Студопедия — Инвестициялық саясаттағы мақсаттар мен шешу жолдары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Инвестициялық саясаттағы мақсаттар мен шешу жолдары






 

Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуге ғана емес, әлеуметтік салаға да, сондай – ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кірігуіне ықпал етеді. Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшін шетел капиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет. Бірақ тіпті Адам Смиттің де мойындағанындай, жекеше секторды қызықтырмайтын кейбір қоғамдық мұқтаждар да бар. Мұндай жағдайларда және осы мұқтаждарды қамтамасыз етудегі соңғы шара ретінде мемлекет оны өз мойнына алады.

Аймақаралық ірі көлік орталығы ретіндегі біздің бағытымыз шетел инвестицияларының неғұрлым бәтуәгер режимін орнатуды талап етеді. Тек осылайша ғана біз қаржы мен білімнің қажетті ағынын тартып, өз мүмкіндіктерімізді және шетелдермен тұрақты сауда айырбасын дамыта аламыз.

Әділ әкімшілік бұлжытпай орындайтын, анық тиімді және қатаң ұстанатын заңдары бар ашық және бәтуәгерлік инвестициялық саясат шетел инвестицияларын тартудың барынша қуатты ынталандыру тетігі болып табылады.

Мұндай саясатты талдап жасау біздің негізгі міндеттеріміздің бірі болуға тиіс, өйткені Қазақстанның шетел капиталынсыз, технологиясынсыз және тәжірибесінсіз жедел экономикалық өрлеу мен жаңартуға қалай қол жеткізетінін көз алдымызға келтіру қиын.

Біздің инвестициялық ахуалымыз неғұрлым қолайлы, ал Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша басты орынға шығуы үшін бізге саяси ерік – жігер мен нақты іс – қимыл қажет. әлемге әйгілі инвесторларды мүмкіндігінше көптеп тарту үшін біз қажетті тетіктерді пайдалануда асқан шеберлік танытуға да тиіспіз.

Шетелдік және отандық инвесторлар үшін бірдей жағдайларды жасауға болады, инвестицияларды мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіруге, оның ішінде инвестициялық келісім – шарттарды жасасу процесін оңайлатуға және олардың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған «Инвестициялар туралы» жаңа Заң қабылданды.

Инвестициялық салада осы уақытқа дейін іске асырылған шаралардың нәтижелері ретінде мыналарды атап өткен жөн: негізгі капиталға инвестициялар көлемінің жыл сайын ұлғаюы; «Moody`s Investors Service» рейтинг агенттігінің Қазақстанға инвестициялық санатқа жатқызылатын Ваа3 кредит рейтингін беруі; мемлекеттік инвестицияларды жоспарлау және жүзеге асыру жүйесін ретке келтіру; мемлекеттік даму институттарын құру. [20]

Сонымен бірге, инвестициялық саясат саласында мынадай проблемалар сақталып отыр: экономиканың өңдеуші салаларына инвестициялардың төмен деңгейі; елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканың басым салаларына инвестициялық ресурстарды шоғырландыру және қайта бөлу институттары мен тетіктерінің жеткіліксіз тиімділігі; мемлекеттік қаржы ресурстарының қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды басқару мен іске асырудың тұтас құрылымдық – институционалдық жүйесінің болмауы.

Мақсаттары:

· Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту;

· Экономикаға инвестициялар тарту мен оларды тиімді пайдаланудың жоғары деңгейіне қол жеткізу;

· Экономиканың басым секторларына инвестициялардың көлемдерін ұлғайту.

· Шешу жолдары:

Алдағы кезеңде мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру Қазақстан Республикасының Индустриалдық – инновациялық дамуының 2015 жылға дейінгі стратегиясына, Қазақстан Республикасының 2003 – 2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық – түлік бағдарламасына және салалық бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Отандық және шетелдік инвестициялардың қызметтің басым түрлеріне ағылуы көлемдерін ұлғайту және инвестициялық міндеттемелер мониторингінің тиімді жүйесін құру мақсатында мыналар:

· Жеке инвестицияларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсету үшін қызметтің басым түрлерін айқындау жөніндегі кешенді әдіснаманы әзірлеу;

· Инвесторлардың келісім-шарт міндеттемелерінің мониторингі бойынша деректердің электрондық базасын жасау жүзеге асырылады.

2003-2006 жылдардағы кезеңдерде:

· инвестицияларды сақтандыру жүйесін құруға және дамытуға;

· жеке инвестициялық қорларды құруға және дамытуға;

инвестициялық заңнаманы жетілдіруге бағытталған белсенді шаралар қабылданады.

Мемлекеттік басқару функцияларын тиімді іске асыруды қамтамсыз ету, әлеуметтік секторды, инфрақұрылымды дамытуды, аграрлық секторды дамытуға жәрдемдесу, Астана қаласын дамыту бюджеттік инвестициялардың басымдықтары болады. Ғылыми және ғылыми – техникалық инфрақұрылымды жаңғыртуға зор назар аударылады.

Бұдан басқа, алдағы кезеңде экономиканы дамытудың салалық және өңірлік басымдықтарына сәйкес инвестициялық жобаларды салалы әзірлеуді көздейтін мемлекеттік инвестицияларды жоспарлаудың біртұтас жүйесі құрылатын болады.

 

 







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 570. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Классификация холодных блюд и закусок. Урок №2 Тема: Холодные блюда и закуски. Значение холодных блюд и закусок. Классификация холодных блюд и закусок. Кулинарная обработка продуктов...

ТЕРМОДИНАМИКА БИОЛОГИЧЕСКИХ СИСТЕМ. 1. Особенности термодинамического метода изучения биологических систем. Основные понятия термодинамики. Термодинамикой называется раздел физики...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия