Студопедия — Рефактометр және оның қолданылуы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Рефактометр және оның қолданылуы






Рефрактометр — қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың сыну көрсеткіштерін зерттейтін құрал. Заттың сыну көрсеткішін (n) біле отырып, оған химиялық анализ (талдау) жасауға болады.

 

7.1.-сурет. Жарықтың толық шағылуы мен Рефрактометрдің жұмыс істеу схемасы

Рефрактометрия әдісі халық шаруашылығының көптеген саласында қолданылады. Мысалы шахта ауасының құрамындағы қопарылыс қаупі бар метан газының мөлшерін анықтауға осы әдіс пайдаланылады. Рефрактометрия әдісі тамақ өнеркәсібінде майлардың және т. б. заттардың сапасын тексеруге, геологияда минералдардың сапасын, ауыл шаруашылығында қант қызылшасының, помидордың пісу дәрежесін анықтауға, медицина мен мал дәрігерлігінде асқазан сөлін, қан мен зәр құрамын тексеру үшін пайдаланылады.

Рефрактометрлердің жұмысы мына әдістерге негізделген:

1) жарық екі ортаның шекарасынан өткенде оның сыну бұрышын тікелей өлшеу; 2) толық ішкі шағылу құбылысына негізделген әдіс; 3) интерференциялық әдіс; 4) Фре­нель формулаларына сүйеніп сыну бұрышын та­бу әдісі; 5) көлеңке әдісі. Осының ішінде кеңірек таралғаны бастапқы үш әдіс болғандықтан біз солардың екінші әдісіне толық ішкі шағылу құбылысын қарастырамыз. Екі орта, айталық су мен ауаны алайық. Судың сыну көрсеткішін n2 деп, ауаның сыну көрсеткішін n1деп белгілейік. (7.1.-сурет)

Жарық сәулесі судан ауаға өтсін делік. 0 нүктесіне түскен 1-сәуле жартылай шағылады да 01" бағытымен ке-теді, ал жартылай екінші ортаға (ауаға) 011 етеді. Түсу бұрышын α1 , ал сы­ну бұрышын γ1 деп белгілейік. Дәл осындай жағдай 2-сәуледе де қайталанады. Ал 3 сәуле 0 нүктесіне келіп түскенін, оның біразы екінші ортаға өтпей, екі ортаның шекарасымен жылжиды. Ол—03'. Ал, екінші бөлігі шағылып 03" бағытымен кетеді. Осы кезде сыну бұрышы γ3=90° тең бо­лады. Міне, осы бұрышты (α3) толық ішкі шағылу бұрышы деп атайды. Немесе шекті бұрыш деп атайды. Енді 4 сәулені қарастырайық. Бұл сәуленің түсу бұрышы (α4) шекті бұрыштан (α3) көп. Олай болса, бұл сәуле.0 нүктесінде екінші ортаға (ауаға) қарай өтпей толық бірінші ортаға (суға) шағылып кетеді. Бұл құбылысты толық ішкі шағылу деп атайды. Жарық оптикалық тығыздығы көп ортадан (n2) оптикалық тығыздығы аз ортаға (n1)өткенде толық ішкі шағылу құбылысы байқалады.

Рефрактометр негізгі екі призмадан тұрады: ABC, А1В1С1 (сурет). Бұл призмалар сыну көрсеткіші n=1,72 тең болатын шыныдан жасалынады. Осы екі призманың ортасына зерттелетін сұйық тамызылады. Содан соң призманы біріне-бірін беттестіріп жабады. Сонда екі призманың ортасында қалыңдығы 0,02 мм болатын сұйық тұрады. Жарық сәулесі А1В1С1 призманың А1В1 қырына түседі де, одан өтіп призманың А1В1 қырына жетеді. Призманың А1В1 қыры сұйықпен беттесіп тұр. Призманың бұл қыры 1В1)жарықты өзінен өткізбейді, қайта оны шашыратады. Сөйтіп жарық сәулесі сұйықтан шашырап отырып екінші призманың (ABC) АВ қырына әр түрлі бұрышпен келіп түседі. Призманың АВ қырына түсіп тұрған 1, 2, 3 сәулелерінің түсу бұрыштары әр түрлі. Тек 3 сәуленің түсу бұрышы ғана 90° тең, қалған екеуі одан кіші бұрышпен келіп түседі. Екі призмадан өтіп келген сәулелерді рефрактометрдің трубасымен бақылауға болады. Сонда оның бір жағының жарық, екінші жағының қараңғы екенін байқаймыз. Міне, осы кездегі өлшеніп алынған бұрыш шекті бұрыштың мәнін көрсетеді. Ал рефрактометрдің трубасының ішінен зерттелетін сұйықтың сыну көрсеткішін тауып алуға болады.

 







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 5553. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия