Студопедия — РЕФЕРАТ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

РЕФЕРАТ






Оқыту мақсаты: Жүрек жиырылған кезде адам денесiнiң бетiмен таралып отыратын электрлiк потенциалдардың өзгерiсi пайда болатыны белгiлi. Сондықтан жүрек жұмыс iстеп тұрған кезде адам денесiнiң кез-келген жерiнде орналасқан екi нүктеге электродтар бекiтiлсе, онда потенциалдар айырымының бар екендiгiн байқаймыз. Потенциалдардың осындай өзгерiсiн жазуды электрокардиограмма деп атайды.

Клиникада электрокардиограммаларды жүрек ауруларын диагностикалауда кеңiнен қолданады және сол арқылы жүректiң қызметi туралы көптеген мәлiметтер алынады (диагностика-аурудың толық белгiлерiн анықтау жөнiндегi iлiм). Сонымен, ЭКГ-ны үйрену денсаулық сақтау iсiнде үлкен тәжірибелік мәнге ие.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Студенттiң бiлiп келуге тиiстi мәлiметтерi:

1. Электрлiк диполь, электр өрiсi дегеніміз не?

2. Эйнтховен теориясының физикалық негiзi неде?

3. Электрокардиограф қалай жұмыс iстейді?

4. Вектор-кардиограмма дегенімiз не?

 

  • Студенттiң меңгерiп келуге тиiстi дағдылары:

1. Құралды жұмысқа дайындауды.

2. Электрокардиограмманы жазу тәртiбiн.

3. Жазылған ЭКГ көмегiмен потенциалдар айырымын және тамырдың соғу пульсiнiң жиiлiгiн есептеп шығаруды.

Білім берудің және оқытудың әдістері (жұптасып жұмыс істеу):

  • Өлшеу жұмыстарына қажеттi құрал-жабдықтар:

1. Электрокардиограф.

2. Электродтар.

3. Жермен жалғастырғыш кабель.

4. Электородтарды бекiтетiн аспаптар.

 

1. Тармақтар кабелi сымдарының қосылу реттерi мына төмендегiдей болуы керек. Тармақтар кабелiнiң науқас денесiндегi орналасуы және электродттардың қолға бекiту үлгiсi 1 – суретте көрсетiлген.

 
 

 

 


  • Кеуде электродтары.

Кеуде электродтарын 1946 жылы Вильсон ойлап тапқан. Вильсон біріккен электроды — индифференттік электрод ретінде қолданылады. Ол оң және сол қолдардын, сол аяктың электродын кедергі аркылы қоскан кезде түзіледі. Бұл электродтың потенциалы шамамен 0-ге тең және ол гальванометрдің теріс электродына қосылады. Белсенді электрод кеуде қуысының алдыңғы бетінің әртүрлі нүктелерінде орналастырылады және оны гальванометрдің оң полюсіне қосады. Бұл электродтар біріккен Вильсон электроды мен адамның кеуде қуысының алдыңғы бетіне орналастырылған белсенді электродтың арасындағы потенциалдар айырымын анықтайды. Бір полюсті кеуде электродтары V әрпімен таңбаланады. Кеуде шыкпаларының саны — 6 (V1—V6) (1-сурет).V1- белсенді электрод төс сүйектің оң жақ жиегінде, төртінші қабырға аралығында орналасады. V2- белсенді электрод төртінші қабырға аралығында, төс сүйектің сол жиегіне орналастырылады. V3 - белсенді электрод V1 мен V4 арасын қосатын тузудің ортасына орналасады. V4- белсенді электрод бесінші қабырға аралығында, сол бұғана орталық сызығының бойында орналасады. V5- белсенді электрод бесінші қабырға аралығында, алдьңғы сол қолтық асты сызықтың бойында орналасады. V6- белсенді электрод бесінші қабырға аралығында, ортаңғы сол қолтық асты сызығында орналасады.

  • қызыл (R) - оң қолға (О.Қ.) байланады;
  • сары (L) - сол қолға (С.Қ.) байланады;
  • қара (N) - оң аяққа (О.А.) байланады;
  • жасыл (F) - сол аяққа (С.А.) байланады;
  • ақ – қызыл (V1) төртінші қабырғаға кеуденің оң жағына;
  • ақ – сары (V2) төртінші қабырға аралығына кеуденің сол жағына;
  • ақ – жасыл (V3) бесінші қабырғаның V2 мен V4 ортасына;
  • ақ – қоңыр (V4) бесінші қабырға ортасына сол жаққа қарай;
  • ақ – қара (V5) V4 пен V6 электродтар аралығының сол жағына;
  • ақ – күлгін (V6) қолдың астына V4 деңгейіне;

 

Бiр тармақ үшiн (көбiнесе II тармақ) ЭКГ-i тiсiнiң биiктiгiн өлшеу 2 – суретте көрсетілген.

· ЭКГ-i тiсiнiң биiктiгi (h), ал калибровтiк импульстiң биiктiгi (S) арқылы, ЭКГ-нiң әр тiсiне сәйкес келетiн потенциалдар айырымын U=hS формуласы арқылы анықтау керек.

· Өлшеу және есептеу нәтижелерiн 1-кестеге енгiзу керек.

· ЭКГ-нiң уақыттық (t) интервалдарының ұзақтығын өлшеу үшiн ЭКГ-нiң тiстерiнiң ара қашықтығын L өлшеп, (2-сурет), оны таспаның жазу жылдамдығына бөлу керек, яғни t=L/V.

· Пациент жүрек соғуының жиiлiгiн n(ню)=60tR-R анықтау керек.

· Өлшеу және есептеу нәтежиелерiн 2-кестеге енгiзу керек.

       
 
 
   
2-сурет. ЭКГ- ның көрiнiсi.

 


1-кесте. 2-кесте.

ЭКГ тістерінің шартты белгісі Калибр потенциал S, мм/мВ h, мм U, мв   Аралық интервал. шарт.белгісі v мм/с L, мм t, c n, мин–1
R P S T         R-R P-Q Q-R-S S-T Q-T        

 

ЭКГ-нiң тiстерi: h-амплитуда (мв), t-секунд бойынша өзгерiсi.

 

  • Қысқаша теория.

Электрокардиография - жүрек бұлшық еттерiнiң қозуы кезiнде пайда болатын электрлiк үдерістерді тексеруге арналған, ағзаға зиянды әсерi жоқ, қолдануға оңай, медицинадағы кең түрде пайдаланатын зерттеу әдiстерiнiң бiрi.

Электрокардиография әдiсi В.Эйтховен теориясына негiзделген. Бұл теория бойынша жүректi электрлiк диполь деп қарастырған. Жүректiң электрлiк диполь моментiнiң бағыты және модулiнiң уақыт бойынша өзгерiсi электрокордиограмма - ЭКГ көмегiмен график бойынша көрсетуге болады.

Осы қағиданы негiз етiп, В.Эйтховен жүректiң электрлiк моментi векторы мен адам денесiндегi нүктелер арасындағы потенциалдар айырымы тығыз байланысты екендiгiн анықтаған.

ЭКГ-нi тiркеу, үшiн потенциалдары әр түрлi екi нүктенiң арасындағы уақытқа тәуелдi потенциалдардың айырымын тiркесе жеткiлiктi. Уақытқа тәуелдi потенциалдар айырымының өзгерiсi тiркелетiн екi нүктенiң жиынын тармақ деп атайды.

Ағзада әр түрлi тармақтар жүйесi кездседi. Олар дене бетіне орнатылған (қойылған, бекiтiлген) электродтардың орнына байланысты. Мысалы, көкiрек (грудные), шеткi тармақ (отведение от конечности) және т.б. Клиникада көбiнесе шеткi тармақ қолданады (2-сурет).

Оны қалыпты (стандартный) тармақ деп атайды. Оларды алу үшiн электродтарды жоғарғы және төменгi шеткi мүшелерге бекiтедi.

Сонымен қатар, қосымша көкiрекке бекiтетiн электрод та қолданылады. Мұндай тармақ көкiрек тармағы деп аталады. Ол қосымша диагностикалық мәлiмет бере алады.

8- суретте қалыпты жағдайдағы адам жүрегiнiң бiр тармақ үшiн, жазылған ЭКГ-сi берiлген. ЭКГ-нiң тiстерiн латын әрiптерi Р,Q,R,S,T мен белгiлейдi, ал оның бұраңдаған бөлiктерiн толқын деп атайды.

Электрокардиограммадағы Р тiсi жүрекшенің жиырылуы алдында, Q,R,S тiстер кешкнi жүрек қарыншасының жиырылуы басталарында, ал T тісі оның соңғы кезеңiнде пайда болады. Q-T аралығының өзгерiсi жүректе әр түрлi функционалдық бұзылу болғанда бйқалады.

Мысалы, Q-T аралығы түрегеп тұрған жағдайда жүректiң соғу ырғағы жиiлегендiктен қысқарады, ал жатқанда бұрынғы қалпына қайтып келедi.

Дем алған кезде аздап қысқарады, ал терең дем шығарған кезде алғашында тахикардияның әсерiнен қысқарады, содан соң брадикардияның пайда болуынан ұзарады. Физикалық жүктеме оның аралығын қысқартады, ал көз алмасындағы қысым оны ұзартады. R тiсi жүрек қарыншасының белсендi бұлшық еттерiнiң ұлпаларының потенциалын көрсетедi. Оның амплитудасы сәйкес қарыншаның бұлшық ет массасының шамасына тәуелдi.

Ұсақ U толқындары Т толқынының артынан жүрек қарыншалары босағаннан кейiн болады.

ЭКГ негiзiнен оның тiстерiнiң пішіні, биiктiгi және олардың ара-қашықтығымен сипатталады. Төменгi 3-кестеде II тармақтағы қалыпты жағдайдағы жүрек үшiн осындай мәлiметтер берiлген.

3-кесте.

P Q R S T
U, мВ t, с U, мВ t, с U, мВ t, с U, мВ t, с U, мВ t, с
0,05-0,25 0-0,1 0-0,2 max 0,03 0,3-1,6 max 0,03 0-0,03 max 0,03 0,25-0,6 max 0,25

 

сек. пен берілген аралық ұзындығы
РQ QRS QRST ST RR
0,12-0,2 0,06-0,09 0,03-0,44 0-0,15 0,7-1,0

 

Адам жүрегiнде патологиялық өзгерiстер болған жағдайда ЭКГ-нiң пішіні, оның тiстерiнiң биiктiгi, ара қашықтықтары өзгеруi мүмкiн. Сондықтан ЭКГ-нi зерттеудiң жүрек ауруын диагностикалауға пайдасы орасан зор.

ЭКГ-нi жазып алатын қондырғы электрокардиграф деп аталады. ЭКГ-нi жазу каналдарының санына, қоректендiру ттүріне (батереямен жұмыс iстейтiн, тоққа қосылатын), жазу түрлерiне (сия қаламұшпен жазатын, т.б. қарай электрокордиографтың көптеген түрлерi бар.

Электрокардиографтан басқа жүректi электрлiк моментiнiң өзгерiсiн координаталық жазықтықта проекциясы бойынша анықтайтын әдiс – векторктрокордиография әдiсi деп аталады. Жазықтықта векторэлектрокар-диограмманың проекциясы, екi байланысқан тармақтардың қосылуынан алынады. Егер электронды сәулелiк түтiктiң ауытқушы пластинкаларында екi тармақтан да кернеу берсе, онда экранда олардың векторлық қосындысын, яғни вектор-электро-кардиограмманы алуға болады. Ол ЭКГ-ге қарағанда жүректiң жұмысы туралы толық мәлiмет бере алады. Тiркеушi қондырғы ретiнде электрондық сәулелiк түтiк қолданылады.

РЕФЕРАТ

Дипломної роботи на тему: «Стратегія по відношенню до конкурентів»

Дипломна робота містить сторінок, таблиць, рисунків, список літератури з найменувань, додатків.

 

Робота виконана на матеріалах ТОВ «ВІМЕКСІМ», адреса: 24600 Вінницька область, смт Крижопіль, вулиця Радянська, 6.

Предметом дослідження є управління конкурентоспроможністю товариства з обмеженою відповідальністю «ВІМЕКСІМ».

Метою дипломної роботи є розробка стратегічної програми для ТОВ «ВІМЕКСІМ» в умовах нестійкості конкурентного ринку.

У відповідності до поставленої мети у роботі сформульовані наступні завдання: аналіз теоретичних аспектів конкурентоспроможності підприємства, дослідження сутності основних стратегій за класифікаційними ознаками та особливостей вибору конкурентної стратегії підприємства, проведення аналізу ефективності фінансово-економічного потенціалу підприємства, дослідження функціонування системи охорони праці на підприємстві, оцінка конкурентоспроможності підприємства та визначення основних проблем, пов’язаних із формуванням стратегії забезпечення конкурентоспроможності підприємства, розробка стратегічної програми в умовах нестійкості конкурентного ринку.

За результатами дослідження сформульовані висновки та сформовані заходи щодо удосконалення конкурентоспроможності підприємства.

Результати дослідження можуть бути використані ТОВ «ВІМЕКСІМ» з метою удосконалення механізму забезпечення конкурентоспроможності підприємства на ринку, а також іншими сільськогосподарськими підприємствами.

Рік виконання роботи: 2014.

Рік захисту роботи: 2014

 







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 1314. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия