Студопедия — Аймақтың және салалардың инвестициялық саясаты және кәсіпорынның инвестициялық саясатын қалыптастыру принциптері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Аймақтың және салалардың инвестициялық саясаты және кәсіпорынның инвестициялық саясатын қалыптастыру принциптері






Аймақтың инвестициялық саясаты ретінде алдын ала белгіленген басымдықтарға максималды жету мақсатында қолда бар инвестициялық ресурстарды бөлу саласындағы аймақ әкімшілігінің іс-әрекет жүйесін түсінуге болады.

Инвестициялар, яғни қолда бар инвестициялау мүмкіндіктері мен кейінгі жалпы инвестициялық ағындар келесілерден құралады:

- бюджет қаражаттары;

- бюджеттен тыс қаражаттар – меншікті капитал; тартылған (қарыз) қаражаттар; шетел капиталы; демеушілік қаражаттары.

Әрбір инвестициялық ағын алдын ала белгіленген бағытта жүзеге асырылатын инвестициялық процеске ауысады. Олар аймақтың өндірістік құрылымы мен инфрақұрылымы қалыптасуының қажетті перспективасына ескере отырып, сонымен қатар мүмкін болатын жақсы өмір сүру жағдайына талпынуды есепке ала отырып аймақ дамуының жасалған тұжырымдамасын негізінде анықталады.

Аймақ дамуының қабылданған тұжырымдамасына сәйкес инвестициялар келесілер бойынша қолданылуы мүмкін:

- дамыту қажеттілігі бар экономика салалары бойынша;

- кәсіпорын қайта өндірісінің тұрпаты бойынша;

- өз дамуында артта қалып келе жатқан аудандар және әкімшілік бірліктер бойынша;

- өндірістік нәтижелер бойынша (ғылыми зерттеулер, өнімнің жаңа үлгілері өндірісін меңгеру, оның сапасын арттыру, өндірістік ресурстарды үнемдеу, еңбек өндіргіштігін арттыру);

- өзін-өзі өтеу мерзімері мен инвестициялар тиімділігінің деңгейі бойынша (қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді өзін-өзі өтеу).

Инвестицияларды пайдалану бағыттарын таңдау және оларды жүзеге асыру бұл инвестициялардың тиімділігін анықтаумен анықталады.

Аймақтық инвестициялық бағдарламаға енгізілген кәсіпорын жобаларының әрі қарай мемлекеттік қолдаудың түрлі нысандарын көрсету кезіндегі басымдықтары болады.

Инвестициялық бағдарламаға қосылуға мүдделі кәсіпорындардың ұсынатын жобаларында келесілер болуы қажет:

1) келесілерді қарастыруы қажет:

- алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуді;

- шикізаттық базаны дамытуды;

- аралас сала кәсіпорындарының аймақ аумағына енгізілуін, аймақтың көлік инфрақұрылымын дамытуды; экспортқа бағытталған немесе импортты ауыстыратын өнімдер өндірісін ұйымдастыру (кеңейту);

2) тиімділіктің келесі көрсеткіштері болуы қажет:

- таза дисконтталған табыстың оң мәні;

- жоба табыстылығының индексі бірліктен жоғары болу;

- бюджеттік қаражаттар табыстылығының индексі бірліктен жоғары;

- жоба табыстылығының ішкі нормасы (бюджеттік тиімділігі) жобаны жүзеге асыруға тартылатын несиелік (бюджеттік) қаражаттар құнынан жоғары болуы қажет;

- жобаның жүзеге асырылуының бүкіл кезеңінде ақша қаражаттары ағынының оң мәні;

3) жоба бойынша келесі келісушіліктердің болуы:

- аймақ аумағында өндіргіш күштерді орналастыру бойынша ведомоство аралық комиссиямен; жобалық-сметалық құжаттама бойынша ведомостводан тыс және экологиялық сараптаманың болуы;

4) жоғары дәрежедегі зерттелудің болуы:

- өнімді өткізу нарығының анықталуы (өнімді жеткізуге ұзақ мерзімді келісімдермен міндетті расталуы, немесе маманданған ұйымдармен келісімдердің жасалуы);

- бюджеттен тыс инвестицияларды тарту көздерінің анықталуы (соның ішінде күрделі салымдармен байланысты жоба үшін меншікті қаражаттардың белгілі бір бөлігінің болуы расталуы қажет);

- конкурстық инвесторлармен келісімге жету және инвестициялау шарттарын келісу;

- облыс әкімшілігі деңгейінде әлеуетті инвесторлармен келісімдердің жүргізілуінің қарастырылуы;

- үкіметаралық несиелік желіге қосылу және Қазақстан Республикасы даму бюджетінің қаражаттары есебінен орталықтандырылған инвестициялық ресурстарды және ҚР Үкіметі кепілдемелерін орналастыру бойынша конкурсқа қатысу үшін құжаттардың ұсынылуы (ұсынуға дайындалуы);

- жабдықтарды жеткізуге келісімдердің жасалуы, немесе жоба бойынша жабдықтарды жеткізушілердің анықталуы.

Сонымен бірге аймақ әкімшілігіне инвестициялық жобалар тиімділігін бағалау және оларды қаржыландыру үшін іріктеу бойынша әдістемелік нұсқаулықтарға сәйкес жасалған бизнес-жоспардан және ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген ҚР даму бюджетінің орталықтандырылған инвестициялық ресурстарын конкурстық негізде орналастыру кезінде инвестициялық жобалар тиімділігін бағалау туралы ережеден тұратын құжаттар пакетін ұсынады.

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты дамудың жоғары қарқындарын және оның нарықтық құнының тұрақты өсімін қамтамасыз ету мақсатында нақты және қаржылық инвестициялардың ең тиңмдң нысандарын таңдау және жүзеге асыруға негізделген кәсіпорынның жалпы қаржылық стратегиясының бір бөлігін білдіреді.

Кәсіпорынның жалпы инвестициялық саясатын жасау келесі негізгі кезеңдерден тұрады (1-сурет):

 
 
Кәсіпорынның жалпы инвестициялық саясатын қалыптастырудың кезеңдері

 


Сурет 1. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын қалыптастырудың негізгі кезеңдері

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік инвестициялық саясатының мақсаты мен міндеттері

2. 2003-2015жж. Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы мақсаты мен міндеттерін атаңыз

3. Дамудың мемлекеттік несиелік ұйымдары не үшін қажет?

4. Қор нарығы және оның қажеттілігі

5. Инвестицияларды мемлекеттік материалдық қолдаудың түрлерін атаңыз және түсіндіріңіз

6. Аймақтардың инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын көрсетіңіз

7. Кәсіпорындарда жүргізілетін инвестициялық саясатты қалыптастырудың кезеңдерін атаңыз

 

Қолданылатын көрнекіліктер:

1. Мемлекеттің инвестициялық саясаты

2. Инвестицияларды мемлекеттік материалдық қолдау

3. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын қалыптастырудың негізгі кезеңдері

Пайдаланылатын әдебиеттер:

1. Омарова А.К. Инвестицияны қаржаландыру және несиелеу. Оқулық-АлматыТаугуль-ПРИНТ, 2009 – 230 б.

2. Асилова А.С. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу:оқулық, -Алматы: Экономика, 2011 – 280 б.

3. Н.Н.Кадерова, А.А.Макенова, Ж.М.Әбуова. Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу:оқулық, – Алматы, 2011 – 570 б.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 1519. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия