Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Physical methods of oil components separation


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 839



Қазақстан Республикасы Президентінің 13 қыркүйек 2004 ж. № 1438 Жарлығымен 2005-2010 жж. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың дамуы және реформалау атты Мемлекеттік бағдарлама бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты: Халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған алғашқы медициналық санитарлық көмекті дамыту жолдарын жаңадан ойлап табу, адам мен мемлекет арасында денсаулық сақтауда ынтымақтас жауапкершілік ұстанымдары негізінде медициналық көмек көрсетудің тиімді жүйесін құру.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

1. Адам мен мемлекет арасында денсаулық сақтауда жауапкершілікті бөлу;

2. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің ауыр түрлерін орталыққа тасымалдау арқылы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырудың халық аралық ұстанымдарына өту;

3.Денсаулық сақтауды басқарудың жаңа үлгілерін және жүйенің ақпараттық бірегей саласын құру;

4. Ана мен баланың денсаулығын нығайту, медициналық-демографиялық жағдайды жақсарту;

5. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың деңгейін тұрақты төмендету.

6. Медициналық білімді реформалау.

Бағдарламаның іске асуындағы нәтижелер:

- мемлекет, сала және халық қажеттіліктерін қанағаттандыратын денсаулық сақтаудың оңтайлы үлгісі құрылады;

- денсаулық сақтау қызметімен қамтамасыз ету деңгейін жоғарлату және адамдардың өз денсаулықтарын сақтауға жұмылдырылатын болады;

- медициналық көмекке азаматтардың тең құқылы қол жетімділігі қамтамасыз етіледі және денсаулық сақтауда азаматтар мен мемлекеттің ынтымақтас жауапкершілігінің ұстанымдары іске асырылады;

- алдын алу, сауықтыру шараларының көлемі ұлғаяды, ауруларды диспансерлік тіркеуге алудың сапасы мен тиімділігі жоғарлайды, АМСК деңгейінде кепілді тегін медицаналық көмек көлемінің кеңейтілуі есебінен тұрақты және уақытша еңбекке жарамсыздық деңгейі төмендейді;

- алдын алу шараларын жүргізу есебінен халық аурушылдығы төмендейді, денсаулық жағдайына қауіпті факторлардың әсері туралы ақпарат беру деңгейінің жоғарлауынан госпитализациялаудың бірінші кезеңінде - 10-15 %, ал екінші кезеңінде - 25-30 % кезеңденіп төмендеуіне алып келеді;

- алғашқы медициналық санитарлық көмек (АМСК) деңгейінде көмек көрсетілу деңгейінің кеңейтілуінен жедел медициналық көмек көрсету сапасы жоғарлайды және шақыртулар саны азаяды;

- 2010 жылы АМСК ұйымдары білімді дәрігерлермен және орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар нормативтерге сәйкес қондарғылармен жабдықталады;

- стационар алмастырушы технологияны тиімді қолданудан, стационарлық сектордан амбулаторияға бөлім көлемін бөлу негізінде медициналық көмектегі үйлесімсіздіктер шектеледі;

- медициналық қызмет сапасын басқарудың тиімді жүйесін енгізіледі;

- медициналық қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастық, тиімділік және қол жетімділік көлемі ұлғаяды;

- қаржыландыру жүйесі жетіледі, кепілді көлемдегі тегін медициналық көмекті қаржыландырудағы жеткіліксіздік жойылады, сала субъектілері арасындағы өзара есептесу механизмі енгізіледі;

- денсаулық сақтау саласында халыққа мемлекеттік бюджеттік заттарды тиімді қолдануды жоғарлату, осыған орай бейресми төлемдер көлемі төмендейді;

- денсаулық сақтаудың бірегей ақпараттық жүйесі құрылады;

- балалар мен репродуктивтік жастағы әйелдердің денсаулық индексін жоғарлату, сәбилер мен әйелдер өлім көрсеткішін тұрақты төмендету, 2010 жылға әйелдер өлім көрсеткішін 42,1 % төмендету, 2003 жылға 100 мың тірі туылғандарға 30,0 % дейін және сәбилер өлім көрсеткішін 1000 тірі туылғандар санына 15,3 % тен 10,0% дейін төмендету (есептеу әдістемесі бойынша);

- әлеуметтік маңызы бар аурулар жағдайын тұрақтандырылады, жұқпалы және жұқпалы емес аурулар деңгейі төмендейді;

- туберкулез ауруын 2003 жылы 160,4 тен 2007 жылға 150,0 дейін, 2010 жылы 100 мың халық санына 135,0 дейін төмендетіледі;

- жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы ауруларды жыл сайын 10% дейін төмендейді;

- дәрі-дәрмектік заттар бойынша мемлекеттік реттеудің тиімділігі жоғарлайды;

- отандық бәсекеге қабілетті фармацевтикалық және медициналық өнімдер өндірісінің көлемі жоғарлайды;

- емдеудің халықаралық стандарттары мен заманауи диагностикалау әдістері енгізіледі;

- санитарлық-эпидемиологиялық нормалаудың халықаралық стандарттары мен мемлекеттік жүйе құжаттары үйлесімді болады;

- медициналық білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы жақсарады, медициналық мамандарды даярлау және қайта даярлау бағдарламасы жетілдіріледі және медициналық жоғарғы оқу орындары мен колледждерде оқу талаптары жоғарлайды. Мемлекеттің тапсырыс бойынша медициналық жоғарғы оқу орындары мен колледждерге қабылдау санын жоғарлатудан саланы мамандармен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі;

- медициналық қызметкерлерді даярлау және қайта даярлау сапасы жоғарлайды, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің қоғамдағы әлеуметтік мәртебесі жоғарлатылып, олардың жауапкершілігі артады және құқығы кеңейтіледі;

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 21 қаңтардағы № 1260 Қаулысымен «2008-2016 жылдарында салауатты өмір салты» атты мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Бағдарламаның мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастырудың тиімді жүйесі негізінде халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын жоғарлатып, сауықтыру.

Бағдарламаның міндеттері:

1) салауатты өмір салтын қалыптастырудың ұлттық саясатын жетілдіру;

2) салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұрақты және үздіксіз, бірегей кешенді жүйесін құру;

3) салауатты өмір салтын қалыптасыруда барлық Қазақстандық бірлестіктерді қызықтыру арқылы сектор аралық өзара әрекеттестікті күшейту;

4) денсаулықты сақтаумен нығайтуға қолайлы жағдай жасау; барлық Қазақстандықтардың «денсаулық мүмкіндігін» дамыту және толығымен іске асыруда салауатты өмір салтының қалыптасуына көмектесу;

5)салауатты өмір салтының дағдыларына оқыту;

6) салауатты қоғам парадигмасын енгізу және денсаулықты сақтауға қатысты түсініктерді қалыптастыру.

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А. Политика охраны здоровья населения в Казахстане: опыт разработки, реализации национальных программ здравоохранения и перспективы на 2010-2015 годы. – Астана, 2006. – 243 с.

2. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное здравоохранение в Казахстане: Концепция, проблемы и перспективы. – Алматы, 2001. – 100 с.

3. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 с.

4. Девятко В.Н., Куралбаев Б.С., Захаров И.С., Исаев Д.С., Чен А.Н. Ключевые аспекты развития региональных программ общественного здравоохранения. – Алматы, 2004. – 342 с.

5. 2005-2010 жж. Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтаудың дамуы және реформалау атты Мемлекеттік бағдарлама.

 

дәріс. Амплитудалық модулятор. Варикапы бар жиіліктік модулятор.

Бір тоналды амплитудалық модуляцияның аналитикалық өрнегін

u= Uт (1 + M cosWt)cosw0t талдаудан көрініп тұр, оны қалыптастырғанда модуляциялайтые сигнал e(t) = E0cosWt мен тасымалдаушы тербелісті

u= Uтcosw0t көбейту қажет. Қазіргі кезде амплитудалық модуляцияны жүзеге асырғанда сызықты емес немесе параметрлік тізбектер көмегімен жанама көбейтуді қолданады.

Амплитудалық модуляторларды құрғанды инерциалдық емес сызықтық элементке берілетін модуляциялайтын және тасымалдаушы тербелістердің қосындысын түрлендіру құбылысын жиі пайдаланады.

Амплитудалық қарапайым модулятордың схемасын сызықты емес резонанстық күшейткіш (7.1,а-сурет) негізінде, VT транзисторы кірісіне модуляциялайтын сигнал e(t) тұрақты ығысу кернеуі U0 мен тасымалдаушы тербеліс генераторын uт(t) тізбектеп қосып, және де тербелістік контурды тасымалдаушы тербеліс жиілігі w0–ға баптап келтіріп құруға болады.

Біртоналды амплитудалы модуляцияланған сигналды осы негізгі деп аталатын модулятор көмегімен алу ұстанымын қарайық. Бұл жағдайда модулятор кірісіне (7.1,а – сурет):

uкір(t) = U0 + E0cosWt + Uтcosw0t . (7.1)

 

7.1,б – суретте көрсетілген токтар кернеулердің уақыттық диаграмма-лары көмегімен модулятордың жұмыс істеу ұстанымы түсіндіріледі. Транзистордың өтпелі сипаттамасы – Iк коллектор тогының Uбэ –база-эмиттер кернеуіне тәуелділігі – тіке сызықты екі кесіндісімен жуықталып алынған дейік. Ығысу кернеуі U0 –ға қарағанда жұмыс нүктесінің модуляциялайтын сигнал e(t) заңы бойынша жылжуы себебіне байланысты тасымалдаушы тербеліс қисығында токтың кесілу нүктесі бұрышының өзгеруі болады.

Осының нәтижесінде тасымалдаушы тербеліс амплитудасының өзгерісін бейнелейтін транзистордың iк - коллектор тоғының импульстері амплитуда бойынша модуляцияланған болып шығады. Транзистордың коллектор тоғы импульстері спектрінде жиіліктері w0 және W гармоникалық, сондай-ақ еселі және комбинациялық ( w0 мен W-ның гармоникаларының қосындылық және айырма құрастырушыларынан) жиіліктерімен құрастырушылары жиынтығы бар. Резонанстық контурдың Dw0 = 2 W тең өткізу жолағы болуы тиіс, сонда ол коллектор тоғы импульстері спектрінен тек қана w0 - W, w0 және w0 + W үш жиілігі бар гармоникаларды бөліп алады.

Бұрыштық модуляцияны іске асырғанда бұрыштық модуляциясы бар радиосигналдарды беруші генератордың жиілігін тікелей өзгертумен (жиіліктік модуляция) немесе тасымалдаушы тербелістің фазасын өзгертумен алады (фазалық модуляция).

 

7.1-сурет. Амплитудалық модулятор: а) қарапайым схемасы; б) токтар мен кернеулер диаграммасы

 

Жиіліктік модуляторлар. Тасымалдаушы тербелістің жиіліктік модуляциясын көбінесе автогенератордың тербелістік контурының резонанстық жиілігін электрондық баптап келтіру (ілезде) жолымен іске асыруға болады. Іс жүзіндегі радиоэлектрондық сұлбаларға бұл сызықты емес шалаөткізгіш элемент – варикаптың көмегімен орындалады. Шалаөткізгіш диодтар теориясынан белгілі варикаптың p-n өткелінің тосқауылдық сиымдылығы берілген кернеуге тәуелді және вольтфарадтың сипаттамасымен анықталады (7.2-сурет). Жиіліктік модуляцияны іске асырғанда модуляциялайтын сигналдың заңы бойынша тасымалдаушы жиіліктің жиілігін өзгерту қажет.

Егер автогенератор кірісінде e(t) =E0cjsW t гармоникалық сигнал әсер етсе, онда варикап сыйымдылығы C(t), C0 қарағанда уақыт бойынша гармоникалық заң бойынша өзгеріп отырады. Осыған сәйкес, егер жиілік девиациясы кішкентай болса, автогенератордың шығыс сигнал жиілігі де өзгеріп отырады. 7.3 - суретте ОК-тегі автогенератордағы варикапы бар жиіліктік модулятор схемасы көрсетілген. Осы суретте үзікті сызықпен, модуляциялайтын сигнал жоқта тасымалдаушы тербелісті uн(t)= Uнcosw0t өндіріп шығаратын операциялық күшейткіштегі автогенератор белгіленген. Жиіліктік модулятордың осы схемадасында Lк индуктивтігі мен Cк сыйымды -

 

7.2 –сурет. Варикаптың вольтфарадалық сипаттамасы

 

лығы және VD варикапы, резонанстық жиілігі тасымалдаушы жиілікке тең болатын тербелістік контурды құрады.

7.3 – сурет. ОК-тегі автогенератордағы варикапы бар жиіліктік модулятор схемасы

Қозатын тербелістердің жиілігін баптап реттеу варикаптың сыйымдылығын автоматты түрде өзгертумен жүзеге асырады.

Контурды кернеу көздері U0мен e(t) -ның кішкентай кедергілерімен тұйықтап тастамас үшін олардың қосылуы тасымалдаушы тербеліс үшін үлкен кедергісі, ал модуляциялайтын сигнал және ығысудың тұрақты кернеуі үшін кішкентай кедергісі бар L1 дросселі арқылы жүзеге асырылады. Модулятор сұлбасында Са –ажыратқыш конденсатор.

Негiзгi әдебиет:2[291-297]; 1[283-286].


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Plan of the lecture | Lecture 3.
1 | <== 2 ==> | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.199 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.199 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7