Студопедия — Электрокардиограмма.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Электрокардиограмма.






Қозудың жұмысшы миокардының аса көп жасушаларын қамтуы осы жасушалардың бетінде теріс зарядтардың; пайда болуын тудырады. Жүрек қуатты электр генераторына айналады. Дене ұлпаларының электрлік өткізгіштігі жоғары. Бұл жүректің электрлік потенциалын дене бетінен тіркеуге мүмкіндік береді. Жүректің электрлік белсенділігін (биопотенциалдарын) зерттеудің В. Эйнтховен, А.Ф. Самойлов, Т.Льюис, В.Ф. Зеленин және т.б. ұсынған әдістемесі электрокардиография деген атқа ие болды, ал оның көмегімен тіркелетін қисық; электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Электрокардиография жүректе қозудың таралу динамикасын бағалауға және ЭКГ-ң өзгеруі кезінде жүрек қызметінің бұзылуын жорамалдауға мүмкіндік беретін медицинада кең таралған диагностикалық әдіс болып табылады. Қазіргі кезде арнайы құралдар – электронды қүшейткіштері және осцилографтары бар электрокардиографтар қоланылады. Қисық сызықтар қозғалмалы қағаз жолағына жазылады. Бұлшықеттің белсенді қызметі кезіндегі және алыстағы объектіден

ЭКГ жазатын құралдар жасалған. Бұл құралдар- телеэлектрокардиографтар деп аталады және олар радиобайланыстың көмегімен ЭКГ-ны арақашықтыққа тарату принципіне негізделген. Осындай тәсілмен жарыс кезінде спортшылардың, ғарыштағы космонавтардың және т.б ЭКГ-сы тіркеледі. Жүрек қызметі кезінде пайда болатын электрлік потенциалдардың телефон сымдары арқылы беріліп, ЭКГ-ны пациенттен үлкен қашықтағы арнайы орталықта тіркейтін құралдар жасалған.

Кеудеде жүректің белгілі бір орында орналасуы және адам денесінің өзіндік бір пішінінің болуы салдарынан жүректің қозған (-) және қозбаған (+) бөліктері арасында пайда болатын электрлік күш сызықтары дене бетінде бірқалыпты таралмайды. Сол себепті электродтардың орналасуы жеріне байланысты ЭКГ-мманың түрі және оның тістерінің; вольтажы әртүрлі болады.

ЭКГ- ны тіркеу үшін аяқ- қол мен кеуде бетінен потенциалдар тіркеу (тармағы) жүргізіледі. Жүректің биопотенциалдарын тіркеу үшін Эйнтховен үшбұрышының А,В,С нүктелеріне (аяқ-қолдарға) электродтар қойылады. Электродтар дегеніміз электр тізбегінің екі нүктесін қосуға арналған, арнайы пішінді өткізгіштер.

А) Әдетте аяқ- қолдан үш түрлі стандартты тармақ (тіркелім) әдісі қолданылады (Эйнтховен ұсынған):

І-тармақ: оң қол - сол қол;

ІІ-тармақ: оң қол - сол аяқ;;

ІІІ-тармақ: сол қол - сол аяқ; (сурет 3).

Б) Сонымен қатар Гольдбергер бойынша үш униполярлы күшейтілген тармақтар тіркеледі: aVR; aVL;aVF.

Жоғарыдағы стандартты тіркелімдерді тіркеу үшін қолданылатын екі электродты күшейтілген тіркелімдерді тіркеу кезінде біріктіреді, осы біріккен электродтар мен белсенді электродтар арасындағы потенциалдар айырмасы тіркеледі.

Мысалы, aVR кезінде оң қолға бекітілген электрод белсенді болып табылады, ал сол қол мен сол аяққа бекітілген электродтар біріктірілген электрод болып саналады.

- aVL кезінде- сол қолға бекітілген электрод белсенді болады, ал оң қол мен сол аяққа бекітілген электродтар біріктірілген электрод болып саналады

- aVF кезінде- сол аяққа байланған электрод белсенді болып табылады.

В) Вильсон кеудеде 6 тіркелімді тіркеуді ұсынды. Кеудеден потенциалдарды тіркеу үшін алты нүктеге бір электродтан орналастырады. Ал екінші электрод ретінде екі қолға және сол аяққа орнатылған үш электрод біріктіріліп бір электрод болып бекітіледі. Осы кезде ЭКГ түрі кеудедегі электродтар орналасқан бөліктегі электрлік өзгерістерді ғана айқындайды. Аяқ-қолдарға (үшеуіне) орнатылған біріккен электрод индифферентті (пассивті) болып табылады немесе «нөлдік», себебі оның потенциалы бүкіл жүрек циклі бойы өзгермейді.Осындай электрокардиографиялық тіркелімдер униполярлы немесе бірполюсті деп аталады. Осы тіркелімдер V латын (V1, V2 және т. б.) әрпімен белгіленеді.

 

 

Сурет 3. Сурет- 4-сурет.

Электрокардиограмманың стандартты (I—III) тіркелімі кезіндегі электродтардың орналасуы және осы тіркелім кезінде алынған ЭКГ-ң түрлері (Сурет 3).

(Сурет 4)- электрокардиограмманың кеуде тармақтары (1-6) кезіндегі электродтардың орналасу жерлері және осы тармақтар кезінде алынған ЭКГ-түрлері. І- ІV- қабырғааралық аралықтар.

Электрокардиограммада Р,Q,R,S,Т тістері болады. Үш стандартты тіркелімдегі тістер шамалаларының өзара қатынасын Эйтховен тағайындаған. Ол II – ші стандартты тіркелімде тіркелген жүректің электр қозғаушы күшінің I- ші және III- ші тіркелімдердегі электр қозғаушы күштерінің қосындысына тең болатындығын анықтаған. Тістердің биіктігі ЭҚК-ң көрінісін (мәнін) анықтайды, сондықтан II- ші тіркелімнің тістері өзінің шамалары бойынша I – ші және III- ші тіркелімдердегі тістердің алгебралық қосындысына тең.

II- ші стандартты тіркелімде алынған адамның қалыпты ЭКГ-сы 5- суретте көрсетілген.

Сурет 5. II- ші стандартты тіркелімдегі электрокардиограмма.

 

ЭКГ-ны талдау кезінде тістердің амплитудасы мВ (mV)-пен анықталады, олардың өту уақытын, сегменттердің ұзақтылын секундпен өлшейді. Сегмент дегеніміз көрші екі тістің арасындағы изопотенциалды сызықтың бөлігі және белгілі бір тіс пен оған іргелес сегменті бар интервалдар.

ЭКГ- ң қалыптасуы (оның тістері мен интервалдарының;) жүректе қозудың таралуын және осы үрдісті білдіреді. Қозатын жүйенің бөліктері арасында потенциалдар айырмасы болған кезде, яғни жүйенің бір бөлігі қозып, екіншісі қозбаса, тістер пайда болып, дамиды. Қозатын жүйеде потенциалдар айырмасы болмаған кезде и зопотенциалды сызық; пайда болады немесе барлық жүйе қозбаса немесе керісінше қозса,. Тіркелген ЭКГмма жүрекше мен қарыншаның жиырылғыш миокардының тізбекті қозуын білдіреді.

Р тісі (сурет 5) жүрекшелердің қозғанын білдіреді, ол жүрекше тісі деп аталады. Ары қарай қозу жүрекше-қарынша түйініне таралып, қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы таралады. Осы кезде электрокардиограф изопотенциалды сызықты тіркейді (екі жүрекше толық қозған, екі қарынша әлі қозбаған, ал қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы қозудың таралуы электрокардиографпен сезілмейді (ол ЭКГ-ғы PQ сегменті).

Жүрекшелерде қозу көбінесе жиырылғыш миокард бойымен синусты- жүрекше бөлігінен жүрекше- қарынша бөлігіне қарай көшкін түрінде тарайды. Қалыпты жағдайда жүрекше ішіндегі арнайы шоғырлар арқылы қозудың таралу жылдамдығы жүрекшенің жиырылғыш миокарды арқылы қозудың таралу жылдамдығына шамамен тең болады, сондықтан жүрекшелердің қозумен қамтылуы көпфазалы Р тісімен кесінделеді.

Қарыншалардың; қозумен қамтылуы қозудың өткізгіштік жүйенің элементтерінен жиырылғыш миокардқа берілуі арқылы жүзеге асырылады. Қарыншалардың қозумен қамтылуын QRS кешені (комплекс) сипаттайды. Осы кезде Q тісі жүрек ұшының қозғанын, оң емізікше бұлшықеті мен қарыншалардың ішкі бетінің қозғанын білдіреді.

R тісі – жүректің негізі мен қарыншалардың сыртқы бетінің қозғанын білдіреді. Қарыншалар миокардының қозумен толық қамтылу үрдісінің аяқталуы S тісінің; қалыптасуымен кескінделеді. Енді екі қарынша да қозып, қарыншалардың өткізгіштік жүйесінде потенциалдар айырмасының болмауынан ST сегменті изопотенциалды сызықта болады.

Т тісі реполяризация үрдісін білдіреді, ол дегеніміз миокард жасушаларының қалыпты мембраналық потенциалының қайта қалпына келуі. Осы үрдістер әр жасушада қатаң үйлесімді пайда болмайды. Осының салдарынан миокардтың әлі де­поляризацияланған бөліктері (яғни теріс заряды бар) мен өзінің оң зарядын қалпына келтірген миокард бөліктері арасында потенциалдар айырмасы болады. Осы потенциалдар айырмасы Т тісі түрінде тіркеледі. Осы тіс ЭКГ-ң ең өзгермелі бөлігі. Т тісі мен келесі Р тісі арасында изопотенциалды сызық тіркеледі, өйткені осы кезде қарыншалар миокардында және жүрекшелер миокардында потенциалдар айырмасы болмайды. Жүрекшелер реполяризациясын білдіретін тістің кескіні ЭКГ-да жоқ, себебі ол уақыт бойынша қуатты QRS кешенімен сәйкес келіп, олармен жұтылады.

Қарыншалардың электрлік систоласының жалпы ұзақтығы (Q—T) механикалық систоланың ұзақтығымен шамамен сәйкес келеді (механикалық систола электрлікке қарағанда біршама кеш басталады).

Электрокардиограмма жүректе қозудың таралуының бұзылу сипатын бағалауға мүмкіндік береді. Р—Q (Р тісінің басынан Q тісінің басына дейін) интервалының шамасы бойынша жүрекшеден қарыншаға қозудың қалыпты жылдамдықпен таралуы туралы жорамалдауға болады. Қалыпты жағдайда осы уақыт 0,12—0,2 с- қа тең. QRS кешенінің жалпы ұзақтығы қарыншалардың қозумен қамтылу жылдамдығын білдіреді және ол 0,06—0,1 с құрайды.

Деполяризация және реполяризация үрдістері миокардтың әртүрлі бөліктерінде бір уақытта пайда болмайды, сол себепті жүрек бұлшықетінің түрлі бөліктері арасындағы потенциалдар айырмасының шамасы жүрек циклі бойы өзгереді. Әрбір берілген мезеттегі потенциалдар айырмасы аса жоғары болатын екі нүктені қосатын шартты сызық жүректің электрлік осі деп аталады. Әрбір берілген мезеттегі жүректің электрлік осі белгілі бір шамамен және бағытпен сипатталады, яғни векторлық шаманың қасиеттеріне ие. Миокардтың әр бөлігінің қозуымен бір уақытта қамтылмауы салдарынан осы вектор өзінің бағытын өзгертеді. Тек жүрек бұлшықетінің потенциалдар айырмасын ғана тіркеу пайдалы болған жоқ (ЭКГ- ғы тістердің амплитудалары), сонымен қатар жүрек қарыншаларының электрлік өсінің бағытының өзгерісін тіркеу де пайдалы болды. Потенциалдар айырмасы шамасының өзгеруі мен электрлік осьтің бағытының өзгерісін біруақытта жазу векторэлектрокардиограмма (ВЭКГ) деген атқа ие болды.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 1732. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия