Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Тема: ОРГАНІ ЇАЦІЯ ДОГОВІРНО-ПРАВОВОЇ РОБОТИ НА ПІДПРИЄМСТВІ


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 653



Ойынның мақсаты: Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылығын меңгерту.

Ойынның шарты: 20 оқушы 4-тен 5 үстелге бөлінеді..

«А» әрпі бар бағыттаушы парағын және жетонын (тағып алады да) «А» үстелінің басына, «Б» әрпін алғандар – «Б» үстеліне, «В» әрпін алғандар – «В» үстеліне т.с.с. орналасады. «Г» әрпін алғандар – «Г» үстеліне.

Мұғалім әр топқа ортақ немесе жеке-жеке тапсырма береді.

Керекті құрал-жабдықтар:

1. Бағыттаушы парақтар (қатысушының санына қарай).

2. Қатысушының нөмірі жазылған жетон.

3. Үстелдердің белгілеуге арналған сілтемелер.

4. Жалпы бағалау парағы.

 

№А-1. Бағыттау парағы
Тур Үстел Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмері
     
     
     
     

Ойынның тапсырмалары:

«А» үстеліне – М.Әуезовтің өмірбаяны және пьесалары.

«Б» үстеліне – М.Әуезовтің әңгімелері мен повестері

«В» үстеліне – «Абай жолы» романы және романдағы Абай бейнесі

«Г» үстеліне – «Абай» жолы» романындағы Құнанбай бейнесі

Әр топ 5-7 – 15 минут шамасында оқу және қосымша әдебиетті пайдалана отырып, жауап іздейді және тезис түрінде жазып алады.

Керекті әдебиеттер:

1. М.Әуезов . Абай Құнанбаев , Алматы, 1995ж

2. Мұхтар Әуезов тағылымы. А., 1987 ж.

3. М.Әуезов «Абай жолы» романы 1,2,3,4 томдары

Дайындыққа бөлінген уақыт аяқталған соң, 1-тур жарияланады. Оқушылар орындарынан тұрып, әрқайсысы өздерінің бағыттау парағы бойынша жаңа орынға отырады. Бір турдың уақытын мұғалім үстел басында отырған барлық оқушылар сөйлеп, өз қөзқарастарын айтып үлгертетіндей есеппен белгілейді. (10-15мин). Топ ішінде уақытты жүргізуші қадағалап отырады. Алдымен жетонды «А» әрпі бар ойыншы, содан соң кезегімен – «Б», «В», «Г» әріптері бар ойыншылар сөйлейді. Топ мүшелері тыңдап болған соң, әрбір оқушы өз жауабын неғұрлым қызғылықты, жоғары танымдылық, ақпараттық деңгейдегі және дәлелденген деп есептейтін сөйлеушінің нөмірін анқытап, оның нөмірін өзінің бағыттау парағындағы «Ең жақсы сөйлеуші» жолына жазып алады.

1-тур аяқталған соң, балалар бағыттау парағына сай орын алмастырады да, ойынның 2-туры басталады.

Барлық тур біткен соң оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралып, мұғалім олардың бағыттау парақтарын жинап алады және нәтижесін ортақ параққа жазады. Сол ортақ парақ бойынша ең жақсы ойыншы, ең жақсы топ (команда) анықталады.

№А-1. Бағыттау парағы
Тур Үстел Ең жақсы сөйлеген ойыншы нөмері
     
     
     
     

 

Тапсырманың жауаптары:

1. Мұхтар Әуезов 1897 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қасқабұлақ-бөрілі ауылында дүниеге келген.Тұңғыш жарық көрген еңбегі- «Адамдық негізі- әйел» (1917).Пьесалары: « Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал»,» Қаракыпшақ Қобыланды», «Қаракөз», «Айман-Шолпан» және т. б.

2. М.Әуезовтің әңгімелерінің негізгі тақырыптары – қазақ ауылындағы кедейлер өмірін, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігін суреттейді.Әңгімелері: «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қыр суреттері», «Кім кінәлі», «Сөніп-жану», т. б.Повестері: «Көксерек», «Қараш-қараш оқиғасы», «Қилы заман».

3. «»Абай жолы» романы – Әуезовтің бас кітабы. Романның 1- томы – 1952 жылы, 2- томы-1956 жылы жарық көрді.Абай – кең құлашты, мол тынысты эпикалық образ.Бұл образды эпопеяның басынан аяғына дейін өрмек тоқығандай, бірде-бір тінін үзбестен тартып, асықпай өріп шығады.Абайдың ақындық бітімі, ішкі жан дүниесі нәзік және терең ашылып отырады.

4. Романдағы Құнанбай бейнесі шебер жасалған образ. Құнанбай- жағымсыз кейіпкер. Құнанбай азулы ғана емес, ақылды, шоқпар мен сойылдың ғана емес, әріден толғайтын ойдың адамы. Көзі дара болғанымен, көкірегі сара, көреген, ашуы мен қайратын қатар ұстайтын қаталдығының ар жағында қайсарлығы жатқан қасарма, сұғын қадағанды сілейтпей тынбайтын қазымыр, қырыс кісі.

 

Негізгі әдебиеттер:

1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы. – Алматы, 2003.

2. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. А., 1994.

3. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту. А., 2003.

4. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. А., 2003.

5. Өстеміров К Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары.-А.: 2007.

6. Мұхамбетжанова С.Т., Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008.

7. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. М.: Народное образование, 1998.

8. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы: Мектеп, 1997.

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. А., 1981.

2.Семенов А.Н. Комплекс учебников и учебных пособий и проблема интерпретаци художественнгог текста в процессе изучения литературы в школе. – СПб., 1994.

3.Маранцман Б. Чирковская Т. Проблемное изучение литературного произведения в школе. М. 1977.

4.Кудряшов Н. Взаимосвязь методов обучения на уроках литературы. М., 1981.

5.Обернихина Г.А. Уроки литературы сегодня. М.2000.

 

Дәріс


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Кодифікаційно-довідкова робота | Лекція 6
<== 1 ==> |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.215 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.215 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7