Студопедія
рос | укр

Головна сторінка Випадкова сторінка


КАТЕГОРІЇ:

АвтомобіліБіологіяБудівництвоВідпочинок і туризмГеографіяДім і садЕкологіяЕкономікаЕлектронікаІноземні мовиІнформатикаІншеІсторіяКультураЛітератураМатематикаМедицинаМеталлургіяМеханікаОсвітаОхорона праціПедагогікаПолітикаПравоПсихологіяРелігіяСоціологіяСпортФізикаФілософіяФінансиХімія






Лекція 24. Основи ризик-менеджменту.


Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 530



Мақсаты: Капитал түсінігін, оның мәні мен түрлерін анықтау. Кәсіпорын қорларының құрылымын қарастыра келе, оның ауыспалы айналым мен айналым үрдісін қарастыру. Инвестицияның мәнімен, капиталдың қорлануымен таныстыру.

Дәріс жоспары:

1. Капитал, капиталдың ауыспалы айналымы мен айналым.

2. Капитал мен инвестицияның қорлануы.

Дәріс тезистері:

1. Нарықтық қатынастарға көшкен кезде «капитал» сөзі жиі қолданылады., сонымен қатар капитал деп кез келген ақшаны түсінеді. Қандайда капитал болмасын, ол өзінің қозғалысын белгілі ақша сомасы түрінде бастайды. Бірақ, ақша мен ақшаның капитал ретіндегі айырмашылығы бар. Ақша өз бетінше капитал бола алмайды. Егерде ақшаны құнды көбейту ретінде қолданса, онда ақша капитал бола алады. Экономикалық теорияда капитал мәніне деген әртүрлі көзқарас бар: капитал- бұл ақша сомасы, бағалы қағаздар, қаржылар, өндіріс саласында қолданылатын адамның білімі, қалыптасқан әдеті, энергиясы. Капитал-бұл уақыт. Өндіріс құрал-жабдығы, адамдар және ақшалар да капитал бола алады. Өзінің басты еңбегі «Капиталда» К.Маркс капиталдың анықтамасын берген: «Капитал- адамдар арасындағы белгілі қоғамдық қатынастар». Капитал үнемі қозғалыста болады және үш түрге ие болады: ақшалай, өнімділік, тауарлы. Капиталдың қалыпты жағдайда бір функционалды түрден басқасына ауысуы және оның бастапқы түріне оралуы капиталддың шеңбер айналымы дейміз. Капиталдың кезеңдік процеспен айналуын капитал айналымы дейміз.

2. Өндірістің тұрақты жаңалану процесін ұдайы өндіріс дейміз. Ұдайы ұлғаймалы өндіріс процесі жалғасып, қосымшақұнның бір бөлігі жыл сайын капиталға айналып отырады. Қосымша құнның капиталға айналуы капиталдың қорлануын көрсетеді. Капитал қорлануының факторлары:

-қосымша құнның нормасы;

-қызмет атқаратын капитал мөлшері;

-еңбек өнімділігінің артуы;

-қосымша құн бөлігінің қорлану және тұтыну арасындағы пропорция.

Капталдың қорлану процесі екі түрде жүзеге асады:

1. Капиталдың шоғырлануы;

2. Капиталдың орталықтануы.

Капиталдың орталықтануы – бұл қосымша құнның есебінен капитал мөлшерінің өсуі. Капиталдың орталықтануы дегеніміз бірнеше капиталдың бірігуіжолымен ірілену процесін айтамыз. өндірістің шоғырлануы дегеніміз ірі кәсіпорында барынша өндіріс құрал-жабдығын, жұмыс күшін және өнімді шығаруды бір қолға жұмылдыруды айтамыз.

Күрделі қаржы (инвестиция)- бұл жаңа құрылысқа, жабдықтауға , жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен техниалық қайта жабдықтауға, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар. Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж.Кейнс өзінің « Еңбекпен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) еңбегінде қарастырды, онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде анықтайды. Инвестицияның өсуі ұлтттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды. Инвестиция тиімділігн арттырудың басты құралы техникалық прогресс болып табылады.

Көрнекіліктер:

Әдебиеттер:

1. Әубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1998.

2. Әкімбеков С, Баймухаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Астана, 2002. 46 бет.

3. Жүнісов Б.А., Комягин И., Байжомартов Ү., Мәмбетов Ұ. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 1994.

4. Осипова Г. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2002.

5. Симкина А. Общая экономическая теория. П, 2002.

6. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. экономикалық теория. Оқу құралы. 1-бөлім. Алматы, Экономика. 2004. 6 бет.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Капитал, мағынасы. Капиталдың ақшаға айналуы.

2.Инвестиция. Инвестицияның мағынасы мен түрлері.

3.Инвестицияның қайнар көздерін атаңыз?

 


<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
friend void Importante (One &a); //оголошення friend - функції | Необхідність управління ризиками господарської діяльності. Сутність ризик-менеджменту. Структурна схема ризик-менеджменту.
<== 1 ==> | 2 | 3 | 4 |
Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.218 сек.) російська версія | українська версія

Генерация страницы за: 0.218 сек.
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7