Студопедия — Сканерлеу 6 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сканерлеу 6 страница






Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатында жоспар құру Мейірбикенің кірісулері
Тәуелсіз Тәуелді
Тону (гипотиреоз) 1. Пациентпен жылы қарым-қатынаста болу   2. Педагогикалық аспектіде жұмыс жүргізу   3. Рефлекторлы түрде көмек көрсету   4.Пациенттің функционалды жағдайын қадағалап жүру   1. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасап, аяқ – қолына жылытқыш қою, жылы орау, жылы шай беру немесе жылы ванна қабылдату   2. Қан қысымын, пуль-сін, демін санап анық-тау. Дене қызуын өлшеп отыру   3.Дәрі-дәрмектерді міндетті түрде мейірбике қадағалап ішкізу керек 1.Микседема ауруының емін дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізу   2.Әр түрлі зертханалық және аспаптық тексерістерге пациентті дайындап, оларға қатысу  

 

Пациенттің мәселесі Мәселені жою мақсатында жоспар құру Мейірбикенің кірісулері
Тәуелсіз Тәуелді
Гипоглике-миялық команың дамуы 1.Дәрігерді шақыру   2.Ыңғайлы жағдай көрсету   3.Дәрігерге дейін көмек көрсету   4.Пациенттің жалпы жағдайын қадағалау   5.Керекті дәрі-дәрмекті әзірлеп қою     1.Пациентпен сөйлесіп, сана сезімінен айырыл-мауына жағдай жасау   2.Тез арада тәтті шай немесе тәтті нан, қант беру керек   2.Қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау, демін санау, дене қызуын өлшеу   3.Системаны құру   4.Пациенттің физиологиялық шығыстарын бақылау   Дәрігердің нұсқауы бойынша: 1.көк тамырға глюкоза ерітінділерін жіберу   2.Жұмсақ катетер арқылы зәр шығару   3.Тазарту клизмасын қолдану   4.Зонд арқылы тамақтандыру

Тарау

Қан және қан түзу органдарының ауруларындағы мейірбикелік үрдіс

 

Қан жүйелеріне қан түзуші мүшелер (қанды түзу және оны бұзып, жүзеге асыратынмүшелер) мен қан, қанның құрамдық бөліктері, сары су және химиялық заттар жатады. Қан түйіршіктеріне эритроцит, лейкоцит, тромбоциттер жатады. Эритроциттер қоректену қызметін атқарады, лейкоциттер иммун жүйесіне қатысты, яғни қорғаныш қызметін атқарады, ал тромбоциттер қан ұю үрдісіне қатысады.Адам ағзасында қанның атқаратын ролі орасан маңызды. Онсыз адам өмір сүре алмайды. Қан ағзадағы заттар алмасу дәрісін реттейді.Сонымен қатар қан ағзадан зиянды заттар шығарып оны түрлі зиянды әсерлерден сақтайды және дене қызуын бірқалыпты реттеп отырады. Оттегін денеге тарату қызметін қанның гемоглобині басқарса, көмірқышқылды денеден шығаруды сарысу атқарады. Ішкен тамақтағы қоректік заттар және гормондар қан арқылы әрбір мүшеге тарайды. Ағзаны түрлі аурудан қорғау қызметін ақ түйіршіктер атқарып, олар ауру жұқпаларын жойып отырады. Қан түйіршіктері өз міндеттерін атқарып біткен соң тамаққа барып қырылады да, олардың орнын жілік майында және лимфа бездерінде пайда болған жаңа түйіршіктер басады. Ал қанның ескірген сары сұйығы тері, бүйрек және ішек арқылы ағзадан сыртқа шығады. Қанды бояушы қызыл зат – гемоглобин қанның тыныстық пигменті. Гемоглобин оттегі мен кейбір газдарға қосылудан оңай ыдырайтын күрделі ақуызды қосынды. Негізгі қызметі – оттегін өкпеден тіндерге және тіндерден көмірқышқыл газын өкпеге жеткізу. Гемоглобин қанның қызыл түйіршіктерінде болып, оған қызыл өң береді. Оттегіне бай қанның түсі ашық қызыл (артерия қаны) болады. Артерия қаны тіндерге еніп құрамындағы оттегін тінге алмастырғаннан кейін оның түсі қоңыр тартады (көк тамыр қаны) Ағзадағы кез – келген патологиялық үрдіске қан жағынан серпіліс беретіні белгілі. Тек қана басты өзгерістер қан жүйесінде ғана болатын аурулар бар. Көбінесе қан түзілу немесе қан бұзу үрдісі бұзылады, оның ішінде құрамдық бөліктерінің біреуі (мысалы, эритроцит, лейкоцит, тромбоцит). Қан түзілудің қай бөлігі бұзылуына байланысты барлық аурулар шартты түрде келесі топтарға бөлінеді: қаназдық көбінесе қан құрамының бұзылуымен және шеттік қанда эритроцит пен гемоглобин санының азаюымен байланысты ауру; гемобластоздар – қан түзілуінің милеоидтық, лимфоидтық, эритроидтық немесе мегакариоцитарлы өсінділердің зақымдануы бар ісікті аурулар. Қан жүйелерінің ауруларында бір – бірімен белгілі бір дәрежеде байланысқан жалпы симптомдар кездесуі мүмкін.

Негізгі шағымдары:

Әлсіздік.

Тез шаршағыштық.

Ентігу.

Жүректің жиі қағуы.

Қызба.

Терінің қышынуы.

Қансырау. Қан кету.

Терінің құрғауы.

Шаштың түсуі.

Тырнақтың сынғыштығы.

Сүйектердің ауруы.

26.1. Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы

мейірбикелік үрдіс

І кезең Пациенттің мәселелерін табу.

Пациенттің нақты мәселелері:

Ø жалпы жағдайының бұзылуы

Ø тез әлсізденіп, шаршау

Ø бастың ауыруы, бастың айналуы

Ø іштің ауыруы, буындардың сырқырауы

Ø дене қызуының көтерілуі

Ø ұйқының бұзылуы

Ø тамаққа тәбетінің тартпауы

Ø түнгі уақыттағы терлегіштік

Ø лоқсу, құсу, естен тану

Пациентте болуы мүмкін мәселелер:

Ø қансыраудың қауіп - қатерлігі

Ø асқынулардың қауіп - қатерлігі

Ø ағзаның қорғаныш қызметінің төмендеуі

Ø психикалық және сезім билеушілік күй жағдайында болуы

Ø мүгедекдікке әкеліп соғатын қауіп - қатерлік факторлар

Ø сыртқы сымбаттылығының өзгеруі

Ø жанұялық арасындағы қарым – қатынастың өзегеруі

ІІ кезең Мейірбике диагнозын қою.

Пациенттің барлық нақты және болуы мүмкін мәселелеріне сүйене отырып қойылады.

ІІІ кезең Күтім шараларын жоспарлау.

Қысқа уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар:

Ø ауырсыну сезімін басу;

Ø лоқсуда, құсуда көмек көрсету;

Ø науқастың тамақтануына жәрдемдесу;

Ø пациенттің киініп, шешінуіне көмек көрсету;

Ø қансырауды барынша тыйылту;

Ø шұғыл жағдайларда дәрігерге дейін көмек көрсету.

Ұзақ уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар:

Ø пациент өзінің үйреншікті жағдайына төселген;

Ø дене салмағы азайып, төмендемейді;

Ø тері ойылу қаупі болмайды,

Ø пациенттің ұйықтай алмаушылығына қарсы күресу;

Ø тежелуді болдырмауға тырысу;

Ø пациенттің туысқандары аурудың түптілікті маңыздылық негізі бар мәліметімен танысып, күтім және ем шараларын жүргізе алады.

IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.

Мейірбикенің кірісулері:

Ø тәуелді – пациентті әртүрлі тексерістер түрлеріне дайындап, сол тексеру іс - шараларына араласу, дәрігердің нұсқауы бойынша жұмыс істеу. Пациентті құсықта, мұрнынан қан кеткенде өзіне - өзі жәрдем көрсете алатын жағдайға жеткізу.

Ø тәуелсіз – науқастың жағдайын қадағалау: дене қызуын өлшеу, тамыр соғуын анықтап, санау, дем алу жиілігін санау, қан қысымын өлшеу; пациентке нақты түрде арналған күтім шараларын жүргізу: төсек тәртібін сақтаудың барысын қадағалау, жеке бастың гигиена шараларының сақталынып, орындалу сапасын қадағалау.

Ø бір – біріне тәуелділік қарым - қатынастары – дәрілік ем шараларын іске асыруына және тиімді нәтижені беруге пациентті психологиялық түрде демеп, қолдау жасау. Пациентке қолданылатын химиялық ем шараларының ағзаға кері әсерін тигізетіндігі туралы туысқандарына түсіндіріп және педагогикалық аспект ретінде оларың келісімін алу.

V кезең - Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау.

Алға қойылған мақсаттармен көрсетілген күтім шараларының салыстырмалы түрдегі маңыздылық айырмашылық қорытындысын тұжырымдау. Пациентке көрсетілген жалпы күтім шаралары нәтижесіз болған жағдайда, мейірбике күтім жоспарын қайта қарастырып оған жаңадан күтім жоспар түрін енгізіп, оны іске асырады.

 

26.2.Қан түзу органдарының ауруларында мейірбикелік

кірісу үлгілері

Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатында жоспар құру Мейірбикенің кірісулері
Тәуелсіз Тәуелді
Мұрнынан қан кету 1 Дәрігер шақыру   2.Ыңғайлы жағдай жасау.   3.Рефлекторлық түрде қансырауды тоқтату (суық басу)   4.Керекті дәрілерді әзірлеу   5.Пациенттің функционалды жағдайын қадағалау 1.Пациентті отырғызып басын сәл алдына еңкейту, қолына лоток беру. 2.Мұрнының үстіне мұзды мұйық қою   3.Дәрігер келгенше жағдайын қадағалап отыру (қан қысымын, демін, тамыр соғысын)   4.Қансырауды тоқтататын дәрілерді әзірлеу, системаны құру. 1.Дәрігердің нұсқауы бойынша тромбопластинмен томпонада жасау.   2.Медикаментозды ем қолдану: кальций хлор ерітіндісін, дицинон ерітіндісін, аминокапрон қышқылын енгізу.   3.Пациенттің зертханалық және аспаптық тексерістеріне қатысу
Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатында жоспар құру Мейірбикенің кірісулері
Тәуелсіз Тәуелді
Тәбетінің төмендеуі 1. Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу   2. Этика-деонтологиялық қағидаларын сақтау   1.Пациентке тамақтандырудың мағынасын түсіндіру 2.Тамақты тәбет ашатын түрде беру. 3.Пациенттің көңіл - күйіне көңіл бөлу. 1.Негізгі аурудың емін дәрігердің нұсқауы бойынша жүргізу   2.Әр түрлі зертханалық, аспаптық тексерістерге қатысу.  

Тарау

Жүрек-өкпе реанимациясы

 

Клиникалық өлімнің белгілері:

1. Ірі магистральдық тамырлардың соғуының жоқтығы (ұйқы, жамбас, артерияларында).

2. Сана сезімінің жоғалуы.

3. Көз қарашығының кеңеюі.

4. Клиникалық, тоникалық тырысудың пайда болуы.

5. Демнің тоқтауы.

Жәрдем көрсетудің негізгі қағидалары:

1. Дем жолдарының өткізгіштігін жақсарту.

2. Өкпеге жасанды ауаны жаңарту және демді қалпына келтіру.

3. Жүрекке жабық бұрылысты массаж жасау, қан айналысын қалпына келтіру.

 

27.1. Дем жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру

Пациентті қатты жерге жауырынның астына жұмыр жастық қойып, қысып тұрған киімдерін ағытып, ауызын ашып, протез тістері болса, алып тастап, басын шалқалатып жатқызу (сол жақ қолын мойынының астына салу). Егер асқазаннан құсық шықса, ауызын ұқыптап тазалау (дәкелермен, электроотсос арқылы).

Өкпенің жасанды ауаны жаңартуы (ӨЖАЖ)

Жасанды ауаны жаңарту бұлшық еттің босануынан және дем жолдарының өткізгіштігіне байланысты.

Бұлшық еттің толық босануынан және ауыз-қуысының бостығынан демді экспираторлық әдіспен (ауыздан - ауызға) істейді. Ол үшін реаниматор пациенттің басын шалқалатып бекітеді, бір қолымен төменгі жақ сүйегін алдына қарай тартып, бармақпен екінші саусақпен пациенттің мұрынын тығыз жауып, ауызына дәке жабады.Реаниматор демді терең ішке тартып, пациенттің ауызына 1 сек ішінде жібереді. Пациенттің мұрнын және ауызын ашқан кезде демнің шығуы байқалады. Сондықтан оның кеуде қозғалысына көңіл аударып отыру керек.

Демді жіберу жиілігі - минутына 12-15 рет.

Процедураны орындау:

Ø пациентті қатты жерге жатқызыңыз;

Ø қысып тұрған киімдерін шешіңіз;

Ø басын шалқайтып, сол жақ қолын маңдайына, оң жақ қолын мойынының астына салыңыз;

Ø жауырынына жұмыр жастық салыңыз;

Ø төменгі жақ сүйегін алдына қарай тартып, пациенттің ауызын ашыңыз;

Ø ауыз-қуысын тазалап, тілің бекітіңіз;

Ø сол жақ қолының екі саусағымен мұрының жабыңыз;

Ø терең демді кіргізіп, пациенттің ауызына апарып, бүкіл демді жіберіңіз;

Ø үзіліс жасаңыз;

Ø кеуде экскурсиясын қадағалап отырыңыз;

Ø ырғақты демді минутына 12-18 рет жасаңыз (жедел жәрдем келгенше).

27.2.Жүрекке жабық тікелей емес массаж жасау

Мақсаты: жүректің жұмысын, қан айналысын қалпына келтіру.

Көрсеткіші: клиникалық өлім.

Міндетті жағдай: жүрек-өкпе реанимацияның бірізділігін

сақтау:

· дем жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру;

· жүрекке ждасалынатын тікелей емес массаж, өкпені

жасанды желдетумен сәйкес келіп отыруы керек;

· әрбір 2 минут сайын тамыр соғысын ұйқы артериясы

және көз қарашығы арқылы тексеру.

 

Процедураны орындау:

Ø жедел жәрдем машинасын шақырыңыз;

Ø жедел түрде жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіңіз;

Ø пациенттің басы жүректен төмен немесе жүрек тұсында болуын қадағалаңыз;

Ø қысып тұрған киімдерін шешіңіз.

Ø пациенттің жанынан мейірбике тізесін бүгіп отыруын байқаңыз;

Ø бір қолын төс сүйегінің аяқ жағына салып, үстіне екінші қолды салыңыз;

Ø қолың бос ұстауын (массаж жасағанда);

Ø шынтақ буындарын тік ұстауын қадағалаңыз;

Ø төстің төменгі жағын басуын

(терендігі 3,8-5 см).

Ø «жоғары-төмен» - ырғақты ұстап

отыруын байқаңыз;.

Егер реанимацияны жалғыз адам жасап отырса,

9-11 секунд ішінде зардап шегушінің екі рет дем

алуымен бірге 15 ырғақты массаж сәйкестендіріледі.

Егер реанимацияны екі адам жасаса, онда

зардап шегушінің бір рет демалуымен 4-5 ырғақты

массажды сәйкестендіріп отырады.

Ø жүрек жұмысының нәтижесін 1-2 мин сайын тексеріп отырыңыз, ұйқы артериядан тамыр соғысын, көз қарашығын анықтаңыз;

Ø дем жолдарын ашық түрінде сақтаңыз (жедел жәрдем келгенше);

Ø демін, тамыр соғысын бақылап отырыңыз.

 

Реанимация шараларының нәтижелі белгілері:

· ұйқы және шынтақ артерияларында тамыр соғысының білінуі;

· көз қарашағының жіңішкеленуі;

· қан қысымының қалпына келуі;

· цианоздың, өңі бозарудың азаюы;

· демнің қалпына келуі.

Реанимация қолданғанда болатын асқынулар:

· қабырғалардың, төстің жарақаттануы;

· өкпенің, жүректің, бауыр, көкбауырдың зақымдануы.

Асқынудың алдын-алуы:

- реанимацияны дұрыс қолдану.

27.3.Биологиялық өлімнің белгілері

· Демнің мүлде тоқтауы.

· Тамыр соғысының жоғалуы.

· Рефлекстердің жоғалуы.

· Терісінің өте өңсіз болуы.

· Бұлшық еттердің босануы.

· Төменгі жақ сүйегінің төмендеуі.

· Көз жанары кетуі.

· Денесінің сууы.

· Денесінің қатаюы.

· Дақтардың пайда болуы.

27.4.Мәйітпен жұмыс атқару ережесі

1. Мәйіттің киімдерін шешіп, арқасына жатқызыңыз. Қымбат заттарын дәрігердің көзінше туған-туыстарына беріңіз.

2. Төменгі жақ сүйегін байлап, кірпіктерін жауып ақ жаймамен жабыңыз, екі сағатқа қалдырыңыз.

3. Қолына, аяғына мәйіттің аты жөнін, ауру тарихының белгісін жазыңыз.

4. Құжатта аты-жөнін, ауру тарихының белгісін, диагнозын, өлген уақытын белгілеңіз.

5. Мәйіттерді мейірбикенің қатынасуы бойынша патолого-анатомиялық бөлімшеге апарыңыз.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Клиникалық өлім туралы сипаттама беріңіз?

2. Клиникалық өлімнің белгілерін атап шығыңыз?

3. Биологиялық өлімнің белгілерін тізіп беріңіз?

4. Клиникалық өлім кезіндегі жүрекке жабық массаж жасау әдісін көрсетіңіз?

5. Клиникалық өлім кезінде жасанды дем қолданыңыз?

6. Биологиялық өлім кезіндегі мейіркештің рөлін айтып беріңіз?

 

Тарау

Паллиативті көмек.

Инкурабельді жағдайдағы пациенттерге көмек көрсету ерекшеліктері.

Мейірбикенің рөлі

КІРІСПЕ

Қазақстандағы ауруға уақытша жеңілдік беретін көмектің жағдайы

XXI ғасырдың бастамасы мемлекетпен қоғамның халықтын денсаулығына деген назары өсіп келе жатыр, алдын алу жұмыстары қалпына келтіріліп, алғашқы және арнайы көмек көрсету жетістігі жоғарлап жатыр. Жоғары технологиялық медициналық көмектін құрылуы әлемнің стандарттық деңгейіне дейін өсуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1343 2011 жылғы 15 қараша, Астана қаласында «Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету қағидалары туралы бекітілген.

Дәстүр бойынша ел халқының денсаулық жағдайы өмір сүру ұзақтығының орташа және күтілетін мінездемесінен басталады. Қазақстандағы күтілетін өмір сүру ұзақтығының беталысы, басқа елдерінің ішінде байқалғандай сияқты, соған қарамастан Қазақстандағы орташа өмір сүру ұзақтығы басқа елдерінің ішіндегі ең төмені болып қала бермек және 1991 жылдан кейін өмір сүру ұзақтығы күрт төмендеп кетті. Қазақстанда 1990 жылы өмір сүру ұзақтығы 68,81-ден 64,4-ке дейін төмендеді, ал 1996 жылы қайтадан 66,9-ға жоғарлады. Экономикалық ұлғаюға қарамастан, ол 1990 жылғы деңгейден 2 жылға кем артта қалуда және 2004 жылы тіркелген 79,43 жас деңгейіннен, 13 жылға Евроодағының орташа өмір сүруінен – 15 жылға кем. Алдыңғы Кеңес Одағының барлығында – жыныс арасындағы орташа өмір сүру ұзақтығының айырмашылығы үлкен болды. 2006 жылы ер кісілердегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы 60,55 жылды құрады, ал әйелдерде бұл сан 72,03 жылды құрады. Ер кісілердің өмір сүру ұзақтығы 90-жылдардың бірінші жартысында 1996 жылы әйелдермен салыстырғанда 63,9-дан 58,93-ке дейін күрт төмендеп кетті. Ең үлкен өлім жұмысқа қабілетті жастағы ер кісілердің ішінде байқалды. 1987 жыл мен 1995 жылдардың арасында өлім деңгейі 30-44 жастағы ер кісілердің ішінде екі еседен артық жоғарлады және 45-54 жастағы ер кісілердің ішінде 75%-ға өсті. ДДСҰ-ның мәліметтері бойынша Қазақстан тездетілген қарқынды қартаю елдеріне жатады және 2050 жылы халықтың 25% егде жастағы адамдарға жататын болады. Осы көрсеткішпен бірге егде жастағы аурулар көрсеткіші, онкологиялық аурулар көрсеткіші жоғарлайтын болады. Ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек көрсету сұрақтары мүмкіндігінше және денсаулық мәселелерінің көз қарастары барынша өзекті болады. Қаншама егде жастағы адамдардың ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек көрсетуге қажет екендігі мен қажет ететіндігі туралы әлі статистикалық мәліметтер жоқ, бірақ осындай мекеменің қажет екендігі айқын. Аурулардың құрылысында ел бойынша төрт алдыңғы қатарда орналасқан өкпе қатерлі ісігі, асқазан қатерлі ісігі, терінің қатерлі ісігі және сүт безінің қатерлі ісігі жатады. Соңғы он жылда өлім көрсеткішінің тұрақты төмендеу беталысы бар, осыған қарамастан қатерлі ісіктерден өлу алдыңғы қатардың үшінші орынында қалуда. Осындай ауру көрсеткіші сияқты маңызды көрсеткіштер (қатерлі ісік ауруларының таралуы) жылдан жылға өсуде, орта есеппен жыл сайынғы өсуі 100 мың халыққа 12 құрайды. Аурудың IV сатысында тіркелген адамдардың меншікті салмағы соңғы он жылда 7,3%-ға төмендеген. Осының барлығында қатерлі ісік науқастарының 1/5 бөлігі – бұл қатерлі ісік ауруларының IV сатысындағы науқастар, олар мамандандырылған медико-психологиялық сәйкес көмекті қажет ететіндер.

Онкологиялық аурулардан басқа тағыда созылмалы аурулар(терминалдық жағдайлар) бар. Паллиативті көмек көрсетуде тек медициналық қана емес, инкурабельды пациенттерге әлеуметтік, психологиялық, рухани факторларда әсер етеді. Инкурабельды пациенттерге паллиативті көмек көрсету бағытында қайғысын төмендетуден басқада, олардың жанұяларына шарасыз соңына дайындау үшін, адекватты психологиялық және әлеуметтік көмек қажет.

Ауруға уақытша жеңілдік беретін көмектің жүйесін, сол сияқты емделмейтін қатерлі ісікпен ауыратын науқастарға көмектің пайда болуының бастаушысы ДДСҰ болды. 1970 жылдары кішкене эксперт топтары ДДСҰ қолдауымен







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 5083. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия