Студопедия — Азақстан Республикасының конституциясының құрылыс негіздері
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан Республикасының конституциясының құрылыс негіздері






Әрбір мемлекет қандай-да бір нышандармен сипатталады. Бұл нышандарда оның өзіндік белгі-қасиеттері айқындалады. Мысалы, мемлекет демократиялық немесе тоталитарлық, республика немесе монархия, біртұтас немесе федеративтік болуы мүмкін. Осы нышандардың жиынтығы мемлекетті ұйымдастырудың белгілі бір әдістері, нысандары туралы немесе мемлекеттік, қоғамдық құрылыс туралы түсінік береді. Мемлекеттің конституциясында бекітілген бұл құрылыс оның конституциялық құрылысы болып табылады. Олай болса, конституциялық құрылыс – бұл Конституцияда бекітілген мемлекеттің ұйымдастырылуының белгілі бір нысаны және амалы.

Конституциялық құрылыс мемлекеттік құрылыс пен қоғамдық құрылыс негіздерін қамтиды деп айтуға болады. Мемлекеттік құрылыс басқару нысанын, мемлекеттік құрылым нысанын, саяси режимді, яғни мемлекеттің ұйымдастырылуы мен мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін қамтиды. Ал, қоғамның құрылысы адамның және азаматтың жағдайын, шаруашылық жүргізу жүйесін, меншік нысандарын, қоғамның саяси, идеологиялық, діни және өзге де бастауларын қамтиды.

Конституциялық құрылыс негіздері – бұл мемлекеттің негізгі бастаулары, негізгі қағидалары. Жоғарыда айтқанымыздай олар Конституцияда бекітілген. Ашып қарастырсақ, Конституцияның жалпы ережелер бөлімінің 1, 2 баптарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы, яғни мемлекеттік басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режимі жарияланған, ал 3 бапта бүкіл биліктің халыққа тән болып табылатындығы бекітілген, кейін мемлекеттік билікті жүзеге асыру тетігі ашылған. Басқаша айтқанда, мұнда мемлекеттің құрылысы (мемлекеттік құрылыс, мемлекетті ұйымдастыру) көрініс тапқан. Ал, қоғамның құрылысының, оның ұйымдастырылуының элементтері болып табылатын адамның және азаматтың мәртебесі, қоғамның экономикалық, идеологиялық, саяси, діни бастаулары 1 баптың 1 тармағынан бастап бірнеше баптарда көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасы Конституцияның 1 бабында аталғандай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас, егемен мемлекет болып табылады. Олай болса, ҚР конституциялық құрылысының негіздері болып келесілер танылады:

1. Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет. Демократиялық мемлекет – бұл билік халыққа тән болатын, биліктің жоғары эшалоны халықпен сайланатын, халыққа есепті болатын, саяси әралуандылық, өзін-өзі басқару танылатын мемлекет. Негізгі белгілері:

1) халық билігі (сайлау, референдум, демонстрация, митинг т.б.)

2) идеологиялық және саяси алуандылық;

3) жергілікті өзін-өзі басқару;

4) өкілді биліктің болуы;

5) сөз бостандығы;

6) т.б.

2. Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің мәні – барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың құқықтық нормаларға қатаң сәйкестікте әрекет ету тиістілігінде, яғни мемлекетте құқықтың үстемдік етуінде. Белгілері:

1) заңның (құқықтың) жоғарылығы;

2) соттың тәуелсіздігі;

3) жеке тұлғаның шынайы бостандығы, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;

4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерінен басымдығы;

5) биліктің бөлінуі;

6) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы.

3. Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет – бұл қызметі қоғамның жоғары әл-ауқаттылығына жетуге, қоғамның мүмкіндіктерін, мүліктік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға (таптарға) емес, қоғам мен адамға тұтастай қызмет етеді. Міндеті – барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге, жоюға тырысу. Белгілері:

1) жұмыссыздықтан қорғау;

2) отбасыны, аналықты, балалықты, мүгедектікті, кәрі адамдарды қорғау;

3) әлеуметтік қызмет түрлерін дамыту (тегін білім беру, тегін дәрігерлік көмек т.б.)

4) адамдардың денсаулығын және еңбегін қорғау;

5) еңбек ақысының ең төменгі көлеміне кепілдік беру міндеті;

6) көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға, кедей тұратын отбасыларға жәрдем көрсету

7) т.б.

4. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет – бұл мемлекеттің діннен бөлінуі. Белгілері:

1) дін мен мемлекет бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды – діни бiрлестiктер қандай да болсын мемлекеттiк қызметтер атқармайды, дін мемлекеттің саясатына, сайлауларға, мемлекеттік органдардың қызметіне, білім беру жүйесіне араласа алмайды, мемлекет те дiни бiрлестiктердiң қызметiне, егер ол заңға қайшы келмесе, араласпайды;

2) мемлекет дiни бірлестiктердi қаржыландырмайды;

3) барлық дiндер мен діни бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Ешбiр дiн немесе дiни бiрлестіктер басқаларға қарағанда ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды;

4) діни сипаттағы партияларды және өзге де саяси құрылымдарды құруға, сондай-ақ дiни бiрлестiктердің саяси партиялар қызметiне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берiлмейдi;

5) міндетті дін болмайды, әркім қандай дінді ұстанам десе, балаларын қандай дінде тәрбиелеймін десе өзі біледі, яғни діни сенім бостандығы танылады. Дiнге деген, құдайға құлшылық жасауға, дiни жоралар мен рәсiмдерге, дiндi оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезiнде қандай да бiр күштеп мәжбүр етуге жол берiлмейдi;

6) дiни бiрлестiктердiң қызметшiлерi саяси өмiрге барлық азаматтармен бiрдей тек өз атынан ғана қатыса алады;

7) діни бiрлестiктер заң талаптарын және құқық тәртiбiн сақтауға мiндеттi. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi және т.б.

5. Қазақстан Республикасы – егемен мемлекет. Мемлекеттік егемендік – бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынаста тәуелсіз, дербес болуы. Оның белгілері:

1) тұтастығы мен қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі жарияланған аумағы болады;

2) мемлекет Конституциясын және өзге заңдарын дербес қабылдауға құқылы;

2) мемлекеттік биліктің жоғары органдарын дербес құрады;

3) бюджетті әзірлеу және бекіту құқығы болады;

4) қаржы жүйесін өзі анықтайды – ұлттық валютасы болады;

5) қарулы күштерін құрады;

6) өз азаматтығы болады;

7) сыртқы сауда және сыртқы экономикалық қатынас түрлеріне құқылы болады;

8) өзге мемлекеттермен сыртқы қатынасты жүзеге асырады;

9) мемлекеттік егемендігін көрсететін мемлекеттік рәміздері болады;

10) мемлекеттік тілі болады;

11) табиғи ресурстарын, табиғи құндылықтарын дербес пайдалану құқығы болады;

12) мемлекеттік шекарасына, оның қол сұғылмауына, тұтастығына және бөлінбеуіне құқығы, т.б....

6. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысаны - ҚР Конституциясында бекітілген мемлекетті басқару жүйесі. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады, ол өзінің алдында жауапты болатын Үкіметті тағайындайды. Бұл негіз Қазақстанның басқару нысанымен қоса оның мемлекеттік құрылымын да байқатады. Қазақстан – біртұтас мемлекет, яғни өз ішінде қандай да бір басқадай мемлекеттік құрылымы жоқ, елді және халықты үйлесімді басқару үшін өз аумағы әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлінетін мемлекет.

Біртұтас мемлекет әкімшілік-аумақтық белгісі бойынша бірліктерге бөлінеді (облыс, аудан, қала, т.с.с.), бірақ тиісті бірліктердің басқару органдары мен олардың қызметі жалпымемлекеттік нормалармен реттеледі. Бұл мемлекет түрі басқарудың жергілікті аймақтық органдарының орталық органдарға (орталыққа) тікелей бағынышты жағдайда болуымен сипатталады. Әдетте, біртұтас мемлекет феодалдық бытыраңқылыққа қарама-қайшы болып табылды деп есептеледі.

7. Экономикалық негіздері. ҚР-ның экономикасының негізі болып меншік нысандарының көптүрлілігі және теңдігі қағидаты танылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады. Меншік өз иесімен қоса қоғам игілігіне де қызмет етуіге тиіс.

Конституцияның 6 бабының 3 тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.

8. Саяси жүйені ұйымдастыру негіздері.

Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады.

Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғамдық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi.

Республика Конституциясына сәйкес мақсаты немесе iс-әрекетi Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бiрлестiктер құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендiрiлген құрамалар құруға тыйым салынады. Сондай-ақ, республикада басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ саяси партиялармен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi. Шетелдiк дiни бiрлестiктердiң Республика аумағындағы қызметi, сондай-ақ шетелдiк дiни орталықтардың Республикадағы дiни бiрлестiктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиiстi мемлекеттiк органдарымен келiсу арқылы жүзеге асырылады.

9. Адам. Конституцияда белгіленгендей ҚР-ның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болып табылады.

Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі қағидалары: қазақстандық патриотизм, саяси тұрақтылық, қоғамдық татуластық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, мемлекеттің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу.

 







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 2046. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия