Студопедия — Дәріс. Құрама аэрофототүсіріс.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс. Құрама аэрофототүсіріс.






Дәрістің мазмұны:

Жалпы орындау сұлбасы. Рельефті түсіру, фотопландарда рельеф формасын салу.

Фототопография – геодезияның территорияны әуеден (аэрофототүсірім) және жерден (фототеодолиттік түсірім) суретке түсіру жолымен жоспарлар мен карталар жасау әдістерін зерделейтін бөлімі. Егер камера жағдайларында түсі-рімдер бойынша арнайы фотограмметриялық аспаптарда ситуация және бедер құрастырылса, онда түсірім стереофототопографиялық деп аталады. Егер мен-зулалық жинақтармен немесе тахеометрмен түсірімдер бойынша ситуациялық бөлім бейнеленсе, ал бедер далада түсірілсе, онда түсірім аралас деп аталады. Стереофототопографиялық түсірім – үлкен территорияларды картография-лаудың негізгі әдісі. Ол жергілікті жер туралы ақпараттың жылдамдығымен, дәлдігімен және толықтығымен сипатталады. Аралас түсірім жазық аудандарда тиімді, онда стереофототопографиялық түсірім нүктелердің биіктігін анықтау-дың жеткілікті дәлдігін бермейді.

Жер үстінде түсіру тік еңістерді, әуеден нашар көрінетін учаскелерді кескіндеу үшін ыңғайлы. Жергілікті жерді ұшақтан суретке түсіруді олардың жұмысы толығымен автоматтандырылған аэрофотоаппараттармен (АФА) жүргізеді. Аэрофототүсірімді ұшу-түсіру отрядтары жүргізеді. Түсіру масштабы неғұрлым ұсақ болса, ұшу-түсіру жұмыстары соғұрлым арзан болады, өйткені бір түсірімде үлкен алаң кескінделеді. Алайда масштабтың азаюымен жергілікті жерді кескінінің нақтылығы азаяды. Іздестірулер кезінде фотосурет-терге қойылатын маңызды шарт – нүктелер биіктіктерін анықтаудың жоғары дәлдігі, ол ұшу биіктігі азайған сайын жоғарылайды.

Ұшу-түсіру жұмыстарының сапасын бағалау. Әрбір маршрут бойынша жапсарлық басылымдардан жайылма құрастыру жасайды. Алдымен аэрофото-суреттердің өзара қарама-қарсы координаталық таңбаларының ортаңғы көтері-лімдері арқылы өтетін, координаталық осьтердің қиылысуында түсірімдердің басты нүктелерін табады. Дәлме-дәл контурлар өзара жабу аймағында сәйкес келетіндей, түсірімдерді бір-біріне тізбекті салу арқылы жайылма құрастыру жасайды. Оған жоғарғы түсірімнің өзара жабу аймағында жылдам бүгілуімен және салынуымен қол жеткізіледі. Төменгі және жоғарғы түсірімдердегі контурлар тоғысу керек. Екі түсірімді құрастырып, сәйкес кескіндерді бірлестіре отырып, үшінші түсірімді салады. Түсірімдердің әр түрлі масштабтылығын бір аттас нүктелер немесе бір аттас нүктелерден бастапқы бағыттарға дейінгі перпендикулярлар ұзындықтары арасындағы кесінділердің ұзындықтарын салыстырумен анықтайды. Жапсарлық басылымдарды бір үздіксіз кескінге қосу фотосұлба деп аталады. Олар бірнеше түсірімге түсірілген жергілікті жер туралы шолу жасауға мүмкіндік береді. Фотосұлбалар бір маршрутты, көп маршрутты, сондай-ақ стереоскопиялық болады. Бір маршрутты фотосұлбаны құрастыруды “жыпылықтату” жолымен шектес түсірімдерді тізбекті бірлестірумен орындайды. Алдын ала жабу айма-ғында ортаңғы жолдың бойында нақты контурларды бөліп көрсетеді. Бір түсірімді картон немесе фанера негізге салып және оны жүктермен бекітіп, шектес түсірімді оған салады және оны жабу аймағында жылдам бүгумен контурлардың бірлесуіне қол жеткізеді.

Түсірімдердің масштабтары әр түрлі болғандықтан, дәл құрастыруға қол жеткізу мүмкін емес. Құрастыру дәлдігін арттыру үшін бір түсірімнің контурларын кіші масштабты басқа түсірімнің контурларынан әр түрлі жаққа орналастырады. Екі түсірімді жүктермен бекітіп, оларды шамамен бойлық жабынның ортасынан кеседі. Кесу сызығы құрылыстар арқылы өтпеу керек және өткір бұрыштарымен сызықтық объектілерді қиып өтпеу керек. Түсірімдер ортасынан шеттеріне қарай жүргізіледі. Фото-сұлбалардың орташа масштабын төрт нүкте бойынша анықтайды. Құрастыру дәлдігін бағалау үшін түсірімдердің кесілген бөліктерін кесу сызығына мүмкіндігінше дәлірек салады. Дәлме-дәл контурлар нүктелерінің ауытқулары бойынша құрастыру дәлдігі туралы айтады, оны мына формула бойынша анықтайды, мұнда n - айырмашылықтар саны; d - айырмашылықтар шамасы. Оның мақсаты аэрофототүсірімдерді белгілі жоспарлық координаталары мен биіктіктері бар нүктелермен қамтамасыз ету. Тірек нүктелердің жиілігі мен олардың орналасуы картаның масштабына және биіктіктерді анықтаудың қажетті дәлдігіне байланысты болады. Тану белгілерінің орны геодезиялық әдістермен, теодолиттік жүрістердің салынуымен, күрделі емес триангуляция-лық тораптардың салынуымен, әр түрлі қиылыстырулармен анықталуы мүмкін. Нақты контурлар, геодезиялық тораптар пункттары және арнайы маркаланған нүктелер тану белгілері болып табылады. Тұтас геодезиялық жоспарлы-биіктіктік дайындау салынған территориялардың тек 1:500 – 1:5000 масштаб-тары үшін орындалады, әрбір стереожұпта қосарлы және үштік жабын аймақтарының бұрыштарында үш-төрттен тану белгісі болу керек. Бедерді ерекше дәл кескіндеген кезде тұтас биіктіктік дайындау қажет. Сиретілген дайындау кезінде тану белгілерінің саны едәуір қысқарады. Тану белгілерін фоторграмметриялық әдіспен анықтауға болады. Ол жергілікті жазық жерді түсіру-дің басты нүктелерінің маңында төбелері бар бұрыштардың аэрофототүсірім-дерде бұзылмайтынына негізделген. Олар байланыстырушы деп аталады. Орталық нүктелер 1-4 цифрларымен белгіленген. Оларды қосатын сызықтар бастапқы бағыттар деп аталады. Бастапқы бағыттар мен байланыстырушы нүктелерге бағыттар арасындағы бұрыштар жергілікті жердегі сәйкес бұрыш-тарға тең. Бұл бұрыштарды жанама түрде анықтауға болады. Стереокомпара-торда байланыстырушы және орталық нүктелердің координаталарын өлшейді. Координаторлардың басын сол жақ түсірімнің орталық нүктесінде орналас-тырады, х осін шектес түсірімнің орталық нүктесі арқылы бағыттайды. Әрі қарай координаталар басын екінші түсірімнің бас нүктесіне ауыстырады, х осін үшінші түсірімнің бас нүктесі арқылы өткізеді және аталған әрекеттерді екінші стереожұп үшін қайталайды. Бірінші стереожұп пен бастапқы бағыттаушылар мен байланыстырушы нүктелерге бағыттар арасындағы бұрыштар базисінің мәндері ерікті бағдарланған ерікті масштабта жоспарлық фототриангуляция салуға мүмкіндік береді. Тірек нүктелердің саны екіден кем болмау керек. Әдетте тірек пункттардың артық санын пайдаланады және есепті ең кіші квадраттар тәсілін қолданып шешеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

Аэрофототүсіріс материалдарын алу жолдары?

Фотопланды құрастыру?

Трансформирлеу деген не?

Ұсынылатын әдебиет:

1. Пентаев Т.П., Атымтаев Б.Б. Инженерлік геодезия - Алматы, 2003 ж.

2. Михелев Д.Ш., Инженерная геодезия, учебник, М.:2008

 







Дата добавления: 2015-10-15; просмотров: 1162. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия