Студопедия — Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі






Төлем құжаты ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке, тапсырмада көрсетілген соманы, оның ақшасын бенефициар есебіне аудару туралы берген тапсырмасы.Аударымды жүзеге асыру үшін жөнелтуші өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгідегі төлем тапсырмасын ұсынады. Төлем құжатында міндетті түрде келесі деректемелер (реквизиттер) көрсетілуі тиіс:

- құжаттың аты;

- оны жазу күні, айы, жылы, құжат нөмірі.Күн – санмен, ай-сөзбен, жыл – санмен көрсетіледі;

- ақша жөнелтуші заңды тұлғаның ұйымдастыру – құқылық нысанын қоса, толық атауы, дербес сәйкестендірілген коды;

- ақша жөнелтуші банктің ұйымдастыру – құқылық нысанын қоса, толық атауы, дербес сәйкестендірілген коды;

- төлем мәні, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген кодтық белгіленуі;

- санмен және сөзбен көрсетілетін төлем сомасы;

- салық төлеуші бенефициар мен ақша жөнелтушінің тіркеу нөмірі.

«Төлем мәні» бөлігінде ақша жөнелтуші аударым жүзеге асырылатын

құжат атын, нөмірін және күнін, сондай-ақ «Код – төлем мәні» бөлігінде – төлемнің кодтық белгіленуін көрсетуге міндетті.

Ақша аударымы резидент емес бенефициар есебіне жүргізілсе (ақша жөнелтуші банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгіде шетел валютасында ақша аударымына өтінішті ұсынады.Мұндай өтініш ақша жөнелтушінің алушы банкке ақша аударымы туралы берген төлем құжаты болып табылады.

Алушы-банк ақша аударымына жазылған төлем тапсырмасын немесе өтінішті оның жазылған күнін көрсете отырып, он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.

Ол Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес, төлем тапсырмасы мен аударымға өтініштен тыс төлем негізін дәлелдейтін басқа да құжаттарды талап етуге міндетті.Ақша жөнелтуші қызмет көрсететін алушы банк келісім бойынша төлем тапсырмасында немесе ақша аударымы өтінішінде валюталау күнін көрсетеді.

Жөнелтушінің төлем құжатын орындаудағы банк міндеттемесі төлем құжатының акцепті деп аталады.Акцепт кезінде алушы банкке жөнелтушінің банктік шотынан төлем тапсырмасында көрсетілген мөлшерде, сондай-ақ оны орындау байланыстарды шығындар үшін ақша алу құқы беріледі.

Алушы-банк төлем тапсырмасын акцептеу үшін, аталған төлем тапсырмасын орындауға жеткілікті ақша сомасы жөнелтушінің банктік шотында болуы тиіс.Қажетті ақша сомасымен қамтамасыз ету ақша жөнелтуші қаржысының есебінен немесе келісімде көрсетілсе, алушы-банк заемы есебінен жүргізіледі.

Төлем құжатын алушы-банк келесі жағдайларда акцептейді:

- алушы-банк акцепт туралы жөнелтушіге хабар жіберсе немесе төлем тапсырмасын төлеу туралы хабарлау жолдаса;

- алушы-банк жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде ақшаны шоттан алса (банктік шотты дебеттейді);

- төлем тапсырмасын алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде алушы-банк акцепт туралы немесе акцептен бас тарту туралы хабарлама алмаса;

- Қазақстан Республикасының заңдылығымен немесе алушы-банк пен жөнелтуші арасындағы келісімде көрсетілген жағдайларда.

Бенефициар банкте келесі жағдайлардың бірі орын алса, төлем құжаттары акцептелген болып саналады:

- бенефициар банк акцепт туралы хабарламаның жөнелтушіге хабарласа;

- бенефициар банк бір кезекте алушы-банк болып саналып, жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде ақшаны алса (банктік шотты дебеттесе);

- бенефициар банк бенефициардың банктік шотын несиелендіру арқылы бенефициарға ақша аударымын жасаса;

- бенефициар банктің үш жұмыс күні ішінде жөнелтуші акцепт туралы хабарлауын алмаса;

- Қазақстан Республикасы заңдылығымен немесе бенефициар және бенефициар банк арасындағы келісімде қарастырылған басқа да жағдайларда.

Төлем құжатының акцепті, егер бұл жөнелтуші және алушы-банк

арасындағы келісімде қарастырылса, оны қабылдаған кезде жүргізілуі мүмкін.

Алушы-банк келесі жағдайларда төлем құжатының акцептінен бас тарту мүмкін:

- егер жөнелтуші аударым үшін қажетті ақша сомасымен қамтамасыз ете алмаса;

- егер төлем тапсырмасында жалған белгілер болса, ол жөнелтуші және алушы-банк арасындағы келісімде белгіленбеген төлемдерден қорғау әрекетін бұзып жолданса;

- Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол емес төлем және ақша аударымдарын жүзеге асырудың төлем құжаттарын қолдану ережелері және біздің Республиканың бекітілген төлем тапсырмасын құру және ұсыну талаптары, жөнелтуші мен алушы-банк арасындағы келісімшарттарды жөнелтуші орындамаған жағдайда;

- Қазақстан Республикасының заңдылығы және келісім талаптары орындалмаған жағдайда.

Егер алушы-банк төлем құжатын акцептеуден бас тартса, онда төлем тапсырмасын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жөнелтушіге тиісті жазбаша немесе электронды хабарлама жолдауы тиіс.Ол үшін алушы-банк пен жөнелтуші арасында қарсылық туралы хабарламаны жөнелту тәртібі қарастырылады, бұл кезде хабарламаны жіберу күні акцептен бас тарту күні болып саналады.Төлем құжатының акцепті мына жағдайларда жүзеге аспайды:

- жөнелтушінің банктік шоты тұтқындалған болса немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдылығына сәйкес оның банктік шоты бойынша шығын операциялары тоқтаталса;

- егер бенефициар банк алған төлем тапсырмасындағы көрсетілген деректемелер сәйкес болмаса.

Егер бенефициар емес алушы-банк жөнелтушінің банктік шотында аударым жасауға ақшалай қаржысы жеткілікті бола тұрып, төлем тапсырмасын орындамас және алушы-банк өзінің акцептен бас тартатындығын уақытында хабарласа, егер бұл Қазақстан Республикасының заң актілерімен қаралмаса, онда араларында болған келісімге сәйкес жөнелтуші аударым сомасының мөлшерінен айып төлейді.

Мемлекеттің заң актілеріне, алушы-банк және жөнелтуші арасындағы

келісімге сәйкес, алушы-банк төлем тапсырмасын акцептеуден негізсіз бас тартқандығы үшін жауапқа тартылады.

Акцептелген төлем құжаты бойынша төлем келесі тәртіппен жүргізіледі:жөнелтуші өзі мен алушы-банк арасында жасалған келісімге сәйкес, акцептелген төлем тапсырмасының сомасына алушы банкке төлем жүргізуге және санкцияланған төлем тапсырмасын іздестіру немесе орындауға байланысты шығындарды қалпына келтіруге міндетті.Бұл кезде жөнелтуші төлем тапсырмасын орындаған кезден бастап алушы банкте төлем жүргізу міндеттемесі пайда болады.Алушы банкке жөнелтуші төлемі алушы банк жөнелтуші шотын дебеттегенде жүргізіледі.

Жөнелтушінің акцептелген төлем тапсырмасын алушы-банк республика заңдылығының талаптарына және өзінде көрсетілген төлем тапсырмасының шарттарына сәйкес орындайды.

Егер алушы-банк жөнелтуден тиісті өкілеттілік ала алмаса, онда келесідей құқығы бар:

- жөнелтушінің төлем тапсырмасын атқаруға байланысты банк қызметі үшін коммисиялық ақы мен шығынды аталған төлем тапсырмасының сомасынан ұстап қалуға;

- кезекті алушы банкке төлем тапсырмасы сомасынан комиссиялық ақы ұстау құқын беруге.

Егер алушы – банк төлемді орындау кезінде төлем құжаттарын қолдану,

ел ішіндегі қолма-қол емес төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру ережесін бұзып, нәтижесінде бенефициарға ақша аударымы кешіктірілсе, онда банк Қазақстан Республикасының заң актілері мен өзара келісімге сәйкес қатысушыларға тұрақсыздық сомасын төлейді.

Қазақстан Республикасының заң актілерінің талаптарына сәйкес бірінші кезекте атқарылуға тиісті төлем құжаттары бар болып, тапсырманы орындауға жөнелтушінің банктік шотында қажетті ақша сомасы жеткіліксіз болса, алушы-банк төлем тапсырмасын орындамауға және оны акцептеуден бас тартуға құқылы.

Шарттарының бірі валюталау күні болып табылатын төлем құжатын акцептеу кезінде, алушы-банк акцептелген төлем тапсырмасындағы ақша сомасын жөнелтушінің банктік шотынан алуға құқылы.Мұндай операциялар есебін алушы банк арнайы дербес шотта жүргізеді және осындай төлем тапсырмасының міндеттемелерін орындауға келесі делдал банк немесе бенефициар банктің уақыты жеткілікті болатындай етіп жолдайды.

Бенефицар банк төлем құжатын акцептеу кезінде төлем құжатында көрсетілген соманы бенефициар есебіне қабылдайды.Банк бенефициар есебіне түсетін ақшаның негізсіз екендігін анықтаса, банк бенефициар акцептен бас тартуға немесе төлемнің орындалуын тоқтатуға міндетті.Бұл жерде айта кететін жайт: егер аталған факт дәлелденбесе банк бенефициарға өзара келісімде көрсетілген және Қазақстан Республикасының заң актілерінде қарастырылған көлемде, төлемді кешіктіргені үшін тұрақсыздық сомасын төлейді.Өтпеген жағдайда бенефициар банк бенефициар есебіне аударым бойынша түскен ақшаны қабылдамауға міндетті.Төлем құжатын акцептеуден бас тартқан жағдайда бенефициар банк жөнелтуші банкке төлем тапсырмасын алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей бас тарту себептерін көрсете отырып хабарлама жібереді.

Бенефициар банк бенефициар есебіне ақша қабылдау кезінде, акцептелген төлем құжатына сәйкес банк оны төлем күнінен кейінгі операциялық күннен кешіктірмей ақша қабылдағандығы туралы хабардар етеді.Бұл кезде бенефициар банк келісімшартқа сәйкес бенефициарды оның банктік шотынан жазбаны немесе электронды түрде жолдау арқылы жеткізеді.

Егер төлем құжаты жөнелтуші деректемелеріне сәйкеспесе немесе қайталап ұсынылса, онда төлем құжаты қате орындалған болып саналады.Бұл кезде жөнелтуші төлем құжатының дұрыс орындалғандығын анықтайды, егер ол қате орындалса, онда анықталған қателік туралы, олардың арасындағы келісімге сәйкес алушы банкке хабарлайды.Егер алушы-банк келісімде көрсетілген мерзімде хабарламаны алмаса, ақша жөнелтуші алушы банкке келтірілген зиянға төлем тапсырмасында көрсетілген сома шегінде жауаптылықта болады.

Жөнелтушіден төлем құжатының қате орындалғаны туралы хабарлама алысымен, алушы-банк келесі әрекеттерді жүргізеді:

Біріншіден, қате төлем құжаты бойынша жөнелтуші деректемелеріне сәйкес емес деректемелері бар қате құжатын тиісті бенефициар есебіне жолдайды немесе төлемнің барлық сомасын жөнелтушіге қайтарады.

Екіншіден, қате төлем құжаты бойынша сома жөнелтушінің төлем құжаты сомасынан асатын болса, алушы-банк дұрыс алынбаған соманы жөнелтушіге қайтарады.Бұл кезде, егер бұл бенефициар мен алушы-банк арасындағы келісімде қаралса, онда алушы-банк бенефициардан аталған соманы даусыз қайтып алуға құқылы.

Егер алушы-банк пен бенефициар арасында келісім жасалмаған болса, онда алушы-банк бенефициар банкке қателісіп аударылған соманы қайтару туралы сұрату хат жібереді.Мұндай ақша қайтару кезінде банк

бенефициардың төлем тапсырмасын жазып, оның «төлем мәні» бөлігінде ақшаны қайтару себебін көрсету арқылы жүргізіледі.

Үшіншіден, сома жөнелтушінің төлем құжатының сомасынан аз қате төлем құжаты бойынша, алушы-банк жөнелтушіден сома айырмасын даусыз алуға және бенефициар шотына аударуға құқылы.

Егер орындалған төлем құжатында жөнелтуші қате жіберсе, онда алушы-банк ешқандай жауаптылықта болмайды.

Төлем құжатын бюджет және басқа да Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен заңдылығында қарастырылған мақсатқа ұсынғанда, қаржы жетіспесе төлем ордері қолданылады (Қазақстан Республикасы Ұлттық банк басқармасының 2000 жылғы 25 қарашадағы №133 қаулысымен бекітілген, клиент пен оған қызмет көрсетуші банк арасында қолма-қол емес төлемдерді жүзеге асыру Ережесіне сәйкес).

Төлем құжатымен есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде шоттардың келесі корреспонденциясы құрылады:

1. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға бір банкте қызмет көрсетілсе, онда келесі өткізбе құрылады:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» ақша жөнелтуші

Кт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары» бенефициар

2. Егер ақша жөнелтуші мен бенефициарға әр түрлі банк қызмет көрсетсе, олардың арасындағы есеп айырысу корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Кт 1051 «Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі корреспонденттік есепшоты»

Немесе

Кт 1052 «Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоты»

3.Есеп айырысуды жүзеге асырғаны үшін банк комиссиялық ақы ұстайды:

Дт 2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»

Кт 4601 «Банктің аударым операциялары бойынша көрсеткен қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер».







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 1698. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия