Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Корпоративні норми і норми права


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 472



ЭОБ-ның контенті үш деңгейлі семантикалық оқыту бірліктеріне бөліну керек: 1 – модулдер, 2 – блоктар, 3 – сабақтар.

8.1 Модул блоктан блокқа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан блоктар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы ірі синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі.

8.2 Блок сабақтан сабаққа өскен сайын мағыналы байланыстары бар логикалы байланысқан сабақтар тізбегінен тұратын электрондық оқу басылымындағы орташа синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі.

8.3 Сабақ минималды синтактикалық, семантикалық және прагматикалық оқыту бірлігі және ол бірнеше оқыту элементтерінен тұрады. Сабақтағы міндетті оқыту элементтері болып теориялық материал, мысалдар, тапсырмалар, сұрақ-жауаптар және тестілер есептелінеді, ал мiндеттi емес элементтерге оқыту ақпаратын меңгеру, түсіну және еске сақтауға себебін тигізетін және ақпараттық тығыздықты қамтамасыз ететін анықтамалық, графика, аудио және видео жатады.

8.3.1 Теориялық материал таңдап алынған оқу курсы бойынша мазмұны түсінікті, нақты, толық және қарама-қайшылықсыз болатын көкейкесті ақпаратты қамтуы тиіс және бұрын өткен сабақта қабылданған білімді қайталамай өздігінен оқу, тапсырманы жасау және білімді бақылау үшін жеткілікті болуы керек. Теорияда мәтіндердің астын сызу және түсін өзгерту сияқты арнаулы дидактикалық құралдарды қолдану керек.

8.3.2 Мысалдар теорияның жеке маңызды аспектерiн жаттығуды орындау, есептi шешу, сұрақтарға жауаптар тағайындау және т.б. түрiнде деталды талдауын қамтамасыз етуi керек.

8.3.3 Тапсырмалар оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстарының iшкi байланысын анықтауға, олардың әртүрлi сыртқы әсерлер кезiндегi функционалдық қасиеттерiн зерттеуге және жаттығуларды орындау мен есептердi шешудегi практикалық машықтарын қалыптастыруға бағытталу керек. Тапсырмалардың тұжырымдамасында атқарылатын iс-әрекеттердiң ретi мен күтілетін нәтижеге және олардың берiлу формасына қойылатын талаптарға түсiнiктемелер болуы керек.

8.3.4 Сұрақ-жауаптар бiлiмдi меңгеру үшiн және практикалық жұмыстарды орындау машықтарын қалыптастыруға бағытталған болу керек. Сұрақтар оқушылардың танымдық іс-әрекетін жетiлдiру үшiн қиындық деңгейі, сипаты және жауаптардың берiлу пішімі бойынша түрленуі керек.

8.3.5 Тестер сұрақтар мен олардың жауаптарының вариантарын қамтуы керек. Тестер дұрыс жауапты таңдау кезiнде қарапайым табу әдiсiн қолданбау үшiн мағынасын түсiнбей жауап беретiн сұрақтарды қамтымауы керек. Оқушы оқу материалын терең бiлгенде ғана дұрыс жауапты таңдап алу үшiн дұрыс емес жауаптар өздерiнiң мазмұны бойынша дұрыс жауапқа жақын болуы керек. Тестер оқушылардың iс-әрекеттерi мен жауаптарында болатын әдеттегi қателер туралы ескертулер мен сол қателердi жiбермеу және түзету туралы түсiнiктемелерді қамтуы мүмкiн.

8.3.6 Анықтамалық оқу материалына қатысты және жаттығуларды орындау, есептердi шешу мен тәжiрибе өткiзуге, курстық, дипломдық және т.б. жұмыстарды дайындау бойынша мәтіндік, кестелiк, графикалық және басқа оқу-әдiстемелiк мәлiметтер қамту керек.

8.3.7 Графика, аудио және видео оқу курсында оқытылатын объекттер, үрдістер мен құбылыстардың ең маңызды жақтары мен жағдайларын ашу және көрсету үшін қажеттi қосымша дидактикалық материалдарды келтіруге арналған.

8.3.8 Тезаурус ЭОБ-ң пән аймағына байланысты терминдер және қысқартулар сөздігін қамту керек.


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Право і релігійні норми | Міжнародний гуманітарний університет
1 | 2 | 3 | <== 4 ==> |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.198 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.198 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7