Студопедия — Антропометрия
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Антропометрия






Антропометрия дегеніміз – пациенттің бойын, салмағын, кеуде көлемін өлшеу. Салмағын диагностикалық мақсатпен өлшейді (салмағының жеткіліксіздігі, семіздігі, жасырынды ісіктерді, т.б.). Бойын бой өлшегішпен өлшейді. Кеуде көлемін сантиметрлік өлшеуішпен өлшейді.

 

 

 

8.5-сүрет: антропометрия

Дене салмағын анықтау кезіндегі іс-шаралар алгоритмі.

Жабдықтау:

· салмақ өлшейтін құрал

· клеенка

· қолғап

· ауру тарихы.

Іс-әрекет алгоритмы:

1.Пациентке процедураның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2.Пациентке келесі жағдайларды ескертіңіз:

а)зерттеу аш қарында жүргізіледі

б) ішек пен қуықты зәр мен нәжістен босатқан жөн

3.Панель үстінде орналасқан бекітпені ашыңыз, панельдің оң жағында орналасқан бинтпен салмақ өлшегішті ретке келтіріңіз, өлшегіштің деңгейі өлшегіш панелінің сол жақ қабырғасында орналасқан бақылаушы тараумен сәйкес келу керек.

4.Бекітпені жабыңыз, сосын пациентке өлшегіштің ортасына, клеенка үстіне тұруын (аяқ киімсіз) ұсыныңыз немесе көмектесіңіз.

5.Бекітпені ашыңыз, планканың жылжытпасын солға қарай бақылаушы тарау деңгейімен бірдей болғанша жылжытыңыз.

6.Бекітпені жабыңыз.

7.Пациентке нәтижесін хабарлаңыз. Өлшегіш алаңынан түсуіне көмектесіңіз.

8.Клеенканы зарарсыздандырып, қолыңызды жуыңыз.

9.Өлшеу нәтижесін ауру тарихына тіркеңіз.

Бой өлшеу кезіндегі іс-әрекет алгоритмі

Жабдықтау:

· бой өлшегіш

· дәке

· клеенка

· қолғап

· қабылданған құжат (дене қызуын тіркеу парағы).

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентке процедураның мақсаты мен орындалу барысын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.

2.Өлшегіш алаңына дәкені салыңыз.

3.Өлшегіштің бір жақ қырынан тұрып, қозғалатын планканы пациент бойының болжамды өлшемінен жоғары ұстаңыз.

4.Пациентті алаңға дұрыс орналастырыңыз, аяқ киімін шешеді, жамбасы, жауырыны бой өлшегіштің планкасына жанасу тиіс, басын аздап шалқайтып, құлақ ұшы мен көздің сыртқы бұрышы бір көлденен сызық бойында болады.

5.Бой өлшегіштің планкасын бас төбесіне дейін түсіріп, шкала бойынша сантиметр санын анықтаңыз.

6.Пациентке нәтижесін хабарлаңыз. Пациентке өлшегіш алаңынан түсуге көмектесіңіз.

7.Клеенканы зарарсыздандырып, қолыңызды жуыңыз.

8.Өлшеу нәтижесін құжатқа (дене қызуын тіркеу парағына) тіркеңіз.

 

Кеуде қуысының аймағын өлшеу іс-әрекетінің алгоритмі

Жабдықтау:

· сантиметрлік өлшегіш

· тіркейтін құжат (ауру тарихы)

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Пациентке іс-әрекетін түсіндіріп, келісімін алыңыз.

2.Сантиметрлік өлшегішпен жауырын астына, алдыңғы жағынан алтыншы қабырға бойымен, салыңыз. Пациенттің қолы төмен қараған, тыныс алуы қалыпты.

3.Кеуде қуысының аймағын тыныс шығарған кезде және терең дем алу кезінде өлшеңіз.

4.Алынған нәтижелерді жазып алыңыз.

8.9.Пациенттерді тасымалдау.

Пациенттердің жағдайына қарай каталкамен, кресло – каталкамен, носилкамен немесе екі үш медицина қызметкерлері тасымалдайды.

Каталкамен тасымалдау:

Ø Каталканы пациентті тасымалдауға дайындаңыз;

Ø Каталкаға ақ жайма, жастық, көрпе салыңыз;

Ø Пациентті бірінші мейіркеш басынан, екінші мейіркеш ұстап каталкаға жатқызады;

8.6-сүрет: тасымалдау әдістері

Ø Көрпемен үстін жабыңыз;

Ø Мейіркештер каталканың екі жағынан алып тасымалдайды;

Ø Каталканы керуетке әкеліп, пациентті жатқызыңыз.

Зембілмен бөлімшеге тасымалдау.

Зембілментасымалдау үшін әзірлеу керек: ақ жайма, көрпе, жастық клеенка.

Ø пациентке түсіндіресіз;

Ø пациентті зембілге жатқызып көрпемен жабасыз.

Ø сатыға көтерілгенде пациентің басын алдына қаратып, қолымен тұтқаны ұстаңыз,екінші санитар аяқ жақтың тұтқасын иығына салады;

Ø сатыдан пациентті түсіргенде алдынғы санитар зембілдің тұтқасын иығына салады, екінші санитар қолымен тұтқаны ұстайды.

Кресло – каталкамен бөлімшеге тасымалдау.

Ø Кресло – каталканы алдына енкейтіп, аяғының тірегішін қойыңыз;

Ø Пациенттің аяғын тірегішке қойып креслоға отырғызыңыз;

Ø Креслоны қалпына келтіріңіз;

Бөлімшеге апарыңыз.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Ауруханалық жұқпа туралы сипаттама беріңіз?

2. Зарарсыздандырудың маңыздылығына сипаттама беріңіз?

3. Зарарсыздандырудың түрлерін және әдістерін тізіп беріңіз?

4. Қазіргі заманға сай ҚР – ғы қолданылатын дезинфекциялық заттарды атап шығыңыз?

5. Дезинфекциялық заттармен жұмыс істегендегі қауіпсіздік шараларын тізіп беріңіз?

6. Жұқпалардың таралуын атап шығыңыз?

7. Залалсыздандыруға, оның әдістеріне сипаттама беріңіз?

8. Қолды жуу деңгейлерін айтып көрсетіңіз?

9. Педикулезға қарсы қолданатын шараларды атап шығыңыз?

10. Тасымалдау әдістерің айтып беріңіз?

Тарау.

Пациенттің жеке басының тазалығы

9.1. Пациенттің төсектегі жағдайы және функционалдық кереуеттің құрылысы

Әрбір ауруда пациенттерде әр түрлі өзгерістер болады, жағдайына қарай үш түрге бөлінеді:

1) Белсенді жағдай – пациент емін-еркін қозғалыстар жүргізеді.

2) Енжарлық жағдай – мүлде әлсіздік болғанда немесе сана сезімінен айырылғанда болады.

3) Ыңғайлы жағдай – пациент өзінің жағдайына байланысты ауыруын басу үшін қолданады. Бұл жағдай демікпе, созылмалы жүрек жетіспеушілігінде кездеседі.

Пациенттің осы жағдайларына байланысты қозғалу төрт түрге бөлінеді.

- төсек тартып жату (төсекте қозғалуға болмайды).

- жартылай төсек тартып жату (дәретханаға баруға болады).

- қатаң төсек тартып жату (мойының қозғауға да болмайды).

- жалпы тәртіп.

Халы нашар пациенттерге арнайы функционалдық кереует қолданады, оның бас, және аяқ жағын көтеріп түсіруге болады.

Функционалдық кереуетте жатқан пациентті отырғызып немесе аяғын көтеріп қоюға болады (мысалы: талықсу жағдайында, тамақтандыруға, басын, аяғын жууға болады. Бірақ пациентті бір қалыпта көп уақытқа ұстауға болмайды).

 


9.1-сүрет: пациентті төсекке жайғастыру

 

9.2.Тері күтімі. Тері тесілуінің алдын алу

Тері күтімі

 

Тері күтімінің бірінші мақсаты – теріні таза ұстау. Ол үшін күн сайын таңертенгі және кешкі тазалықты жүргізіп отырады. Терінің ластануына тер және май бездерінің бүліндісі, шаң, әсіресе қолтық астында, әйелдердің төс асты қыртыстарында байқалады. Шап зәр шығару мүшелерінің және ішек бүлінділерімен ластанып отырады.

Пациентті аптасында 1 рет душта немесе ваннада жуындырып отыру керек. Егер пациент қозғалаламайтындай болса, онда мұндай пациенттерді күнделікті таңертеңгілік жуындырудан кейін, дене мүшелерін біртіндеп жуып отыру керек. Жуындырудан кейін теріні жақсылап сүртеді. Тершен болып келетін, әсіресе семіз адамдардың қолтық, шап аралықтары, төс асты қыртыстарын күн сайын жуып отыру керек, себебі дененің осындай жерлерінде тердің боздануы байқалады.

 

Тері тесілуінің алдын алу

 

Терінің тесілуі – көлденең жағдайда және қозғалыссыз отыру жағдайларында ұзақ уақыт бойы болатын әлсіреген пациенттерде пайда болады.

Терінің тесілуі – тері асты жасушаларымен бірге терінің басқада жұмсақ тіндерінің өлуі. Терінің тесілуі әдетте ауыр халдегі әлсіреп жатқан пациенттердің арқасында, пайда болады (жауырын аймағында, шынтақ, өкше, желке тұстарында).

9.2-сүрет: тесілу болатын жерлері

 

Пациент ұзақ уақыт бойы бір қырымен жатса, онда терінің тесілуі мықым және тізе буындарында пайда болады. Пациент ұзақ уақытта отырған бір қалыпты жағдайда болса, онда терінің тесілуі құйымшақ және құйымшақ аймақтарында, кейбір жағдайларда ауыр көрпенің батуынан аяқ саусақтарында да пайда болады.

Тері тесілуінің дамуының алдын алуға болады ма? Өкінішке орай ауыр халдегі, қимылсыз жатқан пациенттердің көбісінде терінің тесілмеуі мүмкін емес деген пікірлер айтылуда. Мұндай жағымсыз болжамдар терінің тесілуі қауіпінің дамуының, оның даму механизмдерінің және де емдеу және алдын алу әдістерінің ескіргендігімен байланыстырады.

Бүгінгі күнде мейірбикеліқ ғылым, терінің тесілуін емдеу мен алдын алудың қолданатын тиімді тәсілдері туралы мағұлматарға ие болып отыр.

Терінің тесілуінің алдын алудың жүйелік бағдарламасының мақсаты:

- терінің тесілу қауіпінің даму аймағындағы пациенттерді анықтау;

- терінің тесілудің ескерту және жазылуына мүмкіндік туғызу;

- пациенттерді және/немесе оның туысқандарын тесілудің алдын алудағы емдеу қағидаларын оқыту;

- пациенттерді және/немесе оның туысқандарын тесілудің алдын алуға және көрсетілетін күтім қағидаларын оқыту;

Терінің тесілуіне негізгі үш фактор әсер етеді.

Бірінші фактор – пациентке түсетін физикалық қысым. Пациенттің төсек пен тері тіндерінің және денесіндегі шығыңқы болып келген сүйектерінің арасына түсетін физикалық қысым. Бұл қысымдар ауыр төсектің, тану байламдарының, отырған қалыптағы пациенттің аяқ-кимінің әсерлерінен күшейе түседі.

Екінші фактор – «кесіп тастайтындай күш». Тіндердің механикалық жарақаттануы және бұзылуы төсек үстінде тері тіндерінің жылжуы әсерінен пайда болатын қысымнан пайда болады. Егерде пациент өз күшімен немесе туысқандарының, медициналық қызметкерлердің көмегімен төсекте жылжыту тәсілін дұрыс орындамаса тері тіндерінің жылжуы байқалады. Бұл факторлар тері тіндерінің тура физикалық қысымы түскендегідей терең жарақаттануына әкеледі, кейбір асқыну жағдайларында бұлшық ет талшықтарының және лимфа тамырларының үзілуіне әкеліп соғады.

Үшінші фактор – қажалу. Терінің мүйізді қабатының қабыршақтанып, үстінгі қабаттың жаралануын тудырады. Терінің қажалуы оның дымқыл болған кезінде аса түседі. Мұндай жағдайлар аса тершен, зәрін ұстай алмайтын, дымқылды сіңдірмейтін киімдер киген және қажетті күтім көрсетілмеген пациенттерде пайда болады.

Терінің тесілуі қысым көрсету жағдайында басқада себептері бар:

- аса үлкен немесе төмен дене салмағы;

- терінің құрғақтығынан туындайтын дарылулар;

- зәрді және/ немесе нәжісті ұстамау және жоғарғы дымқылдық;

- тіндердің қоректенуін бұзылуына әкеліп соқтыратын тамырлардың ауруы;

- келесі себептерде пациентердің қозғалысы шектеледі:

a) пациенттің ауруханаға түсуі және үйіндегі үйреншікті жасайтын қозғалыстарына көмектің болмауы;

b) жансыздандыру және седативті дәрілік заттарды қабылдау;

c) немқұрайлылық;

d) бас миының және жұлынның қозғалыс орталығының жарақаттануы;

e) ауыру;

- дене қызуының төмендеу немесе жоғарлауы;

- аққуызды тағамдардың жетіспеушілігі.

Сондықтан жоғарыда көрсетілген факторларға егде жастағы адамдар, жұлынына зақым келген пациенттер, седативті және жансыздандыратын дәрі-дәрмектерді қабылдайтын, қол-аяғы жарақаттанған, жеткілікті аққуызды тағамдарды қабылдамайтын пациенттер жиі ұшырайды.

Жоғарыда айтылған факторлар әрқашанда мейірбикелердің назарында болуы керек. Мейірбике тері тесілуінің факторларының пациентке тигізетін зиянын, оның алдын алу қағидаларын және өз мүмкіншіліктерін, осы факторларға ұшыраған пациенттерді анықтаудағы берілген жағдайда баға бере білуі керек.

Тері тесілуінің дәрежелері:

I. Тері қабаты бұзылмаған. Қысым

көрсеткеннен кейінде кетпейтін тұрақты гиперемия.

II. Тері қабатының тері асты жасушаларына

жайылатын терінің жоғарғы бетінің (терең емес)

бұзылуы. Тұрақты гиперемия. Эпидерманың

қабыршақтануы.

III. Бұлшық етке енуіне дейін апаратын тері

қабатының өлуі.

IV. Барлық жұмсақ тіндердің зақымдалуы.

Терінің тесілуінен кейін денеде ойылулардың

пайда болуы (сүйекке дейін ойылуы). Терінің тесілуін емдеу дәрігердің нұсқауы бойынша жүзеге асырылады.

9.3.Тесілудің алдын алу мейірбикенің технологиясы.

Көрсеткіштері: ұзақ төсек тартып жату, нерв жүйесінің зақымдалуы, ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуы.

Жабдықтар: залалсыздандырылған лоток, дәкелер, пинцеттер, шыны ыдыс 10% камфор спирті, немесе 40% этил спирті, ішкі киімдері, ақ жаймалар, паролон домалақтары.

Процедура барысы:

· пациентпен сенімділік қарым – қатынас жасаңыз;

· пациентке процедураның мақсатын түсіндіріп, келісім алыңыз;

· күнде тесілу болатын жерлерін қарап жамбас, өкше, шынтақ, жауырын, қара құс, аяқтың астынғы бұлшық еттеріне баға беріп отырыңыз;

Ескерту: егер тері қызарған немесе өнсіз болса, дәрігерге хабарлап айтып және емдеу алдын – ала шаралар қолдану керек.

· төсек орнын ішкі киімін реттеңіз;

· төсек орнын сілкіңіз;

· қолды жуып, құрғатыңыз;

· пациенттің төсектегі жағдайын екі сағат сайын ауыстырыңыз (қырына жатқызу, отырғызу);

· таңертең кешкі тесілу болатын жерлерін жылы сумен жуыңыз;

· құрғатып сүртіп, камфор немесе этил спиртімен өндеңіз;

· крем жағыңыз;

· жұмсақ тіңдерге жеңіл уқалау жасаңыз;

Ескерту: сүйектерге жасауға болмайды

· паролон домалағын жамбасына қойыңыз;

· паролон домалақтарды шынтаққа, өкшеге қойыңыз;

· тағыда басқа жұмсақ заттарды қолданыңыз;

· пациентке күтім жасап отырған туыстарына тесілудің алдын – алу шараларын үйретіңіз;

· қолды жуып, құрғатыңыз.

Терінің тесілуінің дамуын сандық бағалау үшін бірнеше шкалалар берілген. Егде пациенттерге мейірбикелік күтім көрсетудегі ғылыми зерттеулер үшін Нортон және Ватерлоо әдістерін ұсынған. Нортон шкаласы бойынша сандық балдар қанша аз болса, терінің тесілу қауіпі соншама зор болады







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 31039. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Определение трудоемкости работ и затрат машинного времени На основании ведомости объемов работ по объекту и норм времени ГЭСН составляется ведомость подсчёта трудоёмкости, затрат машинного времени, потребности в конструкциях, изделиях и материалах (табл...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия