Студопедия — Машина бөлшектерін беріктікке есептеу жолдары. Тұрақты күш түскенде беріктікке есептеу
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Машина бөлшектерін беріктікке есептеу жолдары. Тұрақты күш түскенде беріктікке есептеу






Тұрақты күш деп мөлшері мен бағыты өзгермейтін күшті айтады. (1.1- сурет). Тұрақты күш әсер еткенде есептеу жолын білу үшін шоғырлану коэффициентімен танысу қажет. Егер бөлшектің денесін қиып қарайтын болсақ, сол дене қимасы әр түрлі болып келеді, себебі машина тетіктерінің атқаратын қызметіне сәйкес олардың формасы да әр түрлі болады. Сондықтан дене қимасында да күш кернеуі бірдей болмайды. Егер үлгі ретіндегі жұмыр денені алатын болсақ, дене қимасында пайда болған күш кернеуі қиманың барлық нүктелерінде бірдей болады және бұл кернеуді номинал кернеу деп атайды (1.2, а- сурет). Енді сол жұмыр денеге ойық салатын болсақ (1.2, б- сурет), күштің шамасын өзгертпесек те, кернеу бірден өзгеріп кетеді. Дене қимасының сыртқы нүктелерінде кернеу бірнеше есе артады, себебі денеге салынған кез келген ойық оның беріктігін кемітеді. Беріктіктің кемуі немесе кернеудің артуы сол ойықтардың формасына байланысты. ойықтан пайда болған бұрыш неғұрлым сүйір болса, сыртқы нүктелерде кернеудің мөлшері соғұрлым көп болады (1.2в,г,д-сурет). Сондай-àқ, кернеу шоғырлануы бөлшектердің қалыңдығына байланысты (1.3-сурет).

Сонымен, дене қимасында ойық болса, онда кернеу шоғырлануы байқалады, номинал кернеумен бірге максимал кернеу де пайда болады.

Шоғырлану коэффициенті деп, максимал кернеудің номинал кернеуге қатынасын айтады:

(1.1)

 
 

1.2-сурет. Кернеу шоғырлануы

 

1.3-сурет. Кернеу шоғырлануының бөлшектер қимасының қалындығына байланыстылығы.

 

Барлық бөлшектер жасалатын материалдар: болат, шойын, қорытпа, пластмасса тағы басқалар өздерінің қасиеттеріне байланысты морттық және пластикалық материалдар болып екіге бөлінеді.

Шойын денелер үшін:

(1.2)

Ал болат денелер үшін:

(1.3)

– беріктік шегі; – ағу шегі; S – беріктік қоры;

kгеом – геометриялық шоғырлану коэффициенті.

Болат денелер үшін геометриялық шоғырлану коэффициенті есепке алынбайды. Себебі тұрақты күш түскенде олар өздерінің пластикалық қасиетіне байланысты кернеу көп түскен нүктелерде созылу деформациясы болады да, кернеу бір қалыптанып, барлық қимада кернеу шамасы бірдей болып қалады.

Егер бөлшектер созылу (қысылу) немесе иілумен бірге бұралатын болса, онда бөлшектер келтірілген кернеу бойынша есептеледі.

1. Пластикалық материалдар (болаттар) үшін:

, (1.4)

s – әсер етуші созылу немесе иілу кернеуі, олар пластикалық материалдар үшін бірдей; – есептегі бұралу кернеуі;

– материалдардың ағу шегі.

2. Морт сынатын материалдардың иілу және созылу кезіндегі беріктік шектерінің мәні тең емес, соны еске ала отырып:

, , (1.5)

– материалдардың созылу кезіндегі беріктік шегі;

– материалдардың қысылу кезіндегі беріктік шегі;

n=0,3 – шойындар үшін;

n=0,5 – қаттылығы жоғары шынықтырылған болаттар үшін.

Иілу және бұралу кезіндегі материалдардың ағу шегін шамамен төмендегідей алуға болады.

– көміртекті болаттардың иілу кезіндегі ағу шегі;

– легирленген болаттардың иілу кезіндегі ағу шегі;

– барлық болаттардың бұралу кезіндегі ағу шегі.

 

Негізгі әдебиеттер: 2[7-10]

Қосымша әдебиеттер: 16.[9-32]

Бақылау сұрақтар:

1. Жұмыс қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері.

2. Есептеудің ықтималдық әдісі – материал таңдауындағы есептелетін факторлар.

3. Жүктемелердің классификациясы.

 

 







Дата добавления: 2015-10-15; просмотров: 2934. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия