Студопедия — Азақстан Республикасындағы инвестициялық саясат
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан Республикасындағы инвестициялық саясат






 

2.1 Инвестицияны Қазақстанда пайдаланудың экономикалық маңызы

 

Шетелдік инвестицияларды пайдалану, қай ел үшін болса да объективті қажеттілік. Ол, ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесі кеңінен қатыстырып, мұқтаж салаларға капиталдар келтірудің тиімді жолы. Дүниежүзілік экономиканың объективті заңдары, капиталдар ауысуының халықаралық тәжірибесі көрсеткендей Қазақстан бұл процестен аулақ тұра алмайды. Бұл қазіргі дүниежүзілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың ерекше белгісі. Егер, біздің мақсатымыз дүние жүзілік шаруашылыққа интеграциялану және ашық экономика қағидаларын қолдау болса, онда капиталдарды Қазақстанға келтіру және оны импорттау ауадай қажет процесс. Олай болса біздің іс – қимылдарымыздың басты бағыттарының бірі – шетелдік инвестицияларды Қазақстанға тарту мынадай мәселелерді шешуге көмектеседі:

1) Экономикалық және техникалық өрлеуді жеделдету;

2)Өндірістік аппаратты жаңарту мен қайта жарақтандыру;

3) Өндірісті ұйымдастырудың үздік әдістерін үйрету;

4) Нарықтық экономикалық талаптарына сай кадрларды дайындау.

Қазақстанға шетелдік капиталды келтіруге байланысты инвестициялық ахуалдың негізгі бағыт – бағдарламасында оларға неғұрлым қолайлы мүмкіндіктер жасалып жатыр. Шетелдік инвестициялардың тасқынды келуі үшін, барлық әкімшілік рәсімдерді оңайлату керек. Бұл жерде әңгіме визалар алу, шекара және кеден бақылауынан өту, жұмыс істеу құқына және ел ішінде жүріп – тұруға рұқсат беру жөніндегі ережелер туралы болып отыр. Инвестицияларға немесе несиелерге салық шешімдерін беруді қоса алғанда салық жеңілдікті, кеден бажын және т.б. қайта қарап, уақыт талабына сәйкестендіруге болар еді. Қорытындылай келе, Қазақстан Үкіметінің баспасөз қызметі арқылы алынған бұл мәліметтер көп нәрсені айқындайды. Мұнай – газ саласы пайданың қайнар көзі. Сондықтан трансұлттық компаниялар ең алдымен соған ұмтылады. [9]

Қаржы емес активтерге салынған инвестициялар жыл сайын өскен. 2005ж – 3040031теңге, 2006ж – 3595876теңге, 2007ж – 4044579теңгеге тең болды. 2007 жылы ол 2005 жылға қарағанда 1004548 теңгеге(25%-ға), 2006 жылға қарағанда 448703 теңгеге (11%-ға) өсті. Нарықтық өзгерістердің жетістіктерін сипаттайтын маңызды факторы – негізгі қорларды жаңарту және жаңа технологияларды енгізу үшін кәсіпорындардың меншікті қаражаттарын салуы болып табылады. Сонымен, соңғы үш жыл ішінде қаражаттарды қаржылық емес активтерге салудың негізгі көзі – кәсіпорындардың меншікті қаражаттары болып табылады (2005 жылы олардың үлесі 63,7%; 2006 жылы – 64,7%; 2007 жылы – 54,7% - ды құрады). 2007 жылы инвестициялардың көлемі өсті, енді әрбір қаржы көзіне тоқталсақ: республикалық бюджеттен бөлінген қаржы барлық инвестициялардың – 10,8%-ын, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы – 2,5%-ды, меншікті қаражаттан бөлінген қаржы – 54,7%-ды, шетел инвестициялары – 15,6%-ды, басқа да қарыз қаражаттары – 16,4%-ды құрады. [10]

Өңірлердің экономикалық дамуының және ол жердегі рыноктық түбегейлі өзгерістердің маңызды көрсеткіштерінің бірі - әркелкі үлесімен сипатталатын инвестициялық белсенділік болып табылады. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өңірлік құрылымында көлемдердің едәуір бөлігі 2007 жылы 41,7% еліміздің батыс өңірлерінің: Атырау (22,2%), Ақтөбе (6,6%), Маңғыстау (7,4%), Батыс Қазақстан (5,5%) облыстарының кәсіпорындары игерген. Алматы және Астана қалаларының үлесі қомақты – тиісінше 14,5% және 12,5%.

Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар құрылымында кәсіпорындардың меншікті қаражатының үлесі 2006 жылмен салыстырғанда 7,9% - ға азайып, 2007 жылы 48,8% құрады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда республикалық бюджеттен бөлінген қаржы – 1,9%, жергілікті бюджет – 0,8%, қарыз қаражаты - 7% - ға өсіп, ал шетел инвестициялары – 1,8% - ға кеміді.

2007 жылы бөлінген инвестициялар мөлшері өсті. Ең көп инвестиция мөлшері өнеркәсіпке бөлінді, соның ішінде кен өндіру өнеркәсібіне көбірек бөлінді. Ал ең аз мөлшердегі инвестиция мөлшері балық аулау мен балық өсіру саласына бөлінді. Инвестицияландыру мөлшері 2007 жылы 2005 жылға қарағанда 39% - ға, 2006 жылға қарағанда 17% - ға өсті. [11]

 

Кесте 1

Табиғи ресурстарды қорғау және ұтымды пайдалану жөніндегі шараларға салынған инвестициялар

 

       
Млн.тг. % Млн.тг. % Млн.тг. %
Барлығы            
Одан
Су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалануға            
Атмосфералық ауаны қорғауға            
Жерді қорғау және ұтымды пайдалануға            
               

 

Табиғи ресурстарды қорғап, ұтымды пайдалануға салынған инвестициялар жыл сайын өзгеруде. Мысалы, 2005 жылы оған 777 млн.теңге бөлінсе, 2006 жылы 82 млн.теңге бөлінді, ал 2007 жылы бөлінген сома 90 млн.теңгеге тең болды. Мәліметтер бойынша, инвестицияның ең көп мөлшері әрдайым су ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалануға бөлінген, 2007 жылы оған барлық инвестицияның 78 % - ы бөлінді.

Жалпы 2007 жылы қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың мөлшері 4044573 млн.теңгеге тең. Соның ішінде мемлекеттік – 561404, жекеше – 2439849, шетелдік – 1043326 млн.теңге болды. Ең көп мөлшердегі инвестиция негізгі капиталға жұмсалды – 3392122млн.теңге: мемлекеттік – 555830, жекеше – 1933319, шетелдік – 902973. Көлемі бойынша екінші орында басқа өндірілген активтерге жұмсалған инвестиция, ол – 600374 млн.теңгені құрайды: мемлекеттік – 1473, жекеше – 461398, шетелдік – 137503. өндірілмеген инвестицияларға бөлінген инвестицияның мөлшері – 52083млн.теңге. [12]

Республика экономикасындағы түбегейлі нарықтық өзгерістер инвесторлардың меншік түрлеріенің құрылымын өзгертіп, мемлекеттік инвестордан жеке инвесторға қайта бағдарлау пайда болды. Сонымен, тәуелсіздік жылдары ішіндегі инвестициялар көлемінің 50% -дан астамын жеке меншік кәсіпорындры игерді.

“Республиканың индустриялық – инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясына” cәйкес, индустриялық – инновациялық саясат артықшылықтарын анықтауда, өнеркәсіпті жаңартудың басым бағыттарын анықтау үшін отын – энергетикалық кешеннің және экономиканың басқа да базалық салаларының инвестициялық және өндіру әлеуетін пайдалану белгіленген.

2006 жылы өнеркәсіп бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 3,4% көбейді. Инвестициялардың едәуір бөлігін (өнеркәсіпке салынған инвестициялардың жалпы көлемінің 59 – 77% -ы) 1998 – 2005 жылдар аралығында кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындары игерген. Олардан негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 54 – 71% - ы өңделмеген мұнай мен табиғи газды шығару және осы салаларда қызмет көрсету кәсіпорындарының үлесінде. Өңдеу өнеркәсібінде осы кезең ішінде негізгі капиталға салынған инвестициялардың аздаған көлемін металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары (42 - 59%),сусындарды қоса, тамақ өнімдерін (13 – 21%), кокс, мұнай өнімдері мен ядролық материалдар өндіру (3 – 12%), химия өнеркәсібі (2 – 8%) кәсіпорындарды игерген. [13]

Табиғи ресурстарға бай ел ретінде, Қазақстан үшін экономиканың дамуының басым бағыттарының бірі, отын – энергетика кешеніне инвестициялық ресурстарды жұмылдыру болып табылады. Нақ соның дамуының арқасында республика үлкен инвестициялық тартымдылыққа ие болып жүр. 2006 жылы отын – энергетикалық кешен саласындағы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 516,6 млрд. теңгеге жетті, ал бұл көрсеткіш өнеркәсіпке салынған инвестициялар көлемінің 68,5% - ын және республиканың негізгі капиталына жұмсалған инвестициялар көлемінің 23,4% - ын құрайды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 – 2006 жылдарға арналған Бағдарламасында, отын – энергетикалық кешен салалары арасында Қазақстанның оңтүстігі мен батысында қазіргі уақытта генерациялық қуат тапшылығын бастан кешіріп отырған, электр энергетикасының дамуына көп көңіл бөлінген. Осы салаға жұмсалатын инвестициялар көлемінің әрі қарай өсуіне, 2004 жылы басталған жалпы ұзақтығы 1115км Қазақстанның Солтүстік – Оңтүстігі 500кВ электр берудің екінші желісін құрудың ең ірі жобасы мүмкіндік туғызады. Ол құрылыс аяқталған соң, 2008 жылы Қазақстанның Оңтүстік және орталық облыстарында электрмен жабдықтау сенімді қамтамасыз етіледі. [14]

Тәуелсіздік жылдарында, өнеркәсіп салаларындағы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың едәуір көлемін Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кәсіпорындары игерген. Қарашығанақ кен орындарындағы жұмыстардың аяқталуына байланысты, Батыс Қазақстан облысында 2000 жылмен салыстырғанда 2006 жылы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 27,6 пайыздық пунктке төмендеген.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылы наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан экономикасының әрі қарай жаңартылуы мен диверсификациясының басым бағыттарының бірі ретінде диверсификацияны белсендіру және экономиканың жаңа салаларының дамуы, осы салаларға шетелдік капиталды тарту мақсатында икемді салық және бюджет саясатын пайдаланудың маңыздылығы көрсетілген. 2005 жылғы деңгейге қатысты шетел инвестициялары есебінен негізгі капиталға қаражат салу 2006 жылы 1,8 есе өсіп, 561,9 млрд. теңгені құрады. 1999 жылмен салыстырғанда 2006 жылы негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде шетел инвестицияларының үлес салмағы 7,5 пайыздық пунктке төмендеген. Пайдалану бағыттары бойынша шетелдік қаражаттар, негізінде, инвестициялаудың ең қолайлы саласы кен өндіру өнеркәсібіне (өнеркәсіпке салынған инвестициялар көлемінің орта есеппен 57,3% -ы) болып табылатын өнеркәсіпке (соңғы үш жыл ішінде олардың үлесі орта есеппен 65,2% құрады) салынған. Өңдеу өнеркәсібі саласында инвестициялық белсенділіктің артқанын атап өту керек. Мұның өзінде, 2003 жылмен салыстырғанда инвестициялық салымдар үлесі 2005 жылы шамамен 2 есе өсті. Өңдеу өнеркәсібінде шетелдік капитал есебінен “Испат - Кармет” ААҚ металлургия зауыты, “Шымкентцемент” ААҚ зауыты қайта құрылды, Алматы облысында орналасқан буып түйетін материалдар фабрикасы мен аккумуляторлар шығару зауыты, Батыс Қазақстан облысындағы жарылғыш заттарды өндіру зауыты, Алматы қаласындағы құрылыс қоспаларын өндіру зауыты және “Цин - Каз” жеміс консервілерін дайындау бойынша желілер құрылды. 2005 жылы шетелдік инвестициялар көлемінің бестен бір бөлігін геологиялық және зерттеу есебінен жылжымайтын мүлікпен жасалған операциялар құрады (2003 жылы шамамен – 5,7%). “Көлік және коммуникация” саласының дамуына 2003 жылдағыдай, 2005 жылы шетелдік инвестициялардың 13% - нан астам мөлшер жұмсалған. Көлік – коммуникация кешенінде “Ақтау” порты, Алматы – 1 станциясындағы жолаушы вагон депосы қайта қалпына келтірілді, Шығыс Қазақстан облысында Ертіс өзені арқылы көпір тұрғызылды, Жамбыл облысында телефон станциясы жақсартылды, Алматы – Астана автожолы қайта құрылды. [15]

2.2 Шетел инвестициялары Қазақстанда.

 

Шетелдік инвестицияларды толық, тиімді пайдалану, қандай да елде болмасын объективті қажеттілік. Ол ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қатыстырып мұқтаж салаларға капитал келтірудің тиімді жолы және экономикалық даму негізі.

Инвестицияны Қазақстанға қалай тартуға болады? Тарту керек пе, жоқ па? Бұл арада екі ұдайы әңгіме бар. Біріншісі, шетелдік инвестицияларды Қазақстан экономикасына белсенді түрде тарту керек. Ол үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау керек деген ресми көзқарас. Екіншісі, Қазақстанның байлығын оңды – солды таратып, халықаралық монополияның тұзағына түсеміз және ол тұзақ бірте – бірте тынысыңды тарылтады, - яғни елдің экономикалық және саяси тәуелсіздігіне нұқсан келтіреді, деген көзқарас.

Дүниежүзілік экономиканың объективті заңдары, капиталдар ауысуының халықаралық тәжірибесі көрсеткеніндей Қазақстан бұл процестен аулақ тұра алмайды. Бұл қазіргі дүниежүзілік шаруашылықпен халықаралық экономикалық қатынастардың ерекше белгісі.

Егер біздің мақсатымыз дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялану және ашық экономика қағидаларын қолдау болса, онда капиталды Қазақстанға келтіру және оны импорттау ауадай қажет процесс. Олай болса біздің іс – қимылдарымыздың басты бағыттарымыздың бірі шетелдік инвестицияларды тарту және оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану болуы тиіс.

Шетелдік инвестицияларды Қазақстанға тарту мынадай мәселелерді шешуге көмектеседі:

1) Экономикалық және техникалық прогресті жеделдету;

2) Өндірістік процесті жаңарту мен қайта жарақтандыру;

3) Өндірісті ұйымдастырудың үздік әдістерін үйрену;

4) Нарықтық экономиканың талаптарына сай кадрларды дайындау.

Мәліметтерге жүгінсек, өткен үш жыл ішінде Қазақстанға тартылған шетел капиталдарының көлемі 5,9млрд долларға жуықтаған. Мұның 28% несие, 22% заемдар, қалған бөлігі мемлекет кепілдігімен алынған тікелей инвестициялар. Үш жыл ішіндегі осы қаржының 60% мұнай өңдеу өнеркәсібіне, 10% түсті металлургияға, қалғаны газ бен тамақ өнеркәсібін дамытуға жұмсалды. Бұл инвестициялардың 54% -ы АҚШ – тан, 6,8% - ы Ұлыбританиядан, 6.6% - ы Түркиядан және Оңтүстік Кореядан, Франциядан, Жапониядан түсті.

ТМД елдерінде орын алған қолайлы инвестициялық климат, яғни жалпыэкономикалық жағдайды тұрақтандыру, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық жағдайын жақсарту және ұлттық валюталардың нығаюы негізгі капиталға деген инвестицияның мөлшерін ұлғайтты. Инвестицияның ең жоғары өсуі Азербайжанда (8,3 есе), Арменияда (5,5 есе), Қазақстанда (3,7 есе), Беларусьте (2,7 есе). Орташа ТМД елдеріндегі инвестицияның ЖІӨ - дегі негізгі капиталға деген үлесі 2007 жылы 20% - ға тең болды, ал 2000 жылы ол 16% - ды құраған. Оның өсуі мемлекеттердің көбінде көрініс тапты. [18]

Соңғы жылдары негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны басқа макроэкономикалық көрсеткіштерден асты. Сондықтан ТМД елдерінде орташа жылдық ЖІӨ - нің өсу қарқыны 2001 – 2007 жылдары 7,2%, өнеркәсіптік өндірісте – 3,6%, ауыл шаруашылығы өнімдерінде – 3,8% - ды құрады, ал негізгі капиталға инвестициялар әр жыл сайын орташа 13,8% - ға өсті. Бірақ бұл инвестициялардың көлемі ТМД елдерінің көбінде 2007 жылы 1991 жылға қарағанда аз болды және ТМД бойынша оның деңгейінің 83% - ын құрады. Қазақстанға ТМД елдерінен бөлінген инвестиция мөлшері – 3,2 трлн.теңгені құрады, бұл 2000 жылға қарағанда 3,7 есе көп мөлшер.

Жалпы орташа Еуропалық Одақ елдерінде 2007 жылы жан басына шаққандағы негізгі капиталға бөлінген инвестициялардың көлемі 7264 АҚШ долларына, АҚШ-та – 8634 долларға, Жапонияда – 8086 долларға сәйкес болды.

ТМД елдерінің көбінде инвестициялар өнеркәсіпке бағытталған. 2006 жылы ол Азербайжанда - 69%, Қазақстан, Қырғызстан, Ресейде – 35-38% болды. 2006 жылы жалпы өнеркәсіпке бөлінген инвестициялардың ішінен энергетикалық ресурстарды өндіруге Азербайжанда - 79%, Қазақстанда - 58%, Ресейде -37 % -ы бағытталған. Қазақстанда металлургияны өндіруге бағытталған инвестициялар өсті (2000ж. – 11,1% - дан, 2006ж. – 14,4%). Жолдар мен байланысты дамытуға негізгі капиталға салынған инвестициялардың 8%-ы Қазақстанды қолданылды.

Өнеркәсіпте Қырғызстан, Тәжікстан мен Украинада негізгі қорлардың жаңаландырылуының коэффициенті 2-6%, Ресейде - 10%, Азербайжан мен Қазақстанда - 14%-ға тең болды.

ТМД елдерінің көбінде тұрғын үй құрылысының салыну қарқыны біршама өсті. 2007 жылы ТМД елдерінде қолданысқа берілген тұрғын үйлердің көлемі 94миллион шаршы метр және де бұл 2000 жылға қарағанда 1,9 есе көп. Қазақстанда қолданысқа берілген тұрғын үйлер саны 6,7 есе өсті.

Қазақстан Республикасына шетелдік инвесторлар салатын қаржының мөлшері 2000 жылы барлық инвестициялардың 25%-ын құраса, 2007 жылы олардың мөлшері кеміп, 18%-ды құрады.

Қандай елдің болса да экономикасына капитал келтіру сол елдегі қалыптасқан инвестициялық ахуалға байланысты. Шетелдік инвестициялар нарығындағы ахуал оларға мұқтаж Шығыс Еуропа, ТМД елдерінің сұранысына байлансты елеулі бәсекелік туғызып отыр. Капиталды импорттаушылар санының капиталды экспорттаушылар санынан едәуір көп екенін ескерсек Қазақстанның бәсекелестік қабілетін арттыруға мүмкін болған жағдайдың бәрін жасау керек. Қызмет көрсетумен қажетті инфрақұрылымдар жасап, оны дамытудың шетелдік инвесторлар дағдыланған деңгейне жету күн тәртібінде тұр. Көптеген заңды, нормативтерді, актілерді айқындап, шетелдік салымшылар мен жұмыс істеу жүйесін толық қалыптастыру керек. Инвесторлардың жолындағы кедергілерді алып тастап, олармен тіл табысуға мүмкіндік беретін жеңілдіктер мен преференциялардың икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыру да қажетті іс – қимыл түріне жатады. Қазақстанға шетелдік капиталды келтіруге байланысты, инвестициялық ахуалдың негізгі бағыт – бағдарында оларға неғұрлым қолайлы мүмкіндіктер жасап жатыр. Шетелдік инвестициялардың толқынды келуі үшін барлық әкімшілік рәсімдерді оңайлату керек. Бұл жерде әңгіме визалар алу, шекара және кеден бақылауынан өту, жұмыс істеу құқығына және ел ішінде жүріп – тұруға, рұқсаттар беру жөніндегі ережелер туралы болып отыр. Бүкіл әлем қарым – қатынас жасасатын ағылшын тіліне қазақстандықтарды, ең алдымен мемлекеттік қызметшілермен қызмет көрсету саласындағы жұмыс істейтін адамдарды оқыту қажет, өйткені тәжірибе көрсетіп отырғандай, ірі капитал тілдік кедергілері бар елде нашар бейімделеді. Қазақстандық авиажелілердің, әуежайдың, ондағы қызмет көрсетудің қолайлылығына, жоғары дәрежелі қонақ үйлерінің телекоммуникацияның болуына көп нәрсе байланысты. Біздің мақсатымыз шетелдік бизнесмендерге неғүрлым жеткілікті ықылас көрсету, олардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік бері болуға тиіс. 1992 жылы Қазақстанда 14 инвестор болса, қазіргі уақытта олардың саны өсіп бір мыңнан асты. Дамыған елдер фирмаларының республика өндірісіндегі үлесі де әр түрлі. Алғашқы орында АҚШ тұр. Америка компаниясын Қазақстанның мұнай шикізаты қызықтырады. Тікелей инвестиция бағытындағы екінші орынды Оңтүстік Корея компаниясы алады. Одан кейінгі орында Ұлыбритания – 6%, Түркия және Франция. Барлық шетелдік тікелей инвестициясының 75% - ы Қазақстанның мұнай – газ саласына шоғырланған. [19]







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 811. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия