Студопедия — Заттардың активті тасымалдануы. Уссинг тәжірибесі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Заттардың активті тасымалдануы. Уссинг тәжірибесі






Активті тасымалдану – бұл заттардың электрохимиялық потенциалы кіші жерден үлкен жерге қарай тасымалдануы.(3.7.-сурет). Мембранада активті тасмалдану кезінде Гиббс энергиясы өз бетінше өте алмайды, ол АТФ макроэргиялық байланыстағы қорланған энергияны шығару арқылы жүреді.

 

3.7.-сурет. Активті тасмалдану схемасы.

 

Биологиялық мембрана арқылы активті транспорттың өтуінің маңызы өте зор. Активті транспорт арқылы организмде концентрация градиенті, электр потенциалының градиенті, қысым градиенті т.б. өмірлік қажетті процесстерді ұстап көмектесіп тұрады. Термодинамикалық көзқарастан қарағанда активті тасымалдану организмді тепе – теңсіздік жағдайда ұстап өмір сүруге көмектеседі.

Биологиялық мембрана арқылы активті транспорттың өтетінін бірінші рет 1949 жылы Уссинг тәжірибесі дәлелдеп берді. Онда құрбақа терісі арқылы натрий иондарының өтуі процесі анықталады.

Уссинг эксперименталды камерасы Рингер ерітіндісімен толтырылып құрбақаның жаңадан алынған терісімен екіге бөлінеді. Суреттегі сол жақтағы құрбақа терісінің сыртқы мукоздың беті, ал оң жағында ішкі – сероздың беті. (3.8.-сурет).

Құрбақа терісі арқылы натрий ионының ағыны: солдан → оңға қарай → сыртқы бетінен ішіне қарай және оңнан солға қарай – ішкі бетінен – сыртқы бетіне қарай өтеді.

 

3.8.-сурет.Уссинг тәжірибесінің схемасы.

(А – амперметр, V – вольтметр, П – потенциометр, Б – тоқ көзі)

 

Пассивті транспортты сипаттайтын Теорелла теңдеуінен, осы процестерді сипаттайтын Уссинг – Теорелла теңдеуі шығады.

(1)
(Рингер ерітіндісін бөліп тұрған құрбақа терісінде потенциалдар (φішкі – φсырт) айырымы пайда болады, терінің ішкі жағы – сыртқы бетіне қарағанда оң потенциалға ие болады.

Уссинг қондырғысында кернеуді компенсациялайтын блок яғни потенциометр болғандықтан, оның көмегімен құрбақа терісіндегі потенциалдар айырымы 0-ге теңестіріліп отырған, ол вольтметрдің көрсетуімен бақылауда болады. Сонымен қатар терінің ішкі және сыртқы бетіндегі концентрациялар да бірдей етіліп отырады.

Ссырт = Сішкі

Осындай жағдайда құрбақа терісі арқылы натрий иондарының өтуі тек қана пассивті транспорт арқылы жүзеге асатын болса, онда Уссинг – Теорелла теңдеуіне сәйкес Jішкі және Jсырт ағындары бір – біріне тең болулары керек етін.

J m ішкі = Jm сырт

Мембрана арқылы өткен толық ағын қосындысы нольге тең болуы керек. Бірақ амперметрдің көрсетуі бойынша тәжірибе жағдайында (электр потенциалы мен концентрация градиенті жоқ кезде) құрбақа терісі арқылы электр тогы жүрген, яғни біржақты зарядталған бөлшектердің тасымалдануы болған.

Тағайындалғандай тері арқылы өткен ток сыртқы ортадан ішіне қарай өткен. Таңбалы атом әдісімен дәлелденгендей терінің ішкі жағына қарай аққан натрий ағындары сыртқы бетіне қарай аққан ағынға қарағанда көп болған.

Jm ішкі › Jm сырт

Бұл үшін эксперименттік камераның сол жағындағы ерітіндіге камерадағы Na22 изотопы, ал оң жағына Na24 изотопы жіберілген. Na22 – изотопы қатты γ кванттарын шығару арқылы ыдырайды, ал Na24 изотопы жұмсақ β – сәулелену арқылы түзіледі.

γ және β – сәулелерін тіркеу Na22 ағынының Na24-ке қарағанда көп екенін дәлелдеді.

Бұл эксперименттік тәжірибе, құрбақа терісі арқылы өтетін Na иондары пассивті транпорттың теңдеуіне бағынбайтынын көрсетті, яғни бұл жерде активті транспорт өтеді.

 







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 6726. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия