Студопедия — Бағдарламада қолданылған инструменттер және мінездемесі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Бағдарламада қолданылған инструменттер және мінездемесі






АЖ құруға қолданылған инструменттер:

· Form;

· DataGridView;

· Button;

· System.EventHandler;

· MenuStrip;

· ToolStripMenuItem;

· SqlCommand;

· SqlConnection.

Form – класы

Form программада көрсетілетін кез келген терезенің бейнеленуі. Form класындағы ерекшеліктердің көмегімен сыртқы көрінісін, мөлшерін, түсін және терезені басқару функцияларын немесе диалогті терезе құруға болады.

Text ерекшелігі терезе тақырыбын анықтауға мүмкіндік береді. Size және DesktopLocation ерекшеліктері мөлшері мен терезе жайын (положения) анықтауға мүмкіндік береді. ForeColor басқару элементтерінің түсін өзгертеді.

DataGridView – класы

DataGridView басқару элементі мәліметтерді көрсетуге арналған қалпына келтіруге болатын кестені ұсынады. DataGridView класы DefaultCellStyle, ColumnHeadersDefaultCellStyle, CellBorderStyle және GridColor секілді ерекшеліктер көмегімен ұяшықтарды, жолдарды, бағандарды және шекараларды қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

DataGridView басқару элементімен мәліметтерді мәліметтер қорының қайнарымен немесе керісінше көрсету үшін пайдалануға болады. Мәліметтер қайнарын көрсетпей мәліметтерді сақтайтын бағандар мен жолдарды құрып, оларды Rows және Columns ерекшеліктері көмегімен DataGridView объектісіне қосуға болады.

Button класы

Button-батырманы басқару элементі.

Батырманың сыртқы түрін өзгертуге болады. Мысалы, жалпақ көрінуі үшін FlatStyle ерекшелігінде FlatStyle.Flat мағынасын береміз.

EventHandler - делегат

Делегат — бұл сигнатураны анықтайтын тип, басқа сөзбен мағынаны қайтару типі және әдіс параметрлерінің тізімінің типі.

EventHandler жағдайды өңдеушіге, жағдайға арналған мәліметтерді генерацияламау әдісін ұсынатын алдын ала анықталған делегат. Егер жағдайды мәліметтер жасаса, онда EventHandler<TEventArgs> универсалды делегет класын пайдалану қажетті.

MenuStrip - класы

MenuStrip – бұл MainMenu-дің орнын басатын жоғарғы деңгей контейнері. MenuStrip басқару элементі меню формасының құрылымына арналған контейнерді ұсынады.

ToolStripMenuItem – класы

MenuStrip немесе ContextMenuStrip объектілерінде көрсетілетін параметрлерді таңдауға арналған рұқсатты білдіреді.

ToolStripMenuItem элементі көрінуі үшін оны MenuStrip немесе ContextMenuStrip менюіне қосу қажетті.

SqlCommand - класы

Transact-SQL нұсқауын немесе SQL Server мәліметтер қорына орындалатын сақталатын процедураны ұсынады. Бұл кластың мұрагерлігі жоқ. SqlCommand данасы құрылған кезде оқу және жазу ерекшелктеріне жаңа мағыналар беріледі.

МІНДЕТТЕР КЕШЕНІН АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ

ЕТУ

3.1 Инфологиялық (ақпараттық) модель (мәліметтер схемасы) және оның сипаттамасы

Мәліметтер базасында белгілі бір тақырыптық облыс (ТО) туралы ақпарат көрсетіледі. ТО – бұл нақты дүниенің бір бөлігі.

Тақырыптық облыстың инфологиялық моделі (ИМ) – бұл одан әрі қолданылатын бағдарламалық және техникалық құралдарға бағдар алмай

орындалған тақырыптық облыстың сипаттамасы(3.1-сурет).

Құрамында тақырыптық облыс туралы бастапқы ақпарат бар. ИМ-ді жасау кезеңі инфологиялық жобалау деп аталады.

Инфологиялық модельге қойылатын талаптар:

- Сайма-сай бейнелеу (инфологиялық модельді көрсетуге арналған тіл айтарлықтай бейнелеу мүмкіндіктеріне ие болуға тиіс).

- Қайшылықсыздық (модельді әрмәнді түсіндіруге жол берілмеуге тиіс)

- Оңай кеңейгіштік (бұрынырақта анықталғандарды өзгертусіз, жаңа мәліметтердің енгізілуін қамтамасыз ету).

- Икемді тіл (тіл қолмен жобаланған кезде де, автоматтандырылған жобалау кезінде де қолдануға жарамды болуға тиіс).

- Барлық пайдаланушыларға түсініктілік.

Инфологиялық модельдің мақсаты — одан арғы жерде МБ тұрғызу үшін ақпарат көзі ретінде пайдаланылатын, нақты өмірдің дәл және толық бейнеленуін жасау.

Аталған схема әрбір мәнге кіретін негізгі мәнді, басты алаңдарды және атрибуттарды көрсетеді.

Сондай-ақ қойма операцияларын және өнім сатуды есепке алуды автоматтандырудың алға қойылған міндеттерін шешуге мүмкіндік беретін байланыстарды және ағындарды шешуге мүмкіндік беретін ақпараттық ағындар және ағындар көрсетілген (3.1-сурет).

«Рустембаев» ЖШС-кәсіпорында

қойма операцияларын және өнім

сатуды есепке алуды талдау

 

Бухгалтерия Қойма Есеп беру

Ақпараттық тасқындар Ақпараттық тасқын

Материал жеткізушілер- Материалдық түсім;

мен есептесу Өндіріс көшірмесі;

Дайын тиіелген өнім

 

3.1-сурет.Басқада мақсаттарда сұлбаның байланысы*

*Ескерту – суретті құрған автор

Келтірілген схема үш блоктан тұрады.

Мәліметтердің бірінші блогы анықтамалықтар түрінде іске асырылған тұрақты ақпаратты көрсетеді.

Аталған жүйеде екі негізгі және үш көмекші анықтамалық көрсетілген. Материалдар Анықтамалығы және Жеткізушілер Анықтамалығы – бұл негізгі анықтамалықтар, олар материалдардың келіп түсуін ескерген кезде, сондай-ақ Қалдықтар мәнінің есептілігін қалыптастырған кезде негізгі ақпаратт көзі болып табылады. Көмекші анықтамалықтар (Өнім бірлігі Анықтамалығы, Аббревиатура Анықтамалығы, Есеп айырысу Шоттары Анықтамалығы) негізгі анықтамалықтардың ақпарат көзі болып табылады. Анықтамалықтарды негізгі және көмекші етіп бөлу олаоды толтыру кезінде ыңғайлы болуы үшін жасалған.

Екінші блок – бұл материалдардың және дайын өнімнің қозғалысын есепке алу болгы. Бұл блок келесідей мәндерден тұрады: Кіріс, МҚ кірісі, Талап-Жүкқұжат, Шығын, ДӨ шығыны. Аталған блоктың есептерін шешу үшін кейініректе тиісті есептеулерді орындау үшін пайдаланылатын аралық ақпарат пайдаланылады. Аталған ақпаратты өңдеудің нәтижесінде қортынды есептер жасау үшін қажетті қортынды құжаттар, қорытынды тізімдемелер, сондай-ақ қорытынды кестелер жасаалды. Осы ақпараттың барлығы оның нәтижелерін есепке алу және талдау процестері үшін қажет.

Үшінші блок – бұл есептік ақпарат блогы. Кіріс мәліметтердің өзгеруін ескере отырып, бұларда осы өзгерістердің барлығы ескерілетін құрама мәндер құрылады. Бұл Журнал және Қалдықтар, олар есептік ақпаратты құрастыру үшін қажет және олар мәліметтердің әрбір өзгерісін белгілеп отыратындығымен, яғни оларда сақталынып отырған ақпараттың уақыттың кез келген сәтіне өзекті екендігімен ыңғайлы.

Кіріс ақпараттың сипаттамасы. Кіріс ақпарат деп есепті шешуге арналған және әртүрлі сақтағыштарда: бастапқы құжаттарда, машиналық сақтағыштарда, дербес компьютердің жадында сақталатын ақпарат түсініледі.

Өндірістік процестерді басқарудың шұғылдығы және тиімділігі өндірістік кәсіпорынның кіріс ақпаратын ұтымды ұйымдастыруға, ақпаратты жинау, тіркеу, беру, сақтау және өңдеу тәсілдеріне, оның құрамына және дер кезінде алынуына байланысты болып келеді.

Диплом жобасында жасалынып отырған автоматтандырылған жүйе үшін кіріс ақпарат болып мыналар табылады:

· Кіріс операцияларын көрсетуге арналған, қолмен толтырылатын кіріс

қосымша. Бұл құжаттар жеткізушілерден қоймаға материалдардың келіп түсуін есепке алу үшін қажет.

· Материалдарды өндіріске шығынға жазуды көрсету үшін: талап

жүкқағаз.

· Шығын құжаттарды көрсету үшін: қолмен толтырылатын тауар жүкқұжаты және шот-фактура. Бұл құжаттар өнімнің қоймадан тиеп-жөнелтілу фактісін растайды.

Материалдарды дайындау және сатып алу операцияларын толтыру үшін жеткізушілердің есептік құжаттары: шот-фактуралар, тауар-тасымал қосымшалары және басқа құжаттар пайдаланылады.

Нормативтік – анықтамалық ақпарат. Қойма операцияларын және өнім сатуды есепке алу ААЖ қолданылатын нормативтік – анықтамалық ақпаратқа:

- Жеткізушілер Анықтамалығы;

- Материалдар Анықтамалығы;

- Аббревиатура Анықтамалығы;

- Есеп айырысу Шоттары Анықтамалығы;

- Өнім бірлігі Анықтамалығы;

- Тауарлар Анықтамалығы;

- Клиенттер Анықтамалығы жатады.

Анықтамалықтардың негізгі функциялары:

· мәліметтер енгізген кезде белгілердің кодталған мәндерінің

тексерілуін қамтамасыз ету;

· мәліметтерді дисплей экранына шығарған кезде белнілердің мәндерін кодтан шығару;

· белгілердің белгілі бір мәндерімен байланысты тұрақты ақпаратты сақтау;

· есептер кешенін шешудің нәтижесінде алынатын кестелерді түсіндірме мәтінмен рәсімдеу болып табылады.

Нәтижелі ақпараттың сипаттамасы. Қойма операцияларын және өнім сатуды есепке алу міндетінің, есебінің автоматтандырылған шешімін жасау барысында нәтиже беретін көрсеткіштер:

- Кіріс жүкқағазды басу;

- Тауар жүкқағазын басу;

- Шот-фактураны басу;

- Кіріс жөніндегі журналды басу;

- Шығыс жөніндегі журналды басу;

- Қоймадағы қалдықтар бойынша тізімдеме;

- Құжатты дата бойынша іздестіру;

- Құжатты жеткізуші бойынша іздестіру;

- Құжатты клиенті бойынша іздестіру;

- Құжатты номері бойынша іздестіру болып табылады.

Кәсіпорынның қоймаларына материалдық құндылықтардың келі түсуін есепке алудың нәтижесінде машиналық шығыс құжат: кіріс жүкқұжат шот-фактура аламыз. Бұл құжаттар Кіріс, МҚ кірісі, Жеткізушілер Анықтамалығы, Материалдар Анықтамалығы кестелерінен ақпаратты өңдеудің нәтижесінде алынады. Бұл құжаттар фирмада қалады және материалдардың келіп түсуін есепке алу жөніндегі есептілікті жүргізу үшін жеке папкаға тігіледі.

Сондай-ақ материалдық құндлықтардың келіп түсуін есепке алу Кіріс бойынша журналдың көмегімен жүргізіледі, бұл журналда операцияның датасын, құжаттың номерін, құжаттың сомасын және белгілі бір датадағы жеткізушінің атауын көрсете отырып, кіріс жөніндегі барлық операциялар көрініс табады. Кіріс бойынша Журнал, Кіріс, МҚ кірісі, Журнал кестелерінің Кіріс бойынша Журнал сұрау салынуының көмегімен өңделуінің нәтижесінде құралады. - Кіріс бойынша Журнал барлық кіріс жүкқұжаттарының регистрі болып табылады.

Тауарды делдалға сатқан кезде Шығын жүкқұжаты және шот-фактура шығыс машиналық құжаттарын аламыз. Шығын жүкқұжаты және шот-фактура Шығын, ДӨ шығыны, Клиенттер Анықтамалығы, Өнім Анықтамалығы кестелерінің ақпаратын өңдеудің нәтижесінде алынады. Бұл құжаттар дайын өнімнің сатылуын есепке алу үшін қажет. Құжаттың бір данасы клиентте қалады, ал екінші данасы фирмада қалады.

Шығын бойынша құжаттар журналы белгілі бір кезең ішіндегі, мысалға, ай ішіндегі барлық шығын құжаттарды тіркеуге мүмкіндік береді. Журналда дайын өнімді сатудың датасы, сату құжатының номері, сату сомасы және клиенттің аты тіркеледі.

 

 

3.2 Есептеулерді формалдандыру (есептерді есептеу және шешу алгоритмдері)

 

ААЖ-ны іске асыру үшін алға қойылған әрбір есепті шешуге арналған алгоритмдер жасалуға тиіс. 3.3-суретте материалдарды кіріске жазудың, оларды өндіріске барудің алгоритмі, сондай-ақ дайын өнімді сатудың алгоритмі келтірілген.

Басы

Келіп тускен материалдар

туралы мәліметтер енгізу

 

Алаңдар талаптарға сәйкес Жоқ

толтырылған

Иа

Мәліметтер базасына

деректер жазу

Өндіріске берілген материалдар

туралы мәліметтер енгіз

 

Алаңдар Жоқ

талаптарға сәйкес толтырылған

Иа

Мәліметтер базасына

деректер жазу

 
 

 


Жуктелген дайын өнім

туралы мәліметтер енгізу

 
 


Алаңдар Жоқ

талаптарға сәйкес толтырылған

 

Иа

Мәліметтер базасына

деректер жазу

 
 

Cоңы

3.3-сурет Қойма операциясының алгоритмі*

*Ескерту – суретті құрған автор

Материалдардың келіп түсуін есепке алу

Нақты кіріс жүкқұжаттың негізінде мәліметтер компьютерге енгізіледі. жүкқұжатта: Құжаттың номері, датасы, алушы, жеткізуші, материалдың атауы, саны, бағасы және жиынтық сомасы көрсетіледі. Бұл мәліметтер есепті жүргізу және әртүрлі есептерді құру үшін қажет. Мәліметтер «МҚ келіп түсуі» құжаты түрінде енгізіледі, және Кіріс кестесінде сақталады әрі редакцияланады. Қоймаға материлдарлың келіп түсуіне қарай енгізіледі. Пайдаланушыдан құжаттарды енгізген кезде мұқияттылық, зейінділік талап етіледі. Сондай-ақ кірісті тікелей қоймада қоймашы да ескеріп отырады, сондықтан ақпаратты қоймадағы мәліметтерді және компьютердегі мәліметтерді салыстыру арқылы бақылап отыруға болады, осы мәліметтер сәйкес келмеген кезде бастапқы құжатты көтеру қажет болады.

 

Дайын өнімнің сатылуын есепке алу

Дайын өнімді делдалға тиеп-жөнелткен кезде шығын құжаттарды толтыру керек. Шығын құжаттар болып шот-фактура және тауар жүкқұжаты табылады. Бұл құжаттарда сондай-ақ кіріс құжаттарындағы секілді: Құжаттың номері, дата, алушы, жеткізуші, дайын өнімнің атауы, саны, бағасы және жиынтық сомасы көрсетіледі. «Тауар жүкқұжаты» және «Шот-фактура» құжаттары Шығын кестесінде сақталады және редакцияланады. Шығындар бойынша мәліметтер сондай-ақ қоймада есепке алынып отырады, сондықтан мұны кейініректе оңай тексеруге болады. Пайдаланушы үшін санды енгізген кезде мұқияттық көрсету қажет болады.

Материалдардың және дайын өнімнің қалдықтары бойынша есеп

Бастапқы мәліметтер Кіріс және Шығыс кестелерінен алынған мәліметтер болып табылады. Бұл есепте белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі материалдардың және дайын өнімнің барлық қозғалысы есепке алынады. Онда материалдардың және дайын өнімнің атауы, келіп түскен саны, жіберілген саны және қорытынды саны көрініс табады. Ол жылға, айға немесе күн сайын орындалуы мүмкін.

Құжаттар бойынша есеп

Есеп құжаттардың тізімін алуға мүмкіндік береді. Есепке қосылатын құжаттардың түрлерін таңдап алуға және, фирманы, контрагентті қоса отырып, құжаттың реквизиттері бойынша фильтрді белгілеуге болады.

Тізімдегі әрбір құжат үшін келесі ақпарат: тізімдегі номері, датасы, құжаттың түрі, номері, сомасы, клиенттің атауы шығарылады. Пайдаланушыға құжаттың түрін, датасын таңдап алу керек, контрагентті таңдап алуға болады (үндемеу бойынша есеп барлық контрагенттер бойынша құралады).

 

Анықтамалықтар жүргізу

Фирма бойынша, материалдар бойынша және дайын өнім бойынша, клиенттер бойынша және жеткізушілер бойынша мәліметтер жекелеген анықтамалықтарда сақталатын болады. Бірінщіден, бұл алға қойылған міндеттерді, есептерді шешу үшін қажет. Мәліметтерді осылайша ұйымдастыру қажетті есептерді құруға мүмкіндік жасайды. Екінщіден, бұл қажетті ақпарат алу үшін мәліметтерді ыңғайлы көрсету. Сондай-ақ бұл құжаттардан көшірме жасаған кезде көмектеседі. Фирма, контрагент және номенклатура алаңдарында осының барлығын қолмен енгізуге емес, тек қажетті позицияны таңдап алуға болады. Бұл жобаланып отырған жүйедегі мәліметтердің тұтастығын қамтамасыз етеді.

Бағдарламалық кешенді қолданудың құрылымдық суреті

 

Бағдарламалық кешенді қолданудың құрылымын 3.4-суреттен көруге болады:

2 4

 

3

 
 


1

 

5 6







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 599. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия