Студопедия — Азақстан конституциясының даму сатылары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан конституциясының даму сатылары






Конституция – бұл тиісті елдің көпшілік азаматтарының мүдделерінде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басты ұстанымдарын бекітетін және мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі болып табылатын нормативтік акт. Конституция мемлекет өмірінің негізгі бастауларын – мемлекеттің құрылысын, саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемлекеттің негізгі заңы болып табылады.

Конституцияда адам мен азаматтың табиғи және ажырамас, негізгі құқықтары байқалады және бекітіледі. Олардың негізінде мемлекеттің құрылымы мен нысаны, билік тәртібі орнығады.

Өзінің материалдық мазмұны бойынша Конституция - бұл:

қоғамдық және мемлекеттік құрылысты;

азаматтардың құқықтық жағдайының негіздерін;

биліктің жоғарғы органдарының ұйымдастырылуының, өзарақатынасының негіздерін және өкілеттіктерін;

мемлекеттік басқару мен сот жүйесін ұйымдастыру негіздерін;

жергілікті басқару мен сайлау құқығының негізгі қағидаларын бекітетін Негізгі Заң.

Конституцияның негізгі мәні мынада:

- Конституция ағымдағы заңнаманың заңи базасын құрайды, яғни Конституцияның заңи жоғарылығы танылады. Бұл дегеніміз, жаңа Конституция қабылданған жағдайда өзге барлық заңнама оған сәйкестендіріледі. Барлық құқықтық актілер оған сәйкес болуы тиіс, ал мұндай талапқа жауап бермейтін барлық актілер заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды;

- сондай-ақ, Конституция – бұл қоғамның барлық топтарының мүдделерін қамтамасыз ететін заң, себебі, Конституция таптан (таптардың мүддесінен) жоғары тұратын, қоғамның барлық мүшелері үшін теңдей міндеттеме белгілейтін құжат болып табылады. Конституция – бұл заңдар үшін заң болып табылады.

Конституция – конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституцияның келесідей белгілері оны өзге құқықтық актілерден айырады:

- ерекше жолмен қабылданылуы. ҚР Конституциясы - халықтың тікелей ерік білдіруінің көрінісі, ол референдум арқылы Қазақстан халқымен қабылданған бірден-бір акт болып табылады.

- ерекше тәртіппен қорғалуы. Конституция ерекше қорғалатын акт болып табылады. ҚР Конституциясына сәйкес оны қорғау Конституцияның мызғымастығының кепілі ретінде Республика Президентіне, конституциялық қадағалау органы – Конституциялық Кеңеске жүктелген. Сонымен қатар, Республика Конституциясын сақтау әркімнің конституциялық міндеті болып табылады.

- қоғамның барлық субъектілеріне бағытталуы. Конституция бірмезетте қоғамның барлық субъектілерінің жүріс-тұрысын реттейді, ал өзге құқықтық актілер қоғамның нақты бір субъектілеріне арналып шығарылады. Мысалы, сайлау туралы заң тек сайлау қатынасына қатысушылардың, азаматтық туралы заң азаматтық қатынасына түсушілердің ғана жүріс-тұрысын реттейді, т.б.

- конституциялық реттеу пәнінің ерекшелігі. Конституция қоғамның ең негізгі, фундаменттік қатынастарын реттейді. Ол қатынастарға жалпы қамтушылық сипат тән.

- күрделендірілген тәртіпте өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі. ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ерекше күрделі тәртіпте жүзеге асырылады. Ол екі түрлі жолмен жүргізілуі мүмкін: Парламентпен және республикалық референдум арқылы. Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды палаталардың бірлескен отырысында Президенттің бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзедi. Ал, Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды референдум арқылы енгізу тәртібі Конституцияның 91 бабында реттелген.

- Конституцияға құрылтайшылық сипат тән. Конституцияда басқа актілердің көптеген түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді;

- Конституция келесідей заңи қасиеттеріге ие:

 

1. Конституцияның жоғарылығы – оның нормаларына, қағидаларына бүкіл мемлекеттік, қоғамдық құрылымның, азаматтардың қоғамның барлық салаларындағы қызметтері сай келуі тиіс;

2. жоғары заңи күші – мемлекетте қабылданған барлық заңдар мен өзге нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек. Конституцияға қайшылық жағдай тиісті актінің күшін жою немесе оған сәйкес келтіру арқылы жойылады;

3. тікелей қолданылуы. Бұл Конституцияның негізінде қандай да бір мәселелер бойынша нақты салалық нормалардың шығарылғанына немесе шығарылмағанына қарамастан оның нормаларының тікелей қолданыла беретінін білдіреді.

4. бүкіл құқықтық жүйенің ядросы болып табылатындығы – Конституция бүкіл құқық жүйесінің ядросын құрайтын нормаларды белгілейді, оның нормалары ағымдағы заңнаманың барлығы үшін бағыт беруші, фундаменттік рөл атқарады;

5. базалық мәні, яғни Конституция ағымдағы заңнама, заң шығару қызметі үшін база болып табылады, заңдар және басқа нормативтік актілер Конституцияның негізінде қабылданады, өзгертіледі және күшін жояды.

Конституцияның негізгі нышандары:

1. Конституцияда құқықтар мен бостандықтар міндетті түрде жарияланады

2. Биліктің бөлінуі қағидасының бекітілуі: бұл қағида Конституция баптарында нақты анық тұжырымдалуы мүмкін (Қазақстан, АҚШ, Жапония), сондай-ақ нақты анықталмаған, бірақ шамамен түсінілетін жағдайда байқалуы да мүмкін (Италия, Германия).

3. Конституцияда басқару нысандары (республика немесе монархия) бекітіледі.

4. Мемлекеттік құрылым нысаны анықталады – біртұтас немесе федерация. Федерация жағдайында синонимдер қолданылуы мүмкін: Индияда – одақ, Австрияда – одақтық мемлекет, сондай-ақ тікелей “федерация” термині де қолданылуы ықтимал (Германия, Бразилия).

5. Мемлекеттік билік органдарының жүйесін ұйымдастыру қағидалары анықталады (мемлекет басшысы, үкімет, парламент, конституциялық қадағалау).

6. Сонымен қатар, әдетте Конституцияларда егемендік жария етіліп, жеке меншік бекітіледі, сайлау, референдум, заңнама мен сыртқы қатынастың негізгі қағидалары реттеледі.

Конституциялар қабылданған кезде олар белгілі бір бастауларға, идеяларға сәйкес қабылданады және олар Конституцияда өз көрінісін табады. Оларды Конституцияның қағидалары деп атайды. Сонымен, Конституцияның қағидалары – бұл Конституцияның қабылдануына негіз болған, онда көрініс тапқан жетекші идеялар, негізгі бастаулар. Оларды жеке бөліп қарастырсақ,

1. Құқықтар мен міндеттер саласындағы конституциялық қағидалар:

- адам мен азаматтардың табиғи құқықтарын бекіту қағидасы;

- адам мен азаматтардың құқықтарының кепілдендірілуі қағидасы;

- адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге болмайтындығы қағидасы;

2. Мемлекеттік органдар саласында:

- билік бөлінісі қағидасы;

- мемлекет қызметін құру және оның қызмет ету тәртібі қағидасы.

3. Сыртқы саясат саласында:

- барлық даулардың бейбіт жолдармен шешілуі;

- халықаралық құқықтың ішкі заңдардан басымдығы;

- бейбіт сүйгіш қағидалардың бекітілуі.

 

Қандай-да болмасын Конституцияның қабылданылуы мен оның мазмұнының қалыптасуына белгілі бір жағдайлар әсер етеді. Конституцияның қабылданылуы мен мазмұнының ерекшеліктері, әдетте мына жағдайларға байланысты:

- Конституцияның қабылдану уақытына;

- Конституцияның қабылдану кезіндегі елдегі саяси күштер мен жағдайдың орналасуына;

- Конституциялық құрылыс тәжірибесі мен субъективтік факторларға.

 

Мысалы, еркіндік алған елдер үшін ішкі жағдайдың тұрақсыздығы, бұрыңғы отарында болған мемлекетпен сыртқы қатынасының ерекше сипаты тән. Бұл олардың конституциялық құрылысына әсер етеді.

Конституцияның функциялары:

Құрылтайшылық функция. Бұл функция Негізгі заңымыздың мемлекеттің конституциялық құрылысының, саясатының негізгі қағидаларын және бастауларын бекітетінін көрсетеді. Конституция азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін бекітеді, сондай-ақ біздің қоғамымызға тән меншік нысандарын бекітеді. Қоғамдағы барлық құқықтық қатынастар реті Конституциямен анықталады және одан туындалады. Қазақстан Республикасының негізгі заңының құрылтайшылық функциясын осыдан байқауға болады.

Ұйымдастырушылық функция. Конституция барлық мемлекеттік органдардың жүйесін, басты функцияларын және қызметінің нысандарын бекітеді, яғни Конституция бүкіл мемлекеттік механизмнің жергілікті өзін-өзі басқарумен үйлесімдікте тиімді, ұйымдық түрде қызмет етуінің негіздерін қалайды.

Құқықтық функция. Конституция бүкіл құқықтық жүйенің ядросы ретінде болады, түрлі құқық салалары үшін негіз болып табылатын маңызды қағидаларды белгілейді, түрлі құқық салаларын біртұтас құқықтық жүйеге біріктіреді.

Сыртқы саяси функция. Ол Конституцияның мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің де фундаменті ретінде болатындығын білдіреді, Конституция Қазақстанның сыртқы қатынаста ұстанатын негізгі қағидаларын белгілейді.

Идеологиялық (тәрбиелеушілік) функция. Конституция мемлекеттің негізгі ұстанымдарын, адамдардың құқықтары мен бостандық, міндеттерін бекіте отырып қоғам мүшелерін құқықты құрметтеуге, міндеттерді орындауға, құндылықтарды, табиғи ортаны, құқықтық тәртіпті сақтауға тәрбиелейді.

Конституцияның негізгі түрлері:

1. Нысаны бойынша: жазылған – мазмұны әріптермен, басқа да белгілермен жазылған мемлекеттің негізгі заңы. Конституциялардың көбісі жазылған, өз кезегінде олар кодификацияланған немесе заңдар жинағы түрінде болуы мүмкін. Аралас конституция – мазмұны жазбашамен қоса ауызша сипаттағы ережелерден де құралған бір құжатқа жинақталмаған конституция. (М/ы Британия конституциялары). Жазылмаған – жазылмаған тек ауызша сипатта болады. (М/ы, Набури, Тонга корольдігі, батыс Самоа конституциялары. Бұл елдерде мемлекет басшысы бар, бірақ әдет-ғұрыптардан басқа ешбір норма жоқ деп есептеледі).

2. Конституцияларды өзгерту және жою әдістеріне қарай: жұмсақ Конституция – жай заң қабылдау тәртібінде, яғни жеңіл тәртіппен өзгертіліп, толықтырылатын конституция. Ондай Конституцияны өзгерту үшін 50% + 1 дауыс жинау жеткілікті. Ұлыбритания мен Жаңа Зеландияның конституциялары жұмсақ конституциялар қатарына жатады. Қатты Конституция – ерекше күрделендірілген тәртіппен өзгертіліп, толықтырылатын конституция. Мысалы, Қазақстанда Конституцияны Парламенттің өзгертуі үшін біріншіден, Президенттен бастамашылық болуы керек, екіншіден, палаталардың бірлескен отырысында әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілік дауысы (75%) қажет етіледі, үшіншіден, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері бойынша кемінде екі оқылым өткізу міндетті. Конституциясы өзгерту енгізу әдісіне қарай қатты деп есептелетін шетелдік мемлекеттің бірі - Бельгияда Конституцияны өзгерту үшін бельгиялық парламенттің тізімдік құрамдағы депутаттарының үштен екісі дауыс беруі тиіс. Одан кейін бұл парламент таратылып, жаңа сайлау тағайындалады. Жаңа құрылған, жаңа құрамдағы парламент ол түзетулерді тізімдік құрамдағы депутаттардың үштен төрт көпшілігімен тағы мақұлдауы қажет. Тек осы рәсімдерден кейін ғана түзетулер заңды болады, конституцияның күшін жою үшін де дәл осындай тәртіп белгіленген. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізудің күрделі тәртібі конституцияны тұрақты етеді.

3. Қабылдау тәртібі бойынша: 1) октроированная Конституция - сыйға тартылған конституция. Конституцияның бұл түрі монархиялық басқару нысанындағы елдерде кездеседі. Монархтар билікті шектеу мақсатында конституцияны өзі құрып, одан кейін оны халыққа жариялайды, сыйлағандай болады. Мысалы, ІІ Николайдың 1905 – ші жылғы манифесті. 2) халықтық Конституция. Оның үш түрі бар: референдумда қабылданған конституция; өкілді органмен (Парламентпен) қабылданған конституция және арнайы құрылған органмен қабылданған конституция (м/ы АҚШ Конституциясы).

4. Мәні бойынша: шынайы – нормалары өмірде жүзеге асатын, шындыққа сай келетін конституция, шынайы емес – шындықпен үйлеспейтін, ережелері тек жазылған күйде ғана қалатын конституция;

5. Әрекет ету мерзімі бойынша: тұрақты - әрекет етуі шексіз ұзақ мерзімге есептелген конституция, уақытша - әрекеті нақты мерзімге есетелген конституция.

6. Өзге негіздер бойынша: мысалы, басқару нысаны бойынша (монархиялық және республикалық конституциялар); саяси режимі бойынша (демократиялық және тоталитарлық); мемлекеттің аумақтық тұтастығы нысанына байланысты (унитарлық, федеративтік) және т.б.

3. Қазақстан Республикасы Конституциясының даму кезеңдері.

ҚР Конституциясының дамуы бірнеше кезеңнен өтті. Оның келесідей 3 кезеңін көрсетуге болады:

1) Қазақстан егемендік алғаннан (25.10.1990ж) 28 қантар 1993 жылға дейінгі Қазақ ССР Конституциясы кезеңі;

2) 28 қантар 1993 жылдан 30 тамыз 1995 жылға дейінгі аралықты қамтитын тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы кезеңі;

3) 1995 жылдың 30 тамызынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның екінші Конституциясы кезеңі.

Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы бесінші Ата заң (1926, 1937, 1978, 1993, 1995 жж.). Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол — олар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырды.

1993 жылғы Конституцияның қабылдану себептері:

1. ҚР-ның шынайы егемендік фактісін конституциялық тұрғыда бекіту қажеттігі;

2. адам мен азаматтардың неғұрлым кең құқықтары мен бостандықтарын конституциялық тұрғыда бекемдеу;

3. экономикалық себеп – меншіктің алуан түрлілігіне негізделген экономикалық жүйені бекіту;

4. саяси жүйе мен мемлекеттік тетік құрылымында жүріп жатқан сапалық өзгерістерді конституциялық тұрғыда бекіту;

5. сапалық жағынан өзге құқықтық жүйе жасау.

1993 жылғы Конституцияның кемшіліктері 1995 жылғы Конституцияны қабылдауға себеп болды.

1995 жылғы Конституцияның қабылдану себептері:

1. Орыс тілінің мәртебесін айқындау;

2. Жерге жеке меншік бекіту мәселесі;

3. Азаматтық мәселесі;

4. Жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтары жүйесін кеңейту, халықаралық деңгейге көтеру мәселесі;

5. Жоғары өкілді органның құрылымын жетілдіру және оның құқықтық өкілеттігін айқындап беру;

6. Үкіметтің мәртебесі мен оның өкілеттігі туралы мәселе;

7. Сот жүйесін реформалау;

8. т.б.

Қазақстан Республикасының соңғы Конституциясына үш рет түзетулер енгізілді: 1998 жылы 7 қазанда, 2007 жылы 21 мамырда және 2011 жылы 2 ақпанда.

Президенттің ұсынысына сәйкес 1998 жылғы 7 қазанда “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң қабылданды. Жалпы алғанда бұл заңмен Конституцияға он жеті түзету енгізілді. 1995 жылғы Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар сайлау жүйесін жетілдіру, Президенттің өкілеттігі уақытынан бұрын тоқтатылған жағдайда биліктің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін Сенат пен Мәжілістің рөлін көтеру, партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттар ретінде саяси партиялардың өкілдерінің Парламентке қатысуын кеңейту мәселелеріне байланысты болды. Бұл заң саяси партиялардың да саяси және мемлекеттік өмірдегі, саяси жүйені нығайтудағы рөлін біршама көтерді, олардың халық алдында беделін жоғарылатты, бірінші рет сайлау жүйесіне бара-бар өкілдік қағидасын енгізді. Заңға сәйкес Мәжіліс депутаттарының саны 77 депутатқа дейін жеткізілді, оның ішінде 10 депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланатын болды.

2007 жылдың 21 мамырында ҚР Конституциясына екінші рет өзгертулер мен толықтырулар енгізген тиісінше заң қабылданды. Конституциялық реформа Негізгі заңымыздың барлық бөлімін жанап өтті. Нақтырақ түрде бірқатарына тоқталсақ, жаңа елорда – Астана конституциялық мәртебеге иеленді, Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетігін нығайтты, бірінші рет конституциялық деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін бекітті, саяси партиялардың рөлін көтерді, Парламенттің және Мәжілістің құқықтарын кеңейтті, халық өкілдігінің маңызын көтерді, Конституциялық Кеңестің қызметін мәнді түрде кеңейтті, Үкіметтің Парламент алдындағы жауаптылығын көтерді, жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын органдардың жүйесі нақты анықталды және т.б.

2011 жылдың 2 ақпанында ҚР Конституциясына үшінші рет өзгерту енгізген «Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтыру енгізу туралы» заң қабылданды. Бұл заңмен Президенттің кезектен тыс сайлауы енгізілді. Ол тиісінше Қазақстанда кезектен тыс Президенттік сайлауды өткізуді жүзеге асыруға Конституциялық негіз қалады.

Конституцияға енгізілген аталмыш өзгертулер мен толықтырулар және жаңартылған тұтастай Конституция мемлекеттік механизмді, қоғамдық бірлестіктерді, бүкіл саяси жүйені, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қағидаларын, бүкіл азаматтық қоғам мен мемлекетті, республиканың құқықтық жүйесін жаңартудың жаңа кезеңінің басталуына негіз болды.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 4283. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

КОНСТРУКЦИЯ КОЛЕСНОЙ ПАРЫ ВАГОНА Тип колёсной пары определяется типом оси и диаметром колес. Согласно ГОСТ 4835-2006* устанавливаются типы колесных пар для грузовых вагонов с осями РУ1Ш и РВ2Ш и колесами диаметром по кругу катания 957 мм. Номинальный диаметр колеса – 950 мм...

Философские школы эпохи эллинизма (неоплатонизм, эпикуреизм, стоицизм, скептицизм). Эпоха эллинизма со времени походов Александра Македонского, в результате которых была образована гигантская империя от Индии на востоке до Греции и Македонии на западе...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия