Студопедия — Төлем талап - тапсырмасымен есеп айырысу есебі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Төлем талап - тапсырмасымен есеп айырысу есебі






Төлем талап-тапсырмасыбенефициардың жөнелтушіге жеткізілген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет келісім бойынша құнын төлеу туралы қызмет көрсетуші банкке жолданған есеп айырысу және тиеу құжаттары негізінде берген талабы.

Төлем талап-тапсырмасын бенефициар бланкте жазады және бенефициар банкіне немесе жөнелтуші банкке тізіліммен (реестр) бірге төрт данада ұсынылады, егер төлем электронды жолмен жүзеге асырылса, екі данада.

Бенефициар банк төлем талап-тапсырмасын қабылдай отырып, өзіне инкассолаушы банк міндеттемесін алады.

Инкассолаушы банк міндеттемесі төлем талап-тапсырмасын инкассоға алумен байланысты, бенефициармен жасалған келісім немесе қолданыстағы заңдылық негізінде пайда болады.Бұл кезде инкассолаушы банк өзіне келесі міндеттемелерді қабылдайды:

- төлем талап-тапсырмасын төлемге немесе акцептке кезекті ұсыну;

- бенефициарға акцептен бас тарту немесе төлем туралы төлем талап-тапсырмасын қайтару туралы хабарлама жолдау;

- төлем талап-тапсырмасының орындалғандығы туралы бенефициарға хабарлау.

Тиісті міндеттемелерді қабылдай отырып, инкассолаушы банк төлем

талап-тапсырмасын алғаннан кейінгі келесі операциялық күннен кешіктірмей қызметтің орындалуын анықтайды.Инкассоға инициатордан инкассолаушы банктің төлем талап-тапсырмасын қабылдау инкассолаушы банктің операциялық күні ағымында жүргізіледі және оны инкассоға қабылдау кезінде тізілімнің барлық данасына күні және түсу уақыты қойылады.Ал жөнелтуші банк аталған құжатта төлем талап-тапсырмасын алған күні мен алу уақытын белгілейді.

Бенефициар банк барлық деректемелердің толтырылуы дұрыстығын тексеріп, төлем талап-тапсырмасымен жөнелтуші банкке жолдайды, ал бір данасы банк белгісімен бенефициарға қайтарылады.Жөнелтуші банк төлем талап-тапсырмасын алып, оларды тіркейді, барлық данасына алу күнін (жоғары, оң жақтан) қояды және акцепт үшін ақша жөнелтушісіне жолдайды.

Бұл кезед ол жөнелтуші банкке түскен күннен бастап үш күн ішінде банкке төлем талап-тапсырмасын ұсынуға міндетті.Төлем талап-тапсырмасыны тек жөнелтуші шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады.

Төлем талап-тапсырмасын толықтай немесе жартылай төлеуден бас тарту кезінде, төлеуші өз банкін осы үш күн ішінде хабардар етеді және төлем талап-тапсырмасын тиеу құжаттарымен және төлемнен бас тарту туралы хабарламамен бірге бенефициарға қайтарады.

Төлемге келісім білдірілген жағдайда аталған төлем талап-тапсырмасы акцептеледі.Жөнелтушінің төлем талап-тапсырмасының акцептеуді талап етпейтін төлем талап-тапсырмасынан басқалары соңғының аталған талаптарға сәйкес төлем жүргізуге келісімін білдіреді.

Егер ақша жөнелтушінің банктегі шоты Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес тұтқындалған болса, оның банктік шоты бойынша шығын операциялары тоқтатылған болса, төлем талап-тапсырмасына акцептеу болмайды.

Әдетте ақша жөнелтуші банк ақша жөнелтушінің төлем талап-тапсырмасын акцепті талап етпейтін төлем талап-тапсырмасынан басқаларын, жөнелтушінің акцепті негізінде акцептейді.Акцепт талап етілмейтін төлем талап-тапсырмасын төлеу кезінде банк ақша жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақша аударуға құқылы.Ақша жөнелтушінің акцептсіз төленетін төлем тапсырмасымен акцептелген құжаттар бойынша баланстан тыс есеп жүргізіп және оларды корреспонденттік шотқа кезекті төлем және аударым үшін ақша түскенге дейін сақтауға міндетті.Бұл кезде Қазақстан Республикасының заң актілерінде қарастырылмаған болса, жөнелтуші-банк өзара келісімге сәйкес ақша жөнелтушісіне айып немесе өсімақы төлеуге міндетті.Жөнелтушіде ақша сомасы жеткіліксіз немесе болмаса, алушы-банк төлем тапсырмасын (бюджетке төлемдер, сот шешімі, кеден басқармасы бойынша қойылған төлемдер және төлем талап-тапсырмасын акцептсіз орындалатын) ақша жөнелтушінің банктік шотына оларды орындауға жеткілікті ақша сомасы түскенге дейін сақтайды.

Мұндай құжаттарды қабылдау кезінде жөнелтуші –банк келесі жұмыс күнінен кешіктермей аталған төлем талап-тапсырмасын картотекаға енгізу туралы банк бенефициарына хабарлама береді.

Ақша жөнелтуші банк пен алушы-банк арасындағы келісімде алушы банктің әртүрлі құжаттарды қабылдау және сақтау міндеттері қарастырылады.Алушы банктің мұндай төлем құжаттарын қабылдау және сақтау келісімі жағдайында аталған банкке тиісті міндеттемелер қойылады.

Төлем талап-тапсырмасын толық немесе жартылай төлеуге келісім білдірілген жағдайда, жөнелтуші оның барлық данасын банктік шотты жүргізуге өкілетті тұлғалар қолы және мөртаңбасымен рәсімдейді және оны қызмет көрсетуші банкке жолдайды, оның:

- бірінші данасы жөнелтуші шотынан ақша алуға негіз болады және операция аяқталғаннан соң банктің құжаттарына орналастырылады;

- екінші данасы бенефициарға қызмет көрсетуші банкке жолданады;

- үшінші данасы тауар, көрсетілген қызмет, орындалған жұмыс үшін төлем жүргізілгендігі туралы қолхат ретінде тиеу құжаттарымен қоса жөнелтушіге қайтарылады.

Төлемнің сома бөлігінде жөнелтуші шотынан алынуға тиісті сома санмен

және сөзбен жазылуы тиіс.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 1283. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия