Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Художній стиль


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 796



1. «Педагогикалық технология» түсінігінің даму мәселесі

2. Жаңа педагогикалық технологиялар туралы көзқарастар

Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мәні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, жобалауға сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылады.

Педагогикалық әдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тәрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру және дәстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған және проблемді оқу технологиялары, авторлық технология және т.б.

Алғашқы педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» және «тәрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мән-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мәні «оқу технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау. Педагогикалық технология педагогикалық үрдіске қатысушылардың барлық көрінісінде белсенді іс-әрекетін көздейтін, белгіленген қасиеттері бар өнімді алуға мүмкіндік жасайтын үрдістер мен әдістердің бірізділігі мен жиынтығы ретінде қарастырылады.

Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.

Педагогикалық технология кешенді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.

Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В.Б.Беспалько, В.В.Данилов,В.К.Дьяченко және т.б.) екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.).

Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқу технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?

Мұндай ғылымдық мәні бар ой жаңа емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де дәріптеген. Ұлы педагог 16 ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нәтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нәрсе

1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды;

2) сол мақсаттарға жетуге дәл икемделген жабдықтарды;

3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек»

Я.А.Коменский заманынан бастап, оқудың мүлтіксіз әрекеттегі механизмге сәйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін оқу технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып отырды. Әсіресе, техникалық прогрестің әрқилы теориялық және практикалық қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизациялау идеясы нығайып, іске асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К. Бабанский және т.б.).

Оқыту технологиясы - оқыту үрдісінде алдын ала жоспаланған, оқытудың диагностикалы қойылған мақсатына практикада жүйелілік және бірізділікпен жету құралдары.

Оқу технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дәл кезеңде қажет болған әдістерге және басқа да негіздемелерге тәуелді келеді.

Оқу технологиясын оқу әдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы – оқу технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына және педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал әдістеменің соңғы тиімді нәтижеге жете алуы жиі кездеседі. Сонымен бірге, әдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме шынайылық, сенім, сәйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.

Оқу технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқу технологиясын жете білудің өзі - шеберлік. Бір технологияны әрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді.

Педагогикалық іс-әрекет саласында "технология" деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағындағы ғалымдар (В.П.Беспалько, П.И.Пидкасистый және т.б.) қолдаған. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.

Әдіс кең мағынада, субъект әрекетінің кез-келген формадағы тәсілі, бір жолға жетудің жолы. Оқыту әдістері педагогикада педагогикалық үрдіске қатысушылардың бірлескен әрекетін ұйымдастырудың тәсілі ретінде анықталады.

Әдістеме ұғымы адамның әрекетіне қаттыссыз тәрбиелеу мен оқытудың әдістері мен тәсілдерінің кешенін пайдалану тәртібін білдіреді.

Оқыту әдістемесі - пәнді оқытудың ғылыми дәлелденген әдістер, ережелер, тәсілдер жүйесі және оқыту теориясын қолдану болып табылады.

Теориялар, әдістер мен әдістемелер, оқыту технологиясының айырмашылығы оқыту үрдісінің барлық байланыстарын ұйымдастырушылықпен реттеуді, оның кезеңдерін құрастыруды, білім алушының мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асыру жағдайларын бөліп көрсетуді талап етеді.

Шындығында педагогикалық технологияны жасаушылардың назары педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жасаушылардың «ұстаздар - оқушылар» жүйесінің ерекшеліктерімен ұстаз еңбегінің технолгиясының өзгешеліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. «Технология» деген термин гректің түп тамыры - өнер, шеберлік, кәсіп және ғылым, білім деген сөздерінен шыққан. Екі түп тамырының бірлігін шеберлік туралы ғылым немесе ілімді беретін сөзді құрайды, ол өндірістік тәсілдерді жүргізудің тәсілдері мен құралдар туралы білімдер жиынтығы, мысалы металдың технологиясы, химиялық технология, құрылыс жұмыстарының технологиясы және т.б. Технологияны жасау үшін нақтылы еңбек затының қасиеттерін байланыстары мен қатынастарының жолын сипатттайтын заңдылықтарын білу керек: еңбек затын өндеу тәсілдерін білу; еңбек затының жағдайын анықтай білу; еңбек затының жағдайын өзгерту тәртібін жасау. Педагогикалық технология ұғымының әр түрлі тұрғыдан анықтамалар берілген.

В.П.Беспалько педагогикалық технологияны қойылған білім беру мақсаттарын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқытудың теориялық негізделген процестерін жаңадан өндірудің, еске түсірудің құралдар мен әдістер жиынтығы ретінде анықтайды.

В.М.Монахов педагогикалық технология – мұғалім мен оқушы үшін жағымды жағдайды қамтамасыз ететін оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және өткізуде барлық бөлшегіне дейін ойластырылған бірлескен педагогикалық іс-әрекеттің үлгісі. Технологияның міндеттерін түсіндіре отырып: педагогикалық технологиялық жобалаудағы жетекші қағидасы-оқушының жеке белсенділігі, мұнда ең бастысы - білімді меңгеруге іштей қалыптасқан қызығушылығы мен ынтасы, білім алу іскерлігі – деп жазады.

Г.М.Құсайыновтың есебінше педагогикалық технология әдеттегі түсініктерден басқа – ол мұғалімнің жоспарланған оқыту мен тәрбиелеудегі мақсаттары мен нәтижелерге жету мен сабақ беру үрдісі емес, ол кәсібі ұстаздың басшылығымен оқушылардың өзінің және өзара оқыту процесі, ол білім берудің мазмұнымен оқу жоспарымен бағдарламаларында ескерілген іс-әркеттердің сол түрлерін меңгеру жұмыстарының әрбір салаларындағы болатын өзгерістер мен қайта құру болады.

В.А.Сластенин бойынша педагогикалық технология деген ол қатал ғылыми жоспарлау және дәлірек айтқанда педагогикалық әрекеттің жетістігін қамтамасыз ететін елестету.

Технология - бұл іс-әрекетті ұйымдастыру және оны жүзеге асыруда құралдарды таңдау ережесі. В.В.Гузеев қазіргі кезеңдегі технологияның бұрынғыдан айырмашылығын көрсете отырып, былай деп жазады: «Бұрын бір құралды құрастырып, оны ұқсас жағдайларда бірнеше жылдар бойы қолдануға болатын. Қазір ұқсас жағдайлардың бар екенінің өзі қарама-қайшы келеді.»

Сонымен, педагогикалық технология - педагогикалық процесті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы (алгоритмі) (Г.Т.Хайрулиин). Педагогикалық технологиялар - теориялық білімдерді тұтас педагогикалық үрдістің қызметін практика жүзінде іске асыруға бағытталған және сол үрдіс нәтижелерін кезеңдер бойынша өлшеп, тұлғаның да, ұжымның да даму динамикасын көруге болатын, педагогтар мен оқушылардың өздерін-өздері дамытуларына мүмкіндік тудыратын жүйелі іс-әрекеттер кешені.

Қазіргі кезеңдегі ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беруде жаңа міндеттер қойып отыр. Ол техникалық трізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын тұлға қалыптастыру. Ол үшін білім беру саласында қазіргі дидактикалық мүмкіндіктерді, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын сарқа пайдалану.

Әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психикалық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор.

«Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершіліктік, рухани, азаматтық, және тағы да басқа адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі» - деп көрсетеді С.В.Селевко.

Инновациялық педагогикалық іс-әрекет жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын мұғалімді қалыптастыруға бағытталады.

Мектеп тәжірибесіне жаңашылдықтарды енгізу көбіне оларды қолдануға деген көзқарастардың кешеніні өзгертуге тікелей байланысты. Қазірде әлі де көптеген мұғалімдер педагогиканың жетістіктері мен жаңалықтарын меңгеруге ұмтылыстарының нашар екендігін байқатады.

Оқыту технологиясын қолдану мүмкіншілігіне төмендегілердің әсері бар:

1. Жаңалықты ендіруге даярлық – бұл ең алдымен, стратегиялық және технологиялық өңделген білімдік құжаттардың болуы. Оқыту технологиясына байланысты кітаптар, мақалалар болумен, оқыту сапасын тез арттыратын тұтас білім, ғылыми-техникалық жағынана қамтамасыз етілмей, бұрынғы дәстүрлі оқыту әдістемесінен артықшылығын көрсете алмай отыр. Осыдан келіп, мұғалімдердің белгілі бір тобы оқыту технологияларын жаңалық деп есептемейді, оны меңгеруде, қолдануда енжарлық көрсетеді.

2. Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруге, қолдануға деген себептендіруді тудырып, үгіттеушілік бағыттан конструктивтік-технологиялық жұмысқа бағыттау – білім сапасын арттырудың маңызды құралы. Бұған мұғалімдерді психологиялық, теориялық және әдістемелік астарларды қамтып, арнайы даярлап қана қоймай, сонымен бірге технологияларды қолдануға қатысатын оқушыларды, олардың ата-аналарын да даярлау қажет.

3. Оқытудың қазіргі технологияларын оқыту үрдісінде қолдану, оқыту технологиясына қызығушылық таныту, ынта қою. Оның мақсат, мазмұнын, болашағын түсініп, іс жүзіне асыра білу белгілі бір мақсатты, жүйелі дайындықтың нәтижесі болып табылады. Демек, педагогикалық үрдісті жаңа технологияларды пайдалана отырып жүзеге асыру мынадай базаға негізделеді:

- оқыту технологияларының тұжырымдамаларының ақпараттық базасы, оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі;

- технологияны таңдаудың өлшемдері;

- мектептің оқу үрдісіне технологияны енгізу механизмдері.

Педагогикалық технологияларды іске асыру жолдары.

Мұғалімдердің оқыту технологияларын меңгеруде педагогикалық кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, олардың зерттеушілік жұмыстары, жас мұғалімдердің тобы мен шығармашылық топтың жұмыстары пайдаланылады.

Кез-келген қазіргі педагогикалық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктері дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы болады. Педагогикалық технология дерекнамасы педагогика, психология, әлеуметтік ғылымдар, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, халықтық педагогика, Отандық және шетел педагогикасындағы озық идеялар болып табылады.

Жалпы алғанда педагогикалық технология түрлерін таңдау білім беру саясатында, білім беру реформасына, дидактикалық тұжырымдамаға немесе оқыту теориясы мақсатымен тәрбиелеу және оқыту міндеттеріне, педагогтың кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттеріне, әдіснамалық бағытына байланысты жүзеге асырылады.

Сондықтан қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Бүгінгі өзекті мәселе оқушылардың дара ерекшеліктерін ескере отырып, өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Ал мұнда инновациялық технологиялардың тиімділігі жоғары.

Сонымен, қазіргі республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасақталып, оқыту технологиясының жоғарыда қарастырғандай бірнеше түрлері дамып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған кезде білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа-көзқарас, өзгеше менталитет пайда болуда. Осы бағытта жаңа педагогикалық технологияны тиімді меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, азаматтық қабілетінің қалыптасуына ізгі әсерін тигізіп, өзін-өзі дамытып, оқулықтарын, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Бүгінгі қоғамның дамуы оның мүшелерінің білімімен өлшенетін кезі келді. Өйткені қазіргі өркениетке жеткізетін құрал - тек қана білім. Білімді ұрпақ қана қоғамның болашақ иесі бола алады.

Осы заманғы дидактикада әрқилы оқу технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себебі, әр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты. Солардың бірнешеуіне тоқталайық.

Оқытудың дәстүрлі технологиясы. Оқытудың дәстүрлі технологиясы деп ең алдымен ХVII ғасырдың дидактика прнициптерінде қалыптасқан, Я.А.Коменский негіздеген және қазірге дейін дүние жүзі мектептерінде басым көпшілігі қолданатын оқытудың сынып-сабақтықтық ұйымдастыру формасы деп түсінеді.

Дәстүрлі сынып-сабақ технологияларының аса көрнекті белгілері: бірдей жастағы оқушылардың тұрақты құрамы мен дайындық деңгейлері; сыныптың біріңғай жылдық оқу жоспары мен бағдарламасымен жұмыс істеуі; сабақ оқудың негізгі бірлігі; әр бір сабақ бір оқу пәніне, тақырыпқа арналған, себебі сынып оқушылары ортақ бір материалмен жұмыс істейді; сабақтардың үнемі тұрақты алмасуы кесте мұғалімнің мұғалімнің басқарушылық рөлі.

Сонымен, оқушы, оқу күні, сабақтар кестесі, оқу каникулдары, үзілістер – бұл сынып-сабақ жүйесінің белгілері.

Дәстүрлі оқыту технологияларының концептуалдық негізін Я.А.Коменский жасаған педагогика принциптері: ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, беріктілік, белсенділіктегі сапалылық, көрнекілік, теорияның практикамен байланыстылығы, жас аралық пен өзіндік ерекшеліктерді ескеру.

Мақсаттың мазмұнына байланысты дәстүрлі оқыту тұлғаны дамытуға емес, көбіне білім, білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған.

Дәстүрлі оқыту технологияларының әдістерін екі келесі топтарға жатқызуға болады:

1. Иллюстративті–түсіндіру әдістері (лекция, баяндау, әңгімелесу, тәжірибелерді көрсету, еңбек операциялары, экскурсиялар және т.б.) мұғалім түсіндіреді және оқу материалын көрнекті түрде көрсетеді.

2. Репродуктивтік әдіс: мұғалім білімді, іс-әрекет тәсілерін, тапсырмаларды шешуді тәжірибелерді елестету үшін тапсырмалар құрастырады; оқып үйренуші оқу материалдарын белсенді еске түсіреді, сонымен «білім көшірмелерін қалыптастырады».

Сонымен дәстүрлі оқыту технологиясының артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:жүйелелігі; оқу материалын логикалық дұрыс бере білу ұйымдастыру; мұғалім тұлғасының оқушыларға тұрақты әсерлі эмоция сезімдік ықпалы. Бұл технологияның нашар жақтары мыналар: біркелкілік, табандық құрылым, сабақ уақытын тиімсіз бөліп тарату, оқушыларда дербестіктің болмауы, енжарлық; оқушылардың сөз іс-әрекетінің нашарлылығы; оқушыларға орташа өлшеммен қарау, индивиуальды оқытудың таза болмауы, нашар қайта байланыс. Бұндай сабақтарда материалдан тек қана хабардар болуын қамтамасыз етіледі, ең жоғарғы деңгейге жету үй тапсырмасын орындауға қоладанылады.

20 ғасырдың 80–ші жылдары Россияда жаңашыл мұғалімдер топтары қалыптасады, олардың әрқайсысы баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғары нәтижелер береді.

Барлық осы технологиялардың көрнекті өкілдері ішінен Ш.А.Амоношвилиді ерекше атау керек. Ш.А.Амоношвили өзінің эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық педагогикасын жеке тұлғалық бабын табу бағыты, тіл мен математиканы есепті оқытудың бір реттілік әдістемесі оның педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік қорытындысы, өзінің тұрақты «О начальной ступений образования, построенного на принципах гуманно-личностной педагогики» деген еңбегінде баяндалған.

Жаңашыл педагог Н.А.Зайцев сауаттылыққа ерте оқыту және интенсивті оқыту технологиясының авторы болады, бұл технология өте жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін сауаттылыққа оқытудағы принципалды жаңа бағытқа негізделген. Н.А.Зайцевтің технологиясының мәні сонда, ол оқу процесін бала дамуын табиғаттың негізіне сүйене отырып, қатынас және іс-әрекет арқылы, танымдық күшін жан–жақты үдету арқылы жасайды.

Қазіргі замандағы білім беру технологияларына компьютерлік оқыту (жаңа информативтік) технологиясы жатады.

Компьютерлік оқыту формаларын қолданатын қазіргі деңгейдегі дамыған телекоммуникациялар, дистанциондық технологиялар, информациялық технологиялар алдығы жүзжылдықта оқыту процесінің дамыту негізін құрайды.

Дамыта оқыту технологиясы мектеп тәжірибесіне енген оқу іс-әрекеттері арасындағы аса танымалы (Л.СВыготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин және т.б.)

Ғалымдар дәлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес, болашағына бағытталу тиіс. Сонда ғана ол оқу үрдісінде осы нақты уақыт шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. «Жақын даму аймағының» мәні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін ересектер басшылығында не ақылдылау дос-жарандарымен араласа жүріп шешуі мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, әсіресе оның ақыл-ойының өрістеуі оқу және тәрбие ізімен жүретіні мойындалған болатын.

Зерттеулер нәтижесінде (Л,В.Занков) оқу тиімділігін көтеру есебінен оқушы дамуын жеделдетуге болатыны дәлелденеді. Бұл үшін оқуды жоғары деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану - басты талап. Егер алдынан рухани, сезімдік күш-қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер (ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, әрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы бәсеңдейді.

Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны және оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, әрі тереңдейді, жетекші роль теориялық білімдерге беріледі, дегенмен, оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.

Дамыта оқыту технология талаптарының және бірі - оқу ілгерілі және жедел қарқында жүреді. Өткендерді жиі әрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелі іс-әрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет етеді. (Д.Б.Эльконин)

Дамыта оқыту технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің әрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанда өзінше танып, содан өздігінен жауап әрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді. Жауап әрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз әрекеттерін сезінуі мен түсінуі, оқу іс-әрекеттерінің тәсіл, әдістерін өзінше байқап, тануы.

Рефлексиялық әрекет-қимылдар әрқашан өзіндік қадағалау және бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология шарттарына орай оларға да көп мән беріледі.

Дамыта оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдері арасында кең қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікірталасты болып жүр. Себебі, оқушылардың бәрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере алмайды. Солар ішінде тума жайсаң қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда әбден күйзеліске түседі. Сондықтан барша шәкірттерді теңдей шапшаң және жоғары күрделілік деңгейінде оқытып, тәрбиелеуге болмайды.

Бағдарламалап оқыту технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқу процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я. Гальперин, Л.Н.Ланда, А.М.Матюшкин және т.б.).

БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер, Б.Скиннер, С.Пресси.).

БОТ - бұл арнайы жабдықтар, бағдарламастырылған оқулық, ерекше оқу-машинасы, ЭВМ және т.б. көмегімен күні ілгері дайындаған бағдарлама бойынша орындалатын өзіндік жеке дара оқу технологиясы. Бұл технология әрбір оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі және т.б.) оқуына мүмкіндік береді.

БОТ - ның өзіне тән сипат-белгілері:

- оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі;

- әр бөлшекті игеруге арналған нақты әрекеттерді орындау нұсқаулар жүйесінің берілуі;

- әр бөлшек игерілуінің тексерілуі;

- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалуы мен оқушы материалдың ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі;

- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек түсініктемелерін алуы;

қадағалау тапсырмаларының нәтижесі хатталып, оқушының өзіне де (ішкі кері байланыс), педагогика да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы.

Проблемалық оқыту технологиясы мұғалім басшылығында өтетін оқушылардың оқу міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс- әрекеттерін ұйымдастыруға негізделеді. Оқу ізденістері барысында оқушыларда жаңа білім, ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы және басқа да тұлғалық маңызды сапалары дамиды (Т.В. Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И. Махмудов және т.б.).

Жалпы түрінде проблемалық технология сипаты келесідей: оқушы білімді дайын күйінде ұсынбай, оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған қызықтырады және оның шешу әдіс-тәсілдерін табуға ынталандырады. Ал оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін табудың жолдары мен әдістерін зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайылығын тексеру тәсілдерін белгілейді әрі талқылайды, дәйектейді, нәтижелерін талдайды, пікір жүргізеді, дәлелдейді.

Проблемалық оқыту тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік және дағдылар жүйесін меңгеруге жәрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі, өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нәтижесінің бекінуін қамтамасыз етеді. Кемшілігі: жоспарланған нәтижеге жету көп уақытты талап етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс - әрекеттерін жүйелі басқару қиын.

Модульді оқыту технологиясы. АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дәстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл технологияның мәні - оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жәрдемімен) жетеді (П.Юцявичене, Т.И.Шамова.). Модуль - мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын) біріктірген түйін, топ (узел).

Модуль құрамы: әрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық мақсатқа жетудің әдістемелік көрсетпелері.

Бұл технологияға орай мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, әдістері мен олардың игерілу деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа сәйкес меңгеріледі.

Модульдік оқытуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға оқу әрекеттеріне кірісумен өз мүмкіндіктерін сезінуге, білім игеру деңгейін өзі анықтауына, өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына жәрдемдеседі.

Модульдік оқу дәстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын тауып, оның сапасын жақсартуға және тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал.

Сонымен қатар оқытудың жаңа технологиялары - пәндердің әдістемесін қолдануды жоспарлау мынаған келіп тіреледі, ягни әр оқушының өз кезеңі барысында мұғалім оған қажетті әрбір жаңа педагогикалық технологиялар мен әдістемелерді міндетті түрде пайдалануы қажет. Бүл үшін мына төмендегі түсініктерді ескерген жөн:

- қатар отыратын екі сыныптағы окушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру;

- әдістеме мен технологияның сабақтастығы;

- оқушының өз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан көмек беруді біртіндеп азайту;

- параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру;

- мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болуы, т.б,

Демек, 1-11 сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді төмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады.

Бастауыш мектеп:

- дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, В. В. Репккн, В. А. Левин);

- дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (II, М. Эрдниев);

- түсініктерді қабылдау (С. Н. Лысенкова);

- нәтижелі әдістемелер және оны қабылдау;

- Іс - әрекетті бағалау (Ш. А. Амонашвили, И. П, Волков);

- оқулықсыз оқыту (В. В. Агеев);

- ойын әдістемесі және оны қабылдау;

- М. Монтессори, Р. Штейнердің жүйесін қабылдау.

Орта буын:

- проблемалық оқыту;

- іздену, зерттеу әдістері;

- топпен оқыту тәсілі (И. Б. Первин);

- оқытудың ұжымдық тәсілі (В. К. Дьяченко);

- тірек және тірек конспектісінің көмегі арқылы оқыту (В. Ф. Шата-лов);

- өзіндік жұмыс әдістері;

- бағдарлы оқыту (машинасыз және компьютерсіз);

- оқытудың коммуникативті әдісі (қарым-қатынастың);

- дискуссиялық әдіс;

- дидактикалық ойындар.

Жоғары сыныптар:

- оқытудың вариативті элементтерін өз еркімен таңдау;

- өзіндік жұмыстың әдістемесі;

- іздену, зерттеу әдістері;

- нәтижелі технология, жобалау әдісі;

- даралап (жекеше) оқыту, «мектеп-парк» моделін қабылдау (М. А. Балабан);

- оқушының іс-әрекеті бойынша ұйымдастырылатын ойындар;

- «өнертанытқыштық тапсырмаларды шешу теориясы» әдістемесі (Г.С.Альтшулер);

- бағдарламалы оқыту;

- әлеуметтік-педагогикалық сынау, әлеуметтік мәні бар ойындар;

- профильді және кәсіптік бағдар бере отырып оқыту;

- тірек конспектісін қолдану;

- диалогтік әдістеме, дискуссияның негізінде оқыту;

- модулдік технология;

- семинар-сынақ түрлері;

- өз бетімен білім алу (компьютерлік варианттар).

Жоғарыда берілген технологиялардың ішінде шағын жинақталған мектептерде көбінесе модулдік технология жиі қолданылуда. Модуль дегеніміз бір-бірімен тығыз байланысты ірі блоктар, бағдарламадағы тақырыптар. Алғаш рет модулмен оқыту 60-шы жылдардың соңында ағылшын тілді елдерде пайда болды. Қазір дүниежүзінде модулді оқытудың 4 түрлі жолы бар. 1. Американдық модуль. 2. Неміс модулі. 3. Скавиннің орыс модулі. 4. Алексюк пен Фурмайның украин модулі. Блокты-модулді оқыту барысында, яғни. оқушы бойында бұрыннан қалыптасқан еңбек іс-әрекет тәсілдерімен жаңа іс-әрекет тәсілдерін өзара жинақтау нәтижесінде оқушылар бойында шығармашылык іс-әрекеттері қалыптасады.

Сонымен, барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін есеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы, 2003.

2. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А., 1994.

3. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту. А., 2003.

4. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003.

5. Өстеміров К Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.-А.: 2007.

6. Мұхамбетжанова С.Т., Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008.

7. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. М.: Народное образование, 1998.

8. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы: Мектеп, 1997.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1981.

2.Семенов А.Н. Комплекс учебников и учебных пособий и проблема интерпретаци художественнгог текста в процессе изучения литературы в школе. – СПб., 1994.

3.Маранцман Б. Чирковская Т. Проблемное изучение литературного произведения в школе. М. 1977.

4.Кудряшов Н. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы. М., 1981.

5.Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня. М.2000.

Г.Д. Коваленко

 

 

курс лекций

 

«Основы экологии»

 

 

Харьков, ХГЭУ, 2015


Содержание

 

ВВЕДЕНИЕ. 4

Тема 1. Предмет и задачи экологии. 5

1.1 Предмет экологии. 5

1.2 Задачи экологии. 6

1.3 История развития экологии. 8

1.4 Факторы среды, общие закономерности их действия на живые организмы 9

1.5 Основные экологические законы.. 11

Тема 2. Экосистемы.. 16

2.1 Понятие экосистемы.. 16

2.3 Энергия в экосистемах. 18

2.4 Принципы функционирования экосистем. 19

2.5 Допустимое воздействие и устойчивость экосистем. 20

Тема 3. Популяции. 25

3.1 Понятие о популяции в экологии. 25

3.2 Статические показатели популяций. 25

3.3 Динамические показатели популяций. 26

3.4 Продолжительность жизни. 27

3.5 Динамика роста численности популяций. 29

3.6 Регуляция плотности популяции. 32

Глава 4. Биосфера. Основные направления эволюции. 33

4.1 Биосфера как одна из оболочек Земли. 33

4.2 Атмосфера в составе биосферы.. 34

4.3 Гидросфера в составе биосферы.. 36

4.4 Литосфера. 37

4.5 Энергетика биосферы.. 38

4.6 Структура и основные циклы биогеохимических круговоротов. 38

4.7 Динамика и эволюция биосферы.. 42

4.8 Допустимые воздействия и пределы устойчивости биосферы.. 44

Глава 5. Основные источники антропогенного загрязнения окружающей среды 47

5.1 Горнодобывающая промышленность. 48

5.2 Химическая и нефтехимическая и нефтеперерабатывающая промышленность 48

5.3 Черная и цветная металлургия. 49

5.4 Топливо энергетический комплекс. 50

5.5 Сельское хозяйство. 51

5.6 Жилищно-коммунальное хозяйство. 51

5.7 Транспортно-дорожный комплекс. 51

5.8 Загрязнение объектов окружающей природной среды. 52

5.8.1 Загрязнение атмосферы.. 52

5.8.2 Состояние воздушной среды в Украине. 53

5.9 Загрязнение гидросферы.. 54

5.9.1 Состояние водных объектов в Украине. 55

5.9.2 Радиоэкологическое состояние поверхностных вод.. 57

Радионуклиды в воде и донных отложениях. 57

Калий-40. 58

Суммарная объемная альфа-активность воды.. 58

Объемная бета активность воды.. 59

Уран. 59

Стронций-90 и цезий-137. 60

Радионуклиды уранового и ториевого рядов в донных отложениях. 63

Тритий в воде. 63

Загрязнение почв. 66

Состояние почв на территории Украины.. 68

Глава 6. Глобальные экологические проблемы. 70

6.1 Парниковый эффект. 70

6.2 Рамочная конвенция об изменении климата. 73

6.3 Истощение озонового слоя в стратосфере. 76

6.4 Тропосферный озон. 80

6.5 Закисление окружающей среды. Кислотные дожди. 82

6.6 Ядерная ночь и ядерная зима. 83

Тема 7. Правовое регулирование экологических отношений в Украине. 84

Тема 8. Экономические механизмы природоохранной деятельности и природопользования. 88

Тема 9. Мировая экологическая политика. Международная интеграция в сфере экологии 90

9.1 Основные принципы международного экологического сотрудничества. 92

9.2 Участие Украины в международном экологическом сотрудничестве. 93

Литература.. 95

Вопросы для контрольных работ по курсу «ОСНОВЫ ЭКОЛОГИИ» 97

Темы для эссе. 98

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Розмовний стиль | Науковий стиль.
1 | 2 | <== 3 ==> | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.254 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.254 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7