жоғары көтеріңіз, немесе ұшындағы түтікті қозғап, жағдайын өзгертіңіз: оны тереңдете енгізіңіз немесе 1-2см. кейін қарай шығарыңыз. Егер бұл көмектеспесе, онда ол нәжіспен бекітіліп қалған. Онда түтікті алып, қатты ағынды сумен жуу керек, немесе басқасына айырбастап, тік ішекке түтікті қайта енгізіңіз.

Газ болған жағдайда және іш кебу сезімі пайда болған жағдайда Эсмарх кружкасын кушеткадан төмен түсіріңіз, газ шыққан соң қайтадан біртіндеп көтеріңіз.

 

 

8.2.ГИПЕРТОНИЯЛЫҚ КЛИЗМА ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты:

Тоқ ішектің төменгі бөліктерін газ және нәжістен ішек қуысына гипертониялық тұзды ерітінділер енгізу нәтижесінде сұйықтықтың көптеп өтуі есебінен босату болып табылады.

Көрсеткіштері:

- Сусіңдену мен қатар (ісік) іш қату болған жағдайларда.

Қарсы көрсеткіштері:

- тоқ ішектің төменгі жақтарындағы жедел қабыну процестері;

- ойық жаралар;

- аналь тесігі айналасындағы жарықшалар.

 

Жабдықтау:

- халат, алжапқыш, қолғап

-залалсыздандырылған алмұрт тәрізді баллон немесе Жане шприці

- залалсыздандырылған корнцанг немесе пинцет

-залалсыздандырылған жұмсақ тереңдеткіш ұшына енгізетін түтік немесе жел шығаратын түтік.

-вазелин майы

-залалсыздандырылған дәкелер

-тұздың гипертониялық ерітіндісі (10% натрий хлор, 20-30 %, магний сульфат немесе натрий сульфат)

- бикс

- залалсыздандырылған лоток

- ыстық су және су термометрі

- залалсыздандырылған стакан

- жаялық және клеенка

- қолданылған заттараға арналған ыдыс

- дез. ерітіндісі бар ыдыс.

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.Халатты ауыстырыңыз, алжапқыш киіп, қолдың гигиеналық деңгейдегі антисептикалық өңдеуін жүргізіңіз. Қолғапты киіңіз.

2.Стақанға 100- 200 мл. 10% натрий хлор ерітіндісін құйыңыз.

3.Осы ерітіндіні ыстық суы бар ыдыста 37-38 градусқа дейін жылытыңыз.

4.Залалсыздандырылған Жане шприцін жинаңыз және оған жылытылған 10% натрий хлор ерітіндісінен 100-200мл. сорып алыңыз.

5.Толтырылған Жане шприцін лотокқа орналастырыңыз.

6.Пациентті сол жақ қырымен аяғын ішіне қарай бүгіп жатқызыңыз немесе арқасымен жатқызыңыз. Астына клеенка және жаялық салыңыз.

7.Залалсыздандырылған бикстен жел шығаратын түтікті алыңыз.

8.Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті оң қолымызға аламыз және оған вазелин майын жағамыз.

9.Сол қолмен пациенттің..... арасын ашамыз, ал оң қолмен ақырындап жел шығаратын түтікті тік ішекке 15 -20 см. тереңдікке, алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, сосын омыртқа жотасы бағытының бойымен.

10.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына Жане шприцін жалғаймыз, сосын гипертониялық ерітіндіні баяу енгіземіз.

11.Сол қолмен шприцтің алдыңғы жағынан түтікті қысамыз, сосын Жане шприцін ажыратамыз. Шприцті қолданылған заттарды салуға арналған лотокқа саламыз.

12.Оң қолымызбен жел шығаратын түтікті шығарамыз, бір мезгілде сол қолмен түтікті сипалап сеземіз, ондағы ерітіндіні ішек қуысына шығару үшін.

13.Пациентке арқасымен жатуды ұсынамыз.

14.Жел шығаратын түтікті және Жане шприцін зарарсыздандырыңыз. 15.Клизманы ұйықтар алдында жасайды, 8-10 сағаттан соң нәжіс сыртқа шығарылуы тиіс.

 

8.3.МАЙЛЫ КЛИЗМА ҚОЮ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты:

Тоқ ішектің төменгі жағын газ бен нәжістен маймен орап, жуып тазарту арқылы босату.

Көрсеткіші:

-әлсізденген науқастарда іш қату;

-операциядан кейінгі кезеңде;

-босанғаннан кейін.

Жабдықтау:

-халат, алжапқыш, қолғап

-залалсыздандырылған алмұрт тәрізді баллон немесе Жане шприці

-залалсыздандырылған корнцанг немесе пинцет

-залалсыздандырылған жұмсақ тереңдеткіш ұшына енгізетін түтік немесе жел шығаратын түтік

-вазелин майы немесе өсімдік майы

-втерильді дәкелер

-залалсыздандырылған бикс

-залалсыздандырылған лоток

-залалсыздандырылған стакан

-жаялық және клеенка

- қолданылған заттараға арналған ыдыс

-зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс.

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2.Халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіп, қолыңызды гигиеналық деңгейде астисептик қолдана отырып жуып, қолыңызға қолғапты киіңіз.

3.Стақанға 50-100мл. вазелин немесе өсімдік майын құйыңыз.

4.Ыстық суы бар ыдысқа май құйылған ыдысты орналастырып, майды 37-38 градусқа дейін жылытыңыз.

5.Жане шприцін жинап, оған жылытылған майды сорып алыңыз. Егер алмұрт пішіндес баллонды қолдансаңыз. Онда алдымен оны қысып ішіндегі ауасын шығарыңыз, ұшын стақандағы майға салып, оған май сорып алу үшін баллонды ақырындап босатыңыз.

6.Май сорып алынған Жане шприцін залалсыздандырылған лотокқа орналастырыңыз,

7.Пациентті сол жақ қырымен аяғын ішіне тарта бүгіп жатқызыңыз. Астына клеенка және жаялық жайыңыз.

8.Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті немесе тереңдеткіш ұшына кигізетін түтікті алыңыз, оған вазелин майын жағыңыз.

9.Сол қолыңызбен пациенттің құйрығының арасын ашып, оң қолыңызбен ақырындап тереңдеткіш ұшына кигізетін түтікті немесе түтікті тік ішекке 15-20 см. тереңдікке енгізіңіз(алдымен 3-4см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бағыты бойымен).

10.Жане шприцінің сыртқы ұшына немесе алмұрт пішіндес баллонға жағыңыз да, майды ақырындап ішекке жіберіңіз.

11.Сол қолыңызбен түтікті шприцтің алдынан қысып тұрыңыз, сосын шприцті ажыратыңыз. Оны қолданылған материалдарға арналған ыдысқа салыңыз.

12.Оң қолыңызбен жел шығаратын түтікті шығарыңыз, бір мезгілде сол қолыңызбен түтікті іздеп, сезініңіз, ондағы майды толық шығару үшін.

13.Пациентке арқасымен жатуды ұсыныңыз және сол қалыпта 30-40 минут тыныш жата тұруын түсіндіріңіз.

14.Үлкен дәретке отыру 10-12 сағаттан соң болады, сондықтан бұл клизманы ұйықтар алдында қоюға тырысыңыз.

15.Жане шприцін, жел шығаратын түтікті, ұшына кигізілетін түтікті және баллонды зарарсыздандырыңыз.

 

8.4.СИФОНДЫ КЛИЗМА ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты:

Тоқ ішекті нәжістен, улардан, токсиндерден, шіру және ашу өнімдерінен, кілегей мен іріңнен бірнеше рет жуу арқылы тазарту, сондай- ақ ішектің бітеліп қалуын анықтауда қолданады.

 

Көрсеткіші:

-тазарту клизмасынан, ішті жұмсартатын клизмалардан және ішті жұмсартатын дәрілерден көмек болмаған жағдайда;

-ішекке операция жасау алдындағы дайындау;

-ішектің бітеліп қалуын анықтауда;

-ішекті улардан, токсиндерден, ашу және шіру өнімдерінен, кілегей мен іріңнен тазарту үшін.

 

Қарсы көрсеткіші:

-анальды тесік айналасында және тоқ ішек аймағында жедел қабыну процестері немесе ойық жара болғанда;

-асқазаннан немесе ішектерден қан кету;

-тік ішектің қатерлі ісік ауруы;

-ас қорыту мүшелеріне операциядан соңғы алғашқы күндерде;

-тік ішектің жарықшағы немесе түсіп кетуі;

-іш пердесі тамырларының эмболиясы немесе тромбозында.

 

Жабдықтау:

-халат, алжапқыш, қолғап

-жалғағыш шыны түтік көмегімен ұзындығы 75 см. түтікпен жалғанған жуан асқазан зонды салынған, дәкелеры бар залалсыздандырылған бикс

-сыйымдылығы 1 л. залалсыздандырылған шыны воронка

-залалсыздандырылған корнцанг немесе пинцет

-құмыра

-залалсыздандырылған лоток

-вазелин майы

-шелек немесе тегене (жуынды су үшін)

-бір шелек (10-12л.) су, температурасы 18-20 градус.

-клеенка, жаялық

-зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс

-қолданылған материалдарды салуға арналған ыдыс.

 

Іс әрекет алгоритмы:

 

1.Процедураның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз. Халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіп, қолыңызды гигиеналық деңгейде астисептик қолдана отырып жуып, қолыңызға қолғапты киіңіз.

2.Барлық ережелерді сақтай отырып залалсыздандырылған биксті ашыңыз, залалсыздандырылған корнцанг көмегімен залалсыздандырылған лотокқа резеңке түтікпен жалғанған жуан асқазан зондын салыңыз.

3.Биксті жауып, столдың шетіне қарай жылжытып қойыңыз.

4.Залалсыздандырылған шыны воронканы резеңке түтікке жалғаңыз.

5.Кушеткаға клеенка мен жаялықты жайыңыз.

6.Кушетканың жанына жуынды суды құю үшін шелек, құмыра және суы бар шелекті қойыңыз.

7.Пациентті сол жақ қырымен немесе арқасымен жатқызыңыз.

8.Жууға арналған жүйені алыңыз, тік ішекке енгізілетін түтіктің ұшын вазелин майымен майлаңыз, 20-30см. тереңдікке, алдымен 3-4см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бағыты бойымен тік ішекке енгізіңіз. Түтік тік ішектің кеңейген жерінде (ампула) жиналып қалмауын қадағалаңыз.

9.Воронканы жамбастан төмен, аздап еңкейтіп ұстаңыз, оны құмырадағы сумен толтырыңыз.

10.Воронканы су құйған соң жоғары ақырындап көтеріңіз, су жайлап ішекке өте бастайды. Су воронканың кішкентай, тар аузына келген кезде воронканы ақырындап едендегі шелектің немесе тегененің тұсына төмендетеміз, ішектен қайтқан су воронканы толығымен толтырғанша.

11.Воронка ішектен шыққан суға толған кезде оны шелекке немесе тегенеге төгеміз.

12.Сосын тағы да воронканы суға толтырып, процедураны ішектен шыққан су әбден таза болғанша жүргіземіз.

13.Воронканы ажыратып, түтіктің сыртқы ұшын тегенеге 10-20 минутқа салып қойыңыз, су мен газдың (желдің) қалғаны әбден шыққанша.

14.Тік ішектен түтікті алып шығыңыз.

15.Воронка мн жууға арналған жүйені (система) зарарсыздандырыңыз.

16.Пациентті палатаға әкеліп, төсегіне жатқызыңыз.

 

 

8.5.ДӘРІЛІК КЛИЗМА ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

 

Мақсаты: емдік.

Пациентті дайындау: дәрілік клизманы қоюдан 30-40 минут бұрын тазарту клизмасын қойыңыз.

 

Жабдықтау:

-халат, алжапқыш, қолғап

-жел шығаратын түтік, дәкелер салынған залалсыздандырылған бикс

-залалсыздандырылған Жане шприці

-залалсыздандырылған стақан

-залалсыздандырылған корнцанг

-залалсыздандырылған лоток

-дәрілік заттар (дәрігердің тағайындауымен – облепиха майы, түймедақтың қайнатпасы және т.б.)

-ыстық су, су термометрі

-клеенка, жаялық

-вазелин майы

-қолданылған материалдарды салуға арналған ыдыс

-зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс.

 

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Процедураның мақсатын түсіндіріп, келісімін алыңыз. Халатты ауыстырыңыз, алжапқышты киіңіз. Қолыңызды антисептик қолдана отырып гигиеналық деңгейде жуыңыз, құрғатқан соң қолғапты киіңіз.

2.Дәрігер тағайындаған дәрілік заттың 50-100мл. стақанға құйыңыз, сосын оны ыстық су құйылған ыдысқа қойып, 40 С- дейін жылытыңыз.

3.Барлық ережелерді сақтай отырып залалсыздандырылған биксті ашыңыз, залалсыздандырылған корнцангпен жел шығаратын түтік пен дәкелерды бикстен алып залалсыздандырылған лотокқа салыңыз.

4.Биксті жауып, шеткері ығыстырып қойыңыз.

5.Залалсыздандырылған Жане шприцін жинаңыз және оған дәрігер тағайындаған дәрілік затты сорып алыңыз.

6.Шприцті залалсыздандырылған лотокқа қойыңыз.

7.Кушеткаға клеенка мен жаялықты жайыңыз.

8.Пациентті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз.

9.Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті алып, оны вазелин майымен майлаңыз.

10. Жел шығаратын түтікті тік ішекке 15-20 см. тереңдікке енгіземіз, алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бойымен.

11.Жел шығаратын түтіктің сыртқы ұшына және шприцін жалғап, сосын дәрілік затты баяу жібереміз.

12.Сол қолыңызбен түтікті шприцтің алдынан қысып ұстап, Жане шприцін ажыратыңыз.

13. Жане шприцін қолданылған материалдарды салатын лотокқа салыңыз.

14.Жел шығаратын түтікті шығарыңыз, қолданылған заттарға арналған лотокқа салыңыз.

15.Процедурадан соң пациентке сол жақ қырымен немесе арқасымен тыныштанып 30-60 минут жатуын ұсыныңыз.

16.Жане шприцімен жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз.

17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

8.6. ТАМШЫ КЛИЗМА ҚОЮ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ.

Мақсаты: емдік

Пациентті дайындау: тамшы клизмадан 30-40 минут бұрын тазарту клизмасын жасау керек. Қолданылатын ерітінді белгілі температурада болу керек, 40 -42С.болу керек.

 

Көрсеткіші: қоректік заттарды табиғи жолмен, яғни ауыз арқылы немесе парентеральды жолмен енгізу мүмкін болмаған жағдайда.

 

Қарсы көрсеткіштері:

-тоқ ішек айналасында және тік ішек маңында жедел қабыну немесе ойық жара болу;

-жиі қанайтын геморрой;

-тік ішектің қатерлі ісігі;

-тік ішектің сыртқа шығып түсіп кетуі немесе оның маңындағы жарықшақтар.

Жабдықтау:

- халат, алжапқыш, қолғап

-жел шығаратын түтік, дәкелер салынған залалсыздандырылған бикс

-сұйықты тамшылап енгізуге арналған бір реттік система.

-залалсыздандырылған корнцанг

-залалсыздандырылған лоток

-лейкопластырь

-дәрі құйылған флакон

-тамшылы система үшін штатив

-су, су термометрі

-клеенка, пеленка

-вазелин майы

-қолданылған заттарды салатын ыдыс

-резеңке жылытқыш.

 

Іс - әрекет алгоритмы:

1.Пациентке іс- шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оған оның келісімін алыңыз.

2. Халатыңызды ауыстырып, алжапқыш киіңіз. Қолыңызға гигиеналық деңгейде өңдеу жүргізіп, қолғап киіңіз.

3.Дәрісі бар флаконды ыдысқа орналастырыңыз және жылы судың температурасын 40 "С. дейін жылытыңыз.

 

4.Системаның орамасын ашыңыз, системадағы қысқышты жауып, дәрісі бар флаконға тамшы системаның қабылдағыш инесін енгізіңіз.

5. Резеңке жылытқышпен оралған флаконды түбін жоғары қаратып төңкере ұстап, штативке іліп қойыңыз.

6. Залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті алып, ұшына вазелин майын жағыңыз.

7. Дәрі жіберетін инені қалпақшасымен алып оған жел шығаратын түтікті жалғаңыз, тамшы системаның ауа өткізгішін ашыңыз, тамшы ағатын бөлігіне дәрі толтырыңыз, системадан ауаны шығарыңыз.

8.Пациенттің жамбасын сол қолдың екі саусағымен ашып, тік ішекке системамен жалғанған жел шығаратын түтікті 20-30см. тереңдікке енгіземіз, алдымен 3-4 см. кіндікке қарай, содан соң омыртқа жотасы бойымен.

9.Енгізілген дәрі препараттың тамшы жиілігін ретке келтіреміз (60-80 тамшы минутына).

10Қысқышын жабыңыз және жел шығаратын алып тастаңыз.

11. Процедурадан соң пациентке арқасымен немесе сол жақ қырымен 30 – 60 минут уақыт тыныш жатуды ұсыныңыз.

12 Жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз, системаны жойыныз.

13.Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

 

8.7.ЖЕЛ ШЫҒАРАТЫН ТҮТІКТІ ЕНГІЗУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

 

Мақсаты: Ішектердегі газдарды шығару.

 

Көрсеткіші: метеоризм (газдың көп пайда болуына байланысты немесе оның ішектерден нашар шығарылуына байланысты іш кебу).Асқазан ішек – жолдарын эндоскопиялық зерттеулерге дайындық кезіңде.

 

Қарсы көрсеткіші:

-асқазан – ішек жолдарынан қан кету;

-тоқ ішек айналасында және тік ішек маңында жедел қабыну немесе ойық жара болу;

-жиі қанайтын геморрой;

-тік ішектің қатерлі ісігі;

-тік ішектің сыртқа шығып түсіп кетуі немесе оның маңындағы жарықшақтар.

Жабдықтау:

-халат, алжапқыш, қолғап

-жел шығаратын түтік, дәкелер салынған залалсыздандырылған бикс

-сұйықты тамшылап енгізуге арналған бір реттік система.

-залалсыздандырылған корнцанг

-залалсыздандырылған лоток

-дәрі құйылған флакон

-судно немесе суы бар лоток

-клеенка, пеленка

-вазелин майы

-қолданылған заттарды салатын ыдыс.

Іс- әрекет алгоритмы:

1.Пациентке іс- шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оған оның келісімін алыңыз.

2.Халатыңызды ауыстырып, алжапқыш киіңіз. Қолыңызға гигиеналық деңгейде өңдеу жүргізіп, қолғап киіңіз.

3.Бикстен жел шығаратын түтік оралған ораманы шығарыңыз.

4.Кушеткаға клеенка және жаялықты жайыңыз.

5.Пациенті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз.

6.Оң қолыңызға залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікті алыңыз, 20-30см ұзындықта вазелин майымен майлаңыз.

7.Сол қолыңызбен пациенттің жамбас арасын ашыңыз, ал оң қолыңызбен абайлап айналмалы қозғалыстар жасай отырып жел шығаратын түтікті 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

8.Сыртқы ұшын судноға салыңыз немесе суы бар лотокка салыңыз.

9.Газ шығып жатқанына көзіңіз жеткен соң (судағы көпіршектер бойынша) суы бар лотокты алып тастаңыз, жел шығаратын түтіктін сыртқы ұшын жаялыққа конферт пішіндес етіп ораңыз.

10.Әрбір 20-30 мин сайын пациенттің жағдайын бақылаңыз.

11.Жел шығаратын түтікті қажетіне қарай алып тастаңыз, бірақ бір сағаттан көп емес, ойылып қалу болмас үшін.

12.Жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз.

13.Тік ішектің айналасын салфеткамен сүртіңіз, ал қажет болған жағдайда вазелин майын жағыңыз.

14.Егер жел толық шықпаса процедураны 2-3 сағаттан соң қайталаңыз, бірақ тәулігіне 2-3 реттен көп болмауы керек.

9 -Тарау. Қуыққа катетер енгізу

9.1 - Әйелдерде қуыққа катетер енгізу іс - әрекетінің алгоритмы

9.2 - Ерлерде қуыққа катетер енгізу іс - әрекетінің алгоритмы

9.3- Қуық жуу іс - әрекетінің алгоритмы

9.1.ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚУЫҚҚА КАТЕТЕР ЕНГІЗУ ІС - ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

Мақсаты: диагностикалық немесе емдік

- қуықтан зәрді шығару

- қуықты жуу

- дәрілік заттарды енгізу

- зерттеу үшін зәр алу.

Шарты:

-асептика ережелерін қатаң сақтау

- процедураны тәжірибелі мейірбике орындайды.

 

Қарсы көрсеткіштері:

-жарақатты зақымданулар;

-қуықтың және зәр шығару жолдарының жедел қабынуы.

 

Жабдықтау:

-бір реттік жұмсақ залалсыздандырылған катетер немесе темір катетер

-залалсыздандырылған қолғаптар

-2 залалсыздандырылған пинцет немесе қысқыш

-залалсыздандырылған тампондар

-залалсыздандырылған глицерин

-залалсыздандырылған фурациллин

-таза лоток.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1. Маска киіңіз, Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, залалсызданған қолғапты киіңіз.

2.Пациентті арқасына жатқызып, тізе буынында аяғын бүгіп және аздап екі аяғының арасын ашуды ұсыныңыз.

3.Жамбасының астына клеенка және жаялық төсеңіз, судно қойыңыз.

4.Пациентті жуындырыңыз: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолынызға жуындыруға арналған суы бар ыдысты ұстаңыз, оң қолыңызға салфеткамен корнцагты алыңыз. Жуындыруды жоғарыдан төмен қарай жүргізіңіз, ретімен қасағадан тік ішекке қарай. Теріні осы ретпен құрғатыңыз.

5.Қолғапты ауыстырыңыз.

10.Екінші залалсыздандырылған пинцетті алыңыз.

11.Залалсыздандырылған пинцетпен жұмсақ катетердің тұмсық ұшынан ұстаңыз жазатын қалам сияқты етіп, ұшынан 4-6 см арақашықтықта, катетердің сыртқы ұшын саусаққа орап алып оң қолдың 4-ші және 5-ші саусағының арасына қыса ұстаңыз. Әйелдерге арналған глицерин майы жағылған стерилді катетерді абайлап, зәр шығатын тесікке енгізіңіз, 4-6 см тереңдікке, зәр шыққанша. Катетердің бос ұшын зәр жинауға арналған ыдысқа салыңыз.

12. Сол қолыңызбен құрсақ қуысының төменгі жағынан қасаға сүйегінің үстінен басыңыз, осы кезде біртіндеп катетерді шығарыңыз.

13. Катетерді барлық зәр шығардан сәл бұрын шығарыңыз, себебі катетер алынғаннан кейін зәр шығаратын жолдарды шығатын зәр жуып тазалау үшін.

14. Қолғапты шешіп оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыңыз, ал пинцетті – зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз.

 

9.2 ЕРЛЕРГЕ ҚУЫҚҚА КАТЕТЕР ЕНГІЗУ ІС ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

 

Мақсаты:

- диагностикалық немесе емдік

- қуықтан зәрді шығару

- қуықты жуу

- дәрілік заттарды енгізу

- зерттеу үшін зәр алу.

Шарты:

-асептика ережелерін қатаң сақтау

-процедураны тәжірибелі мейірбике орындайды

-бір реттік катетерді қолдану.

 

Қарсы көрсеткіштері:

-жарақатты зақымданулар,

-қуықтың және зәр шығару жолдарының жедел қабынуы.

Жабдықтау:

-бір реттік жұмсақ залалсыздандырылған катетер немесе темір катетер

-залалсыздандырылған қолғаптар

-2 залалсыздандырылған пинцет немесе қысқыш

-залалсыздандырылған тампондар

-залалсыздандырылған глицерин

-залалсыздандырылған фурациллин

-таза лоток.

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Қолыңызды жылы сабынды сумен жуып, тырнақтарыңызды спиртпен сүртіңіз. Қолғап киіңіз.

2.Пациентті арқасына жатқызып, тізе буынында аяғын бүгіп және аздап екі аяғының арасын ашуды ұсыныңыз.

3.Жамбасының астына клеенка және жаялық төсеңіз, судно қойыңыз.

4.Пациентті жуындырыңыз: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолынызға жуындыруға арналған суы бар ыдысты ұстаңыз, оң қолыңызға салфеткамен корнцагты алыңыз. Жуындыруды жоғарыдан төмен қарай жүргізіңіз, ретімен қасағадан тік ішекке қарай. Теріні осы ретпен құрғатыңыз.

5.Қолғапты шешіп, оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыңыз. Қолыңызды жуыңыз.

6.Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

Орындау тәртібі:

1Жуындыруды жүргізу: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолыңызға залалсыздандырылған салфетка алыңыз, онымен жыныс мүшесін басынан төмен орап ұстаңыз.

2.Жыныс мүшесін сол қолдың 3-4 саусақтарымен ұстаңыз, басын аздап қысыңыз, 1-ші және 2-ші саусақтарыңызбен ұшындағы шетін ыздап ығыстырыңыз.

3. Оң қолға қысып ұстаған пинцетпен залалсыздандырылған фурациллинге тампонды малып алып өңдеңіз, мүшенің басын жоғарыдан төмен қарай, зәр шығатын тесікке қарай, тампондарды ауыстыра отырып.

4.Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, тампонды - ҚЖҚ-на салыңыз.

5. Екінші стерлиьді тампон алыңыз.

6.Оң қолға қысып ұстаған залалсыздандырылған пинцетпен катетердің тұмсық ұшынан 5-7 см. төменірек ұстап алыңыз, екінші бос ұшы жағынан катетерді саусақтарыңызға орап ұстаңыз, (тұмсық ұшы төмен қараған болу керек), және 3-4 саусақтар арасына қысып ұстаңыз. (катетер саусақ сыртында иілген доға пішіндес болып тұрады).

7. Глицеринмен майланған, залалсыздандырылған, ерлерге арналған катетерді алыңыз, ұзындығы 15-20см., және ақырындап пинцетпен катетерді кіргізіңіз, алғашқы 4-5 см; сол қолдың 1-2-ші саусақтарымен ұстай отырып, мүшенің басын бекітіп ұстау мақсатында.

8.Катетерді тағыда пинцетпен 3-5 см. крігізіңіз, ақырындап зәр шығатын каналға 19-20см. ұзындыққа, бұл кезде мүшені үстіңгі жағынан сол қолыңызбен аздап тартып ұстаңыз. Катетер сыртқы сфинктерге жеткенде аздап бөгет байқалады, катетер қуыққа жеткенде зәрдің шыққаны байқалады.

9.Катетердің сыртта қалған ұшын зәр жинауға арналған ыдысқа саламыз.

10.Зәр шығып бітуге аз уақыт қалды-ау деген кезде пинцетпен катетерді ақырындап сыртқа шығара бастаңыз, себебі шығып жатқан зәр ағыны зәр шығатын жолдарды жуып өтеді.

11. Катетерден зәр бөлінуі тоқтаған кезде іштің төменгі жағынан, қасаға сүйегінің үстінен сол қолыңызбен басыңыз.

12. Қолғапты шешіп ҚЖК салыңыз, ал пинцетті зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

Ескертпе: Ерлерге катетер енгізу қиынырақ, өйткені зәр жүретін каналдың ұзындығы 20-25 см.,және екі жерде физиологиялық иілім бар- тар жер, катетердің өтуіне аздап бөгет жасайды.

9.3. ҚУЫҚ ЖУУ ІС -ӘРЕКЕТІНІҢ АЛГОРИТМЫ

 

М ақсаты: емдеу

 

Қарсы көрсеткіштері:

-жарақатты зақымданулар;

-қуықтың және зәр шығару жолдарының жедел қабынуы.

 

Жабдықтау:

-бір реттік жұмсақ залалсыздандырылған катетер немесе темір катетер

-залалсыздандырған қолғаптар

-2 залалсыздандырылған пинцет немесе қысқыш

- залалсыздандырған тампондар

-залалсыздандырылған глицерин

-залалсыздандырылған фурациллин1:5000

-таза лоток.

- залалсыздандырған вазелин

-жылтылған су

-Сұюқтықты жинайтын лоток

-дезертіндісі бар лоток

 

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Қолыңызды гигиена деңгей әдісімен,қолғап киіңіз.

2.Пациентті арқасына жатқызып, тізе буынында аяғын бүгіп және аздап екі аяғының арасын ашуды ұсыныңыз.

3.Жамбасының астына клеенка және жаялық төсеңіз, судно қойыңыз.

4.Пациенттің жыныс мүшелерін жуыңыз: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолынызға жуындыруға арналған суы бар ыдысты ұстаңыз, оң қолыңызға корнцагпен дәкені алыңыз. Жууды жоғарыдан қасағадан бастап тік ішекке қарай төмен жүргізіңіз. Теріні осы әдіспен құрғатыңыз.

5.Қолғапты шешіп, оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыңыз. Қолыңызды жуыңыз.

6.Залалсыздандырған қолғапты киініз.

7.Сол қолынызбен жыныс еріндерін ашыңыз, ал оң қолынызбен жоғарыдан төмен қарай зәр шығаратын каналды тік ішекке қарай фурацилинмен жақсылап жуыңыз.

8.Пинцетті зарарсыздандыратын ерітіндегі салыныз.

9. Мәрлі дәкені ауыстырыныз.

10.Екінші залалсыздандырған пинцетті алыныз.

11.Залалсыздандырған пинцетпен жазатын қалам сияқты жұмсақ катетердің ұшынан ұстаныз, ұшынан 4-6 см арашылығынан, катетердің сыртқы ұшын саусаққа орап алып оң қолдың 4-ші және 5-ші саусағының арасына қыса ұстаныз. Әйелдерге арналған глицерин майы жағылған стерилді катетерді 4-6 см тереңдікке, зәр шыққанша абайлап зәр шығатын тесікке енгізіңіз. Катетердің бос ұшын зәр жинауға арналған ыдысқа салыңыз.

12. Зәр шыққаннаң кейін катеттерды алмаңыз

13. Жане шприціне жылытылған 100-150мл фурациллин ертіндісін сорып алып катетерға жалғаныз.

13. Ертінлдіні жібергеннен кейін Жане шприцін алып катетірді зәр жинайтын лотокқа салыныз.Осылайша қуықты таза су болғанша жууыңыз

14. Катетерды қуықтан алыныз.

14. Қолғапты шешіп оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыныз, ал пинцетті – зарарсыздандыратын ерітіндіге салыныз.







Дата добавления: 2015-10-02; просмотров: 35743. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Патристика и схоластика как этап в средневековой философии Основной задачей теологии является толкование Священного писания, доказательство существования Бога и формулировка догматов Церкви...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия