Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Вплив нітратів і нітритів на живі організми


Дата добавления: 2015-10-18; просмотров: 556



Массивтерді хабарлау.

Номерленетін тізім түрінде бірнеше айнымалыларды массивтерге топтауға болады . Массив элементтерінің барлығына индекстің әртүрлі мәнін пайдалана отырып , бір ғана массивтің атауы арқылы қатынас жасауға болады . Массив элементінің индексі немесе реттік номері массив атауынан кейін тік жақшада көрсетіледі ([ ]).

Массивті айнымалыға newArray() мәнін меншіктеу арқылы құруға болады және жақша ішіне массив элементтерінің санын көрсетуіңіз қажет .

Массивті құрып болғаннан соң оның жеке элементтеріне массив атауынан кейін тік жақшаның ішіне элементтің реттік номерін көрсету арқылы қатынас жасалады . Массив индекстерінің мәні 0 -ден басталады .

Мысалы , array 1=new Array(10) операторы 10 мәннен тұратынмассивті құрайды .

Бұл жағдайда массивтің бірінші элементі array1 [0]деп , ал соңғы элементі array1[9] деп белгіленеді .

Java Script-темассив элементтері бір ғана типті болу міндетті емес . Олар айнымалылардың бірнеше типінен болуы мүмкін . Мысалы , массивтің бірінші элементі бүтін сан , ал екінші элементі –жолдық символ, ал үшінші элементі жылжымалы нүктелі сандар болуы мүмкін .Массивтің әрбір элементі басқаларынан тәуелді емес . Ал бірақ оларды бір типке келтірем деу қатеге әкеліп соғады .

Java Scriptекі өлшемді массивті қолдамайды . Екі өлшемді массивті массивтің массивін құру арқылы жүзеге асыруға болады . Бұл әдіс бір өлшемді массивті құрудан басталып , құрылған массивті элемент ретінде пайдалана отырып құруға негізделген .

Массивтерді жолдарға түрлендіру - array обьектісі массив элементтерін жолға түрлендіру үшін қосылады . Бұл әдіс - join().Параметр ретінде join() әдісі бір ғана символдан тұратын жолды алады . Бұл жол жолға түрлендірілген әрбір массив элементтерінің арасына орналасады . Үнсіз жағдайда айырғыш ретінде үтір қойылады , бірақ басқа да айырғыш қоюға болады .мысалы , егер array- бүтін санды массив болса , онда strl= array.join(“ ”) операторы массивтің әрбір элементінің арасына бос орын қояды . Нәтижесінде strl айнымалысы әрбір элементтің ортасына орналасқан бос орынды сандар жолын береді .

Өте үлкен массивтерден нақты мәліметтер фрагментін іздеу күрделі жұмыс түріне жатады . Бұл жұмысты массивтерде іздеудің басқа бір әдісі массивтерді бір жолға түрлендіру арқылы және нақты мәліметтерді indeOf() әдісінің көмегімен локализациялау арқылы жеңілдетуге болады .

array1 = new

array (“ ”, “ ”,” ” ); strl= array1.join(“ ”); beginChar=str1.indexOf(“123”);

Келтірілген мысалда операторлар тізімі массив элементтерін хабарлайды, массив элементтерін strl жолына түрлендіреді, одан соң beginChar айнымалысының мәнін жолдағы позициясына сәйкес “123” номерінен бастап меншіктейді. Бұл операторларды пайдаланып массивтің нақты элементтерін табуға болады .

Элементтердің нақты орындары анықталғаннан кейін string обьектісінің басқа әдістерінің көмегімен мәліметтерге талдау жасауға болады .

Бұл объект мәліметтер жиымын (массивін) жасау үшін керек. Жиым — элементтердің реттелген жиыны. Жеке элементтің орны оның аты мен индексін (нөмір) көрсету арқылы орындалады. JavaScript тілінде элементтерді нөмірлеу нөлден басталады.

Мысал: апта күндерінің аттары жиымы.

var dayNames = new Array("жексенбі", "дүйсенбі", "сейсенбі", "сәрсенбі", "бейсенбі", "жұма", "сенбі");


 

Жиымның жеке элементтерін пайдалану үшін былай жазылады:


массиваты [индекс]

Төмендегі скрипт:

var day Names = new Array("жексенбі", "дүйсенбі", "сейсенбі", "сәрсенбі", "бейсенбі", "жұма","сенбі"); alert(dayNames[0]);

жұмысы нәтижесінде alert терезесіне «жексенбі» мәтіні шығады.

Мысалы: ағымдағы дата мен уақытты көрсету.

// Ай аттарын көрсету:

var monthNames = new Array ("қаңтар", "ақпан", "наурыз","сәуір","мамыр","маусым","шілде",

"тамыз",

"қыркүйек","қазан", "қараша", "желтоқсан");

// Апта күндері:

var dayNames = new Array ("жексенбі", "дүйсенбі", "сейсенбі", "сәрсенбі", "бейсенбі", "жұма","сенбі");

var today = new Date(); // Ағымдағы мерзім мен уақыт.

// Нәтижені шығаруға дайындау: var str = "Бүгін: " // Айдың күні: str += today.getDate() + " "; // айдың аты: str+=monthNames[today.getMonth()]+" "; // жыл: str += today.getYear() + " года, ";

// Апта күні: str += dayNames[today.getDay()] + "\n"; // Уақыт: str += "Бүгін: " +

today.getHours()+ ":" +today.getMinutes () +":"+ today.getSeconds();

// Нәтижені шығару: alert(str);

Жиым ұзындығы (оның элементтерінің саны) программа жұмысы кезінде өзгере алады:

var f = new Array(); //Қазір жиым бос, //оның элементі жоқ.

f[0] = 1; //Жиымда бір элемент бар. f[l] = 1; //Жиымда екі элемент бар.

f[2] = f[0] + f[1]; //Жиымда үш элемент бар.

f[5] = 8; //Жиымда алты элемент бар // f[0]...f[5]

Мысал: Жиымның ең үлкен элементін анықтау.// num кездейсоқ сандардан жиым құрайық, // олардың әрқайсысы [a, b] аралығында жатады var num = 10; // кездейсоқ сандардың саны

var a = 1; // аралықтың сол жақ шекарасы var b = 100; //аралықтың оң жақ шекарасы var set = new Array(); // жиым құрылды

// жиымды кездейсоқ сандармен толтыру

for (i=0; i<num; i++) set[i] = Math.round(a+(b-a)*Math.random());

// Ең үлкен элементін анықтау

var max = a;

for (i=0; i<num; i++)

if(set[i] > max) max = set[i];

// Жиым элементтері мен үлкен элементін көрсетейік: alert("Жиым: "+set+"\n Олардың ішіндегі үлкен элементі: "+max);

Қарастырылған мысалда екі цикл бір циклге біріктірілген:

var max = a;

for(i = 0; i < num; i ++}

{ set[i]-Math.floor(a+(b-a+1)*Math.random());

if(set[i] > max) max = set[i];

}

Осыған дейін біз объектілер тәсілдерімен

танысқанымен, олардың қасиеттерін қарастырмадық. Объект қасиеттері дегеніміз – JavaScript терминологиясы бойынша объект тұтынушысына арналған интерфейстік айнымалылар болып табылады. Негізінде, мұнда объект туралы емес, тек объектінің нақты данасы жайлы сөз болады. Қасиеттерді пайдалану үшін объект қасиеті аты мен нүкте арқылы бөлінген қасиет аты жазылады, мысалы:

var set = new Array("Алпамысов","Азамат", "Адамұлы");

alert (set.length);

length қасиеті массив элементтерінің санын – оның ұзындығын береді.

JavaScript тілінде объектілермен жұмыс істеу кезінде бірсыпыра «еркіндіктерге» жол беріледі. Мысалы, массив данасын new түйінді сөзінсіз және Array объектісін де көрсетпей жазуға болады:

var set = [1, 4, 9, 16, 25, 36];

Әрине, браузер, мұндай жазбаны кездестіріп, бәрібір Array объект данасын төмендегі жазба түрінде ашады:

var set = new Array(1, 4, 9, 16, 25, 36);

Осыған дейін біз string объектісі данасын басқа тәсілдермен құрған болатынбыз.

Мысалы,

var title = "Ақыл арымас, алтын шірімес"; жазбасы төмендегі жазбамен бірдей болып табылады:

var title = new String("Ақыл арымас, алтын шірімес");

JavaScript ішкі объектілерімен жұмыс істеу үшін анықтамалық материалдар болғаны дұрыс, олар көбінесе кітап қосымшаларында келтіріледі.

Мысалы:Енгізілген суреттің қасиеттерін (енін, биіктігін, жақтауының қалыңдығын)

өзгертіп, экранда бақылауға болатын программа құрайық.

<HTML>

<HEAD>

<TITLE> Бейне қасиеттерін зерттеу </TITLE>

<script>

function chpict(obj)

{ var w=obj.wd.value var h= obj.hg.value

if (w !=0) document.mypict.width=w if (h !=0) document.mypict.height=h document.mypict.border=obj.br.value document.mypict.alt=obj.al.value

}

</script>

</HEAD>

1-сурет

<BODY bgcolor="F8F8FF">

<CENTER>

Енгізілетін бейне

<IMG src=111.jpg name=mypict>

<FORM name="form1">

Бейне өлшемін өзгерту үшін бір немесе екі параметрді енгізіп, КӨРУ батырмасын шертіңіз><br>

Ені (width): <input type="text" name="wd" size=8><br>

биіктігі (height): <input type="text" name="hg" size=8><br>

Жақтау өлшемін өзгерту үшін жақтау қалыңдығын пиксел өлшемімен ензізіп, КӨРУ

батырмасын шертіңіз<br>

жақтау қалыңдығы (border): <input type="text" name="br" size=8 value=0><br>

Байқау мәтініні (alt): <input type="text" name="al" size=40><P>

<input type="button" value= "Көру" onclick="chpict(form1)">

<input type="reset" value="Болдырмау">

</FORM>

</CENTER>

</BODY>

</HTML>

Тапсырмалар:

1.А массиві 41, 52, 23, 15, 94, 79, 12, 38, 13, 17 бүтін он саннан тұрады. Әрбір элементін

сәйкес нөмеріне көбейткенде құралатын, жаңа массив құру программасын жазың. в = i·a

ai ={0,1; 0,3; 5; -2,4; 3; 1,2; -4,3; 5,2; 9,1; 1}


3.Сауалнамада бес қызметкердің әрқайсысы үшін келесі мәліметтер толтырылады: тегі, жалақысы, баласының саны. Жанұядағы кісі басына шаққандағы табысты есептеу сценарийін жазыңыз.

4.Сауалнамада алты қызметкердің әрқайсысына келесі мәліметтер толтырылады: тегі, жұмысқа алынған жылы. Жұмыс стажын және стаждары бірдей қызметкерлердің ең үлкен санын анықтау программасын жазыңыз.

5.Сауалнамада алты қызметкердің әрқайсысына келесі мәліметтер толтырылады: тегі, жалақысы. Әрбір қызметкерге келесі принципке сүйене отырып сыйақы тағайындау шешілді: егер оның жалақысы орта жалақыдан аз болса, онда сыйақы оның жалақысының 50 пайызын, басқа жағдайда жалақысының 30 пайызын құрайды. Қызметкердің қолына алатын жалақысын (жалақы мен сыйақы) анықтау сценарийін жазыңыз. Ең көп сыйақы алған қызметкерлердің санын анықтау керек.

6.Бес түрлі тауарды сатып алу жөнінде мәлімет берілген: бір тауардың бағасы, алынған тауардың саны. Тауарды алуға кеткен қаражатты анықтау сценарийін жазыңыз. Бірдей қаражат жұмсалған тауар бар ма, болса, олардың саны қанша?

Бақылау сұрақтары:

1. Массивті қалай құруға болады ?

2. Массивтерді хабарлау қалай жүргізіледі ?

3. Массив элементтеріне қатынас қалай жасалады ?


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Утворення і накопичення | Культура Стародавнього Риму
1 | 2 | <== 3 ==> |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.281 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.281 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7