Студопедия — Сабақ. Тері меланомасы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сабақ. Тері меланомасы






Кіріспе. Ресми есеп-санақ құжаттарында меланома тері рагынан бөлек қаралады.Тері меланомасы шамалы сирек кездесетін қатерлі ісікке жатады. Тері меланомасы пигмент түзетін меланоциттен пайда болады, олар эпидермистің базальды қабатында, негізгі тері мен эпидермис арасындағы сызықта орналасады. Меланоциттің меланофорлы (меланин түзбейтін) клеткадан ерекшелігі, оны 3,4-диоксифинилаланинмен бояғанда, ол қоңыр не қара түске өзгереді. Бұл құбылысты – ДОФА – реакциясы дейді. ДОФА реакциясының оң болуы тек меланоцитке тән, бұл клеткада фермент меланогеназа болғанда ғана, пропигмент меланинге айналады. Меланогенезге негізгі рол атқарушыларға эндокриндік ағзалар, соның ішінде гипофиз жатады. Бұл без α (альфа) және β (бэта)–меланиндерді қоздырушы гормонды шығарады. Меланин пайда болуына себепті әсер ететіндер ультракүлгін мен ренген сәулелері. Тері меланомасын бірден анықтау мүмкін емес, оның ағымы өте қауіпті, емдеу жолы да күрделі. Меланомада пункция не биопсия жасауға болмайды. Осыған байланысты көпшілігінде емдеу кезінде кешенді әдіс қолданады.

 

Меланоманың пайда болуы

Тері меланомасы қалдардан (пигментті невус) пайда болады, қалдар неше түрлі болып келеді:

· жалпақ тәріздес,

· бөртпеге ұқсас,

· түйінді,

· сүйелді,

· шашақты.

Морфологиялық тұрғыдан қалдардың бірнеше түрлері бар:

Шекаралы невус (№1-сурет). Өте жиі ұмада, алақанда, табанда кездеседі. Оның түсі қою-қоңыр, көлемі 1 см-ден аспайтын жалпақ, тері деңгейінен көтерілмейтін және шашсыз келетін таңба. Меланомаға ауысу мсүмкіншілігі тым жоғары келеді.

Тері ішіндегі невус (№2-сурет). Басқаларға қарағанда жиірек анықталынады.Эпидермис жұқа келіп, нәзіктеу болады және кейде онда гиперкератоз және папилламатоз байқалады. Ол тері деңгейінен көтерілмейді, әрі қатерлі ісікке сирек жағдайда ауысады.

Көкшіл невус (№3- сурет). Теріде терең жерде орналасқан, сондықтан көкшіл түстес боп келеді, эпидермис оның үстінде жұқарып көрінеді. Сирек жағдайда меланомаға көшеді.

Аралас невус (№4- сурет). Екі қабатты, эпидермис және дерманы алып жатады. Сондықтан бұл невуста эпидермальды, не шекаралы түрі басым болып кездеседі. Тері деңгейінен қөтеріліп тұрады және қатерлі ісікке тез айналады.

Ювенильді (жасөспірімдік) невус (№5- сурет,. Жалпақ тәріздес түйін, сұрғылт қызыл, немесе, сирек жағдайда, қоңыр түстес келеді. Эпидермис жұқалау болып, 6,0% жағдайда меланомаға ауысады

 

Дюбрейл меланозы (№6- сурет). Жалпақ тәріздес түйін, сұрғылт қызыл, немесе, сирек жағдайда, қоңыр түстес келеді. Эпидермис жұқалау болып, 6,0% жағдайда меланомаға ауысады. Көбінде - әйелдердің кеудесінде, бетте, қолда және т.б. жерлерде кездеседі көбінесе егде жастағы адамдарда. Бірнешеу болып қою-қоңыр түсті таңбалармен белгіленеді, олардың шекарасы көмескіл келіп, сандары көп болады және боялу қасиеттері саналуан жүреді.

Әртүрлі әдеби мәліметтеріне сүйенсек, Дюбрейл меланозынан пайда болатын меланома, жалпы меланомамен салыстырғанда 10 - 33,0% құрайды, ал кейбіреулері – 75,0%-ға жететіндігін көрсетеді.

 

Ота невусы – туа біткен қал, көбінесе үштік жүйкенің I- және II- бағаналары жүйкеленетін аймақтың бір жағында ғана кездеседі. Сирек жағдайда туа пайда болады, әсіресе жас балалар мен жас өспірімдер арасында жынысты ересейу кезеңінде пайда болады. Бұл невус пигментті дақ көкшіл не қара-көкшіл түсті болып, бет аймақтың бір жағын жиі зақымдайды. Клиникалық көрістері қара-қошқыл пигментті көздің шырышты қабатында, ақ қабығында, нұрлы қабықта орналасады (№7- сурет). Сонымен бірге, бір-біріне сіңісіп өскен, не алып көлемді ұрт аймағында, жоғарғы жақ пен самай сүйектерінің үстінде (№8- сурет) көкшіл-қара түсті зақымдалған жағында орналасып, көрген кезде түсіне қарай беті «ыластанған тері» тәрізді болып көрінеді.

 

Моңңол дағы ( №9- суреттер) - көкшіл түсті сегізкөз, бөксе мен сан аймақтарындағы терісінде,ал меланиен пигменттері терінің дәнекер қабатында орналасады. Бұл дақ алғаш рет моңғолдардың баласында кездесетіндігі туралы белгілі болған. Алайда бұл дақ моңғолдарда, қазақтарда, қырғыздарда, якуттарда, айндарда, кәрістерде, буряттарда, тувалықтарда, Солтүстік Америка индейцтерінде және басқа ұлттарда да кездеседі. Монғол дағы жаңа туған балаларда екінші не үшінші күндері белгілі болып, 12-24 айдан соң өз бетінше кетіп қалады, ал кейбір кезде ересектерде қалдық түрінде сақталып қалады







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 1706. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Значення творчості Г.Сковороди для розвитку української культури Важливий внесок в історію всієї духовної культури українського народу та її барокової літературно-філософської традиції зробив, зокрема, Григорій Савич Сковорода (1722—1794 pp...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия