Студопедия — ГЛОССАРИЙ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ГЛОССАРИЙ






 

 

Тіршілік ету - адамның денсаулығын және еңбек ету қабілетін сақтау үшін организмде жүретін күрделі биологиялық процесс. Осы биологиялық процесс дұрыс жүру үшін адам өзіне жан-жақты жағдай жасай білуі керек – ол адамның тіршілік кепілі.

Тіршілік ортасы – адамның тіршілік ету қабілетіне, денсаулығына тікелей немесе жанама, бірден немесе біртіндеп әсер ететін қоршаған ортаның факторларының жиынтығы.

Тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз адам мен оны қоршаған ортаның қауіпсіз және адамға қолайлы қарым-қатынасы

Төтенше жағдай – адамдардың қалыпты тіршілігін бұзын, денсаулығы мен өміріне қауіп төндіріп, зиян шығын әкелетін оқиға.

Табиғи апат – кенеттен болған табиғат оқиғасы. Соның салдарынан халықтың қалыпты тіршілік етуі бұзылып, адам, мал және басқа да бағалы заттардың шығынына әкеліп соғатын төтенше жағдай.

Авария – құрал-жабдықтардың, құрылыстың, технологиялық процестің, машина мен механизмдердің істен шығуы. Оның салдары өртке, ауаның, жердің улануында, ластануына, суға батуына т.б. тіршілікке қауіпті жағдайларға әкеліп соғады.

Арнаулы киім - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нәрселер;

ауыр жұмыстар - қызметкердің ауыр заттарды қолмен көтеруіне немесе жылжытуына байланысты қызмет түрлері не 250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын басқа да қол жұмыстары;

еңбек - адам мен қоғамның өміріне және қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі;

еңбек гигиенасы - қызметкерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерінің алдын алу жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені;

еңбек қауіпсіздігі - еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген қызметкерлердің қорғалу жай-күйі;

еңбекті қорғау - құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі;

жеке қорғану заттары - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, соның ішінде арнайы киім;

жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

жұмыс орны - қызметкердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде тұрақты немесе уақытша болатын орны;

жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері;

зиянды өндірістік фактор - әсері қызметкердің сырқаттануына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор;

кәсіптік ауру - қызметкердің өз еңбек (қызмет) міндеттерін орындауына байланысты оған зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;

кепілдіктер - қызметкерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында берілген құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектесетін құралдар, тәсілдер мен жағдайлар;

қауіпсіздік нормалары - қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер;

өндірістегі жазатайым оқиға - өзінің еңбек (қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде, қызметкердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіптік ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың қызметкерге әсер етуі;

өндірістік жабдық - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар;

өндірістік жарақат - қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы;

өндірістік санитария - зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі;

тәртіптік жаза - тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің қызметкерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы;

ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар;

14.ДӘРІСТІК КЕШЕН

Д- 1.1 Кіріспе дәріс (1сағ)

 

Негізгі қаралатын сұрақтар:

  1. «Еңбек қорғау» пәнінің негізгі міндеттері.
  2. «Еңбек қорғау» пәнінің құрылымы, негізгі атаулары мен анықтамалары.

3. «Еңбек қорғау» заңдарының және қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негіздері.

 

1. «Еңбек қорғау» пәні арнаулы сабақ ретінде қоғам тану және мамандық алудың негізгі пәндерімен тығыз байланысты.

Еңбек қорғау пәнінің келешек мамандар үшін үлкен мәні бар. Бұл пәннің негізгі мақсаты болашақ мамандарды еңбек заңымен өндіріс санита-риясымен, техника қауіпсіздігімен және өрт қауіпсіздігінің негіздерімен таныстыра отырып, өндіріс жағдайында төніп тұрған қауіп-қатерді көре білуге және оны болдырмаудың шараларын оқып үйретеді.

Бұл пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер мынаны білулері керек: «Еңбек қорғау» туралы нормативті-провалық құжаттарды, қауіпті-қатерлі өндіріс факторларын және оның адам организміне әсері, оларды қалыпты мөлшерге келтіру әдістерін, еңбек қорғау жұмысын ұйымдастыру,өндіріс ортасының әр саласында еңбек етушілердің қауіпсіздігін қорғау әдістерін т.б.

Істей білулері керек:

Өндіріс қауіпсіздігін бағалай отырып, өз бетімен шара қабылдай білу, әр түрлі технологиялық процестерді орындау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбекке оқыта, үйрете білу, қауіпті-қатерлі жұмыстарды ажырата білу, өндірістегі жазатайым жағдайларды тіркеу және тексеру жолдарын, жарақат алғандарға алғашқы көмекті көрсету жолдарын.

2. «Еңбек қорғау» сабағы негізгі пән ретінде мынандай сұрақтарды қамтиды:

а/ еңбек қорғау, нормативті-праволық және ұйымдастыру жұмыстарының негізгі, олар мына құжаттармен шектеледі-Қазақстан Республикасының конститутциясы, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» және басқа мемлекеттік құжаттар.

б/ Өндіріс санитариясы мен еңбек гигенасы, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі /ССБТ/, санитарлық нормамен /СН/, санитарлық норма және құрылыс ережелерімен /СНиП/ т.б. құжаттармен.

в/ Қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау стандарттарының жүйесімен.

г/ Өрт қауіпсіздігі- СНиП, ССБТ т.б. құжаттармен.

Қауіпсіз еңбек дегеніміз - еңбекшіге қауіпті-зиянды өндіріс факторлары әсер етпейтін еңбек шарты.

Еңбек жағдайы - еңбек ортасының, өндіріс факторларының жұмысшының еңбек ету қабілетіне және денсаулығына әсері.

Қауіпті өндіріс факторы дегеніміз - жұмыс кесінде ойламаған жағдайда еңбекшінің жарақаттануына және денсаулығының нашарлауына апарып соқтыратын фактор.

Зиянды өндіріс факторы дегеніміз - жұмыс кезінде еңбекшінің ауруына және еңбек қабілетінің төмендеуіне соқтыратын фактор. т.б. терминдер мен анықтамалар тақырыптарға байланысты беріліп отырады. Студенттер-болашақ мамандар жоғарыдағы анықтамалардың мағынасына ойлы, саналы сезіммен қабылдайды деп ойлаймын.

3. Еңбек қорғау жұмыстары Қазақстан Республикасының 15 қаңтар 2007ж. қабылдаған «ҚР Еңбек кодексі»-не байланысты жүргізіледі. Бұл заң 7 тарау-дан және 341 баптан тұрады. Заңды іске асырушы Қазақстан Республи-касының Минстрлер кабинеті, ол «Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасы Заңын практикалық іске асыру механизмін қамтамасыз ететін тиісті бағдар-ламалар мен шаралар кешенін әзірлеуді қамтамасыз етуі керек.

Еңбек қорғау жұмысының заңдылық негіздері төмендегідей:

1. Қазақстан Республикасының КОНСТИТУЦИЯСЫАлматы «Қазақ-стан»1993

2. Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі», Астана, 2007”, 15 қаңтар

3. Еңбек қауіпсіздігіне байланысты мемлекеттік стандарттар-МЕСТ және ЕҚСЖ.

  1. Еңбек қауіпсіздігіне байланысты салалық стандарттар.

5. Мекеме басшысының бұйрығы, мекеме мамандарының жолнұсқа-лары,т.б.технологиялық құжаттары.

 

Осы заңда «Еңбекті қорғау» саласындағы ұлттық саясаттың негізгі принциптері берілген, солардың кейбіреулері мыналар:

- меншік иесінің қаржысы есебінен қызметкерлерді арнаулы киіммен және аяқ киіммен, жеке қорғау құралдарымен, емдеу-алдын алу, әлеу-меттік шаралармен қамтамасыз етуге;

- өндірістегі жазатайым жағдайда немесе кәсіби аурудан зардап шеккен қызметкерлердің мүдделерін әлеуметтік қорғауға;

- жоғары және арнаулы орта оқу орындарында еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы жөнінде мамандар даярлауға...

Қауіпсіз еңбекті ұйымдастырудың негізгі принциптері:

1. Бағдарлау- дегеніміз негізгі идеялар жиынтығы бола тұра қауіпсіз еңбектің басты бағыттарын айқындайды және методологиялық, хабарлау негізгі болады.Техникалық-физикалық ережелер мен заң-дарға сүйене отырып қауіпті факторларды жоюға негізделген.

2.Басқару -жұмыстың жекелеген сатысында немесе кезеңінде еңбек қауіптілігін азайтуға негізделген.

3.Ұйымдастыру- еңбекті ұйымдастыруды ғылыми жолмен басқаруға негізделген.

Осы принциптерді басшылыққа алып еңбек ұйымдастырылса оның қауіптілігі азаяды.

Д –1. 2. Еңбекті қорғаудың теориялық негіздері (1сағ).

 

Негізгі қаралатын сұрақтар:

1. «Адам – техника – материал - өндіріс ортасы» жүйесіне түсініктеме.

«А» «Т» «М» «Өо»

2. Қауіпті, зиянды өндіріс факторларын топтастыру және олармен күресу жолдары.

Оқулықтар мен қосымша әдебиеттер:

Д-1 дегі 2,3,4 және Балинт И., Мурани М. «Психология безопасности труда»М.. 1998г.

1. Жүйе деген түсінік ертеден белгілі. Жалпы алғанда ж ү й е (система) дегеніміз – жеке бөліктердің қосындысы және олардың өзара байланысы.

Ж ү й е деп тірі организмдер мен машиналарды да айтуға болады. Жүйе деп кезкелген өндіріс объектісін де айтады. Осындай жүйелердің бірі – «А»- «Т»- «М»-«Өо».

Еңбек қорғаудың негізгі мақсаты осы жүйені еңбекшіге қолайлы жағдайға келтіру (оптимизация). Халық шаруашылығындағы кез келген жұмысты, технологияны биоэкотехникалық жүйе дей отырып, төрт элементке бөлеміз, олар: Адам – техника –материал -өндіріс орны.

 

 

Әр элементтің бір-біріне әсері – көрсетілген.

Бұл элементтер бір-біріне әсер етеді және бәрі адамға (жұмысшыға) әсер етеді. Жеке элементтердің жұмысы көп факторлардан (себептерден) тұрады.

Жүйе теориясына сүйене отырып осы элементтердің белгісіз байланысы – Н (күйі) мына формуламен шешіледі Н = 2И мұндағы, И = п(п – і) ең көп байланыс саны – И, п – факторлар саны. Мысалы жоғарғыдағы жүйеде адамға үш фактор әсер етеді, олар: Т, М,Өо демек п=3 болса, Н = 2 п (п-і) = 23*2 = 26=64. Яғни,жалпы жүйе өз міндетін ойдағыдай атқарып, жақсы жұмыс істеп, сонымен қатар адамға зиянды әсері болмас үшін 64 сұрақты шешу қажет деген сөз.

Жеке факторлардың саны көбейген сайын жүйенің күйі (Н) көбейеді.

Егер жүйедегі байланыстың біреуі бұзылса қауіпті жағдай пайда болады да, кейін жазатайым жағдайға ұшыратуы мүмкін.

Еңбекті қорғаудың негізгі міндеті жүйенің адам үшін дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Егер осы жүйені бөлшектеп, оларға жеке-жеке қарасақ қауіп-қатерді азайтуға болады.

Егер жүйенің қауіпсіздік деңгейін уақыт мөлшерімен қарасақ жоғарыдағы жүйені мынадай түрге бөлуге болады:

Б і р і н ш і іске қосу уақыты – жүйені жөнге келтіру кезеңі.

Е к і н ш і –негізгі пайдалану кезеңі, пайдалы өнім алу уақыты.

Ү ш і н ш і қайта құру кезеңі (реконструкция) қауіпті жағдайлардың көбеюімен байланысты, себебі жүйенің бөліктері әртүрлі жағдайда жұмыс істейді.

Сондықтан жүйенің қауіптілігін азайту үшін, оны уақытында жөндеу, реттеу керек.

 

Жүйелік көзқараспен алғанда Еңбек қорғау ғылымы төмендегідей тармақтарға бөлінеді:

1. Е ң б е к г и г и е н а с ы – медицина ғылымының бір бөлігі бола тұра, жеке еңбекші мен ұжымның өз ара байланысын сыртқы ортамен бірыңғай қарап, өндіріс жағдайын сауықтырудың мөлшері мен шараларын жетілдіреді

2. Еңбек физиологиясы мен психологиясы

Кез- келген адамға еңбек психологиясы мен физиологиясы аймағында білім қоры, орындайтын қызметі мен мамандығынан тәуелсіз, өзін қоршаған адамдармен, өзінің физиологиялық мүмкіндігін, өз мінезінің нашар және жақсы жақтарын, минимальды рухани және физикалық жоғалымдарымен өндірістік стресстік жағдайлары мен өмірдің қиын кезінде, құрылымдық қобалжуы мүмкіндігінің нәтижелі бір бірімен әрекетін білдіреді.

3.Өндіріс санитариясы ғылымының негізгі зерттеу бағыттары: технологиялық процестердегі қауіпті - зиянды факторларды азайтудың жолдарын іздестіру, еңбек қорғаудың санитарлық техникалық шараларын реттеу, жұмысшылардың жұмыс кестесі мен жеке бас гигиенасын т.б. қамтиды.

4. Э р г о н о м и к а дегеніміз – ғылыми пән бола тұра, техникалық, психологиялық, физиологиялық, гигиеналық ғылымдардың жиынтығынан туған.

Эргономика – жұмысшының машинамен және өндіріс қатынасын байланыстыра отырып еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

5. И н ж и н е р л і к п с и х о л о г и я эргономикамен тығыз байланысты бола отырып, өндіріс эстетикасының, машиналардың көркемдеудің (дизайн) негізін түсіндіреді, оқытады, үйретеді.

Инженерлік психология – жұмысшы мен технологиялық процесс және сыртқы қоршаған орта жайлы мағлұмат береді.

Осыдан, қауіпті жағдай қайдан пайда болады деген сұрақ туады. Оған қауіпсіз еңбектің психологиясы былай жауап береді:

қауіпті жағдай (ҚЖ) қауіптің уақыты (ҚУ) мен себебі (БС) дәл келгенде пайда болады:

немесе ҚЖ = ҚУ + ҚС осыдан қауіпті жағдайды болдырмас үшін қауіптің себебі мен уақыты дәл келмесе болғаны.

Д- 2. Кәсіпорында еңбек қорғауды ұйымдастыру және бақылау. Қауіпті және зиянды факторлардың топтастырылуы.

Негізгі қаралатын сұрақтар:

  1. Мамандар мен басшылардың еңбек қорғауды ұйымдастырудағы міндеттері мен жауапкершілігі.
  2. Еңбек қорғауды басқару және бақылау.
  3. Қауіпті және зиянды факторлардың топтастырылуы.

Оқулықтар мен қосымша құралдар:

  1. Зайцев В.Н., Свердлов М.С., " Охрана труда в животноводстве ". – 2 издат., перераб. и доп. 1989. – 368 с.
  2. Канарев М.Ф. и др. " Охрана труда в животноводстве ". стр.

3. Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі». Астана, 2007 ж. 15 мамыр.

І. Кәсіпорындағы Еңбек қорғау жұмысын Қ Р «Еңбек Кодексі» баптарына сүйене отырып жұмыс орнының басшылары мен мамандары ұйымдастырады.

Еңбек қорғауды ұйымдастырудың қысқаша жүйесі.

1) Қауіпсіз еңбек ету әдістеріне оқыту-үйрету (нұсқаулар жүргізу).

Мазмұн-түрiне және өткiзiлу мерзiмiне қарай нұсқаулар төмендегiдей бо-лып бөлiнедi: 1-шi –кiрiспе нұсқау. 2-шi- жұмыс орнындағы алғашқы нұс-қау. 3шi- қайталама нұсқау; 4шi- қосымша нұсқау (внеплановый); 5шi – тиiстi нұсқау (целевой).

2) жұмысшыларды жұмыс киімімен және жеке басты қорғайтын құрал – жабдықтармен қамтамасыз ету;

3) шаруашылықта қолданылатын машиналар мен қондырғылардың ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

4) кешендегі,цехтағы, әр жұмыс орнындағы санитарлық-гигиеналық жағдайларын қадағалау;

5) Еңбек қорғау жұмысын жоспарлы түрде жүргізу.

Қ Р «Еңбек Кодексі» баптарында айтылғандай - " Еңбекті қорғау жөніндегі заң және өзге де нормативтік актілерді бұзуға кінәлі, не қадағалау мен бақылауға кедергі келтіруші лауазымды адамдар белгіленген тәртіппен әкімшілік, тәртіптік, материалдық немесе қылмыстық жауапқа тартылады ".

Мамандар үшін жауапкершілік:

  1. Әкімшілік – иман – шарт жазалауы (моральдік), ескерту жасау, көпшілік алдында ұйалту, жұмысын төмендету, жұмыстан босату т.б.
  2. Тәртіптік – қызметкерлердің бастықтың алдында шаруашылықтың ішкі тәртібін бұзғаны үшін беретін жауапкершілігі.
  3. Материалдық – шығынның құныны төлеу (егер айыпты болса):

а) толық төлеу, б) жартылай төлеу - бұны көпшілік жиналысы

шешеді.

  1. Қылмыстық жауап – а) бас бостандығынан айыру, ә) жұмыс орнынан айыру т.б.

2. Еңбек қорғауды басқарудың негізгі м а қ с а т ы - қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру, денсаулықты және еңбекшінің еңбекке қабілетін сақтау болады.

Еңбек қорғауды " ж ү й е "; әдісімен басқарған тиімді деп саналады. Бұндай әдіспен басқарғанда мыналарды бөліп алуымыз керек: объект, субъект, басқару тәсілі.

Басқару объектісіне – еңбек ету жағдайы, еңбекшілер қауымының еңбек тәртібі, оларға әсер ететін өндірістік қауіп – қатерлер және кәсіптік қорғау.

Басқару субъектісі (цехтық басқару) дереу қимыл жасауға да ыңғайлы болуы керек.

Басқару тәсілінің негізгі басқаруға келіп түскен хабарлардың дәлдігіне, толықтығына байланысты. Осындай бөлшектеген " ж ү й е " әдісінің кемшіліктері байқалады. Бұнда басқару субъектісінің жетілмегені байқалады.

Сондықтан шаруашылықтардағы е ң б е к т і қ о р ғ а у төмендегідей ү ш ш а р т т а қанағаттандырылуы керек:

  1. " Жүйенің " алдына қойылған айқын мақсат;
  2. " Жүйеден " бөлініп шығатын кіші жүйелер болуы;
  3. " Жүйе " өзінен жоғары сатыдағы жүйеге бағынышты болуы керек, осының бәрі басқарудың бақылау, тексеру, тіркеу және талдау, жоспарлау, тәрбиелеу, тәртіпті қатаңдату т.б.

Еңбекті қорғаудағы бақылаудың ең тиімді жолдарының бірі үш сатылы бақылау:

  1. Шаруашылық бөлімінің басшысы – күнделікті.
  2. Бас мамандар – жұмысына немесе он күндікте бір рет.
  3. Шаруашылықтың басшысы - айына немесе тоқсанына бір рет (тексеру нәтижесін жазба түрде шығарады).

 

2. Қауіпті зиянды өндіріс факторлары ГОСТ 12707003-74

физикалық химиялық биологиялық психофизиологиялық
       
Машиналардың қозғалатын бөлшектері,шаң, шу, діріл, ылғалдылық,электр кернеулігі, жарықтың жетпеуі, өткір-үшкір заттар т.б. Адамның организміне әсеріне қарай- уландырғыш, жүйкеге әсер етуші, тыныс органына әсер етуші, тітіркенткіш т.б. Патогенді микроорганизмдер, бактерия, вирус, таз ауруы және олардың өсіп-өнген бөлшектері. Адам организміне әсері бойынша: а) денежұмысы-шаршау, б)жүйкенің шаршауы, в) А+Ә, г)ақыл-ой.

Д-3. Өндірістік жарақат-тану (зардап шегу) және кәсіби ауру мәселелері.

Қарастырылатын сұрақтар:

1) Өндірістегі жарақат түрлері. Жазатайым оқиғалардың түрлері және оларды тергеп-тексеру реті.

2) Кәсіби аурулардың себептері.

3) Өндірістік (зардап шегуді) жарақат-тануды сараптау тәсілдері.

 

1) Өндірісте еңбеккерге қауіпті және зиянды факторлардың бірнешеуі қатар әсер етуі мүмкін. Олардың көбі еңбеккердің мамандығына, яғни кәсіби жұмысына байланысты. Сондықтан оларды кәсіби қауіптер және кәсіби зияндылықтардейді.Өнеркәсіпте кездесетін еңбек қауіпін ү ш к е бөлеміз:

Техникалық – тез жүретін, үлкен алқымды машиналарды және жаңа техни-каны пайдаланған кезде жиі кездеседі, себебі олардың құрылысы мен пайда-лану тәртібін толық игермегендіктен.

Технологиялық – технологиялық процестардің өзгеруіне байланысты.

Жергілікті – еңбекті ұйымдастырудан және техникалық жабдықтануына байланысты.

Еңбек процесінде туған қауіпті, зиянды жағдайлардан – адам еңбек ету қабілетінен айрылып қалуы, тіпті өмірімен қоштасуы мүмкін. Мұндай жағдайлар өндірістік жазатайым оқиға деп аталады. Өндірістік жазатайым оқиға - өзінің еңбек(қызмет) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмасын орындау кезінде қызметкердің жарақат алуы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсіби ауруға шалдығуына не өліміне әкеп соқтыратын өндірістік фактордың әсері.

Жарақат алу - адам организмінің жұмысының бұзылуы немесе зақымдануы.

Жарақаттың 4 түрі болады:

1.Механикалық,2.Ыстық-суықтан болған,3.Химиялық,4.Электр жарақат

Жарақаттың зардабы материалды және моральді деп бөлінеді.

Өндірістік жазатайым оқиғалардың жіктелуі:

1. 1. Қандай жерде болғанына байланысты

2. Қанша адам зардап шеккеніне

3. Ауырлығына байланысты

 

2) Кәсіби аурулардың себептері.

Кәсіби ауру дегеніміз- өндірістегі зиянды факторлардың аз мөлшерде бірақ ұзақ уақыт бойы әсер етуінен еңбеккердің денсаулығының нашарлап, жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкелетін аурулар.

Кәсіби зияндылықтар еңбеккердің денсаулығына келтіретін әсеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:

1) Өндірісте пайланылатын жабдықтар мен материалдардың ерекшеліктеріне байланысты

2) Өндірістегі еңбек кестесіне, ережесіне, еңбек ету ерекшеліктеріне байланысты.(

3) Жұмыс бөлмелерінде метеорологиялық жағдайлары мен санитарлық- гигиеналық жағдайларына байланысты

4) Өндірістік саланың ерекшеліктеріне байланысты

 

3) Өндірістік жарақат-тану (зардап шегу) - дегеніміз белгілі бір топтардағы немесе мекеме, саладағы белгілі бір уақыт аралы-ғындағы жазатайым оқиғалардың жиынтығы.

 

Өндірістік жарақат-танудың себептері.

 

Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері төрт тәсілмен іске асырылады:

Монографиялық (моно- жеке) әдіс жұмыс орнында орын алған жазатайым оқиғаларды жан жақты зерттеумен байланысты. Топографиялық сараптау әдісі жазатайым оқиғаның жиі орын алатын жерлерін анықтауға мүмкіндік береді. Статистикалық (салыстырмалы) сараптау әдісі мекемелердің, шаруашылық-тардың жазатайым оқиға жөнінде берген есеп, ақпараттарын аудан, облыс, республика, министерство көлемінде сараптауға мүмкіндік береді. Бұл әдіс-тің негізгі көрсеткіштері – жарақаттанудың жиілік және ауырлық коэффициенттері - кәсіпорындағы, аудан, облыстағы жазатайым оқиғалардың сандық және сапалық көрсеткіштері болып саналады.

Экономикалық әдіспен - өндірісте болған жазатайым оқиғалардың шығынын есептеуден бастап, еңбекті қорғауға жұмсалған қаржылардың тиімділгін есептеп шығару арқылы жүргізіледі.

Шб=Σ Шж+ Σ Шк.а; мұндағы

Шб – барлық шығын;

Σ Шж – есеп мерзіміндегі жарақаттан келген барлық шығын;

Σ Шк.а – есеп мерзіміндегі кәсіби аурулардан келген барлық шығын

 

Д-4. Өндірістегі еңбек гигиенасы және

еңбек жағдайларын сараптау

 

Қарастырылатын сұрақтар:

  1. Еңбек гигиенасы түсінігі
  2. Еңбек жағдайларын сараптау

І. Е ң б е к г и г и е н а ғылымның негізгі қағидасы:

  1. Гигиеналық мөлшерлеу;
  2. Өндіргіш күштердің орналасуын реттеу және алдын ала жобалау – еңбекшіге ыңғайлы жағдай келтіру.
  3. Қоршаған ортаны ластандыратын техникалық жүйелерді жетілдіру.

Еңбек гигиенасы – еңбек жағдайларының организмге әсерін зерттеп, оның әсерін мөлшерлеумен айналысатын ғылым. Гигиенист ғалымдардың міндеттері еңбек жағдайларының қауіпті және зиянды әсерлерінің адам денсаулығына зиянсыз (қауіпсіз) және кәсіби ауруларға ұшыратпайтын мөлшерін анықтап, қауіпті және зиянды факторларды жоюға бағытталған шараларды белгілеу

Ғалымдар еңбек жағдайлары 4 топқа бөлінеді деп есептейді

Кестеде еңбек жағдайлары элементтері, олардың сипаттамалары және өлшем бірліктері көрсетілген:

 

Кесте № 1

Элементтер аты Элементтердің негізгі сипаттамалары Өлшем бірліктері
І топқа жұмыс орнын қоршаған ортаның санитарлық-гигиеналық элементтері жатады
1. Жарық шамасы А) табиғи жарық шамасы, е Б) жасанды жарық шамасы Е – жарық шамасы Ф – жарық ағыны J – жарық күші Е – люкс Ф – люмен J - кандела
2. Жұмыс орнында ауаға бөлінетін зиянды заттар Шаң, булар, газдар, аэрозолдер Мг/м3
3. Микроклимат - Температура, Т - Салыстырмалы ылғалдылық, W - Ауа козғалысы жылдамдығы, Ư - 0С - % -м/сек
4.Механикалық тербелістер а) шу б) діріл Шу – толқын жиілігі - f - дыбыс қысымы - p   дірі – жиілігі - f - тербеліс жылдамдығы - амплитуды - A Герц (Гц) Р Децибел (ДБ)   Гц ДБ мм,
5. Сәулелер әсері а) жарық сәулелер; толқын ұзындығы б) иондық сәулелер с) электромагниттік д)радио жиіліктегі толқындар мм, нм БЭР км, м, дм Гц, КГц, МГц
6. Атмосфералық қысым Қысым деңгейі Па, мм. Сн.бағ
7. Кәсіби жұқпалы зерттер, биоагенттер Микроорганизмдер, кәсіби улану Улану дәрежесі; мг/м3
ІІ-ші топқа еңбек процесінде туатын элементтер жатады – психологиялық элементтер
1. Физикалық жүктеме Жүк тасымалдау, энергиялық қуат шығыны Ккал/гр кгм
2. Жұмыс қалпы (рабочая поза) Жұмыс кезіндегі қолайлы қалып Бал
3. Жүйкеге түсетін жүктеме Ойлау жүктемесі көңіл-күйге әсер сезу орган-на әсер (көз, құлақ) бал
4. Еңбек процесінің бірқалыптығы (монотонность) Еңбек процесін ұйымдастыру әдістері Бал
5. Еңбек ету және демалу режімі а) 1 күндік б) апталық в) жылдық Үзілістердің уақыты мен ұзақтығы, түнгі және кезекші жұмыстарды ұйымдастыру. Демалыс ұзақтығы Мин, сағат   күндер
6. Жарақат қауіпі а) жарылғыш б) өрт қауіпі в) жер сілкініске тұрақтылық г) жабдықтан жарақат алу Қауіп дәрежесі Бөлменің көлемі мен ауданының санитарлық нормаға сәйкестігі м3 м2
Ш Эстетикалық, әдемілік, көркемдік
1. Жұмыс аймағындағы сәйкестік а) Жарық және түс сәйкестігі б) дыбыс ортасы в) ауадағы хош иіс Әдемілік, көркемдік дәрежесі   Әдемілік, көркемдік дәрежесі Бал   Бал
2.Жарасымдылық а) табиғи көрініс пен жұмыс орны б)Жұмыс бөлмесінің ішкі жабдықтары в) көгалдандыру және безендендіру Әдемілік, көркемдік дәрежесі Әдемілік, көркемдік дәрежесі Бал бал
ІҮ Әлеуметтік психологиялық
1. Ұжымның ұйымшылдығы Жұмыс барысында бірін бірі алмастыру, жолдастық көмек, тәртіп Бал
2. Ұжымдағы топ аралық қатынас Әр топтың сыйласымдылығы бал

Д- 5.1 Кәсіпорындағы өндіріс санитариясы.

Негізгі қаралатын сұрақтар:

1. Ғылыми техникалық жетістіктердің өндіріс санитариясымен байланысы.

2. Микроклиматтың негізгі параметрлерінің сипаттамасы және оны реттеу жолдары.

Негізгі оқулықтар: Д-1/3/, Д-2/2/.

1. Өндіріс санитариясы дегеніміз ұйымдастырылған гигеналық және санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі ретінде еңбекшілерге әсер ететін өндіріс факторларын жоюға бағытталған шаралардың жиынтығы.

Өндіріс санитартясы негізінен мына шараларды қамтиды: технологиялық процестердегі қауіпті-зиянды факторларды азайтудың жолдарын іздестіру, еңбек қорғаудың санитарлық-техникалық шараларын реттеу, жұмысшылардың жұмыс кестесі мен жеке бас гигиенасымен т.б.ж. қамтиды.

Қазіргі кезде ғылыми техникалық жетістіктер өндіріс санитариясына үлкен әсерін тигізеді, ондай факторлар негізінен үшке бөлінеді:

1. Гиподинамия- дене қозғалысының жетіспеуі.

2. Тамақтың жетіспеуі /санитарлық мөлшерде/.

3. Әртүрлі хабарлардың көптігі немесе жетіспеуі / шындықтың жетіспеуі / т.б.

Ғылыми техникалық прогрестің /жетістіктің/ әсері мына үш қайшылықтарға соқтырады:

1. Макро және микро өзгерістердің желе болуы- адам организмінің өзгеруіне /аз/ бейімделмейді, өйткені адам организмінің өзгеруі өте баяу.

2. Адам өмір сүретін ортаның өзгеру жылдамдығы оның дене өсімінен алда болады.

3. Табиғаттың шексіз өсу, өзгеру жылдамдығы адамның сол өзгерісіне үйренуінен, қалыптасуынан тез өтеді.

Осы өзгерістер адамға қатты әсерін тигізеді. Мысалы: аллергия ауруының көбеюі, жүйке жүйесі аурулары мен қанның бұзылуы т.б.

Осы қиындықтардан шығу жолдары:

1. Қоршаған ортаны өзгертуді ғылыми жолға қою немесе оның табиғи қалпын сақтау.

2. Табиғаттағы өзгерістерге адамның машықтануын женілдіру /денені шынықтыру, білім жетілдіру/.

3. Өзгертілген ортаны адам өзінің игілігіне парасатты түрде асыра білуі керек.

Микроклимат еңбек жағдайына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:

  1. Қолайлы (комфортный)
  2. Жоғарғы ылғалдылықтағы (балық өңдеу цехі, бояу цехі)
  3. Ауыспалы (ашық ауадағы жұмыс)
  4. Ыстық микроклимат (қорыту цехі, химиялық цех)
  5. Салқындатқыш микроклимат (кеме жасау өндірісі, салқындатқыш камера)

Адам мен қоршаған орта арасындағы үздіксіз жылу алмасу процесі жүріп жатады. Микроклиматтың өзгеруі адамның жылу алмасу процесіне тікелей қатысатын – қан айналу, нерв және тер шығару жүйелеріне әсер етеді. Яғни адам ағзасының шектен тыс ысуы немесе салқындауы организмнің бірқатар ауыруын тудырады.

Ыстықтан – адам денесі температурасы көтеріледі, жүрек соғуы жиілейді, денесі қатты терлейді, ал ыстық соққан кезде – артериялдық қысым төмендеп, дене қозғалысы бақылаудан қалып, адам есінен айырылады. Қатты терлегеннен организмдегі су – тұз тепе-теңдігі бұзылып, бас ауырып, әлсіздік пайда болып, қол-аяқ дірілі байқалады.

Суық немесе өте төмен температурадан адам денесі тоңазып, үсіп қалуы мүмкін. Адам денесі ұзақ уақыт тоңыазыса, одан, бұлшық ет жүйесі, нерв жүйелері, буындары – неврит, радикулит, ревматоиттық ауруларға ұшырайды.

Сыртта жұмыс істегенде суықтан қорғану әдістері:

- жылы арнайы киімдерді пайдалану;

- жұмыс арасында жылынуға үзіліс жасау. Ол үшін арнайы жабдықталған бөлмелер болуы қажет.

Бөлмені (жұмыс орнын) жылыту әдістері:

- орталықтандырылған

- немесе жеке орнын жылыту

Жылытатын ортасына байланысты:

Сумен, бумен, ауамен жылыту қондырғылары.

Сыртқы есіктерден бірден ішке суық ауа кірмес үшін тамбурлар мен шлюздердің болуы. Ол жерлерге жылы ауа перделерін ұйымдастыру.

Ғимараттарда адамды ыстық микроклиматтан қорғау әдістері:

Бөлмені салқындату – желдету қондырғыларын орнату. Олар да:

- жеке жұмыс орнының ауасын алмастыратын

- жалпы бөлме ауасын алмастыратын болып бөлінеді.

Ауа алмастыру әдісіне байланысты:

а) – ыстық ластанған ауаны сыртқа сорып шығаратын (суық ауа есік терезе немесе арнайы саңлылаулардан, тесіктерден кіреді);

б) – сырттан суық ауаны қысыммен кіргізетін;

в) – немесе осы екі әдісті қосарлап пайдалану арқылы;

Ауа қозғалысын ұйымдастыру әдісіне байланысты:

Табиғи:

- желдің қысымы арқылы;

- сыртқы және бөлме ауасының қысымының айырмасына байланысты ауа қозғалысын тудыру;

Жасанды:

- желдеткіш қондырғыларды пайдалану;

Бөлмедегі ауаны жылыту әдістері

Ыстық микроклиматты цехтарда – адамдарға жағдай жасау әдістері.

  1. Жалынды, ыстық беретін қондырғыларды оқшаулау немесе адамның сол аймақта болмауын қамтамасыз ету;

а) Технологиялық процесті өзгерту

б) Ыстық заттармен адам жанаспас үшін, барлық жұмыс процестерін механикаландыру, автоматтандыру

в) Жылу шығаратын қондырғыларды құрсаулау (теплоизоляция), жылу шығатын бөліктерге тосқауыл қою. (Бұл әдіс пештердің қабырғасындағы жылуды 130 0С тан 50 0С қа дейін төмендетеді).

г) Су немесе суық ауадан перде жасау (воздушная или водяная завеса)

д) Жұмысшыларға салқындауға, дем алуға бөлме ұйымдастыру, жұмыс уақыттарын қысқарту, үзілістерін ұзарту, сумен салқындатуды ұйымдастыру.

е) Сусын беруді ұйымдастыру

ж) Арнайы киімдер мен жеке қорғану құрал – жабдықтарымен қамтамасыз ету.

Жұмыс орнының ауасының әртүрлі шаң-тозаң немесе газдармен ластануы - өкпе ауруларын тудырумен қатар басқа, мұрынның, тамақтың ылғалды қабаттарының қабынуына, бронхит, астматүрлеріне, көздің ылғалды қабатының қабынуына, тері ауруларына соқтырады. Шаңнан зиянды әсерін ауыр жұмыс, дененің тоңазуы және кейбір улы газдар еселеуі мүмкін.

Организмге шаңның зиянды әсерін азайту мәселелері де ауа алмастыру, микроклиматты реттеу әдістеріне ұқсас.

 

 

Д-5.2 Өндіріс орындарын жарықтандыру, Механикалық тербелістер. Шу,діріл,жарықтандырудың адам организміне әсері.

Қарастыратын сұрақтар:

  1. Жарықтың адам ағзасына әсері, жарық көзінің түрлері
  2. Жарықтың техникалық көрсеткіштері және жарықтандыруды мөлшерлеу
  3. Өндірістік бөлмелерді жарықтандыруға қойылатын талаптар
  4. Өндіріс орындарын жарықтандыру әдістері

1. Жарық – тіршілік көзінің бір бөлігі. Жарық ағзаның қоршаған ортамен байланысын қамтамасыз етіп қана қоймай оған биологиялық және қуат күшін береді.

Ал өндіріс ортасын жарықтандыру дәрежесі еңбеккердің жұмыс жағ-дайын жақсартады, шаршауын төмендетеді, еңбек өнімділігі мен өнімнің сапасының жоғары болуына тікелей әсері бар.

Жарықтың күн көзіне немесе аспан денелерінен пайда болған түрін – табиғи жарық дейміз де, электр шамы арқылы пайда болған жарықты – жасанды жарық дейміз. Күн көзінің жарық шамасы жердің күнді айналуына, атмосфераның оптикалық жағдайына, ауа райына, жарықтың шағылысуы мен жұтылуына байланысты.

Күн сәулесі спектрі өзінің биологиялық әсері бойынша үш түрге бөлінеді. Күн сәулесі спектрінің толқын ұзындығы 380-760 нм бөлігі көздің көру нервтеріне әсер етіп жарық құбылысын тудырады.

100-380 нм ұзындықтағы сәуле толқындар ультра күлгін (радияциялық)

760-340000 нм сәуле толқындар инфрақызыл (жылу сәулелері) деп аталады. Олар (көру) жарық құбылыс тудырмайды.

2. Жарықтандырудың сапасын көрсететін негізгі техникалық жарық көрсеткіштері болып – жарық күші (J), жарық шамасы (Е), шағылыстыру коэффициенті αж , жұту коффициенті βж, өткізу коэффициенті γж, жарық ағыны (Ф), жарықтану дәрежесі Я (Яркость), көру нысаны мен фон арасындағы контраст, жарықтың шамасының өзгеруі және жарықтың біргелкілік коэффициенті саналады.

Жарық ағыны (Ф) – көзге әсер ететін сәулелі энергияның күші, өлшем бірлігі Люмен (лм). Жарық күші (J) – жарық ағынының кеңістікте таралу тығыздығын көрсетеді.

; мұндағы ω – кеңістіктегі таралу бұрышы

Жарық күші өлшем бірлігі кендела (КД).

Жарық шамасы (Е) деп – жарық ағынының аудан бірлігіне түскен тығыздығын айтамыз.

Е , өлшем бірлігі люкс (лк)

Жарық шамасын өлшейтін аспап люксмтр деп аталады.

Ғимараттарды жарықтандыруды мөлшерлеудің екі әдісі бар: геометриялық және техникалық жарық көрсеткіші арқылы.

Табиғи жарықтандыру күн сәулесін бүйірден түсіру, жоғарыдан түсіру және аралас болып бөлінеді. Бөлмені табиғи жарықтандырудың геометриялық мөлшерлеу мәні болып жарық түсетін ойық пен бөлме едені ауданы арасындағы қатынасты анықтау болып табылады. Ол әрине бөлменің пайдалану жағдайына байланысты. Өндірістік бөлмелер үшін – табиғи жарық коеффициенті е=F*n/f=1/10

F – терезе ойығы ауданы, n – терезе саны, f – еденнің ауданы.

Ал жасанды жарықтандыруды мөлшерлеу –жарық шамасы (Е) люкспен көрсетіледі. Оның мөлшері көру жұмысының сипаттамасына,көретін нысанның размеріне (0,15мм-ден 5мм-ден артық) контраст, фон көрініске қарай беріледі.

3. бөлмені жарықтандыруға және жасанды жарық көздеріне төмендегідей санитарлық – гигиеналық талаптар қойылады.:

1. Жарықтану дәрежесі (Я) барлық жұмыс қабаттарында бірдей болуы керек.

2. Жұмыс орындарындағы жарық шамасы көру нориасына сәйкес болуы керек.

3. Жарық түсетін жазықтықтарға көлеңке түспеуі қажет. Көлеңке көретін өзгертіп, көзді шаршатады. Әсіресе қозғалмалы көлеңкелер қауіпті, жарақаттанудың көбеюіне соқтырады.

4. Түскен жарық тікелей немесе қайтара шағылыспауы қажет. Жарықтың түскен беттен шағылысуы да жарық дәрежесін өсіріп, көзді шаршатып, жрақат алуға әкеп соғады.

5. Жарық шамасы уақыт өткен сайын өзгеріп (жыпылықтап) тұрмауы керек.

6. Жарық ағыны нысанға бағытталып, шам – жағдайға сәйкес таңдалынып алуы керек.

7. Жарық көзі құрылғысы пайдалануға қолайлы, сенімді, күтуге қарапайым және қауіпсіз болуы қажет.

4. Жасанды жарық көздеріне

  • Қыл-қызулы шамдар
  • Люминесцентті (газоразрядты) шамдар пайдаланады

Ғимартаттағы шамдардың орналасуына байланысты жарықтандыру:

  • Жеке жұмыс орнын жарықтандыру
  • Жалпы бөлмені жарықтандыру
  • Аралас жарықтандыру болып үшке бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:

  1. Жарықтың адам ағзасына қандай әсерлері бар?
  2. Жарық құрылысын қандай теориялармен түсіндірміз?
  3. Жарықтың негізгі көрсеткіштері қандай?
  4. Жұмыс орындарын жарықтандыруға қандай санитарлық-гигиеналық талаптар қойылады?
  5. Жұмыс орындарын жарықтандырудың қандай тәсілдерін білеміз?

 

Өндірістік шу мен діріл әсерінен қорғану.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Шудың көрсеткіштері, шудың түрлері.

Шудың адам организміне әсері.

2. Дірілдің көрсеткіштері,түрлері, адам организміне әсері.

3. Өндірістегі шу мен дірілден қорғану әдістері.

Өндірістік шу -адамға зиянды әсер ететін, уақыт сайын ретсіз өзгеріп отыратын, жиілігі мен қарқыны әртүрлі дыбыстардың жиынтығы.

Шу, ультрадыбыс және дірілдің табиғаты бір. Тек айырмашылықтары таралатын газды, сұйық және қатты денелер ортасындағы тербелістің берілуі.

Дыбыс энергия көзі болып табылады. Дыбыс толқындарының тербеліс жиілігі герцпен өлшенеді (1Гц-секундына 1 тербеліс).

Тербеліс жиілігі көп болса-дыбыста жоғары (қатты). Адам құлағы 16-дан-20 000 Гц аралығындағы дыбыс толқындарын қабылдай алады.

20 000 Гц-тен жоғары тербелістер-ультрадыбыс.

16 Гц-тен төмені-инфрадыбыс деп аталады.

Ультрадыбыс және инфрадыбысты адам құлағы қабылдамайды.

Туындау көзіне байланысты шу төмендегідей бөлінеді.

-Механикалық- станоктар шуы, іштен жану қозғалтқыштарының шуы.

-Соққы түрі- темірді соққандағы, шегелегендегі.

-Аэродинамикалық- газдардың шығуы кезінде.

-Гидравликалық- сұйықтар қозғалысы кезінде.

Адам организміне физиологиялық әсеріне байланысты шулар тербеліс жиілігіне, тербеліс ендігіне, қарқындылығына және әсер ету уақытына байланысты жіктеледі.

Жиілігіне байланысты:

Төмен жиіліктегі, Орташа жиіліктегі, Жоғарғы жиіліктегі

Спектр ендігі бойынша:

Тар ендіктегі шу, Кең ендіктегі шу.

Қарқынының өзгерісіне байланысты:

Импульстік шу, Тұрақты шу.

Әсер ету уақытына байланысты:

Қысқа уақыт әсер ететін шу, Ұзақ уақыт әсер ететін

Адам организміне зияны көп шулар-бұл жоғарғы жиіліктегі, тар ендіктегі, импульстік және ұзақ уақыт әсер ететін шулар.

Шудың адам организміне әсері.

Көп уақыт әсер еткен шудың есту органдарына жүктеме түседі, еңбеккердің бейқамдығын арттырады, бұл дегеніміз ескерту белгілеріне жауап реакциясын төмендетіп, қатерге ұрыну мүмкіндігін арттырады. Шу нерв жүйесі, жүйке аурулары, жүрек қан-тамыр ауруларына әкеліп соғады, адамның ұйқысы қашып, еске сақтау қабілеті төмендейді. Өте жоғары дәрежедегі шудан адам саңырау болып қалады, бүкіл ағзасын ауруға әкелетін шу сырқатына әкеліп соқтырады.

 

2. Діріл дегеніміз қатты денелердің тербелісі ретінде адам ағзасына әсер ететін шайқалудың шамасы.

Дірілдің салыстырмалы жылдамдық дәрежесі және салыстырмалы үдеуі дәрежесі децибелмен беріліп, төмендегі формуламен анықталады:

 

Lυ=20 lg υ/5*10-8; La=20 lg a/3*10-4;

 

мұндағы 5*10-8 м/с тербеліс жылдамдығының ең төменгі (0) деңгейі.

3*10-4-тербеліс үдеуінің ең төменгі деңгейі м/сек2.

Организмге берілуіне байланысты, діріл: жергілікті -қол машиналарымен жұмыс кезінде, машинаның басқару тетіктері арқылы қолға берілетін және жалпылама -адамның отырған немесе тұрған жері арқылы берілетіндері болып бөлінеді.

Жалпылама дәріл үш дәрежеге бөлінеді.

І дәреже- транспорттық діріл, ІІ дәреже- технологиялық-транспорттық, ІІІ дәреже- технологиялық діріл.

Дірілдің адам организміне әсері.

Аз қарқындағы жергілікті дірілдің организмге пайдасы да бар (медицинада). Ал діріл қарқыны өскен сайын зияны артып патологиялық өзгерістерге-діріл ауруларына әкеп соғады. Төменгі жиіліктегі (35 Гц дейін) діріл нерв-булшық ет, қозғалыс аппараттарының патологиясына әкеледі. (Қолдың, нерв тамырларының бұзылуы, терінің сезгіштігінің төмендеуін, сүйектер мен буындардың микрожарақаттары, сүйектерде пайда болатын бұлтықтар т.с.с.).

Төменгі жиіліктегі жалпы діріл іш құрылыс органдарының қозғалуына, олардың булшық еттерінің өзгеруіне, омыртқаның жүктемесіне, нерв жүйесі жұмысына әсер етеді.

Ішкі органдарға дірілдің әсері, ағза мүшелерінің жиілігінің өзгеруіне әсер етеді (адамның денесінің жалпы жиілігі 6 Гц, ішкі органдар жиілігі 8 Гц, бастың жиілігі-25 Гц, орталық нерв жүйесі 250 Гц).

3. Шу мен дірілдің әсерін азайту шаралары:

1) Шу мен дірілді пайда болған жерінде жою.

а) техникалық үрдістегі шу, дірілді көп беретін машиналарды шу, дірілі аз машиналарға ауыстыру.

б) машина детальдары арасындағы саңылауды реттеу.

с)машина құрылысына шу, діріл шығармайтын материалдарды пайдалану.

2) Шу мен дірілді олардың таралу жолында жою.

а) Машинаның шулы бөліктерін құндақтау, қоршау, оқшаулау.

б) Шуды азайту үшін жұтқыш қалқандарды пайдалану (экрандау).

3) Жеке басты қорғау құрал-жабдықты пайдалану.

4) Санитарлық және ұйымдастыру шараларын ойластыру (Мекеме жұмыс орындарына санитарлық қорғау аймақтарын жасау, шулы машиналарды оқшаулау, адамның шулы, діріл мөлшері көп жерлерде болуын азайту т.с.с.).

 

 

№-6. Электр қауіпсіздігі негіздері

Негізгі қаралатын сұрақтар:

  1. Электр тоғының адам және иал организмне әсері.
  2. Электр тоғының қауіптілігі мен зиянды әсерлерінің себептері.
  3. Электр тоғынан қ






Дата добавления: 2015-10-15; просмотров: 2739. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Анализ микросреды предприятия Анализ микросреды направлен на анализ состояния тех со­ставляющих внешней среды, с которыми предприятие нахо­дится в непосредственном взаимодействии...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия