Студопедия — Технологиясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Технологиясы






 

Жел шығаратын түтікшені іштің тырсылдағанында (метеоризмде) қолданады.

Мақсаты: ішектен газдарды шығару.

Көрсеткіші: метеоризм.

16.4-сүрет: жел шығаратын түтікшені қолдану әдісі

 

Қарама – қарсы көрсеткіштері:

- ішектен қан кетуінде;

- тік ішектің түсуінде;

- тік ішекпен, сигма ішектің қабынуында;

- тік ішектің қатерлі ісігінде;

- тромбоцитопенияда.

Жабдықтар: залалсыздырылған жел шығаратын түтікше, лоток, вазелин майы, таңу материалдары, қолғаптар, перде, клеенка, үлкен дәкі, судно.

Ескерту: жел шығаратын түтікше 1 сағатқа салынады.

Процедура барысы:

· процедураның мақсаты мен орындалу тәртібін түсіндіріп, келісімін алыңыз;

· халатыңызды ауыстырыңыз, алжапқышты киіп, қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз;

· бикстен жел шығаратын түтікше оралған ораманы шығарыңыз;

· кушеткаға клеенка және жаялықты жайыңы;

· пациенті сол жақ қырына немесе арқасына жатқызыңыз;

· оң қолыңызға залалсыздандырылған салфеткамен жел шығаратын түтікшені алыңыз, 20-30см ұзындықта вазелин майын жағыңыз;

· сол қолыңызбен пациенттің жамбас арасын ашыңыз, ал оң қолыңызбен абайлап сағат тілімен айналдыра отырып жел шығаратын түтікшені 20-30 см тереңдікке енгізіңіз;

· сыртқы ұшын дәрет қабылдағышқа немесе суы бар лотокқа салыңыз;

· газ шығып жатқанына көзіңіз жеткен соң (судағы көпіршектер бойынша) суы бар лотокты алып тастаңыз, жел шығаратын түтікшенің сыртқы ұшын дәкеге үш бұрыштап ораңыз.

· әрбір 20-30 мин сайын пациенттің жағдайын бақылаңыз;

· жел шығаратын түтікшені қажетіне қарай алып тастаңыз, (бірақ бір сағаттан көп емес, ойылып қалу болмас үшін);

· жел шығаратын түтікті зарарсыздандырыңыз;

· тік ішектің айналасын салфеткамен сүртіңіз, ал қажет болған жағдайда вазелин майын жағыңыз;

· егер жел толық шықпаса процедураны 2-3 сағаттан соң қайталаңыз, бірақ тәулігіне 2-3 реттен көп болмауы керек.

 

16.7.Асқазанды жуу мейірбикенің технологиясы

Мақсаты: асқазаның ішін, өңеш арқылы тазалау, емдеу, диагностикалау әдісін жүргізу.

Көрсеткіштері: ішімдікпен, дәрілермен, тамақпен улану, ішек түйіліп қалуында.

Қарама – қарсы көрсеткіштері:

асқазаннан қан кетуде, жараларында, өңештің жіңішкеруінде, демікпеде, жедел инфаркт ауруында, жедел инсультта.

Жабдықтар: лоток, шынылы шұңғыма (воронка) 0,5-1 л сиымдылығымен, 2 жуан зонд, шынылы трубка зондтарды жалғайтын, 10 л бөлметемпературалы су, ожау, леген (сүйықтықты құйятын), клеенкалы екі алжапқыш, мәрліленген дәкелер, кез келген дезинфекциялық ерітінді, латекстық қолғап.

Ескерту: зондты жібергенде асқазанға кедергісіз өткенін тексеріп отырады.

Процедура барысы:

пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап,іс-әрекет мақсатымен, орындау барысымен таныстырып, келісімін алыңыз;

керекті жабдықтарды дайындаңыз;

алжапқышты киіңіз;

қолды жуып, құрғатып, латекстық қолғапты киіңіз;

пациентті орындыққа отырғызып, басын алдына қарай кішкене еңкейтіңіз;

екі аяғының ортасына легенді қойыңыз;

пациентке алжапқышты кигізіңіз;

зондпен мұрын ұшынан бастап құлақ ұшына дейін, содан кейін кіндікке дейін өлшемдерді алыңыз;

зондтарды шыны түтікпен жалғастырыңыз;

зондтың соңғы ұшын жылы суға салыңыз;

пациенттің ауызын ашып, зондты оң жақ қолыңызға алып (ұзындығы 15 см), жұтқыншаққа қарай кіргізіңіз;

пациентке жұтыну арқылы зондты асқазан деңгейіне дейін жұтқызыңыз (зондтың белгісіне дейін);

зондқа шұңғыманы жалғап, асқазаннан төмен және кішкене қисайтып түсіріңіз;

шұңғымаға суды құйыңыз;

жайлап шұңғыманы пациенттің ауызына 25-30 см көтеріңіз;

шұңғыманың түбінде су қалғанша;

қайтадан шұңғыманы пациенттің тізесінен төмен түсіріп, ішіндегісін төгіңіз,ең біріншісін таза қақпағы бар ыдысқа жинап, лабораторияға жіберіңіз;

су тазарғанша осы процедураны бірнеше рет қайталаңыз;

зондты жайлап алып, шұңғыма екеуін зарарсыздандырған ертіндіге салыңыз;

пациентке аузын сумен шайғызып, ауыз маңайын дәкелермен сүртіңіз;

физикалық, психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

16.8.Құсық болған кезде көмек көрсету

Егер пациенттің сана сезімі айқын болса:

пациентті отырғызып, клеенкамен жабу;

орамалды беріп, екі аяғының арасына леген қойыңыз;

дәрігерге хабарлаңыз;

құсып жатқанда, пациенттің маңдайын ұстап тұрыңыз;

құсқан сайын ауызын шайғызып отырыңыз;

құсықты дәрігерге көрсетіңіз.

Егер пациент әлсіз болса, немесе сана сезімі айқын емес жағдайда болса:

пациентті қырымен жатқызып немесе басын бір жақ жанына қарай бұрыңыз;

жедел түрде дәрігер шақырыңыз;

жастықты алып тастаңыз;

егер тіс протездері бар болса алып тастаңыз;

клеенкамен мойынын, кеудесін жабыңыз;

ауызына лоток қойыңыз;

электроотсоспен немесе резеңке баллонмен ауыздан, мұрыннан құсықты сорып алыңыз;

ауызды, құсық шыққан сайын, өңдеп, күтіңіз.

Ескерту: жекелік мейірбикелік постымен қамтамасыз ету қажет.

 

16.9. Ерлерге қуыққа катетер енгізудің мейірбикелік технологиясы

Катетеризация дегеніміз - қуыққа катетер енгізу. Катетеризация емдеу және диагностикалық мақсатпен жүргізіліп, қуықты жуу үшін қолданылады.

Катетерді тек қана керекті жағдайларда қолданады.

Қуықты екі мақсатпен жуады:

- механикалық мақсатпен (тастарды, іріңді шығару);

- эндоскопиялық тексерістер жүргізер алдында.

Катетер енгізудегі мейірбикенің технологиясы.

Мақсаты: зәрді қуықтан уақытымен шығару.

Көрсеткіштері:

- зәрдің жедел тұрып қалуы;

- қуықты жуу және дәрілерді жіберу;

- зәр жолдарының операцияларының кейінгі кезендері.

Қарама – қарсы көрсеткіштері:қуықтың жарылуы.

Жабдықтар: залалсыздырылған катетер, екі пинцет, лоток резеңке қолғап, фурацилин ерітіндісі 1:5000, вазелин майы, зәрді жинайтын ыдыс, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, клеенка, жуу үшін қолданатын антисептикалық ерітінділер, дәкелер.

Ескерту: катетер енгізгенде қатаң түрде асептика ережесін сақтайды, процедураны фельдшер немесе тәжірибелі мейірбике жасайды.

16.5-сүрет: катетерді қолдану әдісі

Процедура барысы:

· пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап,іс-әрекет мақсатымен, орындау барысымен таныстырып, келісімін алыңыз;

· керекті жабдықтарды дайындаңыз;

· қолды жуып, құрғатып, латекстық қолғапты киіңіз;

· пациентті арқасына жатқызып, тізе буынында аяғын бүгіп және аздап екі аяғының арасын ашуды ұсыныңыз;

· жамбасының астына клеенка және жаялық төсеңіз, судно қойыңыз;

· пациентті жуындырыңыз: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолынызға жуындыруға арналған суы бар ыдысты ұстаңыз, оң қолыңызға дәкемен корнцангты алыңыз. Жуындыруды жоғарыдан төмен қарай жүргізіңіз, ретімен қасағадан тік ішекке қарай. Теріні осы ретпен құрғатыңыз;

· қолғапты шешіп, оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыңыз; қолыңызды жуыңыз.

· залалсыздандырылған қолғапты киіңіз;

16.6-сүрет: катетерді қолдану әдісі

· жуындыруды жүргізу: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолыңызға залалсыздандырылған дәкені алыңыз, онымен жыныс мүшесін басынан төмен орап ұстаңыз;

· жыныс мүшесін сол қолдың 3-4 саусақтарымен ұстаңыз, басын аздап қысыңыз, 1-ші және 2-ші саусақтарыңызбен ұшындағы шетін ыздап ығыстырыңыз;

· оң қолға қысып ұстаған пинцетпен фурациллинге дәке малып алып өңдеңіз, мүшенің басын жоғарыдан төмен қарай, зәр шығатын тесікке қарай, дікелерді ауыстыра отырып;

· пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз;

· оң қолға пинцетпен катетердің ұшынан 5-6 см. төменірек ұстап алыңыз, екінші бос ұшы жағынан катетерді саусақтарыңызға орап ұстаңыз, және 4-5 саусақтар арасына қысып ұстаңыз;

· глицеринмен майланған, залалсыздандырылған, ерлерге арналған катетерді алыңыз, ұзындығы 15-20см., және ақырындап пинцетпен катетерді кіргізіңіз, алғашқы 4-5 см; сол қолдың 1-2-ші саусақтарымен ұстай отырып, мүшенің басын бекітіп ұстау мақсатында;

· катетерді тағыда пинцетпен 3-5 см. крігізіңіз, ақырындап зәр шығатын каналға 19-20см. ұзындыққа, бұл кезде мүшені үстіңгі жағынан сол қолыңызбен аздап тартып ұстаңыз. Катетер сыртқы сфинктерге жеткенде аздап бөгет байқалады, катетер қуыққа жеткенде зәрдің шыққаны байқалады;

· катетердің сыртта қалған ұшын зәр жинауға арналған ыдысқа саламыз;

· зәр шығып бітуге аз уақыт қалды-ау деген кезде пинцетпен катетерді ақырындап сыртқа шығара бастаңыз, себебі шығып жатқан зәр ағыны зәр шығатын жолдарды жуып өтуі қажет;

· катетерден зәр бөлінуі тоқтаған кезде іштің төменгі жағынан, қасаға сүйегінің үстінен сол қолыңызбен басыңыз;

· резеңке қолғапты шешіп, дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз;

· қолды жуып құрғатыңыз;

· пациентке физикалық, психикалық тыныштық жағдайларын жасаңыз.

16.10.Әйелдерге қуыққа катетер енгізудің мейірбикелік технологиясы

Мақсаты: диагностикалық немесе емдік

- қуықтан зәрді шығару

- қуықты жуу

- дәрілік заттарды енгізу

- зерттеу үшін зәр алу.

Шарты:

-асептика ережелерін қатаң сақтау

- процедураны тәжірибелі мейірбике орындайды.

Қарсы көрсеткіштері:

-жарақатты зақымданулар;

-қуықтың және зәр шығару жолдарының жедел қабынуы.

Жабдықтау:бір реттік жұмсақ залалсыздандырылған катетер,залалсыздандырылған қолғаптар,2 залалсыздандырылған пинцет,залалсыздандырылған дәкелер, глицерин,фурациллин ертіндісі,таза лоток.

Процедура барысы:

маска киіңіз, гигиеналық деңгейде қолыңызды жуып, залалсызданған қолғапты киіңіз;

пациентті арқасына жатқызып, тізе буынында аяғын бүгіп және аздап екі аяғының арасын ашуды ұсыныңыз;

жамбасының астына клеенка және жаялық төсеңіз, судно қойыңыз;

пациентті жуындырыңыз: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолынызға жуындыруға арналған суы бар ыдысты ұстаңыз, оң қолыңызға дәкемен пинцетті алыңыз. Жуындыруды жоғарыдан төмен қарай жүргізіңіз, ретімен қасағадан тік ішекке қарай. Теріні осы ретпен құрғатыңыз;

қолғапты ауыстырыңыз;

екінші залалсыздандырылған пинцетті алыңыз;

залалсыздандырылған пинцетпен жұмсақ катетердің тұмсық ұшынан ұстаңыз жазатын қалам сияқты етіп, ұшынан 4-6 см арақашықтықта, катетердің сыртқы ұшын оң қолдың 4-ші және 5-ші саусағының арасына қыса ұстаңыз. Әйелдерге арналған глицерин майы жағылған стерилді катетерді абайлап, зәр шығатын тесікке енгізіңіз, 4-6 см тереңдікке, зәр шыққанша. Катетердің бос ұшын зәр жинауға арналған ыдысқа салыңыз;

сол қолыңызбен құрсақ қуысының төменгі жағынан қасаға сүйегінің үстінен басыңыз, осы кезде біртіндеп катетерді шығарыңыз;

катетерді барлық зәр шығардан сәл бұрын шығарыңыз, себебі катетер алынғаннан кейін зәр шығаратын жолдарды шығатын зәр жуып шығу үшін;

қолғапты шешіп оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыңыз, ал пинцетті – зарарсыздандыратын ерітіндіге салыңыз.

 

16.11. Қуықты жуу мейірбикелік технологиясы

М ақсаты: емдеу

Қарсы көрсеткіштері:

-жарақатты зақымданулар;

-қуықтың және зәр шығару жолдарының жедел қабынуы.

Жабдықтау:бір реттік жұмсақ залалсыздандырылған катетер,залалсыздандырған қолғаптар,2 залалсыздандырылған пинцет, залалсыздандырған дәкелер, глицерин, фурациллин1:5000,таза лоток, жылтылған су, сұюқтықты жинайтын лоток, дезертіндісі бар ыдыс.

Процедура барысы:

қолыңызды гигиена деңгей әдісімен,қолғап киіңіз;

пациентті арқасына жатқызып, тізе буынында аяғын бүгіп және аздап екі аяғының арасын ашуды ұсыныңыз;

жамбасының астына клеенка және жаялық төсеңіз, судно қойыңыз;

пациенттің жыныс мүшелерін жуыңыз: пациенттің оң жағына тұрыңыз, сол қолынызға жуындыруға арналған суы бар ыдысты ұстаңыз, оң қолыңызға пинцетпен дәкені алыңыз. Жууды жоғарыдан қасағадан бастап тік ішекке қарай төмен жүргізіңіз. Теріні осы әдіспен құрғатыңыз;

қолғапты шешіп, оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыңыз, қолыңызды жуыңыз;

залалсыздандырған қолғапты киініз;

сол қолынызбен жыныс еріндерін ашыңыз, ал оң қолынызбен жоғарыдан төмен қарай зәр шығаратын каналды тік ішекке қарай фурацилинмен жақсылап жуыңыз;

пинцетті зарарсыздандыратын ерітіндегі салыныз;

мәрлі дәкені ауыстырыныз;

екінші залалсыздандырған пинцетті алыныз;

залалсыздандырған пинцетпен жазатын қалам сияқты жұмсақ катетердің ұшынан ұстаныз, ұшынан 4-6 см арашылығынан, катетердің сыртқы ұшын оң қолдың 4-ші және 5-ші саусағының арасына қыса ұстаныз. Әйелдерге арналған глицерин майы жағылған стерилді катетерді 4-6 см тереңдікке, зәр шыққанша абайлап зәр шығатын тесікке енгізіңіз. Катетердің бос ұшын зәр жинауға арналған ыдысқа салыңыз;

зәр шыққаннаң кейін катеттерды алмаңыз, Жане шприціне жылытылған 100-150мл фурациллин ертіндісін сорып алып катетерға жалғаныз;

ертіндіні жібергеннен кейін Жане шприцін алып катетірді зәр жинайтын лотокқа салыныз.Осылайша қуықты таза фурацилин болғанша жууыңыз;

катетерды қуықтан алыныз;

қолғапты шешіп оны қолданылған заттарға арналған қорапқа салыныз, ал пинцетті – зарарсыздандыратын ерітіндіге салыныз.

16.12.Үздіксіз уретралдық катетері бар пациенттің зәр жолдарының жұқпаларының алдын алуы

Үздіксіз катетері бар пациенттің зәр жолдарының жұқпаларының алдын алуы

үшін келесі шарттарды сақтау керек:

• катетерді қатан түрде асептика ережесін сақтап, жарақатсыз әдістермен енгізу;

• катетерді несеп жолынан шығып кетпеу үшін бекіту;

• катетерді ұзақ қолданбау;

• мұмкіндік болса сыртқы катетерді қолдану (ер пациентте);

16.7-сүрет: уретралдық катетері қолдану әдісі

 

қолды катетермен зәржинағышпен әр түрлі манипуляция жасағанның алдында және аяғында жуу;

• катетермен зәржинағыш жүйесі тұйық болуын байқау керек, тек катетерді жуған кезінде ажыратады;

• катетерді бітеліп қалуына күдік болған жағдайда жуады;

• катетерді жуғанда асептика ережелерін сақтайды;

• егер зәрден анализ алу жағдай болса, катетердің бос жағын зарарсыздандырып, зәрді шприц арқылы алады;

• зәржинағышты қосылған трубкаларының ластанбауы үшін абайлап ажырату;

• зәрдің үнемі шығуын қадағалау;

•зәр жинайтын ыдысты қуықтың деңгейінен төмен қылады;

• катетерді қыспайды;

•катетердің аймағын сабын араласқан сумен екі мезгіл жуу;

Үздіксіз уретралдық катетері бар пациенттің зәр жолдарының жұқпаларының алдын алу үшін пациенттің жыныс органдарымен катетерді ұқыптылықпен күтім жасайды;

Бақылау сұрақтары мен тапырмалары

1. Клизма туралы сипаттама беріңіз және оның маңыздылығын түсіндіріңіз?

2. Клизманың түрлерін тізіп беріңіз?

3. Тазарту клизмасын жасау ережесін, көрсеткіштерін, әдістерін айтып көрсетіңіз?

4. Сифондық клизмасын жасау ережесін, көрсеткіштерін, әдістерін айтып көрсетіңіз?

5. Гипертоникалық клизмасын жасау ережесін, көрсеткіштерін, әдістерін айтып көрсетіңіз?

6. Майлы клизманың ерекшелігін, қолдану ережесін түсіндіріңіз?

7. Тамшы клизманы қолдану ережесін атап, көрсетіңіз?

8. Қуыққа катетер қою маңыздылығын және әдісін атап шығыңыз?

9. Құсық кезінде көмек көрсету ережесін түсіндіріңіз?

10. Асқазанды жуу әдісінің ережесін түсіндіріп, көрсетіңіз?

Тарау

Лабораториялық тексеру әдістері

Лабораториялық тексерістер пациенттерді тексерудегі маңызды бөлігі болып саналады. Бұл мәліметтер диагноз қойғанда, пациенттің жағдайына баға бергенде қажет. Лабораториялық тексерудің нәтижелері тура болуының да көп мәні бар.

Тексерілетіні: қан, зәр, нәжіс, қақырық, асқазан, бауыр-өт сөлдері, сұйықтары, шырышты қабаттары және т.б.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 21333. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Весы настольные циферблатные Весы настольные циферблатные РН-10Ц13 (рис.3.1) выпускаются с наибольшими пределами взвешивания 2...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия