Студопедия — Маскалар 8 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Маскалар 8 страница






Барлық медицина қызметкерлері стационардың бағытына қарай жүйелі түрде медициналық бақылау жөне зертханалық тексеруден өтеді. Міндетті түрде жылына бір рет флюрографиялық тексеруден, ал тоқсан сайын тері-венерологиялық диспансер мамандарының бақылауынан өтуі тиіс.

Жұқпалардың таралу жолдары.

Таралу механизмі Таралу жолдары СНГ Таралу жолдары США Таралу факторлары
Ауыз нәжістік Қатынастық, су арқылы, тағам арқылы Қатынас арқылы су арқылы тағам арқылы Қолдар, күту заттар, су Тағамдар
Ауа тамшылық Ауа тамшылық, ауа шаңдық Тамшы арқылы Ауа арқылы Дем жолдары, тамшылары, шаң
Трансмиссивтық Ауа тамшылық ауа шаңдық Тамшы арқылы Ауа арқылы Құрттар
Байланыстық Жыныстық Тамшы арқылы Ауа арқылы Қолды күту заттар медициналық құрал-жабдықтар, дәрілер, материалдар
  Жасанды таралуы аспаптық, аппараттық гемотрансфузиялық т.б Байланыстық (тікелей, Тікелей емес) Медициналық құрал жабдықтар, дәрілер, материалдар, қанның препараттары

 

Эпидемиялық маңызды болатын грамм оң кокктар, шартты патогендік грамм теріс, бактериялар саңырауқұлақ, қарапайымдықтар, паразиттер, шартты патогендік грамм теріс таяқша бактериялар, вирустар.

Аурухана ішілік жұқпасебебінің негізінде болатын эпидемияға қарсы режимінің бұзылуы және емдеу диагностикалық процесінің факторлары.

 

Емдеу мекемесінде жұқпаның енуін алдын алу мақсатында жүргізіледі:

- жұмысқа қайта келушілерді қарау және зертханалық тексеруден өткізу;

- емдеу бөліміне кірер алдында арнайы киім кию;

- медицина қазметкерлерін ЕМ-нің санитарлық эпидемиялық тәртібі туралы бұйрықтары және нұсқауларымен таныстырып отыру, жүйелі түрде санитарлық минимум тапсыруды үйымдастыру.

Барлық медицина қызметкерлері стационардың бағытына қарай жүйелі түрде медициналық бақылау жөне зертханалық тексеруден өтеді. Міндетті түрде жылына бір рет флюрографиялық тексеруден, ал тоқсан сайын тері-венерологиялық диспансер мамандарының бақылауынан өтуі тиіс.

Жұқпалық барысының буыны

           
     

Ауру қоздырғышының орны Ауру қоздырғышы Шалдыққыштық ие (факторлары) Жұқпаның кірітін қақпалары Таралу жолдары
- тірі жәндіктер; -қоршаған ортаның жасық елементтері;   -вирустар протозойлар (қарапайымдықтар);   -бактериялар;   -санырауқулақтар;   -риккетсиялар;   -гельминттар. -жасы; -иммундық факторлары; -созылмалы аурулар; -тиімсіз тамақтану; -хирургиялық ота; -күйіктер; -антибиотиктер; гормоналдық препараттар; -химиотерапия; -сауле терапия; -инвазивтық процедуралар -тыныс жолдары;   -асқорыту жолдары;   -сыртқа шығару жолдары;   -тері (шырышты қабаттар);   -қан -ұласу: тікелей жанама тамшы   -ауа-тамшы   Трансмиссивтық (тасушы немесе таратушы арқылы)

6.3. Аурухана ішілік жұқпаның алдын алуы

І. Аурухана ішілік жұқпаныңжалпы алдын алу шаралары:

- науқастарды күткен кезде қолданған заттарды зарарсыздандырып, қолды жуады;

- жұқпа жұқтырған заттарға жақындамайды;

- қанмен, жұқпа жұққан материалдармен биологиялық жұмыс істегенде биялай киеді;

- шашылған немесе төгілген жұқпа жұққан материалдарды міндетті түрде жинап тастайды;

- тану заттарды жағып тастайды.

ІІ. Деконтаминация

А) тазалау:

- емдеу мекемелерінде әртүрлі жинау әдістерін қолдану;

- құрал – жабдықтарды кірден тазарту;

- күтуге арналған заттарды тазарту.

Б) Зарарсыздандыру

- алдын – алу

- ағымды

- қорытынды

В) Залалсыздандыру

- медициналық құрал – жабдықтарды залалсыздандыру алдында тазалау, залалсыздандыру.

Аурухана ішілік жұқпаның алдын алу үшін, пациенттерге күтім жүргізгенде жалпы қауіпсіздіқ ережелерін сақтау керек:

жұқпалы материалдармен және пациенттермен (қанмен, тағыда басқа биологиялық сұйықтықтармен) ұласқанда қолды жуу міндетті;

жұқпалық материалдарға мүмкіндік болса жанасуға болмайды;

қанмен, тағыда басқа биологиялық сұйықтықтармен ұласқанда биялай кию;

• биялайды шешкеннен кейін қолды жуу;

• шашылған немесе төгілген жұқпалық материал болса тез арада алып тастау;

• құралдарды қолданғаннан кейін зарарсыздандыру;

• қолданылған тану материалдарды жағу.

6.4. Қолды жуу деңгейлері

Қолдың терісінің микрофлорасы тұрақты және уақытша микроорганизмге бөлінеді. Тұрақты микроорганизмдер: эпидермалдық стафилококк, дифтероидтар, олар үнемі теріде өсіп өнеді. Уақытша (транзиторлық) микроорганизмдер: алтын түсті стафилококк, эшерихия коли, көбінесе пациенттерден жұғады. Терінің сыртқы қабатына 80 – 90% тұрақты микроорганизмдер, оның ішінде 10 – 20 % терінің терең қабаттарында әсіресе майлы, тері бездерде болады. Қолды сабын арқылы жуғанда көбінесе транзиторлық микроорганизмдерді кетіреміз, бірақ тұрақты микроорганизмдер қалады. Осы микроорганизмдердің таралуының алдын – алу үшін медициналық персонал қолың арнайлы өндеуі тиіс. Медициналық персонал пациенттермен үнемі қатынасты болғанда қауыпсыздық ережесін сақтайды, әсіресе қолдың тазалығында.

6.1 – сүрет: қолды жуу кезендері

Қолды жуу үш деңгейге бөлінеді.

1. Әлеуметтік: қолды 10 – 30 секундыға дейін сабын – сумен жуу

- әр бір манипуляция алдында, артында,тамақ ішер алдында;

- халы нашар пациенттерді тамақтандыру алдында;

- тағамдармен жұмыс істегенде,пациенттерге күтім жүргізгенде;

- дәретханадан кейін;

- қолдары ластанған сайын.

2. Гигиеналық: қолға сабын және антисептиктерді қолдану.

- жұқпалы пациентпен қатысқаннан кейін;

- биологиялық сұйықтықтан, кірленген заттардан кейін;

- инвазивті процестің алдында, артында;

- иммунитеті төмен пациенттерді күтім жасар алдында;

- ине салар, жараларды өндеу алдында, артында;

- катетер қолданар алдында, артында;

Антисептик ретінде первомур, 4 % сулы хлоргексидин ертіндісі, 0,5 % спирттік хлоргексидин ертіндісін, 70 % этил спирті т.б. қолданады.

3. Хирургиялық деңгейі арқылы арнайы өндеу жүргізіледі.

Қолдарды әлеуметтік деңгейімен өндеу

Мақсаты:пациентке және медицина қызметкерлеріне жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. (2-сүрет)

Жабдықтау:

· бір реттік қолданылатын сүлгі;

· сұйық сабын;

· секундты көрсететін тілі бар сағат.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Терінің тұтастығын тексеріңіз, (қолда жарақат болса, онда оны лейкопластырмен жабыстырып қойыңыз).

-қолыңыздан сағат және басқа да әшекей бұйымдарын шешіп қойыңыз, халаттың жеңін түріңіз.

2.Екі рет қолыңызды мұқият сабындаңыз, екі қолыңызды ұқыптан бір- біріне үйкелеңіз:

-алақан мен алақанды;

-оң жақ алақаныңызбен сол жақ қолыңыздын сырттарын, сосын сол жақ алақаныңыз бен оң жақ қолыңыздын сырттарын;

-алақан мен алақанды қосып, саусақтар араларын;

-екі қолыңыздың саусақаралығын кезегімен;

-сол жақ алақанызбен оң қолдың бас бармағын айналдыра дәл осылай екінші қолмен;

-сол қолының алақан шұнқырын оң қолының саусақтар ұштарымен содан кейін оң қолының алақан шұнқырын сол қолының саусақтар ұштарымен.

3.Қолыңызды шұңғылшаға тигізбей, жоғары көтеріп ұстаңыз.

4.Сабыны кеткенше қолыңызды әбден ағынды сумен жуыңыз.

5.Бір реттік сүлгімен қолыңызды құрғатып, осы сүлгімен шүмекті жабыңыз.

Қолдарды гигиеналық деңгейімен өндеу

Мақсаты:пациентке және медицина қызметкерлеріне жұқпалық қауіпсіздігімен жоғарғы деңгейінде қамтамасыз ету.

Жабдықтау:

· бір реттік қолданылатын сүлгі;

· сұйық сабын;

· құрамында спирті бар тері антисептигі;

· тампондар;

· секундомер;

· залалсыздандырылған қолғап.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Терінің тұтастығын тексеріңіз, (қолда жарақат болса, онда оны лейкопластырмен жабыстырып қойыңыз).

-қолыңыздан сағат және басқа да әшекей бұйымдарын шешіп қойыңыз, халаттың жеңін түріңіз.

2.Екі рет қолыңызды мұқият сабындаңыз, екі қолыңызды ұқыптан бір- біріне үйкелеңіз:

-алақан мен алақанды;

-оң жақ алақаныңызбен сол жақ қолыңыздын сырттарын, сосын сол жақ алақаныңыз бен оң жақ қолыңыздын сырттарын;

-алақан мен алақанды қосып, саусақтар араларын;

-екі қолыңыздың саусақаралығын кезегімен;

-сол жақ алақанызбен оң қолдың бас бармағын айналдыра дәл осылай екінші қолмен;

-сол қолының алақан шұнқырын оң қолының саусақтар ұштарымен содан кейін оң қолының алақан шұнқырын сол қолының саусақтар ұштарымен.

3.Сабын көпіршігін кетіру үшін ағынды сумен қолыңызды шайыңыз және әр қолыңызды 5-6 рет қайталап жуыңыз.

4. Қолыңызды шұңғылшаға тигізбей, жоғары көтеріп ұстаңыз.

5.Сабыны кеткенше қолыңызды әбден ағынды сумен жуыңыз.

6.Бір реттік сүлгімен қолыңызды құрғатып, осы сүлгімен шүмекті жабыңыз.

7.Қолыңыздың терісін 2-3 минут аралығында 5 мл. антисептикпен жақсылап өңдеңіз.

Ескертпе: Қолданылған сүлгіні арнайы ыдысқа салыңыз. Қолыңызды кептіріңіз.

6.5.Қорғаныш киімдерді қолдану

Қорғаныш киімдерді дурыс қолданған жағдайда (аурухана халаты, маска, алжапқыш, көзілдірік)жұқпа мейірбикеден пациентке, пациенттен мейірбикеге жолдарында кедергі болады. Кейбір жағдайда жұқпа алданыш қауіпсіздік сезім тудыруы мүмкін, тіпті ауруханана ішілік жұқпаның таралу тәуекелі көбееді.

Аурухана халаттары, полиэтилен немесе клеенкалық халаттардан гөрі, толық қорғанышпен қамтамас етеді, бірақ олар тез суланып жұқпаландырылады. Пациенттерге күтім жасағанда, аурухана халаттармен алжапқыштарды, бір рет қолдануымен шектеу, содан кейін ауыстыру керек (мысалы, пациенттің кірленген ақ жаймалар мен ішкі киімдері ауыстырғанда).

Биялайлар (таза немесе залалсыздандырылған) қорғаныш киімнің бір бөлігі болып саналады. Оларды қолданады:

• қанмен ұласқанда;

• қынап немесе жыныстық сілекейімен ұласқанда;

• мұрынның, ауыздың кілегейімен ұласқанда;

• әрбір биологиялық сұйықтықтармен ұласқанда;

• мейірбикелермен пациенттердің қолдарының терісі зақымданғанда;

• қанмен, биологиялық сұйықтықтармен ластанған материалдар, катетерлар, эндоскоптармен жұмыс істегенде.

Залалсыздандырылған биялайларды бөгде көмексіз киюге болады.

Ескерту! Онқай адам ең бірінші оң қолғапты киеді, ал сол қолғапты шешеді.

6.2-сүрет: қолғаптарды кию кезендері

Залалсыздандырылған қолғаптарды кию алгоритмі:(2-сүрет)

қолғабы бар орауды үстелге қойып ашыңыз;

қолғаптың қайырмасын сол жақ қолмен, саусақтарыңыз қолғаптың ішкі жағына тимейтіндей алыңыз;

- оң жақ қолыныздың саусақтарын тығыз тұтастырып қолғапқа енгізіңіз;

- оң жақ қолыныздың саусақтарын ажыратып қолғапты қайырмасына тиіспей саусақтарыңызға кигізіңіз;

- оң жақ қолдың 2, 3 и 4-ші саусақтарын сол жақ қолғаптың қайырмасына енгізіп тек солай оң жақ қолдың 1-ші саусағы сол жақ қолдың 1-ші саусағына бағыталуы тиіс.

- сол жақ қолғапты оң жақ қолдың 2, 3 и 4-ші саусақтарымен тік ұстаңыз;.

- сол жақ қолыныздың саусақтарын тығыз тұтастырып қолғапқа енгізіңіз;

- ең бірінші сол жақ қолғаптың қайырмасын түзетіп, қолға толық кигізесіңіз, содан кейін оң жақ қолдың қайырмасын түзетесіз.

Жағдайға қарай қолғаптарды аурухана халаттардың сыртқы жағына кигізу ыңғайлы.

 

6.3-сүрет: қолғаптарды шешу

Қолданылған қолғаптарды шешу (3-сүрет):

-оң жақ қолының саусақтарымен сол жақ қолғапқа сыртқы жағынан қайырма жасаңыз (а);

- сол жақ қолының саусақтарымен оң жақ қолғапқа сыртқы жағынан қайырма жасаңыз (б);

- сол қолыныздан теріс айналдыра қайырмасынан ұстап қолғапты шешіңіз (в, г);

-сол жақ қолыныздағы шешілген қолғапты оң қолынызға ұстаныз (д);

-сол қолынызбен қолғапты алып оң қолдын ішкі қайырмасынан қолғапты шешіп алыңыз (е);

-оң қолыныздан теріс айналдыра қолғапты шешіңіз (ж);

-екі қолғапты (сол қолдың қолғабы оң қолдың қолғабында болады) контейнерге тастаңыз (з).

Маскалар

Маскалар тіпті жабық хирургиялық болсада ең аз түрде ауа тамшы жолмен таралатын микроорганизмдерден қорғауымен камтамас етеді. Материалдан тігілген маска, ол тәуір сүзу қызметімен қамтамас етілседе, бетке тығыз емес тиіп тұрса оның қорғаныш қасиеттері жоғалады. Масканы бәрібір кию керек, бірақ 2 сағаттан артық қолдануға болмайды. Егер тез арада маска дымқылданса, оны ауыстырады, себебі дымқыл жылы мата микроорганизмдердің дамуына жақсы орта болады.

Аяқ киіммен медициналық телпегі жұқпадан қорғамайды.

Қорғаныш көзілдірік пен қалқан көзді, мұрынды, ауызды биологиялық сұйықтықтармен қаннан қорғайды.

Қорғаныш киімдерді қолданғанда, оны қолдарын, киімдерін айналасындағы заттарды ластандырмау үшін дұрыс шешуін білу керек.

Аурухана халатын шешу (4-сурет):

• қолдарыңызбен тек қана жеңнің төменгі жағынан ұстаңыз, биялайлармен қоршалып болғандықтан ол жер таза болып қалды;

• екінші қолынан теріс айналдыра шешіп алыңыз.

6.4-сүрет: Аурухана халатын шешу

Төсек орынды ұстау білу.

Емдеу мекемелердің соматикалық бөлімшелерінде төсек орынмен ішкі киімдер аптасына бір рет ауыстырылады. Ластанған төсек орындармен ішкі киімдер кідірмей ауыстырылады. Осы процедураны жүргізгенде жалпы қауіпсіздіқ ережелерін сақтау керек:

• адамның биологиялық сұйықтықтарымен ұласқан көзілдірік жұмыс істегенде қолғапты кию;

• төсек орындармен, ішкі киімдерді айналадағы ортаны ластандырмау үшін сілкілемеу;

• ластанған төсек орындармен, ішкі киімдерді полиэтилен немесе кленкалы қапшыққа салып, пациенттің қасында іріктеуге, қағуға болмайды;

• ластанған төсек орындармен, ішкі киімдерді бөлімшеде реттеуге тыйым салынады;

• дымқылданған төсек орындармен, ішкі киімдерді су өтпейтін қапшыққа салып, басқа бөлмеге апару;

• ешқашанда кірленген төсек орындармен, ішкі киімдерді еденге, үстелге, орындыққа тастамау керек.

Ластанған төсек орындармен, ішкі киімдерді уақытша (кемінде 12 сағат) санитарлық бөлмелерде немесе арнайы бөлінген бөлмелерде зарарсыздадырылуға шалдығатын жабық ыдыстарда сақтауға болады.

Ластанған төсек орындармен, ішкі киімдерді жұмыс істейтін персоналда арнайы санитарлық киім болуы тиіс.

Таза төсек орынмен, ішкі киімдер арнайы шкафтарда сақтанылады. Таза және кірленген төсек орындармен, ішкі киімдерді арнайы көлікпен (маркирленген арбамен) жабық контейнермен әкеледі.

6.6.Емдеу бөлімшелерде ыдыстарды жуу тәртібі

Емдеу бөлімшенің буфеттік бөлмесінде ыдыстарды жуатын 5-ұялы ваннаны орнатады.

Ас беретін ыдыстарды жуу:

•тағамдардың қалдықтарын механикалык әдіспен жою (ағаш күрекше немесе қылшақпен);

• ыдысты ваннанын бірінші ұялында температурасы 50°С С жұғышпен жуу;

• екінші дезинфекциялық ертіндісі бар ұялыға ыдыстарды салу;

• үшінші ұялыда ағынды ыстық сумен шаю температурасы 65°С;

• арнайы сөресінде ыдыстарды кептіру.

Шынылы ыдыстарды және ас аспаптарды жуу:

• механикалық тазалау;

• ыдысты ваннанын дезинфекциялық ертіндісі бар бірінші ұялында жуу;

• екінші ұялыда ағынды ыстық сумен шаю температурасы 65°С;

• арнайы сөресінде ыдыстарды кептіру.

Асүйлік ыдыстарды жуу

Кастрөл, шелектер, термостарды тамақтын қалдықтарынан босатып (50°С) жұғышқа арналған ұнтақ қосылған ыстық сумен жуады

Ағынды ыстық сумен шаяды температурасы 65°С

Ыдыстарды жұған жөкелерді 15 минут аралығында суға қайнатады, немесе дезинфекциялық ертіндісіне зарарсыздандырады, содан кейін құрғатып арнайы жерге сақтайды.

Едендерді жууға арналған маталарды зарарсыздандырып, шайіп құрғатады.

Бөлмелермен құралдардың деконтаминациясы

АІЖ –ның алдын алу маңызды бағыты боп саналатын деконтаминация

Деконтаминация дегеніміз қорғау және зиян келтірмеу үшін микроорганизмдерді жою және алыстату. Деконтаминацияға тазалау, зарарсыздандыру, залалсыздандыру кіреді.

Тазалау әдістері

Ұқыпты тазалау арқылы заттардың үстіңгілерінде микроорганизмдерді жоюға болады. Тазалау зарарсыздандырумен, залалсыздандырудын алдында болуы тиіс.

Тазалауды су арқылы, механикалық әдістермен, детергенттермен жүргізеді. Тазалауды қолмен, аппаратпен, ультрадыбыспен, арнайы детергенттермен, ұнтақпен жүргізеді.

ЕМ-дің әр түрлі бөлімшелерінің жинақтауы деконтаминация әдісін қарастырады.

Барлық бөлмелер таза болуы тиіс. Егер тазалауды дұрыс жүргізбесе, берілген талаптарға сай болмаса, жұқпаның таралуы мүмкін. Жинау инвентарды (шелек, швабра, сүлгі, қылшақ) әрбір бөлмелерге бөліп белгілейді.

Еденді сыпырғышпен сыпырғанда ауадағы бктериялардың саны көбееді. Жинауға ыңғайлы болатын шаңсорғыштарды қолдану, олар микроорганизмдердің 98% шаңмен сорып алады.

Еденді екі мезгіл (керекті жағдайда жиі) жуған дұрыс.

Құралдарды тазалау.

Құралдарды зарарсыздандыру, залалсыздандыру тазалау алдында бөлшектеу керек. Құралдардың үстінен аққуызы бар сұйықтарды алу үшін суық суды қолданады, себебі ыстық су және дезинфекциялық заттар аққуызды қуырады, деконтаминация кезендерінде оны алып тастау қиын болады.

Құралдардың үстін тазалау үшін 0,5 - 1% натрия гидрохлорид ертіндісін немесе басқа бар ертінділерді қолдану керек.

Кәзіргі заманға сай көп құралдар бір уақытта жұғыш және зарарсыздандырғыш болады.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 7292. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия