Студопедия — Инвестицияларды мемлекеттік материалдық қолдау: мақсаты, түрлері, тәртібі және ұсыну шарттары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Инвестицияларды мемлекеттік материалдық қолдау: мақсаты, түрлері, тәртібі және ұсыну шарттары






Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты экономиканы дамыту және заманауи технологияларды қолданумен жаңаларын құру, әрекеттегі өндірісті кеңейту және жаңартуда инвестицияларды ынталандыру, жаңа жұмыс орындарын құру мен барын сақтап қалу, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау үшін жағымды инвестициялық ахулды қалыптастыру.

Инвестицияларды мемлекеттік материалдық қолдау инвестициялық преференциялар ұсынуға негізделеді.

Инвестициялық преференциялар – бұл ирнвестициялық жобаны жүзеге асырумен айналысатын Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларына Қазақстан республикасы заңнамасына сәйкес ұсынылатын атаулы сипаттағы артықшылықтар.

Инвестицияларды мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталатын құзіретті органмен жүзеге асырылады.

«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес құзіретті органмен келісім шарт жасау арқылы келесі инвестициялық преференциялар ұсынылады:

1) инвестициялық салықтық преференциялар;

2) кедендік төлемдерден босатылу;

3) мемлекеттік заттай гранттар.

Инвестициялық преференциялар қызмет түрлерінің классификаторы деңгейінде Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін тізім негізінде қызметтің басымды түрлеріне ұсынылады.

Инвестициялық преференциялар инвестормен келісім-шарт жасау жолымен беріледі.

Инвестициялық преференциялар келесі шарттармен ұсынылады:

1) қарастырылып отырған инвестициялық қызметтің қызметтің басымды түрлерінің тізіміне сәйкес келуі;

2) заманауи технологияларды қолданумен әрекеттегі өндірісті кеңейту және жаңарту, жаңа өндірістерді құру үшін Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бекітілген активтеріне инвестицияларды жүзеге асыру;

3) инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін инвестордың қаржылық, техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндіктерінің болуын растайтын қажетті құжаттарды ұсыну;

Инвестициялық салықтық преференциялар бекітілген активтерге инвестициялар көлеміне байланысты, бірақ бес жылдан жоғары емес мерзімге ұсынылады.

Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті табыс салығы, жер салығы және мүлік салығы бойынша ұсынылады.

Инвестициялық салықтық преференциялар – бұл әрекеттегі өндірісті кеңейту және жаңарту, жаңа өндірістерді құру мақсатындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын салық төлеуші - заңды тұлғалардың жылдық жиынтық табысынан қосымша шегерімдер жасау құқығын ұсыну, аталмыш салы төлеушілерді әрекеттегі өндірісті кеңейту және жаңарту, жаңа өндірістерді құру мақсатындағы инвестициялық жоба шеңберіндегі эксплуатацияға қайта енгізілген бекітілген активтер бойынша мүлік салығын төлеуден босату, сонымен қатар инвестициялық жобна жүзеге асыру үшін алынған және қолданылатын жер телімдері бойынша жер салығын төлеуден босату.

Кедендік баждар төлеуден босату инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін әкелінетін жабдықтар мен оған қосалқы бөлшектер импорты кезінде келесі жағдайларда ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасы аумағында аталмыш жабдықтар мен оған қосалқы бөлшектер өндірісі болмаған жағдайда;

2) Инвестициялық жобаға сәйкес қызметті жүзеге асыру үшін аталмыш жабдықтар мен қосалқы бөлшектердің Қазақстан Республикасы аумағында жеткіліксіз өндірісі;

3) Қазақстан Республикасында өндірілетін аталмыш жабдықтар мен оған қосалқы бөлшектердің аталмыш жоба шеңберінде қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі.

Кедендік баждарды төлеуден босату 1 жылға дейінгі мерзімге және келісім-шарт тіркелген уақыттан бастап бес жылдан жоғары емес уақытқа ұзарту мүмкіндігімен ұсынылады.

Кедендік баждарды төлеуден босату және мерзімдерін ұзарту бойынша шешімді құзіретті орган қабылдайды.

Мемлекеттік заттай гранттар – бұл Қазақстан Республикасының меншігі болып табылатын, инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының меншігіне немесе пайдалануына қайтарымсыз ұсынылатын мүлік.

Мемлекеттік заттай гранттар «Инвестициялар туралы» ҚР Заңымен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Үкіметімен немесе құзіретті органмен мемлекеттік мүлікті және жер ресурстарын басқару саласындағы сәйкес мемлекеттік органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жеке меншікке не жерді пайдалануға ұсынылады.

Мемлекеттік заттай грантты ұсынуды келісу тапсырыс берілген уақыттан бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік заттай гранттар ретінде келесілер ұсынылуы мүмкін: жер телімдері, ғимараттар, құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, есептеу техникалары, өлшегіш және реттегіш құралдар мен құрылғылар, көлік құралдары (жеңіл автокөлікті қоспағанда), өндірістік және шаруашылық инвентарлар.

Мемлекеттік заттай гранттарды бағалау Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте олардың нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік заттай гранттың максималды көлемі Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының бекітілген активтеріне салынатын инвестициялар көлемінің 30 пайыздан артық емес көлемін құрайды.

Егер сұрау жасатылған мемлекеттік заттай гранттың бағалау құны көрсетілген максималды көлемінен асса, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының сұрау жасатылған мүлікті оның бағалау құны мен мемлекеттік заттай гранттың максималды көлемінің арасындағы айырмашылықты төлеу жолымен алуына құқығы бар.

 







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 967. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия