Студопедия — Конституция түсінігі мен мәні
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Конституция түсінігі мен мәні






Принимайте все меры предосторожности против опрокидывания плота, а именно:

- во время сильного волнения держите якорь спущенным в воду и садитесь пониже. Не вставайте и не делайте резких движений;

- во время сильного шторма будьте готовы спустить новый якорь, если старый будет потерян;

- если плот перевернется, перебросьте серединный фал (на многоместных плотах) через дно. Переберитесь на другую сторону плота. Поставьте одну ногу на секцию, обеспечивающую плавучесть, и потяните за фал. Если серединный фал отсутствует, дотянитесь до противоположного борта и ухватитесь за дальний фал. Соскользните снова в воду, таща фал за собой вниз и над собой. Большинство плотов имеют ручки на дне. У 20-местного плота нет ручек, поскольку длина его бортов одинакова;

- для того чтобы взобраться на одноместный плот, залезайте с узкого конца, стараясь держаться как можно более горизонтально. Это также хороший способ, чтобы взобраться на многоместный плот, когда вы один. Если на плаву несколько плавсредств, их нужно связать вместе.

- Все морские птицы, встречающиеся вдали от берега, съедобны и ловить их можно на большой рыболовный крючок, поддерживаемый на плаву.

- Большинство рыб, пойманных далеко в море, съедобны, однако в тропической зоне можно встретить и ядовитых рыб, содержащих в мясе сильнодействующие яды, которые нельзя нейтрализовать даже при хорошей тепловой обработке. Ядовитые рыбы украшены множеством колючек, шипов, наростов и имеют явно устрашающий вид. Они окрашены в желто-серый или черный цвет с красноватыми пятнами. Некоторые рыбы обладают способностью сильно раздуваться. Мясо акул не ядовито, но имеет характерный запах аммиака, что объясняется физиологическим строением ее организма.

Кіріспе

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.

Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:

· қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;

· мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;

· адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:

· міндеттеу әдісі;

· тыйым салу әдісі;

· ерік беру әдісі;

· мойындау әдісі.

 

Конституция түсінігі мен мәні

Конституциялық құқықты үш тұрғыда қарастырамыз: құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу тәртібі ретінде.

Құқық саласы ретінде ол қоғамдық қатынастардың белгілі бір тобын (ең алдымен қоғам мен мемлекеттің құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайын) реттейтін және конституцияда, заңдарда, т.б. актілерде көрініс тапқан іштей келісілген заңи нормалардың жүйесін білдіреді.

Конституциялық құқықтың реттейтін қоғамдық қатынастары оның реттеу пәні болып табылады. Конституциялық құқық ол қоғамдық қатынастар тобын нормалары арқылы реттейді. Олай болса, конституциялық құқық саласының пәні болып оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар ұғынылады. Ал, конституциялық құқықтың реттеу пәні болып келесі қоғамдық қатынастар жиынтығы табылады:

- ҚР конституциялық құрылысының негіздері;

- жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері;

- мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары;

- сайлау құқығы мен сайлау жүйесі;

- жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздері.

 

Сонымен, құқық саласы ретінде Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы – бұл қоғам мен мемлекеттің құрылысының негіздерін, атап айтсақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, Қазақстан Республикасындағы жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, Қазақстанда мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, ҚР сайлау құқығы мен сайлау жүйесін, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.

Кез-келген құқық салаларын секілді конституциялық құқықты да өзге құқық салаларынан негізінен реттеу пәніне және реттеу тәсілдеріне қарап ажыратамыз. Реттеу пәні мен реттеу тәсілі өзара байланысты. Конституциялық құқықтың реттеу пәні оның нені реттейтіндігін білдірсе, реттеу тәсілі қалай, қандай амалдармен реттейтіндігін білдіреді. Сонымен, конституциялық құқықтың реттеу пәні – бұл конституциялық құқық нормаларымен реттелетін жоғарыда көрсетілген қоғамдық қатынастар жиынтығы, ал конституциялық құқықтың реттеу тәсілдері – бұл конституциялық құқық нормаларының оның пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін амал, әдістері. Олар: тану тәсілі, құқық беру тәсілі, міндеттеу және тиым салу тәсілдері. Құқық беру тәсілі ол белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқық бере отырып реттеуді білдіреді. Мысалы, Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар. Бұл ереже Қазақстанда сайлау және сайлану, референдумға қатысу қатынастарының құқық беру тәсілімен реттелгенін көрсетеді. Міндеттеу тәсілі мәні бойынша белгілі бір әрекеттерді жасауды міндеттеу амалын білдіреді. ҚР Конституциясының 35 бабында “Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады” деп көрсетілген. Тиісті ережеге сәйкес салық, алымдарды, өзге де міндетті төлемдерді төлеу қатынасы міндеттеу тәсілі арқылы реттелген. Тиым салу тәсілі белгілі бір әрекеттерді жасаудан тартынуды белгілейді, оны жасауға болмайтындығын анықтайды. Әдетте, ол “болмайды”, “тиым салынады” деген сөзтіркестерімен белгіленеді. Мысалы, соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды; жосықсыз бәсекеге тиым салынады; тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды (ҚР Конституциясының 14, 26 баптары). Ал, тану тәсілі мемлекеттің адамның табиғи құқықтарын заң тұрғысынан танитындығын білдіреді. ҚР Конституциясының 12 бабының 2 тармағына сәйкес “Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады”.

Конституциялық құқықтың өз шегінде нормалардың институттар бойынша белгілі бір топтасуы жүргізіледі. Жалпы «институт» түсінігі ғылымда нақты бір құқық саласы шегінде белгілі бір ұқсас қатынастар тобын реттейтін нормалар жиынтығын білдіреді. Мысалы, конституциялық құқықтың шегінде азаматтыққа байланысты қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы азаматтық институтын құрайды, т.с.с. Конституциялық құқық нормаларының кейбір топтарының нақты реттелгені соншалық, олардың конституциялық құқықтың институттары және біздің оқып-зерттеуіміздің объектілері болып қала беретініне қарамастан, оларды жиі құқық деп атайды (сайлау құқығы, муниципалдық құқық).

Конституциялық құқық ұлттық құқық жүйесінде негізгі орынды иеленеді. Өзге емес нақ осы конституциялық құқық бүкіл құқық жүйесінде жетекші, фундаменттік құқық саласы ретінде анықталады. Себебі, 1-ден, конституциялық құқық қоғамның барлық салаларына (экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени т.б.) әсер етеді, ал өзге құқық салалары тек бір салаға ғана әсер етеді (м/ы, қаржы құқығы экономикалық салаға, неке және отбасы құқығы әлеуметтік салаға, әкімшілік құқық саяси салаға, т.с.с.), 2-ден, конституциялық құқық сол салалардың барлық қатынастарын емес, тек негізгі, басты қатынастарын ғана реттеп, бекітеді. Өзге құқық салалары болса конституциялық құқық бекіткен қатынастарды басшылыққа ала отырып тиісті саланы толығымен реттеп, нақтылайды. Демек, конституциялық құқық өзге құқық салаларының құқықтық реттеу бағытын алдын-ала анықтайды, өзге құқық салалары үшін негіз болатын нормалар белгілейді. Мысалы, Конституцияда азаматтық және еңбектік құқықтың және т.б. құқық салаларының бағытын анықтайтын негізгі, бастапқы қағидалар көрсетілген. Жоғарыда атап кеткеніміздей конституциялық құқық қоғамдық қатынастардың нақты бір тобына конституциялық құқықтық нормалар арқылы әсер етеді. Конституциялық құқықтық норма – бұл конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін жүріс-тұрыс ережесі. Ол конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрысын анықтайды.

Конституциялық құқықтық нормалардың мынадай негізгі сипаттарын (нышандарын) көрсетуге болады:

- біріншіден, конституциялық құқықтық норма – жалпыға міндетті ереже, яғни ол тұлғалар мен түрлі ұйымдарға қоса мемлекеттің өзі үшін де орындалуы міндетті болып табылады.

- екіншіден, конституциялық құқықтық норма – нысанды анықталған ереже, яғни олар белгілі бір актінің нысанында шығарылады (мысалы, жарлық, қаулы, заң т.б.).

- үшіншіден, конституциялық құқықтық норма – нақты анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Бұл оның нақты құқықтар мен міндеттерді, жүріс-тұрысты белгілейтіндігін анықтайды.

- төртіншіден, конституциялық құқықтық норма – мәжбүрлі ереже, яғни оның орындалуы мемлекеттің ықпалымен, мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етіледі.

Конституциялық құқықтық нормалар өзге құқықтық нормалардан бірқатар өзгешеліктермен ерекшеленеді. Нақты айтсақ, конституциялық құқықтық нормалардың ерекшеліктері болып келесілер табылады:

А) конституциялық құқықтық нормалардың негізінде белгілі бір құқықтық қатынастардың түрі пайда болады;

В) конституциялық құқықтық нормалар реттеу пәні бойынша ерекшеленеді. Яғни, конституциялық құқықтың нормалары ерекше сипаттағы, негізгі, фундаменталдық қатынастарды реттейді;

С) қайнар көздері (бастаулары) бойынша ерекшелінеді, яғни конституциялық құқықтық нормалар басқа құқықтық нормаларға қарағанда мемлекеттің негізгі заңы - Конституцияда көбірек белгіленген. Тиісінше заңи күші де көбінесе жоғарырақ болып келеді;

Д) конституциялық құқықтық нормалар бірнеше бағытты қамтуға арналған;

Е) конституциялық құқықтық нормалар құрылымына қарай ерекшеленеді. Нақты айтсақ, конституциялық құқықтық нормаларда өзге құқықтық нормаларға қарағанда санкция өте сирек кездеседі;

И) конституциялық құқықтық нормалар көбіне нақты реттеушілік емес, жалпы реттеушілік сипатта болады. Мұнда мақсат, міндет, анықтама, мәртебе, қағида нормалары көп болады;

К) конституциялық құқықтық нормаларға құрылтайшылық немесе ұйымдастырушылық сипат тән.

Конституциялық құқықтық нормалардың түрлері:

1) мазмұны немесе реттеу пәні бойынша:

- конституциялық құрылыс негіздерін бекітетін нормалар;

- жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін бекітетін нормалар;

- сайлау құқығы мен сайлау жүйесін бекітетін нормалар;

- мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын бекітетін нормалар;

- жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы негіздерін бекітетін нормалар.

 

2) заңи күші бойынша:

- конституциялық - конституцияда көрініс тапқан нормалар

- субконституциялық - конституциядан өзге актілерде, яғни заңдарда, Президенттің жарлықтарында, Парламенттің қаулыларында, Үкіметтің актілерінде, орталық және жергілікті атқарушы органдардың актілерінде, маслихаттың шешімдерінде, Конституциялық Кеңестің қаулыларында және т.б. актілерде көрініс тапқан нормалар. Субконституциялық нормалардың заңи күші конституциялық нормалардан төмен болады.

 

3) әрекет ету аумағы бойынша:

- республикалық - республиканың бүкіл аумағында әрекет ететін нормалар;

- жергілікті - республиканың белгілі бір аумағының шегінде әрекет ететін нормалар.

 

4) құрамында көрсетілген ережелердің сипатына байланысты:

- өкілеттік (құқық) беруші нормалар - субъектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға...) қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық беретін нормалар;

- міндет жүктеуші нормалар - адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың... белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін, міндеттілігін белгілейтін нормалар;

- тиым салушы нормалар - қандай да бір әрекеттерді жасауға болмайтындығын белгілейтін нормалар.

 

5) құрамындағы көрсетілген ережелердің анықталғандық, нақтылық дәрежесіне байланысты:

- императивтік нормалар;

- диспозитивтік нормалар;

 

Императивтік нормаларға өте бір қатаңдық, өктемдік тән, оның орындалуы біржақты өктем болып келеді. Мысалы, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады /Конституцияның 35бабы/. Ал, диспозитивтік нормаларда құқықтық қатынасқа түсушілерге белгілі дәрежеде еркіндіктер беріледі.

6) құқықтық реттеу механизміндегі атқаратын рөлі бойынша:

- жалпы - анықтама, қағида, мақсат, міндет нормалары;

- материалдық - мемлекеттік органдардың және басқа да субъектілердің қызметтерінің негіздерін, олардың құқықтық мәртебелерін, құзыреттерін, құқықтарын т.б. жағдайларын айқындайтын нормалар;

- процессуалдық - материалдық норманың жүзеге асырылу процедурасын белгілейтін нормалар

Конституциялық құқықтық нормалар конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялық құқықтық нормалардың тиісті қоғамдық қатынастарға әсер етуінің нәтижесінде конституциялық құқықтық қатынастар пайда болады. Олай болса, конституциялық құқықтық қатынастар – бұл конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар.

Конституциялық құқықтық қатынастардың өзге құқықтық қатынастармен ұқсас жалпы белгілері:

- кез келген құқықтық қатынас – бұл құқықтық нормалардың қоғамдық қатынастарды реттеуінің нәтижесі;

- реттеу нәтижесінде тиісті субъектілер арасында заңи байланыс пайда болады;

- қоғамдық қатынастар арқылы ғана құқық нормалары пайда болады, таратылады.

 

Конституциялық құқықтық қатынастардың өзіндік ерекшеліктері:

1. өз мазмұнымен ерекшелінеді, яғни конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қатынастар саласында пайда болады, қоғам құрылысы мен мемлекет құрылысының негіздерін білдіреді;

2. басқа құқықтық қатынастардың негізі болып табылады;

3. қоғам өмірінің барлық жақтарында болады, тиісінше қоғамдық қатынастардың алуан түрлілігінің көптігімен ерекшеленеді;

4. кейбір субъектілері ерекше болып келеді. Яғни, кейбір субъектілер конституциялық құқықтық қатынастардан басқа ешбір қатынастардың субъектісі (қатысушысы) бола аламайды (мысалы, мемлекет, халық, ұлт, ұлыс т.б.)

Конституциялық-құқықтық қатынастың мазмұнын оның субъектілері арасындағы өзара құқық пен міндет нысанындағы заңи байланыс құрайды. Олай болса, конституциялық құқықтық қатынастардың мазмұнына келесі элементтер кіреді:

1. субъектісі – конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылар (мемлекет, халық, мемлекеттік органдар, ұлттар, әкімшілік аумақтық бірліктер, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, азаматтар, депутаттар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, сайлаушылар корпусы, қоғамдық бірлестіктер);

2. объектісі – конституциялық құқықтық қатынастар неге байланысты пайда болып отыр, неге бағытталып отыр сол оның объектісі болады (мемлекеттік билік, мемлекеттің аумағы, материалдық игіліктер, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттері, адамдардың жүріс-тұрысы, азаматтардың мүліктік емес құқықтары және т.б.);

3. субъективтік құқықтар мен заңи міндеттер.

Конституциялық құқықтық қатынастар заңи фактілердің нәтижесінде пайда болады. Заңи фактілер – бұл тиісті қатынастарды пайда болғызатын, өзгертетін, тоқтататын (жоятын) жағдайлар (оқиға мен іс-әрекет).

Конституциялық құқықтың қайнар көздері дегеніміз конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттейтін нормалардан тұратын актілер. Кеңірек ашып қарастырар болсақ, конституциялық құқықтың қайнар көздері болып конституциялық құрылыс негіздерін, жеке адамдардың құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардан тұратын актілер табылады. Олардың екі түрі бар: ішкі қайнар көздер және сыртқы қайнар көздер. Сыртқы қайнар көздерге конституциялық құқықтық нормалардан тұратын Қазақстан Республикасы бекіткен актілер кіреді (халықаралық келісімдер, шарттар, пактілер т.б.) Ішкі қайнар көздер болып конституциялық құқықтық нормалардан тұратын ҚР халқымен, мемлекеттік органдарымен және лауазымды тұлғаларымен қабылданған нормативтік құқықтық актілер табылады. Олар:

- Конституция;

- Заңдар: конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар, конституциялық заңдар және жай заңдар

- Президенттің жарлықтары: конституциялық заң күші бар жарлық, жай заң күші бар жарлық, нормативтік жарлық;

- Парламенттің және оның палаталарының қаулылары;

- Үкіметтің қаулылары;

- ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

- Орталық атқарушы органдардың басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

- Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың нормативтік актілері;

- Декларация, регламенттер, ережелер...

 

ҚР Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Өзге емес нақ осы актінің негізгі қайнар көз ретінде анықталуы келесі жағдайлармен түсіндіріледі:

1) Конституцияда барлық басқа қайнар көздер үшін бастапқы болып табылатын жалпы сипаттағы құқықтық нормалар бекітіледі. Басқа қайнар көздер Конституция нормаларынан туындалады, оның ережелерін нақтылайды.

2) Конституция – онда белгіленген нормалардың мазмұнының кеңдігімен сипатталады. Конституция нормалары қоғам өмірінің барлық салаларына әсер етеді. Ал, басқа қайнар көздер қатынастардың қандай да белгілі бір саласын реттейді;

3) Конституция басқа қайнар көздерге қарағанда жоғары заңи күшке ие, Қазақстанның бүкіл аумағында тікелей қолданылады;

4) Конституцияда құқық саласы қайнар көздерінің басқа да көптеген түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді;

5) Конституцияда бекітілген нормалар халықтың мемлекеттік еркін жүзеге асыру нысаны ретінде болады;

6) Конституция жоғары құқықтық мәні, жоғары қоғамдық маңызы бар акт болып табылады. Оның нормалары әрбір азаматқа, қоғамдық қызметтің барлық субъектілеріне бағытталған.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 2199. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.039 сек.) русская версия | украинская версия