Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Розрахунок загальнозаводських витрат


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 472



Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда, 1690 жылы.. Ұлыбритан отары болған солтүстік Америкада, 1762 жылы.. Австрияда және 1769 жылы.. Ресейде пайда болды. Бірініші дүние жүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды. Қазіргі кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрінде он елде (АҚШ, Италия, Индия, т.б.) ғана сақталған. Кешегі КСРО-да 1961 жылы болған ақша реформасы негізінде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдік қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейіннен Ресейдегі 1991-1992 жж.. ақша реформасы нәтижесінде алынып тасталды.

Ағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында қазынамен шығарылатын және металлға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мелекет белгілеген бағамы бар құнның белгісін білдіреді.

Ағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді болып келеді. Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артықартық қағаз ақшалардың шығарылуы, эминентке деген сенімнің төмендеуі және төлем балансының қолайсыздық жағдайы жатады.

Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болады. Олардың пайда болуы ақшаның төлемқұралы қызметін атқаруымен де байланысты келеді. Бұл ақшалардың экономикалық мәні – ақша айналымын икемді етуі; нағыз ақшаларды үнемдеуі; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасауымен сипатталады.

Несиелік ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель, банкнота, чектер және несиелік карточкалар.

Вексель – белгілі бір соманы алдын ала келісілген мерзімде және белгіленген жерде төлейтіндігі туралы борышқордың жазбаша қарыздық міндеттемесін білдіреді.

Вексельдің екі түрі бар: жай және аудармалы вексель.

Вексельдің түрлері «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» ҚР заңында мынадай түсініктемелер берілген:

Жай вексель (соло) – вексельдің ұстаушыға вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

Аудармалы вексель (тратта) – вексельде көрсетілген соманы белгілі бір уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшінші бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы)сипаттайтын вексель.

Трассат тратта бойынша төлеуге келісімін бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесі бетіндегі индоссамент (басқа біреуге аударып жазу) көмегімен айналыста жүре берді. Аудару туралы қолдардың көбеюіне байланысты вексель айналысы ұлғая түседі және мұндағы әр индоссант вексель бойынша міндеттемеге бірлесіп жауап береді.


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Розрахунок витрат на утримання та експлуатацію обладнання | Розрахунок цехових витрат
1 | <== 2 ==> |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.191 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.191 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7