Студопедия — ВЕЛИКИЙ УСТЮГ 6 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ВЕЛИКИЙ УСТЮГ 6 страница






89. Фосфорсценция.Фосфоресценция - жарқыл қоздырғыштың қимылы тоқтатылғаннан кейін ұзақ уақыт сақталатын люминесценция Хемилюминесенция. Хемилюминесценция. Химиялық реакцияда бөлінген энергия нәтижесінде байқалатын люминесценцияны хемилюминесценция деп атайды. Бұл кезде химиялық энергияның жарық энергиясына ауысуы орын алады және бөлінетін жарық не реакцияға түскен заттардан немесе зат құрамындағы қозған денеден шығады. Хемилюминесценция жарығының интенсивтілігі химиялық реакция жылдамдығына пропорционалды. Биологиялық жүйелерде байқалатын хемилюминесценция түрін биохемилюминесценция деп атайды. Биохемилюминесценция тірі жанулар мен жәндіктер әлеміне тән құбылыс, қазігіт таңда оның 250 тарта түрі кездеседі. Биохемилюминесценция құбылысы тотығу реакциясы нәтижесінде, мысалы, липидтердің еркін радикалдар реакциясында байқалады.

90. Хемилюминесценция. Химиялық реакцияда бөлінген энергия нәтижесінде байқалатын люминесценцияны хемилюминесценция деп атайды. Бұл кезде химиялық энергияның жарық энергиясына ауысуы орын алады және бөлінетін жарық не реакцияға түскен заттардан немесе зат құрамындағы қозған денеден шығады. Хемилюминесценция жарығының интенсивтілігі химиялық реакция жылдамдығына пропорционалды. Биологиялық жүйелерде байқалатын хемилюминесценция түрін биохемилюминесценция деп атайды. Биохемилюминесценция тірі жанулар мен жәндіктер әлеміне тән құбылыс, қазігіт таңда оның 250 тарта түрі кездеседі. Биохемилюминесценция құбылысы тотығу реакциясы нәтижесінде, мысалы, липидтердің еркін радиклдар реакциясында байқалады.

91. Фотобиологиялық реакциялар.түрлері деп – биологиялық жүйенің молекулалары жарық квантын жұтуымен басталып, ағза немесе ұлпаның сәйкес жауап реакциясымен аяқталатын құбылысты атайды. Фотобиолгиялық реакцияларға мыналар жатады: 1.Фотосинтез - күн сәулесі энергиясының әсерінен органикалық молекулардың синтезделуі;2. фототаксис- күн сәулесіне немесе оған қарсы жаққа қарай тірі жәндіктің (мысалы, бактериялар) қозғалуы; 3.фототропизм- сәулеге немесе оған қарсы бағытқа қарай жапырақтың, шөп діңгегінің бұрылуы;4.фотопериодизм- тірі жәндіке «жарық-қараңғы» циклымен әсер ету арқылы оның сөткелік және жылдық циклын реттеу;5.көру- көзге түскен жарық энергиясын нерв импульсіне айналдыру; 6.тері күйінің жарық әсерінен өзгеруі: эритема, эдема, күнге күй, пигментация, терінің күйуі, тері рагы;Барлық фотобиологиялық процестер мына ретпен жүреді: 1.жарық квантын жұтқан молекуланың қозуы;2.бірінші реттік фотохимиялық реакциялар нәтижесінде пайда болған заттардың жарықсыз химиялық реакцияларға түсуі;3.екінші реттік химиялық реакциялар;4.ұлпа немесе ағзаның физиологиялық жауабы.

92. Фотохимиялық реакциялар -жарықтың әрекетімен болатын химиялық процестер. Табиғатта кеңінен тараған. фотосинтездің, озон қабатының түзілуі мен бұзылуының, фотохимиялық утүтін пайда болуының және ластағыш заттектердің басқа да бірқатар айналуларының негізі осы фотохимиялық реакциялар болып табылады. Фотохимиялық реакцияларға өсімдіктегі фотосинтез, бояулардың одуы, сәуле әсерінен ыдырау реакциясы, суретке түсіру құбылысы және тағы басқа процестер мысал болады. Фотохимиялықреакцияларгаздарда да, сұйықта да, каттызаттарда да жүребереді. Фотохимиялық реакциялар мен оптикажәнеоптикалықсәулешығарутығызбайланысты. Фотохимиялық реакциялардың жүруі затқа сіңірілген жарық сәулелерінің әсерінен ғана болады.. Фотохимиялықреакцияларкезінде химия жүйенің бос энергиясыныңазаюынемесекөбеюімүмкін. Энергияныңкөбеюісырттансіңірілгенжарықсәулелеріэнергиясыныңжүйеэнергиясынақосылуынанболады. Фотохимиялықреакциялардыңтиімділігі квант шығымымен анықталады. Фотохимиялықреакциялар: фотодимерлену, фотоконденсаттану, фотоиондану, фотототықтыру, фотогидролиз, т.б. болыпбөлінеді. Бұлреакциялардыңпрактикалықмаңызызор. Мысалы, ауақабатыныңжоғарыбөлігінде оттек молекуласықысқатолқындыультракүлгінКүнрадиациясынсіңіріп, “қозған” күйгеайналадыКүнсәулесіэнергиясынпайдаланатынөсімдіктердегіфотосинтезпроцесіжәне фотография процестерфотохимиялықреакциялардыңқатысуыменжүреді

93. Ультра к.сәу.био.әсері. Ультракүлгін сәулесі (УК) оптикалық диапазонның ең қысқа аймағы 180 нм ден 400 нм дейінгі аралықты алып жатыр. УК сәулені биологиялық әсерлерін байланысты 3- аймаққа бөледі:, ұзын толқынды УК (ҰУК) «А» аймақ деп аталады; 2) 320-280 нм, орта толқынды УК (ОУК) «В» аймақ деп аталады; 3) 280-180 нм, қысқа толқынды УК (ҚУК) «С» аймақ деп аталады. Осы аймақтардағы ҰУК сәулесінің фотонының энергиясы төмен болғанымен оның денеге терең ене алатын қабілеті жоғары, ал ҚУК сәулесіне сәйкес келетін квантың энергиясы басқаларынан көп, бірақ денеге ену қаблеті төмен. Жалпы УК сәуле квантының энергиясы басқа сәулелер квантына салыстырғанда жоғары болғандықтан, оның биологиялық денелерге тигізетін әсер инфрақызыл (ИҚ) және көрінетін жарықпен (КЖ) салыстырғанда өзгеше болады. Ұлпада жұтылған сәуле энергиясы энергияның басқа түріне, жылу мен химиялық түрлерге айналады. УК сәуленің квантарының энергиясы жоғары болғандықтан оны жұтқан ұлпаның атомдары мен молекулалары қозған күйге көшеді, кейде мұндай кванттар әсерінен электрондар атомнан ажырап, соның салдарынан дене молекуласының құрылымында өзгерістер орын алады.УК сәулесінің үлкен дозасы әсерінен нуклейн қышқылында құрылымдық өзгерістер байқалады, жасуша мутациясы орын алады. Сонымен УК сәулесін жұту нәтижесінде ағза ұлпаларында жүретін атомдық және молекулалық құрылымдық өзгерістер жасушаның, ұлпаның, ағза мүшелерінің өмір сүруінің бұзылуына себеп болады. Сонымен қатар УК сәулесінің витамин жасаушы да қаблеті бар екендігі анықталды

94. УК мед қолдану. УК сәүле бактерицидті, мутагенді, терапевтік, профилактикалық әсері бар, дезинфекция, лазерлі медицинада қолданылады. УК сәуленің адам ағзасында жетіспеушілігі авитаминозға, иммунитеттің төмендеуіне, жүйке жуйесінің дұрыс жұмыс жасамауына, психикалық тұрақсыздыққа алып келеді. Жеке бөлмелерді, аураханалардағы палаталарды залалсыздандыруда қолданылады. УК сәуле фосфорлы-кальцийлі алмасуға жақсы әсер етеді, теріді Д витаминінің пайда болуын реттейді, ағзадағы барлық метаболиялық процестерге көмектеседі. УК сәуле ағзаның қорғаныс механизмінің белсенділігін жоғарылатады. Май алмасуды, тыныс алу функциясын жақсартады. Гормондардың белсенділігін жоғарылатады. Зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, УК сәуле қанға әсер еткенде, сергектік гормоны-серотониннің мөлшері көбейген. Оның ағзада жетіспеуі депрессияға, көңіл-күйдің құбылуына алып келеді. Соңғы кездері кварц ыдыс арқылы аққан қанға УК сәулемен әсер ету арқылы емдеу шараларын өткізілуде. Мұндай сәуле әсерінен қанның формалы элементерінің функционалды белсенділігі артуы нәтижесінде, ағзадағы қабыну процестерінің әсерінен эритроциттердің мембрана қабатына жабысқан бөгде заттардан тазаруы жүреді.Стоматологиялық ауруларды емдеуде де УК сәуле қолданылады.

95. Адам көзінің опт.жүйесі. Көз алмасының сырты склера қабатымен қоршалған, ол көздің ішкі құрылымын қорғап тұрады және оның қаттылығын сақтайды. Склераның алдыңғы қабаты жұқарып, өте жұқа мөлдір мүйізді қабатқа айналған. Жұқа мүйізді қабат арқылы көзге сыртқы ортадан жарық енеді. Мүйізді қабаттан кейін түсті қабық жатыр, оның орта бөлігін 2 -8 мм дейін өзгеретін саңлау түрінде көз қарашығы алып жатыр. Түсті қабық пигментпен боялған дөңгелек тәрізді бұлшық еттен тұрады. Дөңгелек бұлшық етің жиырылуы немесе кеңеюі көз қарашығының өлшемінің өзгеруіне алып келеді, осылайша көзге түсетін жарық ағыны реттеледі. Түсті қабықтың арғы жағында қос дөңес линза пішінді, созымалы көз бұршағы) орналасқан. Оны қоршай жалғанған циллиарлы бұлшық еттің тартылу немесе созылуы көз бұршағы бетінің қисықтығын өзгертеді, нәтижесінде оның оптикалық күші өзгереді, сонымен қатар бұлшық ет көзді бұрып оның осін қарап тұрған нәрсеге бағыттайды. Мүйізді қабат пен көз бұршағы арасындағы кеңістік су тәрізді сұйықпен толтырылған. Көз бұршағының арғы жағындағы кеңістікті қоймалжың сұйық шыны тәрізді дене алып жатыр. «Мүйізді қабат - су тәрізді сұйық – көз бұршағы - шыны тәрізді дене» бірігіп оптикалық күші 58,8 диоптрии болатын линза тәрізді оптикалық жүйені құрайды. Бұл оптикалық жүйенің оптикалық ортасы мүйізді қабаттан, ішке қарай 5 мм жерде, ал оптикалық осі суретте көрсетілген АА түзуі.Көз алмасының ішкі бетін, жартылай сфера түрінде тор қабат алып жатыр, ол сыртқы пішіні құтыша және таяқша түрінде болатын жарықты сезгіш рецепторлардан құралады. Көзде жалпы саны 125 млн таяқша мен 6,5 млн құтыша бар. Бұл жарықты сезгіш жасушалар тор қабаттың сыртқы бетінде қан тамырлары орналасқан аймақта жатыр. Тор қабаттағы нерв талшықтары бірігіп, көру нервіне айналған. Бұл аймақта таяқшалар мен құтышылар жоқ, сондықтан көру нерві алып жатқан жерді жарықты сезбейтін «соқыр дақ» деп атайды. Тор қабаттың орта бөлігінде, оптикалық остің бойында ең көргіш аймақ орналасқан, бұл жерде жарықты өте сезгіш құтышалар орналасқан, бұл құтышалар арқылы көз жарықтың түсін анықтайды. Тор қабаттың басқа аймақтырын негізінен таяқшалар алып жатыр

96. Көрудің молек.мех. Көз кез келген қашықтықта жатқан нәрсені анық көруі тиіс. Көз бір нәрседен қашықтығы өзгеше екінші нәрсеге ауысқанда, екінші дененің кескіні анық көрінбейді, бұл туралы миға тиісті сигнал жетеді, мидан шыққан кері сигнал көздегі циллиарлы бұлшық етің жиырылуын немесе созылуын тудырады, соның нәтижесінде көз бұршағының фокусы дене кескіні анық болғанға дейін өзгереді, әрине бұл үрдіс өте жылдам жүреді көздің мұндай қабілетін аккомодация деп атайды. Көзі қалыпты көретін адамның көзі дене кескінін көздің тор қабатына фокустайды. Кейбір адамдардың көздері кескінді тор қабаттың алдына, оған жеткізбей түсіреді, көздің мұндай кемшілігін жақыннан көргіштік деп атайды. Мұндай адамдар жақын жатқан нәрселерді анық көргенімен, алыс жатқан денелерді бұлыңғыр көреді, Мұндай көз ақауын түзету үшін шашыратқыш линзадан жасалған көзілдірік киеді. Кейде адам көзі дене кескінін тор қабаттың сыртына фокустайды, көздің мұндай кемшілігін алыстан көргіштік деп атайды. Мұндай адамдар алыс жатқан денелерді анық көргенімен, жақын жатқан нәрселерді бұлыңғыр көреді, Мұндай көз ақауын түзету үшін жинағыш линзадан жасалған көзілдірік киеді

97. Линза дегеніміз - екі жағы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене. Олар шашыратқыш және жинағыш болып келеді. Линзаның сфералық беттерінің қисықтық центрлері арқылы өтетін түзуді линзаның бас оптикалық осі деп атайды. Линзаның оптикалық осінің центріндегі нүктені оптикалық центр дейміз. Линзаның қалыңдығы сфералық беттердің қисықтық радиусына шамалас тең болған жағдайда, бұл қалың линза болып табылады, ал әлдеқайда кішірек болса, онда бұл жұқа линза болып табылады.Жинағыш линзалардың тобына ортасы жуан линзалар кіреді, олардың ортасы жиектеріне қарағанда жуан болып келеді, ал шашыратқыш линзалардың кері болады. Бірақ кейбір кезде шашыратқыш линзаларда жуан болып келуі мүмкін, мысалға судың астындағы ауа көпіршігі, шашыратқыш линзаға жатады.

98. Линза дегеніміз - екі жақы сфералық беттермен шектелген мөлдір дене. Олар шашыратқыш және жинағыш болып келеді.. Көзі қалыпты көретін βадамның көзі дене кескінін көздің тор қабатына фокустайды. Кейбір адамдардың көздері кескінді тор қабаттың алдына, оған жеткізбей түсіреді (2а- сурет), көздің мұндай кемшілігін жақыннан көргіштік деп атайды. Мұндай адамдар жақын жатқан нәрселерді анық көргенімен, алыс жатқан денелерді бұлыңғыр көреді, Мұндай көз ақауын түзету үшін шашыратқыш линзадан жасалған көзілдірік киеді. Кейде адам көзі дене кескінін тор қабаттың сыртына фокустайды, көздің мұндай кемшілігін алыстан көргіштік деп атайды. Мұндай адамдар алыс жатқан денелерді анық көргенімен, жақын жатқан нәрселерді бұлыңғыр көреді, Мұндай көз ақауын түзету үшін жинағыш линзадан жасалған көзілдірік киеді. Линзалар оптикалық системалардың басты элементі болып саналады. Линзаларды бинокль, телескоп, оптикалық көздеу құралдары, микроскоптар, фотоапарат, видеокамераларда қолданылады. Жалғыз жинағыш линзаларды үлкейткіш шыны ретінде қолданылады.Линзалардың екінші басты қолданылатын жері, бұл офтальмология. Офтальмология – медицинанын саласының бірі, бұл анатомия мен физиологияны зерттейді. Басты рөлі көз ауруларын емдеу. Офтальмологияда, линзаларсыз жұмыс жүрмейді. Линзаларды, көздің көру жұмысын емдеумен айналысады, мысалға алыстан көрмеу немесе жақыннан көрмеуді емдеуге линзаларды қолданады. Линзаларды, көзілдірік және контакт линзаларында қолданады. Радиоастрономиямен радарларда, көп жағдайда диэлектрлік линзаларды қолданады, линзалар радиотолқын ағынын антенага жинайды.

99. Рентген сәулесі толқын ұзындығы 10-8м-ден 10-12м-ге дейінгі аралықтағы электромагниттік толқын болып табылады. Ол электромагниттік толқындар шкаласында ультракүлгін сәуле мен g-сәуле арасындағы бөлікті алып жатады. Рентгендік сәуле көздері: рентген түтігі, жасанды және табиғи радионуклидтер, күн және басқа да ғарыштық денелер. Рентген сәулелері түзу сызық бойымен таралады. Электромагниттік өрісте ауытқымайды.
Рентген сәулесін 1895 ж. неміс физигі В.К. Рентген ашқан. Ол 1895 — 97 ж. Рентген сәулесінің қасиеттерін зерттей отырып, алғашқы рентген түтігін жасады.Рентген сәулесінің түрлі материалдар мен адам денесінің жұмсақ ұлпаларынан өтіп кететіні байқалған соң, оны медицинада кеңінен қолдана бастады. 1912 ж. Рентген сәулесінің дифракциясы ашылып, кристалдардың құрылымы периодты болатыны дәлелденді. 20 ғ-дың 20-жылдары рентгендік спектрлер материалдарға элементтік талдау жасауға, 30-жылдары заттың электрондық энергетик. құрылымын зерттеуге қолданыла бастады. Рентген сәулесі түзілу механизміне байланысты үздіксіз және сызықтық болады. Үздіксіз Рентген сәулесі зарядталған шапшаң бөлшектердің (мыс., катодтан ұшып шыққан электрондар) нысана атомдарының сыртқы электрондық қабаттармен әсерлесуі нәтижесінде, ал сызықтық Рентген сәулесі — ішкі электрондық қабаттармен әсерлесуі нәтижесінде пайда болады.Рентген сәулесінің интенсивтілігі анод жасалған заттың Z зарядына пропорционал болып келеді. Анод пен катод арасындағы кернеу қаншалықты көп болса, рентген сәулесінің қуаттылығы да соншалықты үлкен болады. Рентген сәулесінің затпен әсерлесуі кезінде Рентген сәулесі жұтылады, шашырайды немесе фотоэффект құбылысы байқалады.Рентген сәулесінің затқа тигізетін әсерінің сандық шамасын есептеумен рентгенометрия айналысады, оның өлшем бірлігі Р (рентген).

100. Тежеу ж.е сипаттаушы ренген сәу.алу. Рентген түтікшесінің антикатодтық электрондармен атқылағанда пайда болатын рентген спектрлері екі түрлі: тұтас және сызықтық болады. Тұтас спектрлер антикатод затында жылдам электрондар тежелген кезде пайда болады және бұлар электрондардың тежеулік сәуле шығаруынан алынады. Тежеулік рентген сәулесін алу үшін Рентген түтігі қолданылады. Рентген түтігі-ішінен ауасы жоғары вакуумға дейін сорылып алынған және ішіне екі электрод А анод пен К катод орналастырылған колба тәріздес шыны түтік. Катод металдан жасалған, оны ток көзіне қосқанда қызады да, бетінен электрондар бөлініп шығады. Осы құбылысты термолектрондық эмиссия деп атайды. Электрондардың нысанасы ретінде А анод орналастырылған. Оны кейде антикатод деп те атайды. Анодты атомдық номері үлкен. Балқу температурасы жоғары, жылу өткізгіштігі жақсы материалдан жасайды. Анод пен катод арасына жоғары кернеу бергенде күшті электр өрісі пайда болады. Осы өрістің әсерінен катодтан бөлініп шыққан электрондар анодқа қарай қозғалып, онымен соқтығысады, яғни қозғалыс жылдамдығы тежеледі де, электромагнит толқынның көзіне айналады. Осындай сәуле тежеулік рентген сәулесі деп аталады. Тежеулік рентген сәулесінің спектрі тұтас болады. Егер анодпен соқтығысатын электрондардың энергиясы атомның ішкі электрондық қабатынан электронды ұрып шығаруға жеткілікті болса, онда ондай рентген сәулесі сипаттамалық рентген сәулесі болады. Олар K, L, M және O әріптерімен белгіленген бірнеше сериялардан тұрады. Әр серияның өзіне тән α, β, γ, т.с.с сызықтары болады. Сипаттамалық рентген сәулесінің спектрі сызықты болады.

101. Қазіргі заман.ренген апараттары. Рентген сәулесінің түрлі материалдар мен адам денесінің жұмсақ ұлпаларынан өтіп кететіні байқалған соң оны медицинада кеңінен қолдана бастады. Рентген сәулесі рентгендік терапия мақсатында кеңінен қолданылады. Техниканың көптеген салаларында ренгендік дефектоскопия әртүрлі ақауларды жарықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Рентген аппараты рентген сәулесін алуға және оны диагностика немесе емдеуге пайдаланылатын құрылғылар жиынтығы. Ерекше құрылысты рентген аппараты ренгеноспектр анализде қолданылады. Медицинада рентген аппараттары көп салада қолданылады яғни диагностикалық және терапевтік. Қазіргі заманауи рентген аппараты рентген түтігінің ток күшін қозуды қалыпты ұстап тұратын және оны артық қызудан сақтайтын құрылғылармен жабдықталған жұмыс режимін автоматты түрде ауысып отырады. Заманауи рентген аппараты артық рентген сәулесінен және жоғары кернеулі тоқтың зақымданудан сақтайтын қорғаныш жүйесі де бар. Рентген аппараты визуалды құрылғылар және рентгенограмма жазатын құрылғыдан тұрады оның түрлері палаталы ангиограф операциялық дентальды және т б Рентген сәулесі қатаң 2 анстремнен үлкен 1895 жылы неміс физигі В К Рентген ашқан және мәлімет жинаған. болатындығы, оның сығылу қабілетін жақсарту, жүрек аймағындағы ауырсынудың азайту (Григорьева В.Д. 1961; Крупенников А.И., 1963; Саперов В.П., 1977) сияқты әсерілері бар. УЖЖТ арқылы өте көп ауруларды емдейді, ол арқылы кез келген қабыну процесін (эндокрин бездерінің, фурункулез, травматизмде, іріңде, ринит, неврит, т.б. көптеген) басуға болады. Мұндай емдік шараларды УВЧ-80, УВЧ-66, Экран-1, Импульс-3 құралдары арқылы жүргізеді (5 сурет). Олардың құрлысы мен жұмыс істеу принциптері туралы мәліметтер [1,2] берілген.

102.Радиоактивтілік,ыдырау құб.ж.е түрлері. Радиоактивтілік құбылысын 1896 жылы А.Беккерель ашқан. Ол уран тұзының белгісіз сәулелер шығаратыдығын байқаған, бұл құбылыс радиоактивтілік деп аталады. Радиоактивтілік деп кей атом ядроларың өз бетінше ыдырып (қирап) басқа заттың ядросына айналуын атаймыз. Бұл құбылысты терең зерттеген Мария мен Пьер Кюрилер радиактивтілік ыдырау кезінде «альфа», «бета» және «гамма» сәулелері шығатындығын, «альфа» сәулесі деп гелиидің ядросын, «бета» дегеніміз электрон немесе позитрон бөлшегі екендігін, ал «гамма» - жоғары энергиялы электромагниттік толқын екендігін анықтады. Радиоактитілік құбылысын сипататуда жартылай ыдырау периоды Т деген шаманы қолданады. Жартылай ыдырау периоды деп барлық ядролардың тең жартысының ыдырауына кететін Т уақытты атайды. Бұл уақыт кей ядролар үшін миллиардтаған жылдарға созылады, ал кей ядролар үшін секундтың бір бөлігіне тең. Радиоактивті зат ядросының ыдырау нәтижесінде ол басқа затқа айналады. Заттың радиоактивтілік белсенділігін активтілік деген шамамен сипаттайды, ол сан жағынан бірлік уақыт ішінде ыдыраған ядро санына тең: А = dN/dt. Активтілік Беккерель (Бк) деген шамамен өлшенді, сонымен қатар кюри (Ки) деген өлшеу бірлігі де қолданылады.

103. Радиоактивті заттар ж.е оны мед.қолдану. Радиоактивті заттарды терапиялық мақсатта қолданудың негізі ретінде, олардан шығатын иондаушы сәулелердің ісік жасушаларын бұзуын атауға болады. 1. Гамма терапия деп, терең қабатта жатқан ісіктерді жоғары энергиялы g сәулесі арқылы жоюды атайды. g сәулесінің көзі ретінде 60Со кобальт қолданылады. 2. Альфа терапия деп α сәулесі арқылы емдеуді атайды. Бұл сәуленің иондаушылық қасиетінің өте жоғары, сондықтан ол сәл ғана ауа қабытының өзінде толығымен жұтылады. Осы себепті α сәулені адам ағзасына немесе оның белгілі бір мүшесіне тікелей әсер ететіндей жағдайда қолданады. Мысалы, теріге тікелей әсер ету үшін радон ваннасын қабылдайды, ас қазанға әсер ету үшін радонды суды ішеді, тыныс алу мүшелеріне әсера ету үшін ингаляция қабылдайды. Радиоактивті заттар:Иод, 131I - Қалқан безіндегі зат алмсу үрдісіне қатысады. Иод, 125I - Пациенттің қан сары суындағы анықталынатын гормондары белгілеу үшін. Технеций 99Тс - Бауыр, өт қабын, ішек, өкпелерді диагностикалауда қолданылады. Фосфор 32Р - Көзде, теріде, сүт безінде және, мида пайда болатын қатерлі ісіктерді анықтауда қолданылады.Иондаушы сәулелердің денеге әсерін зерттеумен биофизиканың дозиметрия саласы айналысады.

106. Жұтылу дозасы деп дене элементі жұтқан иондаушы сәуле энергиясының dE сол дене массасына dm қатынасына тең шаманы атайды: D= dE/dm. Жұтылу дозасы СИ өлшеу жүйесінде грей (Гр) деген шамамен өлшенеді, сонымен қатар рад деген өлшеу бірлігі де қолданылады 1 рад= 10-2 Гр тең. Жұтылу дозасы иондаушы сәулелердің денеге тигізетін түрлі радиациялық әсерлерін толық сипаттай алмайды. Осы олқылықты жою үшін иондаушы сәуленің әсерін сапа коэффициенті деген шамамен сипаттайды. Сапа коэффициенті сан жағынан дозалары бірдей, иондаушы сәуленің биологиялық әсерін рентген немесе гамма сәулесіне салыстырғанда қаншалықты жоғары немесе кем екендігін көрсететін шамаға тең. Сапа коэффицентін ескере отырып анықталған дозаны эквиваленті доза деп атайды, ол мына өрнекпен анықталынады: H =K×D. Эквиваленті доза зиберт (Зв) деген шамамен өлшенеді, сонымен қатар бэр(биологический эквивалент рентгена) деген өлшеу бірлігі де қолданылады 1 бэр= 10-2 Эв тең. Иондаушы сәулелердің ауаны иондау қабілетін ескеріп, экспозициялық доза деген шама енгізілген. Ол сан жағынан ауаның бірлік массасы көлемінде пайда болған барлық оң иондардың шамысына X =Q/m тең. Экспозициялық доза Кулон/кг өлшенеді, бірақ бұл өте үлкен шама болғандықтан, практикада одан көп кіші рентген-Р деген шама қолданылады. Доза қуаты деп доза шамасының сол дозаны қабылдаған уақытқа қатынасымен анықталынатын шаманы атайды: ND = D/t Жұтылу дозасы деп дене элементі жұтқан иондаушы сәуле энергиясының dE сол дене массасына dm қатынасына тең шаманы атайды: D= dE/dm. Жұтылу дозасы СИ өлшеу жүйесінде грей (Гр) деген шамамен өлшенеді, сонымен қатар рад деген өлшеу бірлігі де қолданылады 1 рад= 10-2 Гр тең. Жұтылу дозасы иондаушы сәулелердің денеге тигізетін түрлі радиациялық әсерлерін толық сипаттай алмайды. Жұтылу дозасының қуаты Гр/ мин; Гр/сағ өлшенеді.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 1607. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия